56
оқушының қабілетін танып - біліп, дамыту үшін, жаңашыл жұмысқа бет
бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа
көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология
өмірге келді.
«Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі адамдардың жиынтығы болса, педагогикалық технология —
педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім
амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп
түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық
жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға
бағыталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық
ықпалды
ұйымдастыруға
қажетті
байланыстардың,
әдістердің,
құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық
технологияны дамыту және оның тәжірибеде пайдалану шарт.
В.Ф.Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі
В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:
-Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;
-Оқушылардың барлығын оқыту;
-Жеделдете оқыту;
Принциптері:
-Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;
-Жекелей әрекет жасау;
-Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
-Мәжбүрсіз оқыту;
-Түзетуге,
өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау,
шиелініссіз оқыту;
Мазмұндық ерешеліктері:
-Оқу материалы ірілендіріп беріледі;
-Блоктық түрде беріледі;
-Оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі;
Тәрбиелік мәні:
-Еңбекке қатыстырылады;
-Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;
-Оқушының еркі дамытылады;
-Өзіндік
танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық,
қасиеттері қалыптасады.
Әдістеме ерекшелігі:
Теориялық блогы – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе
(түсіндіру) – айту– үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау (тірек сигналы
конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінбегенін сұрау), ІІІ-
қайталау (өзара бақылау)
57
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу) – есеп шығару
(жаттығу) – қорытынды: оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау
қызметінің әдісін жүйелі қолдану.
Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру
негізгі алты кезеңнен тұрады:
1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;
2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау,
мұнда материалды «блоктық қабылдау» жүреді;
3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек
плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз
альбомдарына желімдейді;
4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар
бетпен жұмыс;
5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;
6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта
алдыңда немесе орнынан).
Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде
оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психолоттардың зерттеу
қорытындылары бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет
тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары сыныптарда жаңа
тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар
шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып
бойынша ешнәрсе, жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің
өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды
толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мәтінін мұғалімнің
мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен
мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі
мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру
технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы.
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының
психологиялық танымы, екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы
тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім мұғалім оқушының нені
меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда
намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл
технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін
көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік
береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
бағытталған.
58
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының
мақсаты:
-Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті
білімді өзі білуі;
-Тиімді шешімді табуға үйренуі;
-Оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі;
-Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратыны;
-Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатыны;
-Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының
ерекшелігі:
Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі
жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген
сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді.
Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады.
Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге
дейін көтеріледі. Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.
Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-
түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі
оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы
оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты
форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара
әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту
мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін
мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренеді,
ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колданады.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан
оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес, ол оқушылардың
білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзсіз. Сондықтан қазіргі
сыныптық
оқытуға
үйлесетін,
оқушыларды
зерттеп
үйренуге
ұйымдастыруға үйретеді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша
тәлім-тәрбне
саласында
орасан
зор ықпал көрсетіп отырған
технологиялардың бірі.
Қазірде бұл технологияны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген
дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады.
Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның
«Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу»
теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұнын
нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-
Достарыңызбен бөлісу: |