107
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
өкілді сот процесіне жіберу туралы, егер кәмелетке
толмаған бала мен оның заңды өкілінің мүдделер
қайшылығы болып, соңғысының қатысуы
кәмелетке толмаған айыпталушының мүдделеріне
зиян келтірер болса, оны ауыстыру туралы шешім
қабылдауы тиіс. Сот тұлғаның кәмелеттік жасқа
толған сәтінен бастап заңды өкіл қызметінің
тоқтатылатындығын назарға алғаны жөн.
Егер кәмелетке толмаған алдын ала тыңдалым
сәтінде кәмелеттік жасқа толса, алдын ала тыңдалым
қаулысында кәмелетке толмаған баланың заңды
тұлғасының өкілеттігін тоқтату және ҚІК 480-б.
3-б. сәйкес іс жүргізуді жалпы тәртіпте жүргізу ту-
ралы көрсетіледі.
Егер кәмелетке толмаған бала соттың істі қарауы
кезінде кәмелеттік жасқа жетсе, кәмелеттік жасқа
толмаған баланың заңды өкілінің қызметін тоқтату
туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Алдын ала тыңдалым барысында сот сонымен
қатар ҚІК 488-б. 1-б. талабына сәйкес 16 жасқа
жетпеген кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот
ісіне педагог пен психологтың міндетті қатысуы
туралы шешім қабылдауы тиіс.
Педагог пен психолог сот ісіне процестің
кәмелетке толмаған қатысушылары мен сот
арасында байланыс орнату, сондай-ақ аталған
тұлғалардың тарапынан психологиялық әсер ету
мүмкіндігін болдырмау үшін жіберіледі.
ҚР ҚІК 303-б. талаптарына сәйкес сот алдын ала
тыңдалымда істі қосымша тергеуге жіберу туралы
тараптардың өтініштерін қарастырады.
Қосымша тергеу
ҚР ҚІК 303-б. 1-б. көрсетілген істі қосымша
тергеуге жіберу туралы негіздер ақырғы және
кеңейтілген талқылауға тиісті емес болып табыла-
ды, аталған негіздер бойынша іс қосымша тергеуге
тек тараптардың өтініші бойынша жіберіле алады.
Сот істің алдын ала тыңдалымы нәтижесі бойын-
ша, негізгі сот ісін тағайындамай-ақ, тараптардың
өтініші бойынша да, өз бастамасы бойынша да істі
бұрыс қосу немесе ажырату жағдайында немесе
негізгі сот ісін тағайындауға кедергі келтіретін,
қылмыстық-іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық
байқалғанда істі қосымша тергеуге жіберуге
құқылы.
Қылмыстық істі бөлу
Іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке бірнеше
ересек адам мен кәмелетке толмағандар тартылған
жағдайда немесе іс көп кезеңдік болып, ал
кәмелеттік жасқа толмаған барлық кезең бойынша
айыпталмаса, сот, егер бұл тергеу жан-жақтылығы,
толықтығы мен істің шешілуіне ықпал етпе-
се, кәмелетке толмаған балаға қатысты істі жеке
қарауға бөлу мүмкіндігі туралы мәселені шешеді
(ҚР ҚІК 49-б.).
Осы әрекеттер кәмелетке толмаған балаға қатысты
істі жеделдету, оған ересек сыбайластардың тигізер
ықпалының алдын алу, заң назар аударуды талап
ететін іс оқиғаларын терең анықтау үшін жағдай
жасау мақсатын көздейді.
Егер кәмелетке толмаған балаға қатысты іс мате-
риалдары жеке қарауға бөлінбесе, сот оны ере-
сек айыпталушылардан оқшаулау туралы шешім
қабылдауға міндетті.
Іс жүргізу қағидаттарын және
рәсімдерін бұзу
Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы
істер бойынша алдын ала тергеуде қылмыстық-іс
жүргізу заңын айтарлықтай бұзу сот жүргізу тілін
бұзу; қорғаныс құқығын бұзу, нақты айтқанда,
кәмелетке толмаған балаға айып тағылған кез-
де қорғаушының болмауы; міндетті сараптама
тағайындау туралы заң талабын бұзу; істе жеке
басты, соның ішінде кәмелетке толмаған баланың
жасын куәландыратын құжаттың болмауы; сот
түзете алмайтын кәмелеттік жасқа толмаған сау-
алнамасын толтырған кезде жіберілген қателер;
айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тарты-
лып, сотқа жіберілген ҚК бабының бөлімі мен
тармағының болмауы; істе сотқа шақырылуы тиіс
тұлғалардың мекенжайының, іс материалдары
тізімдесінің болмауы және т.б. болып табылады.
Негізгі сот ісін тағайындағанға дейін басқа
бұзушылықтар анықталған жағдайда сот
тараптардың өтініші бойынша немесе өз баста-
масымен істі қайта тергеуге тек істің алдын ала
тыңдалым кезеңінде жіберуге құқылы.
Жасөспірімді мерзімін ұзартпай қамауда ұстау,
кәмелеттік жасқа толмағанға қамауға алынғаннан
кейін 10 күннен кешіктіріп айып тағу, кәмелетке
толмаған баланың қатысуымен өтетін жеке тер-
геу әрекеттерінің қорғаушысы немесе заңды
өкілінсіз жүргізу және т.б. тәрізді іс жүргізу заңын
басқа бұзушылық жағдайлары анықталған кезде іс
қосымша тергеуге жіберіле алмайды.
Мұндай бұзушылықтарға сот жеке
қаулы шығаруы тиіс.
Кәмелетке толмаған баланың қорғау құқығын
бұзушылық белгіленген кезде, ҚР ҚІК 9, 116, 128-
бб. талаптарына сәйкес заңмен көзделген негіз
болған жағдайда сот істің тиісінше материалда-
рын дәлел күшін иеленбейтіндігі туралы шешім
қабылдауы тиіс.