Сабақ Алюминийдің қасиеттері, қолданылуы. 9 сынып 17-мектеп Ерешова Б. Т. Сабақтың тақырыбы: Алюминийдің қасиеттері, қолданылуы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 97,63 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі97,63 Kb.
#14523
түріСабақ

Ашық сабақ

Алюминийдің қасиеттері,

қолданылуы.
9 сынып

17-мектеп

Ерешова Б. Т.

Сабақтың тақырыбы: Алюминийдің қасиеттері, қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік : Оқушыларға алюминийдің қасиеттері және оның ең маңызды қосылыстары жайында білім және түсінік беру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды еркін пікірлеуге, өз пікірін айта білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Алюминийдің қышқылдар, сілтілер метал оксидтерімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу. Есептер шығару үйрету.

Сабақтың әдісі: Интерактив, топтық жұмыс, Блитс ойыны(тез табу), «Кім шаққан?» ойыны, сұрақтарға жауаптар.

Көрнекті құралдар: Д.И. Менделеевтің периоддтық жүйесі, слайдтар, кодоскоп, дидактик материалдар, алюминий үлгілері және құймалары.

Сабақтың барысы: І . Үйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Жоқтама жасау 3. Үйге берілген тапсырма сұралады.

Оқушы: Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, атом құрылысы, алынуы, тақырыбын оқып келу, берілген есептерді шығару.

Оқытушы: Құрметті оқушылар, сабақты топтарға бөліп түрлі ойындар, сұрақ – жауаптар негізінде өткіземіз.

1 – топ. Жас химиктер.

2 – топ. Геохимиктер.

3 – топ. Алхимиктер.



ІІ. Өтілген тақырыпты сұрап, бағалау.

1 – тапсырма: «БЛИТС» тез табу ойыны.

1 – топ.


1. Алюминий периодтық жүйеде нешінші периодта орналасқан?

2. Алюминийдің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?

3. Алюминийдің атомында неше электрон бар?

4. Алюминийдің сыртқы электрон қабатында неше электрон бар?

5. Алюминийдің жер қыртысындағы массалық үлесі неше процентке тең ?

2 – топ.

1. Алюминий периодтық жүйеде нешінші топта орналасқан?

2. Алюминий қандай агрегаттық күйде кездеседі?

3. Алюминий атомының ядросында неше протон бар ?

4. Алюминийдің валенттілігі нешеге тең ?

5. Алюминийді қайсы қосылыстан ажыратып алады?

3 – топ.

1. Алюминийдің периодтық жүйедегі реттік номері ?

2. Алюминий қандай элементтерге кіреді ?

3. Алюминийдің ядросында неше нейтрон бар?

4. Алюминийдің тотығу дәрежесі ?

5. Алюминийдің атомында неше электрон бар ?

2 – тапсырма: «Кім шаққан» ойыны.

Химиялық элементтер жазылған карточкалар тарқатылады. Оқушылар берілген элеметтердің электрондық формуласын және периодтық жүйеде орналасуына қарай элементке сипаттама береді.

1 – топ. Na

2 – топ. Al

3 – топ. Са

3 – тапсырма: «Есте сақтау» ойыны.

Карточкаларда алюминийдің табиғатта тарқалған минералдары және қосылыстарының формулалары берілген, оқушылар оның атын дұрыс табу керек.

1 – топ. Аты

K2O*Al2O3*6SiO2

AlH3

Al(OH)3

Al2O3

AlN

2 – топ. Аты



Al2O3*2SiO2*2H2O

Al2O3

Al2S3

Al2Cl3

Al2(SO4)3

3 – топ. Аты

Na2O*Al2O3*2SiO2

Al4C3

Na3AlF6

Al(NO3)3,KAlO2

4 – тапсырма: Алюминийдің алынуы.

Әр бір топқа алюминийдің алынуына байланысты сұрақтар беріледі.

1 – топ. Алюминий алуда қандай заттардан және қандай әдістен пайдаланады ?

2 – топ. Алюминий алу процесін қысқаша түсіндір ?

3 – топ. Өнеркәсіпте алюминий алудың қоршаған ортаға әсері ?

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары.

1. Физикалық қасиеттері.

2. Химиялық қасиеттері.

3. Алюминийдің ең маңызды қосылыстары.

4. Алюминийдің қолданылуы.

5. Сабақты пысықтау.

6. Оқушыларды бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

1. Физикалық қасиеттерін оқытушы түсіндіреді. Алюминий – күмістей ақ түсті, қатты метал. Алюминий жақсы тапталады, одан жіңішке сым жасауға болады, жылу және электр тогын жақсы өткізеді. Балқу температурасы – 660,5 оС, тығыздығы 2698 кг/м3, изотоп саны 11.

2. Химиялық қасиеттерін топтарға жазуға беріледі.

1 – топ. Химиялық қасиеттері активтілік қатарында сілтілік металдардан кейін орналассада, сыртында оксид пленкасы түзілгені үшін пассив металл есептелінеді. Оксид пердесі оны су және оттегімен әрекеттесуінен сақтап турады:

4Al + 3O2 = 2Al2O3

Егер оксид пленкасы алып тасталынса, алюминий сумен тез реакцияға түседі:

2Al + 6H2O = 2Al(OH)3 + 3H2

2 – топ.

Алюминийді қыздырғанда тұз қышқылы және сүйылтырылған күкірт қышқылымен реакцияға түседі. Мұнда сутегі бөлініп шығады.

2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2

2Al + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2

Концентрациялы азот қышқылымен әдеттегі жағдайда алюминий реакцияға түспейді, сондықтан азот қышқылы алюминий ыдыстарда сақталады.

3 – топ. Алюминий сілтілердің сулы ерітіндісімен тез реакцияға түсіп сутегі бөлініп шығады:

2Al + 2NaOH + 6H2O = 2Na[Al(OH)4] + 3H2

1 – топ. Алюминий қыздырылғанда галогендер, фосфор, күкірт, азот, көміртегімен реакцияға түседі:

2Аl + N2 = 2AlN

Al + P = AlP

2Al + 3S = Al2S3

4Al + 3C = Al4C3

2Al + 3Cl2 = 2AlCl3

2 – топ. Алюминий көпшілік металдардың оксидтерімен реакцияға түседі. Егер алюминий және темір (ІІ, ІІІ) оксидтері араластырылып шоқтанып тұрған сымға тигізсе, химиялық реакция жүреді.

8Al + 3Fe3O4 = 4Al2O3 + 9Fe + 3300кДж

Реакция нәтижесінде алюминий оксиді және темір балқыған күйде болады.

3 – топ. Алюминотермия – металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы металл алу. Бұл әдісті орыс ғалымы Н.Н.Бекетов ашқан. Алюминотермия металлургияда хром, марганец, ванадий, цирконий, титан және т.б. металдарды алуда қолданылады.



Сr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr
IV.Қолданылуы.

Группа 37

V.Сабақты пысықтау. Есеп шешу.

1. 30гр хром (III) оксидін тотықсыздандыру үшін қанша алюминий керек болады ?



VI. Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §25 , 5 – 7 есептер.
жүктеу 97,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау