23
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
тілінде сөйлеуі мен түсінуінде және ересек адамның
тіліндегі сөйлеуі мен түсінуінде айырмашылық бо-
луы мүмкін. Бұл жағдайда, білімнің және/немесе
тәжірибенің жеткіліксіздігі әділ сот процесінің
жүргізілуіне және баланың оған белсене қатысуына
жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, тілінің кемістігі бар және өзге де
мүгедек балаларға айрықша назар аударылуға тиіс.
Қажетінше, оларға жоғары білікті мамандардың
көмегі мәселен, қимыл-ишарамен түсінісу жәрдемі
ұсынылуға тиіс.
28
Куәгерлер ретінде жауап
беруге және кінәні мойындауға
мәжбүрлеуден бас тарту еркіндігі
(40-бап, параграф 2 (b) (iv))
Азаптаудың, қатігездік, мейірімсіздік немесе
қадыр-қасиетті кемсіту жолымен алынған жау-
ап немесе кінәні мойындау бала құқықтарының
елеулі бұзылуы
болып табылады және осылайша
алынған жауаптар және кінәні мойындау дәлелдер
ретінде пайдаланылмайды (БҰҰ Азаптауларға
қарсы конвенциясының 15-бабы).
Бірақ Бала құқықтары жөніндегі комитетте атап
көрсетілгендей (№10 Жалпы ескерту, 57-пара-
граф), баланы кінәні мойындауға және өз-өзіне
қарсы жауап беруге мәжбүр ететін көптеген
зорлығы одан бәсең тәсілдері де кездеседі. «Мәжбүр
ету» терминінің мағынасын, тек күш қолданумен
және адам құқықтарының айқын бұзылуымен
ғана шектеп қоймай, әлдеқайда кеңінен түсінген
жөн. Баланың жасы, оның даму деңгейі, жауап
алудың ұзақтығы, баланың болвп жатқан жағдайды
түсінбеуі, белгісіз салдарлары алдындағы немесе
түрмеде отыруы мүмкін деген қорқыныш – мұның
бәрі оның жалған сөйлеп, өзі мойындауына әкеп
соғуы мүмкін. Егер балаға «Бізге шыныңды айтсаң,
үйіңе жібереміз»
деу немесе жазаны жұмсартып,
қамаудан босатуға уәде беру мұндай жағдайлардың
орын алу ықтималдылығын арттыра түседі.
Судьяның міндеті, біріншіден, полициядан бала-
ны мойындату үшін оған қатысты жөнсіз әдістерді
пайдаланған/пайдаланбағанын білу, екіншіден, сот
отырысында баладан жауап алған кезде құқыққа
қарсы ықпал ету шараларын қолданбауы бо-
лып табылады. Полицияның жөнсіз әрекеттерді
қолданған-қолданбағаны туралы даудың туында-
мауына бейнежазбалар жәрдемдеседі.
Айыптаулар туралы еш кідіріссіз
хабардар болу құқығы (40-бап, 2- (b)
(iii-тармақ)
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот
төрелігі жүйесінде уақыттың үлкен маңызы бар:
қылмыстың жасалуы мен үкім шығару арасындағы
кезең мейлінше қысқа болуы тиіс. Қажетті ықпал
ету шаралары немесе санкциялар, мүмкіндігінше,
қылмыс жасаудан кейін көп ұзамай жүзеге
асырылуға тиіс.
Егер прокурор істі кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі сотқа берсе, тыңдау 2-3 апта ішінде
тағайындалғаны дұрыс. Мұндай шұғылдықтың
қажеттілігі БҚК іс бойынша «еш кідіріссіз» шешім
шығарылуын талап етеді, бұл «көп кідірместен»
(АСҚХП 14-бабы) немесе «ең қысқа мерзімдерде
тағайындалған тыңдау» (АҚЕК 6-бабы)
ұғымдарына
қарағанда, барынша қатаң талап бо-
лып табылады.
Куәгерлердің жауаптарын зерделеу
құқығы (40-бап,2 (b) (iv)-тармақ)
Іс жүзінде балаға қарсы немесе оны қорғау үшін
куәгерлердің жауаптарын пайдалану шектелуі
мүмкін, бірақ балаға қарсы куәгерлердің жауапта-
рын зерделеу немесе оны қорғау үшін куәгерлерді
шақыру мүмкіндгі «тараптардың теңдігі»
қағидатының маңызды бөлігі болып табылады.
Егер куәгерлер қатысып отрысы, оларға сөз беру
бала адвокатының қарауына беріледі. Бірақ сот ба-
ладан, куәгерге сұрақтар беретіні немесе берілген
жауаптарға қатысты өз пікірін білдіруі туралы
сұрауы мүмкін және баланың жасы мен ересектігіне
сәйкес оның жауабына мән беретін болады.
Талқылаудың барлық кезеңінде өзінің
жеке өмірін толығымен құрметтеу
құқығы 40-бап, 2 (b)(vii)-тармақ )
Бала құқықтары жөніндегі комитеттің пікірінше,
аталған құқық бойынша: құқық бұзушы баланың
жеке басын анықтауға әкеп соғатын кез келген
ақпаратты
жариялауға тыйым салынған, өйткені
бұл оны қоғамдық айыптауға әкелуі және оның
білімге, жұмысқа, тұрғын үйге және қауіпсіздікке
қол жеткізуіне теріс ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттік
органдар баспасөзде балалар жасаған қылмыстарды
жариялаудан бас тартқаны және мұндай шаралар-
ды тек лажсыз жағдайларда пайдаланғаны жөн.
Баспасөз хабарлары бойынша баланың жеке басын
сәйкестендіру мүмкін еместігін кепілді ететін ша-
раларды қолданған жөн.
Бұған қоса, барлық қатысушы мемлекеттер
заңмен әрекеті қайшы келетін баланың ісі бой-
ынша сот тыңдаулары жабық күйде өту қажеттігі
белгіленген қағидаларды қабылдағаны жөн. Ашық
тыңдаулар тек заңда айқындалған жағдайларда
және тек соттың жазбаша рұқсатымен өтуге тиіс
және осы орайда баланың бұл шешімге шағым
беру мүмкіндігі болуы қажет.
28 № 10 Жалпы ескертуді қараңыз, 62 және 63- параграфтар.
24
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар:
АҚЕК-нің 6-бабында белгіленгеніндей, БҚК
үкімнің көпшілікке жария етілуін талап етпейді.
Бала құқықтары жөніндегі комитет: үкім ашық
сот
отырысында жария етіліп, бірақ баланың
жеке басын ашып көрсетпеуге тиіс деп есептейді.
Үкімде баланың есімі айтылмайтындықтан, судья/
сот үкімді көпшілікке жария еткен кезде баланы
«Кәмелетке толмаған Х» деп атауы мүмкін.
Сот немесе басқа да құзыретті орган тағайындаған
шараларды атқаруға қатысатын барлық мамандар
өздерінің барлық қатынастарында баланың жеке
басын ашып көрсетуі мүмкін барлық ақпаратты
құпия сақтауға тиіс.
Ең соңында, істі тергеуге және қарауға тікелей
қатысатын, сондай-ақ, ол бойынша шешім
шығаруға қатысатын адамдарды қоспағанда, жеке
өмірге құқығы бойынша құқық бұзушы балаларға
қатысты материалдар мейлінше құпия болуға және
үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс. Беделге нұқсан
келуін және/немесе көзқарастардың қалыптасуын
болғызбау не мұндай істер бойынша алдағы
үкімдерді күшейту үшін құқық бұзушы балалар
жөніндегі материалдар сол құқық бұзушымен
байланысты кейінгі
жағдайларда ересек құқық
бұзушылардың істерін қарау кезіндегіндей
пайдаланылмауға тиіс. (Пекин қағидаларының
21.1 және 21.2-ережелері).
29
Істі қайта қарау құқығы (40-бап, 2
(b) (v)
Бұл қағида мәтінінің мәні мейлінше анық. Бірақ
аталған құқықтың, соттың бала
қылмыстық
заңнаманың бұзылғанына кінәлі деп танығаны
және кінәні мойындауы негізінде жаза ша-
расы тағайындалғаны туралы сот шешіміне
қолданылатынын атап өткен жөн. Басқаша
айтқанда, егер бала тек сезікті болып табылса,
оның мәртебесі және алдын ала қамап, отырғызу
туралы шешім жоғарғы органдардың немесе
соттардың қарайтын мәселесі болып табылмайды.
Мұны БҚК-де ұсынылған, қорғау ісіндегі елеулі
кемшілік ретінде қараған жөн. Балаларды алдын
ала қамауға жиі әрі ұзаққа отырғызатын жағдайлар
кездеседі. Ұлттық құқық жүйесінде
кәмелетке
толмағандардың істері бойынша әділсотты іске
асыру барысында балаға алдын ала қамауда отырған
уақытта қабылданған шешімдер бойынша шағым
беру құқығы берілетін мысалдарды кездестіруге
болады. Мұндай шешімдерге шағымдар берілуін
қалыпты жағдай ретінде қарау ұсынылады.
4.5. дивергенция және
қалпына келтіру әділсоты
4.5.1. кіріспе, екі тұжырымдаманың
айырмашылығы
Ювеналды әділет жүйесінің тәжірибесі үшін
адам құқығы және адамның кепілдіктері толық
сақталған жағдайда билік органдары қажет болған
немесе қалаған жағдайларда сот талқысына салма-
стан, заң алдында жауапты балалар жөнінде шара-
лар қабылдауы маңызды қағида болып табылады
(40-бап, 3 (b)тармақ).
Бұл қағида дивергенция ретінде белгілі, сондай-
ақ, істі тоқтату немесе қайта біліктеу (қылмыстық
соттың қарауынан алу және қауымдастық
қызметтерге беру, сол сияқты, қылмыстық
жауапкершілікті балама ықпал ету түрлерімен
алмастыру). Бұл мемлекет қылмыстық сот
жүргізуден баланың ісін алып тастауы үшін ша-
ралар қабылдауы тиіс деген сөз. Қалпына келтіру
әділсоты жаңа ұғым болып табылады. Мұнда, іс ба-
рысында құқық бұзушы мен қылмыстың құрбаны,
қажет болған жағдайда, басқа да адамдар неме-
се қауымдастық мүшелері, әдетте, делдалдардың
жәрдемімен, құқық бұзушылық нәтижесінде
туындаған мәселелерді шешуге белсене қатысады.
30
Екі тұжырымдаманың айырмашылығы: диверген-
ция өзінің ой-ниеті бойынша ювеналды әділет
жүйесінің бастапқы кезеңінде полиция немесе
прокурор жүзеге асыратын іс-қимыл болып табы-
лады. Судья жүзеге асыратын дивергенция, іс сотта
ресми қаралмай тұрып, жүзеге асырылады. Судья
дивергенцияда жекелеген шараларды қоғамдық
жұмыстарды атқару ретінде қабылдауы мүмкін.
Мұндай шаралар бас бостандығынан айыруға ба-
лама ретінде қолданылуға тиіс. Қалпына келтіру
әділсоты шаралары кәмелетке толмағандардың
істерін қараудың барлық
кезеңдерінде қолданылуы
мүмкін және олардың пайдаланылуы әр түрлі фак-
торлар мен жағдайларға байланысты.
4.5.2. дивергенция: кейбір
халықаралық стандарттар
Судьялар, негізінде, дивергенциямен жиі
айналыспайтындықтан, бұл параграфта тек негізгі
ақпарат ұсынылатын болады.
Біріншіден, БҚК-де дивергенцияны қолдануға
арналған арнайы қағидалардан тұрады. Бірақ Пе-
кин қағидаларында (1985 ж.) бірқатар арнайы
29 Барлық қылмыстық құжаттардан баланың атын автоматты
түрде алып тастау жөніндегі ұсынымдардан тұратын № 10 Жал-
пы ескертуді қараңыз, 64-67-параграфтар. Сондай-ақ кәмелетке
толмаған баланың мүдделері сақталуға тиіс болғанда баспасөз бен
жұртшылықты сот отырысынан шығару мүмкін болатын АҚЕК-
нің 6-бабын қараңыз.
30 ЭКОСОС 2002/12 қылмыстық істердегі қалпына келтіруші сот
төрелігі бағдарламаларын пайдалану дың негізгі қағидаттары тура-
лы қарарын қараңыз, I бөлім, 2-тармақ.