Әлеуметтік болжау түрлері: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік -
психологиялық , заңгерлік болжау.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді,
қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге
болжам жасау.
Ғылыми
болжам
уақиғалар,
құбылыстардың
даму
заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Модельдеу болжам
жасаумен бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Модельдеу –көпаспекті зерттеу әдісі, таным әрекетінің бір жолы.
Нақты заттар, құбылыстар, әлеуметтік процесстер,органикалық,
органикалық емес жүйелерді зерттейді.
Модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың
логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау,
яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу –
түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме –
дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
Модельдеу– көпаспекті зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану
шексіз. Оның негізгі міндеті – ұқсастық негізінде түпнұсқаның
қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін, аналогін жасау.Ол ұқсас
болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні
жойылады.
Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы
басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект
тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші
модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы
бойынша тұпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі
тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе
тұпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда
қолданылады. Модель мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық
болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде
алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру
үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары
қолданылады.
Модельдің
физикалық
табиғаты
тұпнұсқаның
физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаның толық
көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің
тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында
модельге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері
болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта
құру жөне оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту
үшін қолданылады.
Модельдеуде логикалық, физикалық, математикалық, заттық,
белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің
күрделілігіне байланысты.
Қоғам дамуына саралау, талдау жасамаса саналы даму процесінің
дамуы мүмкін емес. Саралау нәтижелі болуы үшін объективті
ақпараттық базасы болуы керек.Оларды саралауда ЭВМ ді қолдануға
болады. Бірақ барлық қоғамдағы әлеуметтік процесстерді өлшеу,
тексеруге бола бермейді. Мысалы, әлеуметтік қатынас мәселелерін,
себебі олар өте күрделі. Модельдеу түрлі эвристикалық функциялар
атқарады: негативті тенденцияларды анықтайды, мәселелердің
шешілуінің
позитивті
жақтарын
белгілейді,
альтернативті
варианттарының түрлерін ұсынады. Модельдеу болжам жасаумен
бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдердің
бірнеше түрлерін бар:танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет
болатын модель. Күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеуде
жоғарыда көрсетілген модельдердің барлық типтері қолданылады.
Модельдеу
түрлі
функциялар
атқарады:
эвристикалық,
прогностикалық, прагматикалық.. Модельдеу нәтижелеріне қойлатын
талаптар: біріншіден, модель қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс,
екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне
келесідей талаптар алынады:
1) толықтығы, адекватылығы, эволюциялығы; көп көлемді
өзгерістерге еңгізу,әлеуметтік объектіні, құбылысты , процестердің
көшірмесін жасау,
2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы
болуға тиіс,
3)белгілі уақыт шеңберінде өту;
4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы;
5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу;
6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы;
7) әлеуметтік объектіге сәйкестігі, алынған нәтижені тексеруге
мүмкіндіктің болуы.
Әлеуметтік модельдеу принциптері:жасалатын моделмен оның
күрделігінің арасындағы компромисс, нақтылықтың балансы,
модельдің түрлі элементтері, моделдің көрнекілігі, блок түрінде
көрсету, модельдің специализациясы т.б.
Моделді бағалаудың әртүрлі критерилері бар:жаңалықтың көрнісі
( интуитивтік көрініс, жазбаша сапалық, көрнекілік имитация, жүйелік
көрсету);
Таралған (жалпы әлеуметтік сферада, салада, әлеуметтік топта
т.б.);
Қарастырылған, зерттелген деңгейі (ұсынылған идея, құрылған
кесте, жасалған алгоритм, материализоваланған, формализоваланған
жүйе кибернетикалық );
Моделді қолдану деңгейінің көрсеткіштері:
Моделді қолдану мақсаты;
Әлеуметтік сферада қолдануға байланысты білімдердің
тереңдетілуі;
Оқу орындарында мамандарды даярлау жүйесінде, ғылыми
білім жүйесінде қолданылуы.
Сонымен қатар моделдердің құрылымын бағалау да маңызды:
Таным объектісінің даму бағытының жиынтығы;
Дамудың қозғаушы күші;
Сыртқы факторлардың ықпалы.
Әлеуметтік жобалау әлеуметтік ғылымның бір саласы ретінде
ХХ ғасырда пайда болды. Алғашқы кезеңдерде әлеуметтік болжам
ғылыми және техникалық болжамнан басталып архитектура мен
машина жасау саласында қолданылды. Жобалау қоныстану
мәселелерін шешуде де қолданылады. Қазіргі уақытта жобалаудың
дәстүрлі түрімен қатар өзіндік дербес бағыттары да әлеуметтік,
экологиялық, демографиялық, инженерлік –психологиялық, тағы
басқа жобалау адам қажеттігігіне байланысты қолданылады. Ал
әлеуметтік жобалауға келер болсақ, оның алғашқы қағидаларын
Я.Дитрих, Т.Тиори, Д.Фраем, Ф.Ханик сияқты тағы басқа зерттеушіер
жазады. Ал ресей әлеуметтануында әлеуметтік жүйелерді жобалаудың
алғашқы идеялары И. И. Ляховтың, В. Н. Дубровскийдің, В.М:
Розиннің еңбектерінде айтылды.
Соңғы кезде әлеуметтік сферада әлеуметтік жобалау ұғымы жиі
қолданысқа ие болып отыр. «Әлеуметтік жобалау» ұғымы 70
жылдары пайда болды, оған дейн әлеуметтік жоспарлау, бағдарлау,
жаңалықтарды еңгізу деп келген. Экономика, мәдениет, кала құрлысы
сфераларының дамуы әлеуметтік-инженерлік қызмет саласына
әлеуметтік жобалау ұғымын өмірге әкелді.
Қазіргі қоғамның өзгеру удерісінде келесідей кезеңдерді
белгілеуге болады: жоспарлау, жобалау, өндіру, өндірілген өнімді,
жұмысты беру, сату. Әлеуметтік жобалау – ұғымы Ресейде соңғы-70-
80 жылдары қолдана басталды. Әлеуметтік жобалау мәселесі туралы
алғашқы пікірді айтқан Платон, оның идеалдды мемлекет құру туралы
ілімі оган дәлел дейді В.М. Розин.
Әлеуметтік жобалаудың мәні Объектінің даму варианттарын
белгілеу, онымен әрекеттесу стратегиясын,оны басқару, оған ықпал
Достарыңызбен бөлісу: |