5
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
терминдер. Олардың қатарына мынадай атаулар кіреді: Анықтама (справка),
бағдарлама (программа), баяндама (доклад), баянжазба (докладная записка),
бұрыштама (резолюция), жолдама (направление), көшірме (копия), мәлімдеме
(рапорт), мінездеме (характеристика), түйіндеме (резюме), түсініктеме (объясни-
тельная), тізбе (опись), тізімдеме (ведомость), хабарлама (извещение), қызметтік
жазба (служебная записка), хаттама (протокол) және т.б.
Екінші үлгі –«хат» сөзімен біріктіріп немесе тіркестіріп термин жасау. Бұл
үлгімен жасалған атаулар қатарына төмендегідей атаулар кіреді: ақпараттық хат
(информационное письмо), алғысхат (благодарственное письмо), ашықхат (от-
крытое письмо), баянхат (докладная записка), жеделхат (телеграмма), қолхат
(расписка), кепілхат (гарантиное письмо), қолдаухат (ходатайство),құттықтау
хат (поздравительное письмо), қызметтік хат (служебная письмо), нұсқаухат
(инструктивное письмо), ресмихат (деловое письмо), сенімхат (доверенность),
сұранысхат (запрос), телефонхат (телефонограмма), түсіндірмехат (объясни-
тельная записка), ұсынысхат (рекомендательное письмо), хабарламахат (письмо-
сообщение),шақырухат (пригласительное письмо), ықтиярхат (вид на житель-
ство), ілеспехат (сопроводительное письмо) және т.б.
Осы іспеттес терминдердің көпшілігі кейінгі 20-25 жыл көлемінде жасалды
деген пікір жиі айтылады. Мұқият зерделеп қарайтын болсақ, олардың жаса-
лу, қолданысқа ену тарихы одан едәуір әріде болған. Мәселен, бұйрық, жарлық
сияқты ісқағаз атауларының XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысындағы
ресми қағаздардың тілінде, хан жарлықтарында кездесетінін осы кезеңді зерт-
теген ғалымдар еңбектерінде айтылады. Оған дауымыз жоқ. Ал қазіргі қол-
даныстағы ісқағаз терминдерінің көпшілігі XX ғасырдың басында жасалған.
Оларды жасап, қолданысқа енгізген сол кезеңде халық ағарту, білім беру ісімен
айналысқан, оқулықтар жазып, сөздіктер түзген алаш оқымыстылары. Сөзімізге
олардың жазған еңбектері, соңында қалдырған мұралары дәлел бола алады.
Жалпы бұл кезеңдегі қазақ тіл білімінің, терминологияның дамуы, сол кездің
тілі мен айтқанда «пән сөздердің» жасалуы жөнінде сөз қозғағанда ұлт ұстазы,
ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімін алдымен атаймыз. Солай болуы
орынды да. Өйткені аса көрнекті ғалым бұл істің басында тұр. Ол өзі бас бо-
лып ұлт тілінде терминдер жасаудың үлгісін көрсетті. Термин комиссиясының
тұңғыш төрағасы болып, термин шығармашылығының беталысын белгілеп,
терминологиялық жұмыстарды үйлестіруге басшылық етті. Сондай-ақ осы
кезеңде Ахаң мен Елдес Омарұлы және басқа да алаш қайраткерлерінің қаты-
суымен алғаш рет қазақ терминологиясының даму бағыты, ғылыми қағидаттары
белгіленді. Олар өздері белгілеген бағытты бет алып, өздері бекіткен қағидат-
тарды ұстана отырып жүздеген сала терминдерін жасады. ХХ ғасыр басын-
да еңбек еткен алаш оқымыстылары алғашқы пән оқулықтарын жаза отырып
мектеп терминологиясының және көптеген арнаулы салалардың негізгі тірек
Терминжасам жән
е терминалмасым
6
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
терминдерін жасап, ұлттық термин жүйенің негізін қалап кетті. Біздіңше,
солардың қатарына ісқағаз жүргізу саласының терминдер жүйесін де қосуға
толық негіз бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін 1927 жылы сол кездегі Қазақстанның
астанасы болған Қызылорда қаласында жарық көрген «Пән сөздері» [2] деп ата-
латын қазақ тіліндегі алғашқы терминологиялық сөздіктердің біріне жүгінелік.
«Пән сөздерінде» төмендегідей ісқағаз терминдері қамтылған: арыз (заявление),
әкті (акт), баяндама (доклад), қаттама (ведомость), көшірме (выписка), жар лық
(декларция), айрықша жүргізілетін істер (дела особого производства), іс жүр-
гізушілік (делопроизводство), іс жүргізуші (делопроизводитель), өкілдік (дове-
ренность), өкілдік беруші сенуші(доверитель), ыспаттама (документ), шартты
уәде (договор), өсиет (завещание), өсиетші (завещатель), заң (закон), қаулы (пос-
тановление), кепіл (залог), кепіл әктісі (залоговый акт), қат (запись), мәжіліс
(заседание), шағым, арыз (жалоба), кенеге (журнал), кіріс кенегесі (журнал вхо-
дящий), шығыс кенегесі (журнал выходящий, исходящий), билік хат (исполни-
тельный лист), жарнама (объявление), баян қат (объяснительная записка), тізім
(опись), ресми (официальный), жазба жарлық (письменный приказ), шақыру
қат (повестка), жарлық, әмір (приказ), пұратакол (протокол), мәжіліс қат (про-
токол заседания), қарар (резолюция), қаттау (регистрация), іспірәбкі (справка),
білдіргіш (справочник), сақтық қат (страховой полис), пән сөзі, атау (термин),
қалауқат (третейская запись), айрықша арыз (частная жалоба) және т.б.
Бұл сөздікке енген терминдерді Қазақстан оқу комиссариатының Білім ор-
дасы бекіткен. Бұған дейін жарық көрген мұндай сөздік 1926 жылы баспа бетін
көрген «Әскерлік атауларынан» кейін жарыққа шыққан бекітілген терминдердің
ең алғашқы сөздіктерінің бірі. Ахмет Байтұрсынұлы өзі төрағалық еткен термин
комиссиясының ресми мақұлдауымен жарық көрген бұл шағын сөздік қазақ тер-
минтану ғылымы мен терминографиясы үшін тарихи мәні ерекше еңбек.
Енді осы аталған сөздікте қамтылған атауларға назар аударып көрелік. Мыса-
лы, сөздікте берілген арыз, заң, қаулы, әкті, баяндама, көшірме, кепіл, мәжіліс,
іс жүргізуші, іс жүргізушілік, өсиет, қарар, шағым сынды қазіргі ісқағаз тер-
минологиясында да еш өзгеріссіз (бірер термин сәл ғана формалық өзгеріспен
қолданылады) қолданылып келеді. «Мәжіліс қат» термині де күні кешеге
дейін «хаттамамен» қатар жұмсалып жүрді. «Жарлық» термині бүгін (деклара-
ция, приказ емес), «указ» орнына, ал «жарнама» (объявление емес) «реклама»
атауының баламасы, «қаттама» (ведомость емес) қазір «протокол» терминінің,
«тізім» (опись емес) «списоктің», шақырухат (повестка емес) «пригласитель-
ное письмоның» баламасы ретінде қолданылады. Яғни олар қолданыстан мүлде
шығып қалған жоқ, ісқағаздарын жүргізу саласындағы жүйе құраушы іргелес
ұғымдарының атаулары ретінде пайдаланылды. Мағыналары нақтылана түсті.
ХХ ғасыр басында жасалған білдіргіш, ыспаттама, қаттау тәрізді жекелеген
терминдер анықтама, құжат, тіркеу сынды терминдер алмастырылды. Бұл да
термин шығармашылығына тән табиғи үдеріс.
Терминжасам жән
е терминалмасым