42
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Бердібек Бияров
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
Қазақша термин қайтсе жақсарады?
Қазақша термин жасау мәселесі, былайша алынғанда, бәлендей қиын да мә-
селе емес. Әдеттегі сөздер қалай жасалса, сөзжасам қандай-қандай тәсілдерге
негізделсе терминдер де солай жасалынып, сол теориялық негіздерге сүйеніледі.
Солай бола тұрса да, біздің қазақи тілдік ортада қазақша термин жасау дәстүрі
әлі күні толыққанды қалыптаса қойған жоқ. Тіпті қазақша термин жасауға де-
ген ынта мен құлық та әр уақыт байқала бермейтін сияқты. Оған себеп – 80-
90 жыл бойы қазақ тілінің мәртебесін құлдыратуға, орыс тілінің мәртебесін
ас қақ татуға бағытталған саясат пен сол жолда істелген арнайы шаралардың
нәтижесі деп есептейміз. Ғылыми терминдерді жасайтындар – cөз жоқ әр ғылым
салаларының мамандары. Неге екенін қайдам, қазақ ғалымдарының көбі мейлі
олар техникалық ғылымдардың өкілдері болсын, мейлі қоғамдық ғылымдардың
өкілдері болсын (бұлардың ішінде қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өкілдері де
бар) терминдерді қазақша жазудың орнына еуропа тілдерінде қалай айтылып,
қалай жазылып жүрсе, солай қолдана салады. Басқа салаларға бармай-ақ, өзіме
жақсы таныс қазақ тілі бойынша қорғалып жүрген кандидаттық, докторлық
диссертациялар тілі туралы айтсам, бұлардағы жағдай да дәл сондай. Кеше ға-
на қазақ тілі туралы жазылған бір кандидаттық диссертацияның авторефера-
тын оқып шықтым. Небары 24 беттен тұратын жұмыста 50 шақты латын, грек,
ағылшын сөздері (терминдері) қолданылыпты. Солардың ішінде прецедент,
рефлекция, геминация, матрица деген сияқты терминдер жүр. Тілші болсақ та
түсінбегендіктен, «бұлар нені білдіреді екен» деп шет тілдері сөздігінен қарасам,
прецедент (лат.) деген «бұрыннан бар үлгі» дегенді, рефлекция (лат.) – «қайта
қарау, қайта ойлану, күдіктену» дегенді, ал гимнация (гр.) – «қайталама дыбыс»
дегенді білдіреді екен. Қазақ тілінде жазылған екінші бір диссертацияның ав-
торефератынан суггестия (лат. «сендіру, иландыру»), перлокутие (ағыл. «сөзді
сыпайы түрде жеткізу»), иллокутие (ағыл. «сөзді арнайы түрде жеткізу») деген
сияқты сөздерді кездестірдік. Шынтуайтына жүгінсек, бұлар термин де емес.
Олардың мән-мағынасы неге қазақша берілмегендігі түсініксіз. Бұлар аздық
етіп жүргендей, соңғы кезде қазақша жазатындардың арасында арабтың бей-,
би- префиистері арқылы сөз жасауға құмартушылардың саны күн санап артып
келеді. Олардың алды оқулықтардың тіліне де жетті. Мыс: Ерікті бірлестіктер
– бейкоммерциялық, бейөкіметтік ұйымдардың негізгі элементі (Т.Ғабитов
т.б. Мәдениеттану. Оқулық. 4-ші басылымы. А., 2005, 334 б.). Жарайды-ақ,
бұл оқулықтың төл иелерін (авторларын) тілшілер емес дедік. Қазақ филоло-
Ойталқы
43
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
гиясы факультетін бітірген, кандидаттық немесе докторлық диссертация қорға-
ғалы отырған тілшілердің еңбектерінде кездесетін бейвербалды, бейәдеби, бей-
тұлғалық деген сияқты сөздерді қалай түсінеміз?!
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де префикс жоқ екендігі белгілі.
Ертеңгі күні біреу болмаса біреу «қазақ тілі» оқулықтарына: «Қазақ тілі – жал-
ғамалы (агглютинативті) тілдердің қатарына да, қопарылмалы (флективті) тіл-
дердің қатарына да жатады» деп, оған дәлел ретінде жоғарғыдай мысалдарды
жиып-теріп бермесіне кім кепіл бола алады.
Әлгі диссертация қорғаушыларға «бұларың қалай?» десең «бізге дейінгілердің
бәрі бұл терминді осылай қолданыпты» деп жауап береді. Сонда деймін-ау,
қазақша терминдерді қазақтардың өздері жасамаса, оларды бізге кім жасап
береді? Әдетте біз «ғылым халық үшін» деп жатамыз, бірінші кезекте сол ғылы-
мымыз көпшілікке түсінікті болу керек қой. Ол үшін терминдеріміз қазақша жа-
салуы шарт.
Кеңес өкіметі кезінде жат жұрттық сөздерді, дәлірек айтқанда, басқаша айт-
қан да (варвариздерді) бізге терминком арқылы, терминкомға бекіттіру арқылы
күштеп, зорлап ендірді. Ал қазіргі кезде, егемендікке қол жеткен уақытта жат
жұрттық сөздерді солай алуға бізге кім зорлық жасап жүр? Ешкім де емес.
Өзіміздің түсініксіздігімізден, бұған дейінгі бойымызға сіңіп кеткен «ауруымыз-
дан» құтыла алмай жүргендігімізден солай болып тұр. Тіпті «мағынасын ешкім
түсінбейтін латын, грек сөздерін көбірек қолдансақ, ғылымның мәні солғұрлым
арта түседі» деп ұғатындар да аз емес.
Терминдерді қазақша жасаудың толып жатқан әдіс-тәсілдері бар. Олардың
көбі жұртшылыққа белгілі. Біз басқа бір мақаламызда термин жасаудың морфо-
логиялық (түбірге жұрнақ жалғау арқылы, сөздерді біріктіру, кіріктіру, қосарлау
арқылы т.б.), синтаксистік (сөздерді тіркестіру арқылы) және семан тикалық
(сөздердің мағынасын өзгерту немесе толықтыру арқылы) тә сіл де ріне жан-
жақты тоқталғанбыз. Бұл жерде оларды тағы да қайталап айтып жатқанымыз
артықтау болар. Сондықтан термин жасауда ол мақалада айтылмаған басқа бір
2-3 түріне ғана тоқталып өтелік. Олардың біріншісі – айтылуы да, жазылуы да
мүлде басқаша шет жұрттық терминдердің орнына өз тіліміздің әдеби, кәсіби,
жергілікті тармақтарынан, тіпті болмаса, өзімізбен туыстас түркі тілдерінен ба-
лама іздеп тауып немесе қолдан термин жасап, соны қалыптастыру. Мәселен,
тілімізде әлі күнге дейін анатомия, косметика, кредит, маятник, пленка, рецепт,
функция, факт деп айтылып, жазылып жүрген сөздерді қазақша тәнтану, риан,
несие, бигеш, жұқалтыр, дәрел, мәнбі, берне деп алуға болатындығына көзіміз
жетеді. Біз бұл ұсынысты бұрын да айтқанбыз. Бірақ ешкімнің олай қарай аяқ
басқысы келмейді.
Қазақша термин жасаудың екінші тәсілі – қай тілдің термині болса да, оны
қазақ тіліне аударып қолдану. Бұл мәселеге келгенде біздің біраз аты дар-
Ойталқы