дипломдарының артықшылығы оларға практикалық педагогикалық
диагностикамен де шұғылдануға құқық береді. Әрине, бүл салаларда
психо
педагогикалық
диагностика
бірінші
орында
тұр.
Психологияның бұл саласынсыз бірде бір психолог маманы жұмыс
істей алмайды. Кәсіби дайындықта мамандарды іріктеу практикалық
психологтар арасындағы еңбекті іріктеумен сәйкес келеді. Олардың
бірі педагогикалық диагностикамен айналысса, екіншілері
психологиялық кеңес берумен шұғылданады, ал үшіншілері
психологиялық коррекциямен айналысады. Әсіресе, педагогикалық
диагностика аумағында мұндай еңбектің нақты бөлінуі мен өз
сапасын терең меңгеру кәсіби біліктіліктің ең жоғарғы деңгейіне
жетуіне көмектеседі. Педагогикалық диагностикадағы кәсіби
қателіктердің салдарынан эксперименталды нәтижелермен қатар,
консультациялық,
психокоррекциялық
жұмыстар
да
жоққа
шығарылады.
Сұрақтар:
1) Педагогикалық диагностика дегеніміз не? Педагогикалық
диагностикалаудың мақсаты қандай?
2) Педагогикалық дагностиканың зерттеу объектісі жайлы
айтыңыз.
3) Педагогикалық диагноз дегеніміз не?
4) Е.И.Воробьева диагностика жасау үдерісін қандай кезеңдерге
бөлді?
5) Норма дегенді қалай түсінесіз? Қандай норма түрлері бар?
6) Психологиялық диагностикалау нені меңгеруі тиіс?
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАҒЫ
БОЛЖАМДАУ ӘДІСТЕРІ
Әлеуметтік болжау технологиясы (грек тілінен алғанда prognosis
алдын ала болжау, көру) деген мағнаны білдіріп- әлеуметтік
мәселелерді зерттеп шешудегі еш нәрсемен алмастыруға болмайтын
әлеуметтік болжам жасаудың инструментариі, құралы.
Кез келген әлеуметтік құбылыс өзгеріп тұрады, стихиялық түрде
дамиды. Алдын ала болжаудың бір артықшылығы керсінше дамудың
алдын алуға болатындығында. Болжаудағы дамумен нақты даму
идеалды түрде сәйкес келмеуі мүмкін.
Әлеуметтік болжау технологиясының мазмұны, мақсаты
дамудың алдын ала болжау ғана емес, дамуды қажетті жаққа бұруды,
жақсартуды көздейді.
Атақты академик П.К. Анохиннің пікірі бойынша әлеуметтік
болжау бұл болашақтағы болатын шындықтың бейнесі деген. Белгілі
бір әрекетті орындамастан бұрын адамның миында «қажетті
болашақтың» моделі құрылады, ол модельмен алынған нәтижелер
салыстырылып отырады. Әрине, алдын ала шындықты бейнелеудің
әлеуметтік деңгейдің биологиялық деңгейден айырмашылығы бар.
Әлеуметтік болжау деңгейдің құрылымы философиялық аспектілері
және технологиялық жолдардың бірлігі ретінде қарастырылады:
1) гносеология және ғылыми алдын алудың логикасы ;
2) әлеуметтік алдын ала болжаудың методологиясы;
3) әлеуметтік болжам жасаудың әдістемесі (саулнама, модель,
экстрополирование, патентерді саралау).
Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып,
ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады
мысалы: ғылыми техникалық, ақпараттық, медико-биологиялық,
әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық,
әлеуметтік, білім беру-мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала
құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс
процедуралары бар. Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми,
интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және
тәжірибелік деректер алынады.
Жалпы ғылыми әдістерге жатады: анализ, синтез, экстрополяция,
интерполяция, индукция, дедукция, аналогия, гипотеза, эксперимент
т.б.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге
болады:
-Экстрополяция-бір құбылысқа, затқа қатысты қортындының
басқа
құбылыстарға,
мәселерге
ықпалы,
қатысты
болуы.
Экстрополяция гипотезаға негізделеді. Экстрополяция әлеуметтік
процестерді саралауда, прогноз жасауда қолданылады.
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты
құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б)
бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес
қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен
қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін
анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға
мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға
мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
Интерғылыми әдістерге келесілер жатады: индуктивті әдіс, миға
шабуыл, Дельфи әдісі, утопия, фантастика.
Жеке ғылымдарға байланысты әдістерге жатады: изобарикалық
карталар бойынша болжам жасау, тестер, толқынның жылдамдылығы
бойынша, лавиналардың құлау шапшаңдығы т.б. кейбір әдістер
ғылыми техникалық ақпараттарды талдау (ғылымның, техниканың
дамуы) және түрлі теорияларға негізделген (морфологиялық саралау,
матрицаларды шешу, қателесу және қолданып көру т.б.).
Әлеуметтік тануға байланысты өскен қызығушылық басқа жаңа
технологиялардың келуіне себеп болып отыр. Әлеуметтік болжау
инновациялық әрекетпен тығыз байланысты. Мысалы, Дүниежүзілік
орталық жасаған «Адамзат 2000 жылы» деген болжам. Глобальді
әлеуметтік болжам жасаған жүйелік анализ негізінде Дж. Форрестер.
Ол ЭВМ және математикалық әдістерді қолдана отырып қоғамның
экономикалық дамуын екі факторды есепке ала отырып: адамдар
санын
және
қоршаған
ортаның
ластануын.
Оның
ісін
жалғастырушылар Рим клубының өкілдері. Қоғамның дамуын
адамның «өмір сапасының» төмендеуімен байланыстырады. 1992 ж
олардың «Пределы роста» деген болжамы өмірге келді, оның авторы
Д.Медоуза. Болжам жасау негізіне: халық, капитал жұмасу, жер
кеңістігі, ластану, табиғи ресурстар алынған. Олардың пайымдауынша
экономиканың даму қарқыны, адамдар санының өсуі солай болған
жағдайда катастрофаға әкелуі шындық болар еді деген.
Технологиялық жағынан дәлелді болып саналатын «Человечество
у поворотного пункта» М.Месаревич және Э. Пестела жасаған жұмыс,
онда экономикалық, әлеуметтік , саяси процесстердің, қоршаған
ортаның, табиғи ресурстардың кешенді бірі-бірімен байланысты
иерархиялық жүйе ретінде көрсетілген.Олардың пайымдауы
бойынша экологиялық катастрофадан құтылу мүмкін емес.
Әлеуметтік болжауда ақпараттық аспект ерекше орын
алады.Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық технология арқылы
ақпарат көлемі көбейіп өзгерді, оның сапасы да өзгерді. Қоғамда орын
алған ақпараттар сапасы субъетивтік пікірлер арқылы бағаланады.
Сондықтан әлеуметтік болжауда қолданатын ақпараттар маңызды,
көкейкестілі, келесідей талаптарға сай болулары керек: 1) атрибутивті
(материалдық әлеуметтік бірлік); 2) прагматикалық (жаңалығы,
құндылығы ); 3) динамикалығы (қайталануы, көп рет қолдануы,
ескіруі ). Мазмұны жағынан ақпарат шынайы, жалған, ғылыми,
ғылыми емес. Ғылыми ақпараттың .ерекшелігі оның шындығында.
Достарыңызбен бөлісу: |