Технологиялар



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет11/39
Дата13.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#19231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39

30 
 
2.  Оқушылармен  жұмыс  істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу 
және қабылдау неліктен  туындайды? 
3.  Қай  ғалымдардың  пікірлерінше,  педагогикалық  инновация 
мемлекеттік  білім  ұйымдарының  жасап,  жүзеге  асырған  жаңалығы  емес, 
білім  беру  және    ғылым  жүйесінің  ұйымдары  мен қызметкерлері жасаған 
жаңалықтар болып табылады делінген? 
4.  Білім  беру  мекемелерін  жабдықтау  педагогикалық  инновацияға 
жата ма? 
5. Педагогикалық технология ұғымын қалай түсінесіз? 
6.  Педагогикалық  технологияны  дамыту  үшін  оны  қайда  пайдалану 
қажет? 
7.  Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы не арқылы анықталады? 
8. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері қандай? 
9.  Оқу  орындарында  жүргізіліп  жатқан  қазіргі  тәжірибелік  -  сынақ 
жұмыстардың басты міндетін қалай түсінесіз? 
10. Педагогикалық технологиялар қандай кластарға бөлінеді? 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1.  «В.Шаталовтың  қарқынды  оқыту  (тірек  сигналдарын  пайдалану 
арқылы) технологиясы» тақырыбында баяндама жасаңыз. 
2.  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  бірлесе  жасаған 
«Дамыта оқыту жүйесі» туралы конспект жасаңыз. 
3.  «В.М.Монаховтың  модульдік  технологиясы»  тақырыбында 
реферат дайындаңыз. 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1. Инновацияның қажеттілігі  қалай анықталады? 
А) сыртқы себептермен 
Б) ішкі  себептермен 
С) қаржыландырумен 
Д) мониторингпен 
Е) білім  беру жүйесімен 
2.  Білім  беру  үрдісінің  педагогикалық  сұрыпталуының  негізі  қалай 
қалыптасады? 
А) осы саланың қызметкерлері арқылы 
Б) оқушылардың білімі арқылы 
С) оқулықтар арқылы 
Д) дәрістер жинағы арқылы 
Е) оқушылар арқылы 


31 
 
3.  П.Друкер  негізгі  шарттарды  анықтауға  тырыса  отырып,  адам 
тәжірибесінің  толық көрінісін қандай еңбегінде суреттейді? 
А) «Инновация және кәсіпкерлік» деген кітабында 
Б) «Білім берудегі жаңарту» деген кітабында 
С) «XXI ғасыр білімі» деген кітабында 
Д) «Педагогика» деген кітабында 
Е) «Педагогикалық технология» деген кітабында. 
4. Педагогикалық жүйе ұғымын қалай түсінесіз? 
А)  дара  тұлғаны  қалыптастыруға бағытталған, белгілі  - бір мақсатқа 
жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыру 
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру. 
5. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері қандай? 
А)  қойылған  мақсатқа  жету  мүмкіндігіне  кепілдік  беретін  оқыту 
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру 
Б) қойылған мақсатқа жету 
С) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру 
Д) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
6.  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  бірлесе  жасаған 
«Дамыта оқыту жүйесі» неше ұстанымнан құралады? 
А) бес 
Б) төрт 
С) үш 
Д) екі 
Е) бір 
7.  Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  басты 
міндеті  қандай? 
А) жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру 
Б) қойылған мақсатқа жету 
С) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
Д) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
8. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты қандай? 
А) талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу 
Б) қойылған мақсатқа жету 
С) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
Д) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
9. Мәселелік  оқыту технологиясының негізгі мақсаты қандай? 


32 
 
А)  оқушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  және 
шығармашылық икемділіктерін  дамыту 
Б) қойылған мақсатқа жету 
С) оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру 
Д) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру. 
10. Модельдік оқытудың өзегі не болады? 
А) оқу моделі 
Б) оқу бағдарламалары 
С) жаңа кітап жазу 
Д) дәрістер жинағы 
Е) жұмыс жоспары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


33 
 
3.  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ 
 
ЖӘНЕ  ОНЫҢ
 
  
ОБЬЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Қазақстан  Республикасының  алдыңғы  қатарлы  дамыған  50  елдің 
қатарына  қосылуы  туралы  алға  қойып  отырған  игі  мақсаты  -  еліміздің 
әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады. 
Ал  білім  беру  саласына  қатысты  айтатын  болсақ,  бұл  мәселе тіптен 
өзекті  бола  түспек  өйткені,  жоғары  тиімділікпен  білім  беру  арқылы  ғана 
болашақ азаматтарымыздың дүниежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие 
болып  отырған  елдердің  деңгейіне  өсуге  деген  ынтасы  мен  ықыласын 
қалыптастыра, жетілдіре аламыз. 
Қазіргі  кезде  өмірдің  барлық  дерлік  деңгейі  мен  саласында  болып 
жатқан  динамикалық  өзгерістердің  түбі  адамның  жағдайын  әлеуметтік-
экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.  
Жас  жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру 
ісі  педагогикалық  мамандарға  үлкен  жүк  артады.  «Тәлім  -  тәрбие  мен 
оқыту  ісінің  нәтижесі  әрекеттерден  гөрі  мұғалімдерге  көбірек  тәуелді»,  - 
деген  Ы.Алтынсариннің  көрегендікпен  айтқан  пікірінің  қазіргі  уақытта  да 
маңызды болып отырғаны да осының айғағы. 
Білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер  оқыту 
үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. 
Осы  тұрғыда  оқытудың  жаңа  техиологияларын  жете  меңгеріп, оны 
білім  алушылардың  психологиялық  жас  ерекшеліктеріне  орай  орынды 
қолданудың мәні ерекше. 
Жаңа  технологияны  жетік  меңгеру  сонымен  катар  оқытушының 
интелектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да 
көптеген  адами  қабіленің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  яғни өзін - өзі 
дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді  ұйымдастыруына көмектеседі 
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген 
әдістемелердің  қолданылып  жүргендігі  мәлім.  Мысалы,  Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдовтардың  «Дамыта  оқыту»  Ж.Қараевтың  «Деңгейлеп  саралау» 
техналогиясы  М.М.Жанпейсованың  «Модульдік  оқыту»  техналогиясы 
«Сорос- Қазақстан » қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды оқу 
мен жазу арқылы дамыту» техналогиясы т.б 
Педагогикалық  техналогия  білім  алушылардың  жеке  басын  дамыту 
мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - 
әрекетінің  жүйелі  дамып,  отыратын  жобасы  ретінде  білім  алушы 
белсенділігін  арттыруды  көздейді.  Ал,  білім  алушы  белсенділігінің  артуы 
оны шығармашылыққа жетелейді. 
Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін. 
Біздің  міндетіміз  –  білім  алушыға  оның  бойында  жасырынып  жатқан 
мүмкіндіктерін  ашып көрсету. 


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау