Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/32
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17605
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№ 1 (51)

2016


Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы 

Республикалық терминологиялық комиссиясының бюллетені

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№1 (51)

Құрылтайшы:

Қазақстан Республикасы  Мәдениет 

және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және  қоғамдық-

саяси жұмыс комитеті

ҚР  Мәдениет, ақпарат және 

қоғамдық келісім  министрлігінде 

тіркеліп, тіркеу туралы 2002  

жылғы  27 мамырда  №2993 – Ж 

куәлігі берілген.

А.Мұхамедиұлы

Республикалық терминком  төрағасы

М.Әзілханов (төраға орынбасары)

Қ.Асылов

Ғ.Мелдешов

М.Бақтиярұлы

С.Абдрахманов

М.Айымбетов

М.Ахметов

С.Әлісжан

С.Ибраим

Д.Омашұлы

Ш.Пәттеев

Б.Сағын

А.Тоқсаба

К.Юсуп

Бас редактор



Ш.Құрманбайұлы

Бас редактордың орынбасары



Қ.Әбіл


3

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Аңдату

Журналдың  2016  жылғы  бірінші  санына  енгізілген  мақала лар 

тиісті айдарларға топтастырылды. Мәселен, “Терминжа сам жә­

не  терминалмасым”  айдарымен  профессор  Ш.Құрман байұлы ның 

“Ісқағаз терминдерін жасаудағы тарихи сабақ  тас   тық” атты  мақа­

ласында  ­ма/­ме үлгісі мен «хат» сөзін қосып ісқағаз терминдерін 

жасау  1920  жылдардағы  терминжасам  тәжірибесінің  нәтижесі 

екен дігі,  осы  үлгімен  термин  жасау  дәстү рінің  қайта  жалғасып, 

тер мин  шығармашылығындағы  тарихи  сабақтастықтың  сақта­

лып отырғандығы нақты тілдік дерек тер негізінде көрсетіледі. 

Ал академик Ө.Айтбайұлының “Ортақ түркі терминологиясын 

қалыптастыру – бүгінгі күн талабы” атты мақаласында түркі 

халықтарына  ортақ  терминдер  қорын  жасаудың  мүмкіндіктері 

жайында сөз болады. Ғалым ортақ терминқор жасауда түркі тіл­

дерінің көбіне ортақ түбірлерді, түркі тілдеріне әр дәуірде еніп, 

сіңісіп кеткен кірме сөздерді, әрбір тілдің өзіндік сөзжасам үлгіле­

рін пайдалану қажет деп санайды. Сондай­ақ бұл айдармен фило­

логия ғылымының кандидаттары А.Смағұлованың “Кірме термин­

дер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс”, Қ. Айсұлтанованың “Қазақ 

тіліндегі терминжасам мәселелері” мақалалары ұсынылды.

“Терминологияның зерттелуі және салалық терминдер мәселе­

сі”  айдарымен  филология  ғылымының  докторы,  профессор  

Ж.Манкееваның  “Ұлттық  тілдегі  терминдік  жүйе  мәселесі”, 

фило  ло  гия  ғылымының  кандидаты  Н.Әшімбаеваның  “Ұлттық 

сала  лық  терминдерді  қалыптастыру  мәселесі”,  аудармашы  ма­

мандар Ж.М.Тұрарова мен Т.С.Еременконың “Заңнамадағы тіл дік 

норманы  сақтау  мен  лексикалық  варианттылық  мәселесі”  сияқ ­

ты мақалаларында салалық терминологияның зерттелуі мен қол­

данысының жайы, варианттылық мәселелері сөз болады. 

“Ойталқы”  айдарымен  филология  ғылымдарының  кандидаты  

Б.Бияровтың “Қазақша термин қайтсе  жақсарады?” атты ма­

қа    ласы  мен  аудармашы  маман  С.Сыдықтың  қолданыстағы  бір­

қа тар терминдердің жасалуына қатысты сын пікірі, өзіндік тұ­

жы рым дары  мамандар  талқысына  ұсынылған.  Ал  “Бекітілген 

тер миндер” айдарымен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жа ­

нын дағы Республикалық терминология комиссиясының 2015 жыл­

ғы 6 қазандағы отырысында бекітілген терминдер жұртшы лыққа 

таныстыру, оларды бірізді қолдану мақсатында жарияланды.


4

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Терминжасам жән

е терминалмасым

Шерубай Құрманбайұлы,

ҚР ҰҒА­ның корреспондент мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ісқағаз терминдерін жасаудағы тарихи сабақтастық 

Қазіргі  қазақ  тіліндегі  ресми  ісқағаздарының  атаулары  мен  ісқағаз  жүргізу 

тер миндерінің жасалу жолы, қалыптасу тарихы бар. Зерттеушілер XVIII ғасыр 

мен XIX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілінде шағатай, татар, 

араб, парсы элементтері басым болғанын айтады. Академик Р.Сыздық «XIX ға-

сыр дың ІІ жартысында қазақша ресми іс қағаздардың өз алдына стилі болды, ол 

бұрынғы ресми құжаттар мен ресми хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде та-

нылды. Бірақ едәуір өзгерісі  бар» [1] – деп жазады. Басқа да әр түрлі арнаулы са-

лалар сияқты ресми ісқағаздарының атаулары мен ісқағаз жүргізу терминдерінің  

де қалай жасалып, өзінің қалыптасу тарихында қандай кезеңдерден өткенін ар-

найы сөз етудің мәні зор. Қоғамдық өмірдің  қай саласында қызмет етіп, қандай 

кәсіп иесі болғанына қарамастан кез келген адам ісқағаздарын жазуға, толты-

руына тура келеді. Бұл саланың осындай бұқаралық сипаты да оған ерекше на-

зар аудару қажеттігін тудырады. Ісқағаз жүргізу мәселесін біз кешенді тұрғыда 

қарастыруды  мақсат  етпейміз.  Ондай  зерттеулер  осы  саланы  арнайы  зертте-

ген Н.Ерғазиева, Л.Дүйсембекова сынды тіл мамандары тарапынан жүргізіліп 

кандидаттық,  докторлық  диссертациялар  қорғалды.  Осы  мамандар  тарапынан 

монографиялар мен оқу құралдары да жарық көрді. Сондықтан біз бұл мәселеге 

кеңінен тоқталмай, тек терминжасам, ісқағаз жүргізу саласы терминологиясының 

қалыптасуындағы тарихи сабақтастық тұрғысынан ғана назар аудармақпыз. 

Жүйеленген  салалық  терминологияны  қалыптастыруда  сол  саланың  тер-

мин   дерін белгілі бір сөз тудырушы морфемаларды немесе терминдік элемент-

терді  пайдалана  отырып  жасау  тәжірибесі  бар.  Мұны  көптеген  тілдердің  тер-

мин   жүйесінен  көруге  болады.  Бізде  де  соңғы  жылдары  кейбір  арнаулы  сала 

терминдерін  бір  үл гімен  жасау  мақсатымен  белгілі  бір  жұрнақтарды  жалғау 

арқылы  терминдер  жа сап  жүрген  мамандар  кездеседі.  Бұл  жағынан  келгенде 

әртүрлі арнаулы салалар да біршама өнімді жұмсалып жүрген жұрнақтардың бар 

екені аңғарылады. Мәселен, кейінгі жиырма жыл көлемінде лингвистика сала-

сында 

-ым/-ім моделімен жасалған айтылым, тыңдалым, жасалым, жуысым, 

жұмсалым,  жіктелім,  қатысым,  оқылым,  талданым,  түйісім,  түрленім,  үй­

лесім,  үндесім  сын ды  көптеген  атаулар  жасалып  қолданысқа  енді.Осы  секілді 

ісқағаздарын  жүргізу  саласы  да  өзіндік  терминжасам  үлгісімен  ерекшелене 

алады. Ал енді ісқағаздарын жүргізу саласы туралы айтқанда негізінен айқын 

орныға  бастаған  екі  терминүлгіні  (терминомодель)  атап  көрсеткен  орынды. 

Олардың 

біріншісі –  -ма/-ме, -ба/-бе, [-па/-пе] жұрнақтары арқылы жасалған 



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау