ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Банк ісі кафедрасы
65.26я2
А 14
Абжанова А.К. , Маляренко О.И.
«Ақша. Несие. Банктер.»
пәні бойынша терминологиялық сөздік
Оқу-әдістемелік құралы
Қостанай, 2011
ББК 65.26я2
А 14
Құрастырушылар:
Абжанова А.К. - банк ісі кафедрасының аға оқытушысы
Маляренко О.И. - банк ісі кафедрасының аға оқытушысы
Пікір берушілер:
Абаева Гульдер Ивановна, экономика ғылымының кандидаты,банк ісі кафедрасының доценті Байкадамов Нуркен Турарович,экономика ғылымының кандидаты,экономика және басқару кафедрасының доценті З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті Майкопова Гульнара Суиндиковна., экономика ғылымының кандидаты, қаржы кафедрасының доценті
Абжанова А.К.,Маляренко О.И.
«Ақша.Несие.Банктер.» пәні бойынша терминологиялық сөздік- оқу-әдістемелік құралы. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ,
2010ж. - 35б.
Терминологиялық сөздік қазіргі қаржылық және банктік тәжірибеде жиі қолданылатын терминдерді бекітеді, жұмыс оқу бағдарламасы және типтік тақырыптарға сәйкес қарастырылған, бакалавр дайындау бойынша жоғары оқу орнының талабына сәйкес келеді. Экономика мамандығының студенттері үшін арналған.
ББК 65.26я2
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № «____ » _________201__ ж
© Абжанова А.К., Маляренко О.И.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………….4
Терминдер……………………………………………………………………...5
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………................................................35
Кіріспе
«Ақша.Несие. Банктер» пәні қаржы-банктік жүйесінде жоғары білікті мамандарды қалыптастыруда оқу пәндері арасында ең маңызды орынды алады.. Бұл базалық теориялық пән болып табылады,банк қызметінің ұйымдастырушылық негізі мен теориясы, қазіргі ақша-несиелік және валюталық жүйелерінің нысандары, принциптері, ақша-несиелік қатынастарының маңызы жөніндегі білімін жетілдіреді, нақтылайды, дамытады, экономикада оларды қолдану тетігін және мәнін терең түсінуге мүмкіншілік жасайды.
Терминологиялық сөздік қазіргі қаржылық және банктік тәжірибеде жиі қолданылатын терминдерді бекітеді. Ең басты көңіл банк операциясына, ссудалық капитал нарығына, бағалы қағаз нарығына және валюталық жүйенің негізгі қаржылық инструменттеріне, мемлекеттің ақшалай және несиелік жүйелерінің терминологияларына бөлінген.
Терминологиялық сөздік оқытылатын пәндерді студенттердің толық игеруіне ықпалын тигізеді. Ол өмірде қазіргі ақша-несиелік сферасында өз ұғымдарын тереңдетуді нығайтқылары келетіндерге септігін тигізеді.
Терминдер
А
Аваль — вексель бойынша төлемді төлеуге міндеттеме алған тұлғаның атынан міндеттеме орындалмаған жағдайда вексельде көрсетілген соманы (толық не жартылай) төлеуге берілетін кепілдеме.
Аверс – монетаның, модельдің беткі жағы.
Авизо – өзара есеп айырысудағы өзгерістер туралы бір банктің екінші бір банкке ресми түрдегі жазбаша хабарламасы
Авуарлар – жеке тұлғалар мен мекемелердің шетел банктеріндегі салымдары.
Ағымдағы операциялар - валюталық түсімдер және төлемдердің жүйелi түрде сипаты бар ағымдағы төлем балансында көрсетiлетiн операциялар.
Адам өмірін сақтандыру – сақтандыру тәуекелi сақтандырылған тұлғаның өмiрi тиесілі дербес сақтандырудың түрлерi.
Адрестік әлеуметтік көмек – қажеттілігін ескере отырып, белгілі бір отбасына берілетін әлеуметтік көмек.
Азия даму банкі - 1965 ж. құрылған, оның құрамына тек қана Азияның дамып жатқан мемлекеттері ғана емес, одан басқа Япония және Австралия сияқты елдер кірген.
Айналым активтері — бухгалтерлік баланс активінде көрсетілген бірлестіктердің, кәсіпорындар мен мекемелердің мөлшерленетін айналым қаражаты.
Айналым кассалық қаражаты - қойылған уақытша кассалық үзiлулердi жабуға арналған бюджетпен бекiтілген резервтiң сомасы.
Айналым қаржылары – ағымдағы өндiрiстiк - коммерциялық қызметін қолдауына арналған айналымды активтердің авансталған кәсiпорындардың ақшалай қоры.
Айналыс құралдың функциясы - ақша тауарлардың iске асыруындағы делдалы болып табылады.
Айырбасталымдылық — нарықтық жағдайда сыртқы экономика қатысушыларының валюталарын шетел валютасына заңды айырбастау мүмкіндігі.
Акцепт – ақшалай есеп айырысу және тауарлы құжаттар мен тауарға ақы төлеуге келісу немесе төлем жауап кепілдігі.
Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент – банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Акциз — жаппай тұтыну тауарларының жанама салық түрі; тиісті тауар түрінің бағасына немесе көрсетілген қызмет ақысына сәйкесуі жатады.
Акция — акционерлік қоғам шығарған және иесіне сол акционерлік қоғамның пайдасынан белгілі бір табыс алуға және дауыс беру құқығын беретін белгілі қағаз.
«Ақсақ» валюта жүйесі – күміс мәнеталар алтын белгісі қалыптаса бастады.
Ақша – барлық тауарлардың құнын өлшейтін барлығына бірдей балама, ерекше тауар.
Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде бантің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма.
Ақша тетігі – ақша жиынындағы өзгерістер арқылы экономикаға ықпал ету тәсілі.
Ақша айналымы – кәсіпорындар, ұйымдар, халықтардың қолма-қол және қолма-қолсыз түрде белгілі уақыттағы барлық төлемдердің сомасын көрсетеді.
Ақша айналымының заңы - айналымға керекті ақшаның мөлшерін анықтайтын есепті бағыныштылық. Алғаш К.Маркспен енгізілген.
Ақша айналысы - шаруашылықта тауарларды өткізу мен тауарсыз есептесуде қызмет көрсететін қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалы нысанында өз міндеттерін орындайтын ақша қозғалысы.
Ақша айналысының тұрақтылығы - iшкi нарықта және олардың шетелдік валюта бағамында ақшалардың сатып алу қабiлеттiлiгiнiң сақталуы немесе жоғарылауы.
Ақша базасы – Орталық банктің бақылауында болатын елдегі ақша ұсынысының бір бөлігі.
Ақша базасы – ақша массасының қалыптасуымен қоса құрал-жабдықты қамтиды,банктің міндетті резервтері, жабдықтардың шығу мен олардың корреспонденттік шоты үшін қажетті жүйе.
Ақша жүйесі - елдегі заңмен бекітілген ақша айналымын ұйымдастырудың формасы.
Ақша жүйесінің түрлері – металлдық айналыс жүйесі және қағаз бен кредиттік ақшалардың айналыс жүйесі.
Ақша массасы – барлық айналымға жіберілген қағаз ақша және металл ақшалар жиынтығы ақша массасын құрайды.
Ақша мультипликаторы – коммерциялық банктердің біріншісінен екіншісіне қозғалысы кезінде депозиттік шоттардағы ақша мөлшерінің өсімін көрсететін коэффициент.
Ақша реформасы — ақша айналысын тұрақтандыру тәсілі. Жүргізілетін ақша реформаларының түрлері: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация, деноминация.
Ақша шығу тегінің рационалистік тұжырымдамасы – ақшаның шығу тегін айырбас айналымдағы құнның ауыстыруы үшін арнайы құралдар қажеттігіне көзі жеткен адамдардың арасындағы келiсiм негізінде түсіндіреді.
Ақша шығу тегінің эволюциялық тұжырымдамасы - ақша үлкен тауарлық әлемнен ақшаның рөлін орындайтын ерекше тауар және ол айырбастың ұзақ даму нәтижесінде адамдардың еркіне қарсы пайда болғанын дәлелдейдi.
Ақшаға сұранысы – тауарлар және қызметтердi сатып алатын тұрғындармен, сонымен бiрге инвестициялар үшін кәсіпорындармен және өз қызметі үшiн мемлекетпен қалыптасатын сұраныс.
Ақша-несие саясаты – ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығы мен өтіділігін сипаттайтын, ақша ұсынысын тудыратын экономикалық саясаттың қосымша бөлігі.
Ақшаның номиналды теориясы - ақшаны айырбастау қызметін жеңілдету мақсатында ақша бірлігі ретінде қолданылуын сипаттайтын теория.
Ақшаның сандық теориясы-бұл теорияда негізі ақшаның сапасы емес, оның саны маңызды рол атқарады.
Ақшаның төлем құралы функциясы - нарықтық шаруашылығында несие қатынастарының дамуымен байланысты пайда болды. Ақшаның функциялары мына жағдайда қолданылады: өндiрiс және тауарларды өткізуде әртүрлі шарттардың қажеттілігімен байланысты несиеге тауарлардың сатуы кезінде; салықтар және жиындарды төлеуде; еңбекақыларды есептегенде.
Аллонже – вексельге жапсырылатын қосымша парақ.
Алтын валюта резерві – халықаралық есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыру, төлем балансының тапшылығын қаржыландыру, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын Орталық банктің алтын және шетел валютасында құратын ресми қоры
Алтын нүктесі – валюталық курстың монеталық паритеттен(1%) шекті өсуі алтын стандартқа сәйкес дүниежүзілік валюта жүйесінің шарты.
Алтын пулы – алтынның нарықтық бағасын оның ресми бағасы деңгейінде оны тұрақтандыру мақсатымен Лондон нарығында бірлескен операциялар жүргізу үшін АҚШ, Батыс Европадағы жеті мемлекет бірге құрған арнаулы мемлекетаралық ұйым.
Алтын стандарты - әлемдік валюта жүйесінің ұйымдастырушы формасы, ақша ретінде алтынды пайдалануға негізделген форма.
Амортизациялық саясат — таңдалған қаржылық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін тез тозатын және аз құнды заттардың тозуын есептеу, негізгі қорлар мен материалдық емес активтер амортизациясының сай келетін әдісін таңдау.
Андеррайтер – алдын ала келісілген шартқа сәйкес, бағалы қағаздар нарығында эмитенттің бағалы қағаздарын орналастыруға кепіл беруші тұлға.
Аннуитет – белгілі бір уақыт ішінде бірдей мөлшерде төленетін мерзімді төлемдер.
Арналуы қарыз шоттары – шаруашылық субъектілердiң төлем айналымдарының көп бөлігін несие берушілермен орташаланған жағдайда банктiк несиеге тұрақты қажеттiлік білдіретін қарыз алушыларға ашылады.
Аудит — мекемелердің бухгалтерлік есеп қисабының белгіленген есеп ережесі мен стандартқа сәйкестігін тексеретін тәуелсіз қаржылық бақылау түрі.
Ашық валюталық бағдар - банктің талаптары мен міндеттері шетел валютасымен сәйкес келмейтін валюталық жайғасым.
Ашық нарықтағы операциялар – құнды қағаздардың сатып алу–сатуы: қазынашылық вексельдер, мемлекеттік облигациялар, басқа да мемлекеттік құнды қағаздар, сонымен бiрге керi мәмiленiң кеш iске асырылатын құнды қағаздардың қысқа мерзiмдi операциялары.
Ашық ұзын валюталық ұстаным – жеке шетел валютасына деген ерекше талапты қажет ететін ашық валюталық ұстаным.
Ашық факторинг - қарыз алушыға қарыз берушінің өзінің қарызын мердігер арқылы алатыны жөнінде қарыз алушыға ескертіп, ендігі жерде барлық қарыз мердігерге өтетінін жөніндегі факторинг түрі.
Б
Баға масштабы – тауардың құнын емес, бағасын көрсету үшін қызмет етеді. Заңды мінезге ие, мемлекеттің ерігіне тәуелді.
Бағалы қағаздар қоржыны - инвестициялық қызметке қатысу үшін инвестордың (заңды және жеке тұлға) қолындағы барлық құнды қағаздардың жиынтығы.
Банк жүйесі – жалпы ақшалай-кредит механизмінің шеңберінде әрекет ететін кредит мекемелерінің әр түрлі жиынтығы.
Банк жүйесімен «құрылған ақшалар» – міндетті резервтің мемлекеттің заңмен бекітілген өлшеміне тәуелді қаржылық қор.
Банк кепілдігі – кепілгер банктің өз клиенті үшін контрагенттің алдындағы кепілдігі, банк клиенттің тапсырмасы бойынша оның есебінен береді және төлемдер, авансты қайтару, тұтастай алғанда өзара шаттарды орындау секілді міндеттемелерді кепілдендіретін бір жақты келісім-шарт.
Банк кредиті – банкпен немесе арнайы кредит-қаржы мекемелерімен ақша түрінде берілетін кредит.
Банк қызметінің қағидасы - жүзеге асатындай бар қорлардың шегiндегi банктердің жұмысы; өз қызметiнiң нәтижелерiне толық экономикалық дербестiк және жауапкершiлiк; коммерциялық банк пен нақты нарықтық негiзде бар өз клиенттерiмен арақатынас ұйымы; көбiнесе жанама экономикалық әдiстер арқылы мемлекеттiк билiк органдары жағынан олардың қызметiн реттеуi.
Банк несиесі-коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық мекемелердің ағымдығы немесе инвестициялық қызмет, тауарлы-материалдық, алтынвалюталық құндылықтар немесе құнды қағаздар беретін ақшалық қарыз міндеттемесі.
Банк өтімділігі-банктің активтерінің қысқа мерзім ішінде шығынсыз, залалсыз, өзінің қарыздық міндеттерін жабу үшін ақша құралына айналуы.
Банк пайдасы - жалпы банк қызметінің көрінісі; банктің кірісі мен шығысы арасындағы қатынасты көрсететін соңғы қаржылық көрсеткіш.
Банк тәуекелін басқару - бағаны, тиiстi тәуекелдi болжау және сақтандыруды қосатын табыс пен тәуекел арасындағы ұтымды байланысты табуға, банктiк тәуекелдi жоюына және минимизациялауға бағытталған шараларының кешенi.
Банк —уақытша бос ақшалай қаражатты шоғырландыратын, оларды кредит түрінде уақытша пайдалануға беретін, кәсіпорындардың, мекемелердің немесе жекеленген тұлғалардың арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуларда делдалдық ететін, жаңа ақшаларды шығару арқылы елдегі ақша айналымын реттейтін қаржылық кәсіпорын.
Банкаралық несиелеу- нарықтық жағдайында коммерциялық банктердің банктік төлемдері арқылы бір-бірінен несие алуды сипаттайтын банктік ұйымдар арасындағы экономикалық заңды ұйымдасқан қатынас.
Банкноттар – мемлекеттің Орталық банкімен шығарылатын кредиттік ақша түрі, ол алтынды сақтауға алуды дәлелдейтін құжат.
Банктiк билеттерiнiң эмиссиясы - қолма-қол ақшалардың қалдықтарын үлкейту және ақшасыз есептесудің (депозитті-чектік эмиссия) саласында балғын құралдардың төлем қалдығын үлкейту бойынша елдiң эмиссиялық банк қызметi.
Банктiң инвестициялық жобаны қаржылық талдауы - инвестициялық жобаның экономикалық нәтижелігін және оның қаржыландыру көзін анықтау.
Банктердің актив операциялары — банкілердің өзіндегі қаржылық ресурстарды айналымға жіберіп, одан пайда табу мақсатында таратуы.
Банктердің сенімгерлік операциялары – клиенттiң тапсырысы бойынша және келiсiм шарты негiзiнде банктің өз атынан iске асыратын, клиент құралдарын (мүлік, ақшалар, бағалы қағаздарды және т.б.) басқару бойынша операциялар.
Банктік бәсеке – қаржылық ресурстар мен банктік қызметтер нарығында тұрақты орынға ие болу мақсатындағы коммерциялық банктер мен басқа қаржылық институттардың арасындағы бәсекестігінің үдерісі.
Банктік вексель — өз иесіне талассыз алуға ерік беретін және вексель берушінің банкіге кредитке ақша беруші тұлғаға келісілген мерзім жеткенде белгілі соманы қайтаруға сөзсіз міндетті екендігін растайтын құнды қағаз.
Банктік емес несие ұйымы - заңмен ескерiлген жеке банктiк операцияларды жүзеге асыру құқығына ие несие ұйымы. Банктiк емес несие ұйымдарға арналған банктiк операциялардың мүмкiн тiркестерi Орталық банкпен бекiтiледi. Қазіргі кезде банктiк емес несие ұйымдарының екi түрлерiн ажыратады: есептi банктiк емес несие ұйымдары және инкассацияның банктiк емес несие ұйымдары.
Банктік инвестиция операциялары – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Банктік қызметтердің нарықты сегменттеу – банктің нақты қызмет көрсетуіне сұранысын айқындайтын тұтынушылардың айқын бейнеленген топтарына нарықтың бөлiнуi.
Банктік менеджмент - алға қойған мақсатқа жету немесе пайда табу мақсатында банк қызметін ұйымдастыруға бағытталған басқарушылық іс-әрекеттердің жүйесі
Банктік ссудалар портфелінің диверсификациясы – бір ғана қарыз алушыға берілетін несие көлемінің азаюы, несиеде «төбе»-ің орнуы, яғни ол қауіп-қатердің азаюына әкелді. Бұл шара клиенттің несие қайтару қабілетін толық сенім білдірмегенде, несие қайтарылмаған жағдайда, шығыннның көлемін азайту үшін қолданылатын тәсіл.
Банктік шот келісімі – есептік (ағымдық) шот ашқанда жасалынатын, клиент пен банк арасындағы келісім. Онда екі жақтың міндеттері мен шотта операция жүргізу жауапкершілігі қарастырылады.
Банктің депозитарлық операциялары – несие мекемелерінің ақша қаражатттарын салымдарға тарату мен оны орналастыру жөніндегі операциялар.Олар пассив және актив операциялары болып бөлінеді.
Банктің депозиттік емес ресурстары - халықаралық банктерден зайымдар және Орталық банктен несие алу жолымен тартылатын ресурстар.
Банктің депозиттік ресурстары – бұл ресурс, заңды тұлғаларды ( сонымен қоса банк корреспонденттері) назарын аудыру және жеке тұлғалардың шотындағы, жедел депозиттер, сонымен қоса банктік сертификаттар мен вексельдер түрінде де болады.
Банктің еркін резервтері, қорлары – дәл осы кезде активті операциялар үшiн банктермен пайдаланылатын коммерциялық банктер қорларының, олардың ресурстарының жиынтығы.
Банктің инвестициялық жобаның өтелу мерзімі - оның тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi, яғни инвестициялық жобаның аяқталу кезінде дисконтталған таза табыстар сомасы банктiк салымдар (инвестициялар) сомамен бiрдей болып шығатын уақытша кесiндi.
Банктің кассалық есеп айырысу операциялары – клиенттердiң шоттарын ашуға және оны ұлттық және шетелдiк валютада жүргізуге қатысты операциялар: олардың тапсырысы бойынша шоттағы есеп айрысулар мен төлемдердi жүзеге асыру; сонымен бiрге шоттағы тиесілі ақшалай қазыналарын қолма–қол ақшасыз формада алу және енгізу; шоттағы ақша қаражаттарын сақтау немесе тасымалдау.
Банктің кепілдік операциясы – банктің басқа тұлғаның өтініші бойынша міндеттеме алуы , егер қарыз алушы қарызын төлей алмаған жағдайда , несие берушіге белгілі бір ақша сомасын қайтару банкке жүктелетін міндеттеме.
Банктің құрылатын резервтері - елдiң орталық банктерiмен реттелетiн және банк тартылған қаржылардың белгiлi бөлiгiнiң орталық банкте несие ұйымдарының сақтауға берулерi қалыптасатын резервтер.
Банктік құпия - банк клиенттерінің шоттары мен салымдары және банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар.
Банктің лизинг операциялары-заңды, жеке тұлғаларға белгілі бір уақытқа, келісімде көрсетілген шартпен банктің өзінің сатып алған немесе өзіне тиесілі мүлікті, немесе құрал-жабдықты лизинг алушыға қолданысқа беру қызметі.
Банктің несие операциялары-өз атынан, өз есебінен қайтарымдылық, төлемақылық түрдегі ұсынылатын банк қызметі.
Банктің пайыздық емес кірістері – қарыз және ұзақ мерзімді пайыздық үстемеден басқа банктің өзінің клиенттеріне жасаған трасттік, ақпараттық, кеңес берушілік қызметтерінен, кассалық және коммиссиялық төлемдерден түсетін кіріс көздері.
Банктің пайыздық табысы – несиелерден есептелінетін және түсетін пайыздар, оның шамасы келесі факторларға байланысты: банктің несие қоржынының көлемі, оның құрылымы, несие үшін қолданылатын пайыздық мөлшерлеме.
Банктің пассивті операциялары - коммерциялық банктердің өздерінің қаражатына немесе тартылған қаражаттардан ресурстарды қалыптастыру операциялары.
Банктің төлеу қабілеттілігі – тиісті мерзiмде және толық сомада несие берушілердің алдында өз мiндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттігі.
Банктің факторингтік қызметі - тауарлардың беруi, жұмыс жасау немесе қызметтер көрсетуден шығатын үшiншi тараптарға клиенттердің ақшалай талаптарын алдын ала төлем формасында ақша қаражаттарын банкпен беру қызметi.
Барлығына ортақ тiкелей айырбас формасы - кез келген заттық құндылықтарға ақша айырбасының мүмкiндiгi.
Белгіленген пайыздық мөлшерлеме – кредитор мен қарыз алушы жағынан қайта қарауына жатпайтын несиелік операция жүзеге асырылғанда оның барлық мерзіміне бекітіледі.
Белгіленген, тіркелген валюта бағамы – нарықтық өзгеріске түспейтін үкімет пен Ұлттық Банк бекіткен валюта бағамы.
Белсенді ақшалар - қолма-қол және қолма-қолсыз есептерде қызмет көрсететін ақша құралының түрі.
Билондық ақша – толық құнсыз ақша.
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ролін бір немесе одан да көп металлдар атқаратын ақша жүйесі, яғни айналыста алтын және күміс монеталары болады
Бреттон-Вудск валюта жүйесі — 1944 ж. пайда болды, өз ретінде алтындевиздік жүйе немесе алтындолларлық стандарт ретінде болады.
Брокер – «делдал», эмиссиялық бағалы қағаздарға байланысты мәмілені және басқалай қаржылық құралдарға қатысты мәмілені клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және оның мүддесі үшін орындайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Будандық несие - банктің кепілдемесі мен құбылмалылы несие ставкасы арқылы,қысқа мерзімді міндеттемелерді қолданғанда пайда болатын несие түрі.
Біркүндік есеп айырысу несиесі - операциялық күннің аяғына дейін өз есептеулерін аяқтау үшін Орталық банкпен коммерциялық банктерге берілетін несие.
Бэнкинг — банк қызметі.
Бюджет — қолдану барысында бюджет қоры пайда болатын және пайдаланатын ақша қатынастарының императивті жүйесі.
Бюджет кірісі - ақша қаражаты, ҚР заңына сәйкес, бюджетті қалыптастыру мақсатында жиналатын мемлекеттің табысы.
Бюджет тапшылығы – бұл оң сальдо. Бюджет кірісінің шығыннан артуы.
Бюджет тапшылығы –шығыстың кірістен көп болуы.
Бюджетаралық қатынас-бюджет арасындағы бірқалыпты кірісті бөлу және қайта бөлу мәселелерімен байланысты жергілікті, мемлекеттік басқару органдарының қарым-қатынасы.
Бюджеттік қаржыландыру – алушының немесе бюджеттік қаражатты бөлушінің қол-қоюымен ұйғарылған бюджеттік қаражаты.
Бюджеттік несие — жоғары тұрған бюджеттен төмендегілерге ресурстардың түсуі мен жұмсалу мерзімдерінің сәйкес келмеуінен жалдың жекелеген кезеңдерінде туындайтын уақытша жоспарлы кассалық алшақтықты жою мақсатымен және осылайша қарастырылған шығындарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етуге берілетін қаражат.
Бюджеттік санкциялар — бюджет заңдарын бұзғандарға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары.
Бюджеттік ссуда —басқа бюджетке қайтарымды, өтеусіз және өтеулі (қаржылық жыл ішіндегі алты айдан аспайтын уақытқа) негізінде берілетін бюджет құралдары.
Бюджеттің ағымдағы шығындары - бюджет шығындардың бiр бөлiгi, мемлекеттiк билiк органдары, жергiлiктi өзiн өзi басқару органы, бюджеттiк мекемелердiң ағымдағы қызметін қамтамасыз ететін, дотациялар, жәрдемақылар және субвенциялар формасында экономиканың басқа бюджеттер және жеке салаларына мемлекеттiк қолдау көрсету, сонымен бiрге бюджеттердi iргелi шығынға қосылмаған басқа да шығындар жатады.
Бюджеттің ең аз шамадағы қамтамасыз етілуі — тиісті бюджеттің қаражат есебінен жан басына шаққандағы есеп айырысуында мемлекеттік билік орғандары мен жергілікті органдар беретін мемлекеттік немесе муниципалдық қызмет көрсетілердің ақша түріндегі ең аз шамада ұйғарылатын құн.
В
Валюта — халықаралық есептерде қызмет ететін ақша.
Валюта — бұл біріншіден, сол елдін ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы СДР, еуро.
Достарыңызбен бөлісу: |