I-кјсіпорындаєы активтерді талдауы мен аудиттіѕ теориялыќ јдістемелік негізі



жүктеу 1,25 Mb.
бет1/6
Дата25.12.2017
өлшемі1,25 Mb.
#6104
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6

Мазмұны

бет

Кіріспе………………………………………………………………..
Ι- Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі

1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық

маңызы…………………………………………………………………

1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің экономикалық көрсеткіштерін

талдау……………………………………………………………………

1.3. «Оңүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтер есебін ұйымдастыру

мен есеп саясаты…………………………………………………………
ΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары.

2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын

талдау…………………………………………………………………….

2.2. Активтер айналымдылығын талдау…………………………………..

2.3. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты

талдау……………………………………………………………………….



ΙΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын

талдау мен аудиті.

3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау…………………………..

3.2. Активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалау……………….

3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтерінің аудиті……………


Қорытынды………………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..

Кіріспе

Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:

- экономикалық өсуді ынталандыру;

- кәсіпорын қызметін тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.

Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп, активтерді ұтымды пайдалануына байланысты болып келеді.

Есептің маңызы – бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есеп берудің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен анықталады.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

- Активтер айналымының қаржы нәтижесіне маңызы екендігін;

- осы мәселелерді шешудің жолдарын активтерді талдаудың мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсынуы.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

- ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың пайдалануды анықтау;

- ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды көздеуді қарастыру;

Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды.

Жоғарыда да айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады.

Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.

Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.

Дипломдық жұмыстың І-бөлімінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы, ІІ-бөлімде активтердің айналымдылығын талдау мен мүліктік жағдайын бағалау, ІІІ-қаржылық жағдайын талдауда: қаржылық тұрақтылығын бағалау мен активтердің өтімділігін талдауды қарастырылады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де жұмыс «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарының мәліметтерінің негізінде орындалынады.



I-Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудиттің теориялық-әдістемелік негізі.


    1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық стандарттқа сәйкес «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖЩС-нің активтерін қысқа және ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі. Баланстың I-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер және II-ші бөлімінде ұзақ мерзімді активтер орын алады. Осы уақытқа дейін баланстың I-ші бөлімінде ұзақ мерзімді актив,II-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер орналасқан еді. Қысқа мерзімді активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер , өзге ұзақ мерзімді активтер.

«Щңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің акционерлік қоғамында Чалықаралық қаржылық есептілік стандарттқа сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді активтерге төменде көрсетілген шоттарды есеп саясатына бекітілген.

Жалпы ақша қаражаттары «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінщі тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:


  • Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;

  • Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;

  • Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.

Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады.

Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.

«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құралады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттары әр тараптандыруды ескере отырып бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол өз қолына түнкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылырдың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай қаражат салымшының көздері болып табылады.

Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез-келген звңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.

Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты принциптерді басшылыққа алады;


  • Инвестициялық салымдарды әр тараптандыру;

  • Бағалы қағаздармен ас қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;

  • Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;.

  • Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу;

Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады,бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез-келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және фьючерстік шарт бойынша мәмілелермен,маржа, «ықшамдап сату» бойынша мәмілелермен айналысады.

Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы-басқарма-инвестициялық қордың басқарушысы.

Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;


  • Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;

  • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;

  • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.

Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).

Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

Инвестициянық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдарын сату үшін сатып алған тауарлары,сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;


  • Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

  • Материалдық емес активтер.

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану меозімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.

Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):



  • Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;

  • Егер активтің құны дұрыс анықталса.

Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі-анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.

Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес объектілеріне, электрондықесептеулерге машиналарының бағдарламаланһрына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілер (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.

Төменде материалдық емес активтерге:


  • Авторлық куәлік (құқық) – ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.

  • Патент – оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторларға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептеледі.

  • Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайынды) қолдануға ерекше құқық беріледі.

  • Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық беріледі. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.

  • Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне патенрттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.

Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиясы белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем – заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.

Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім – шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.

Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім – шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім –шартпен расталуға тиісті.

Ноу-хау – субъектінің практикалық (тиәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.

Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындв тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтық құн дйңгейі кәсіпорынның табыстылығымен,өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және қатардығы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық активтерімен баланстық құнымен асып түскен айырмасы фирма бағасы болып табылады.

Ұйымдастыру щығындары – субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру щығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары, құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалды растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар ); басқадай шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, таурларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өдщеу және реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құүралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісі:



  • егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;

  • егер кәсіпорын үшін активтің ззіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.

Осымен ұзақ мерзімді активтерді иммобильдік қор болып табылады. Және де қоғамның негізгі капиталы болғандықтан ұйымның қажетті көздерінің бірі деуге болады. Негізгі құралдары уақытында жөндеуден өткізіп немесе жаңа құралдарға ауыстырып ортырса құралдары сапалы өнім шығара алады. Және де қаражаттары уақытында айналысқа түскен жағдайда ақша қаражаттары мен өз міндеттемелерін уақытында қайтара алуы көп жетістік.




    1. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің экономикалық көрсеткіштерін талдау.

«Оңтүстік Жарық Транзит» заңды тұлға ретінде ҚР ОҚО бойынша Әділет Департаментінің 2005 жыл 27 шілдеде тіркелген.

Серіктестіктің жарғылық капиталының алғашқы жариялаған мөлшері 97100 теңгені құрады. 2006 жыл 15 мамыр айында Қазақстан Республикасының Әділет Департаментінің 341617,5 теңгелік жарғылық капиталымен құрылып, мемлекеттік тіркеуге дейін толық қалыптасты.

2006 жылдың 1 қаңтарында бекітілген және төленген капитал 97,1 мың теңге болса, 01.10.06 жылғы ол 341617,2 мың теңге құрады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты – жарғылық қызметтен таза табыс алу. Серіктестік қызметінің мәні:



  • электр энергиясын беру және тарату:

  • электр энергиясын беріп таратумен техрологиялық басқа да қызмет түрлері:

  • Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызметінің басқа да түрлерінің тізімі заң актілерімен анықталатын қызметтің жеке түрлерімен серіктестік лицензия негізінде ғана айналыса алады.

2005 жылдың 23 желтоқсан №345 Бұйрығымен Серіктестік электр эксплуатациялауда электр энергиясын бөлу және тарату бойынша қызмет көрсету жөніндегі табиғи монополиялардың субъектілерін мемлекеттік тіркеуден Республикалық бөліміне енгізілген.

Жоғарыда аталған Заңның 15 бабына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін орнатумен жүзеге асырылады. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттіктің орталық Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2006 жылы 13 ақпан №2 бұйрығымен 2006 жылы 1 наурызынан бастап әрекет ететін тарифтік тағайындалады.

Тарифті бекіту кезіндегі өкілетті орган табиғи монополия субъектісінің шығындары деңгейін шектейтін, тарифтік шығындар бөліміне кіретін, шығындар тарифіне кіретін, шығындарды реттеуді қарастыратын, шығындарды қалыптастырудың ерекше ережелерін қолданады.

Энергетика және ресурстар Министірлігінің электр энергетикасы және қатты отын Департаментінің облыс бойынша 110-0,4 КВА желілерінде нормативті шығындардың 21,8 % мөлшерін бекітті.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің берілген тарифтерде шығындар 25,6% құрады, яғни 3,8% немесе 65,7 млн КВт сағатқа нормадағыдан асып түседі. «ЦОТ Энерго» ЖШС-ң жүргізген сарапшылық бағалауы негізінде 2006 жыл нормативті сан 3308 бірлікті құрады. Бекітілген тарифтік сметада санды 3126 бірлік көлемінде қабылданған кәсіпорынның 22 құрылымдық бөлімшесі бар.

Тарифтік сметада еңбек ақыға 2005 жылы 198400мың теңге көлеміндегі сома қарастырылады. 2005 жыл үшін 166537,1 мың теңге, ал 2006 жыл 9 айы үшін 599789,0 мың теңге. Жоспар бойынша 2006 жыл 9 айы үшін еңбек ақы қоры 586120 мың теңгені құрады. 2005 жылы негізгі құралдардың күрделі жөндеу жұмысына 12160,7 мың теңге көлемінде ақша жұмсалады. 2006 жылы қаңтар айы мен қыркүйек ай бойынша 196819,1 мың теңге ақша көлемінде жөндеу жұмысы жүргізілді, оның ішінде күрделі жөндеу жұмысына 10797,5 мың теңге шығарылды.2005 жыл үшін 21629,9 мың теңге, 2006 жыл үшін 23574,3 мың теңге белгіленген активтегі инвестициялау жұмыс бағдарламасына сәйкес болды. Олардың ішінде 19979 мың теңге қаржыландыруға кетсе, қайта енгізілген объектілер 591,6 мың теңгені құрады.

2005 жыл «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» №2 нысаны 010 жолында өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 843619 мың теңге мөлшерінде болған. 2006 жыл 9 ай үшін өнімді өткізуден түскен түсім 2345052 мың теңге мөлшерінде болды.

Серіктестіктің қаржылық есебін құруда өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жыл үшін 563443 мың теңгені құрады. 2006 жыл 9 ай үшін өткізілген өнімнің өзіндік құны 1 630464 мың теңге болды.

2005 жыл үшін «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» №2 нысан 040 жолында кезең шығындары 296390 мың теңге сомасында көрсетілген. Бұл сома 264146 мың теңге мөлшерінде өткізу шығындары, 2925 мың теңге сый ақы төлеу шығындарынан тұрады.

№2 «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» нысанының 0740 жолында 2006 жыл 9 ай үшін кезең шығындары 1 022733 мың теңге көлемінде көрсетілген. Бұл сомадағы жалпы әкімшілік шығындар көлемі 368763 мың теңге, өткізу шығындары 144360 мың теңге , сыйақылар төлеу шығындары 509610 мың теңге.

№2 «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік» нысанында негізгі қызмет нәтижелерін тексеру кезінде табыстың жалпы сомасы (кірістер мен шығыстар туралы есептіліктің) 060 жолының мәліметтеріне сәйкес келді.

Қ.Р-ң «Табиғи монополиялар туралы» заңының 7 бабының 7 тармағына сәйкес серіктестік реттелген қызметтің (тауар,жұмыс қызмет) әрбір түрі бойынша активтердің, табыс, шығындардың жеке есебін жүргізуге міндетті.

Операциялық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен беріледі:


  • Ақша түсімі 2005 жыл үшін 390018,0 мың теңге.

  • Кеткен ақша 2613,0 мың теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақшаның азаюы 2516,0 мың теңге. Қаржылық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Ақша түсімі 13389880,0 мың теңге

  • Кеткен ақша 81447,0 мың теңге.

Қаржылық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 13308433,0 мың теңге. Есеп жыл басында ақша 0-ге тең, есепті кезең соңында 28343,0 мың теңге құрады. Операциялық қызметтің 9 айлық ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Ақша түсімі 1 4484884,0 мың теңге.

  • Кеткен ақша 2 254821,0 мың теңге.

Операциялық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 12 230063,0 мың теңге. Инвестициялық қызметтің ақша қозғалысы келесі түрде көрсетілген.

  • Түскен ақша -0

  • Кеткен ақша -4499 мың теңге.

Кесте-1


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау