Технологиялар



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет31/31
Дата24.12.2019
өлшемі0,97 Mb.
#24799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 

-  басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс 

жүргізу  өзі үшін  және басқа  адамдар  үшін аса    зиянды  екенін  түсіне 

білу; 


-  мінез-құлық  пен  мақсатты  анықтап,  түсініп  және  өзінше 

түсіндіре білу. 

Отбасылық  кеңес  бер  отбасындағы  ересектер  мен  баланың 

арасындағы  әлеуметтік  проблемалар,  шиеленістік  жағдайлар  кезінде 

әлеуметтік педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды.  

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады: 

-  өмірлік  қамту  саласында:  еңбекпен  қамтылуы,  жеңілдіктерді 

белгілеу, 

жәрдемақы, 

мүгедектік, 

дағдарыс 

жағдайындағы 

материалдық көмектер; 

-  тұрмыс  жағдайы  саласында:  қажетті  жиһаздармен  және 

тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету т.б. 

-  отбасы  денсаулығы  саласында:  балалар  мен  ересектердің 

созылмалы, қатты ауруларын тексеріп анықтау және емдеу, салауатты 

өмір  салтыпен  өмір  сүруге  дағдыландыру,  аурулардың  алдын  алу, 

балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу; 

-  рухани  және  моральдық  хал-ахуал    саласында:  ішімдікке  бой 

ұрудан  құтылу,    отбасының  дәстүрлері  мен  тұрғылықты    сақтау, 

отбасы мүшелерінің құнды бағдарларын қолдау; 

-  бала  тәрбиесі  саласында:  мектепке  үйрену  мәселесін  шешу; 

мінез-құлық 

ауытқушылғын 

анықтау 


және 

оны 


түзету: 

психологиялық,  тіл  дамыту,  психотерапиялық,  заңгерлік  көмек 

көрсету,  тіл  дамыту,  педагогикалық  хабарсыздықты,  сапасыздықты, 

дәрменсіздікті болдырмау; 

-  отбасының  ішкі  және  сыртқы  қатынастары  саласында: 

бұрынғы  немесе  жаңа  жақсы  әлеуметтік  байланыстарды  қалпына 

келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және ерлі зайыпты 

қарым-қатынастарын реттеу және т.б. 

Отбасылық  кеңес  берудің  айырмашылығы  -  әлеуметтік 

қызметкер  кеңес  бер  барысында  не  жаппай  отбасымен,  не  отбасы 

мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңімен жұмыс жүргізеді де, соңынан 

олардың бәрін кездестіреді. 

Отбасылық кеңес  беру  процесін  шартты түрде 5 фазаға бөлуге 

болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, іс-әрекет фазасы, 

шешім қабылдау фазасы және кері байланыс. 

Бірінші  фаза  -  өтініш  иесімен  байланыс  орнату.  Кеңес 

алушыларымен  өзара  әрекеттесу  шегіне  анықтауды  талап  етеді.  Ол  

фазада клиент  пен психологтың араласуы, олардың қарым-қатынасын 

құрудағы арақашықтығы қандай болуы керектігі анықталады. 



 

Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. 

Бұл  фазада    кеңес  алушы  мен  кеңесшінің проблемаларды  түсінудегі  

келісімдері  нақтыланады.  Әлеуметтік  қызметкер  өз  зерттеулеріне 

сүйене  отырып,    пробламаны  анықтап,  оның  мәнісін  клиентке 

жеткізіп,  кеңес  беру  жұмысының    бағыт-бағдарын  түсіндіру.  Кеңес 

алушы мен кеңесші  баламалы  амалдарды талқылай  келе,  біржақты  

шешімге келіп, клиент  проблеманы қабылдауы керек.  

Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның 

алдында  тұрған  проблемаларын  талдау,  оны  шешудің  бірнеше 

варианттарын  салыстырып  көру,  орын  алған  жағдайдың  оң-терісін 

анықтау арқылы оны жаңаша  түсінуге жетелеу  жүргізіледі.  

Төртінші  фаза  –  шешім  қабылдау.  Клиенттің  өмірінде 

қалыптасқан  табиғи  жағдайда  басқалармен  салыстырмалы  мінез-

құлық көрсетуі. Бұл фазада білгілі бір кеңес беру теориясына сүйене 

отырып,  маман  кеңес    алушының  қалыптасқан  жағдайдан  шығу 

жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары 

мен  стартегиясын    құрады.  Клиент    өзі  үшін  ең  қолайлы  шешім 

тапқаннан  кейін,  оны  өзінің  пікіріндей  қабылдап,    дербестігі  туралы 

сенімге  ие  болғаннан  соң,  қақтығыс  орын  алған  ортада  өзінің  жаңа 

бейнесін  көрсету  үшін  іске  кіріседі.  Сонымен  қатар,  клиент 

кеңесшімен  бірге  әрекеттерін  одан  әрі  жалғастырып,  басқаларға 

сенімді  және әсерлі болудың түрлі  әдістерін сұрыптаудан  өткізп, ең 

соңында  өзіне қолайлы деген  әдістерін  таңдап алады.  

Бесінші  фаза  –  кері  байланыс.  Кеңес  алушыны    кеңес  беру 

процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын  білдіреді. 

Жұмыс жүргізу барысында кеңесші өзінің арнайы білікітілігі мен  

дағдысын  былайша  сыннан  өткізуі  тиіс:  оңай  және  қиын  сұрақтар 

қою; кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды  назарға алу; әңгіме 

барысында кеңес алушының ойын да ескеріп отыру; кеңес алушының 

айтқандарын  ой  елегінен  өткізіп  және  қорытындылай  білу;  керек 

кезінде  үндемей  отыру,  гипотеза  ұсынып  және  оны  дәлелдей  білу 

және бірлесе шешім қабылай білу. 

Сонымен,отбасына 

әлеуметтік-психологиялық 

кеңес 


беру 

әлеуметтік қызметкер кеңесшінің жұмыс жүргізуін негізделетін түрлі 

теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны 

оның түрлер мен отбасының жас шамаларына қарай бағдарланады. 



 

 

 

 

 


 

ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ОҚУШЫЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ 

Мүгедек  және  денсаулығы  жарамсыз  үйде  оқытылатын 

оқушылармен әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп 

педагог-психологімен    және  пән  мұғалімдерімен  бірлесе  жұмыс 

атқарады. 

Әлеуметтік педагогтың міндеті: 

1.  Оқушы туралы мәліметті сынып жетекшісінен алу және оның  

әлеуметтік  жағдайын,  топтамасын анықтау; 

2.  Оқушының  отбасымен танысу; 

3.  Оқушының  үйін  зерттеу  актісін  түзу,  өзіндік  арнайы  бөлме 

бар немесе жоқтығын анықтау; 

4.  Педагог-психологпен  және  ата-анасымен  бірлесе  оқушының 

мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтау және байқау; 

5.  Оқушының  ата-анасымен  сөйлесу,  сауалнама  алу  және  пән 

мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алу. 

6.  Оқушының  бос  уақытта  немен  айналысатынын,  қалай  және 

кіммен өткізетіндігін сараптау; 

7.  Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне көмектесу. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

Әлеуметтік педагогтың  оқуға жарамсыз және үйде 

оқытылатын оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 

№  Атқарылатын іс-шаралар 

Мерзімі  

Жауапты  

1.  Мектеп  бойынша  оқуға  жарамсыз  және 

үйде оқытылатын оқушыларды анықтау. 

Медициналық 

сараптамасының 

айқындалуы  бойынша  және  оқушының 

құжаттарын жинақтау. 

Қыркүйек   Оқу 

ісі 

жөніндегі 



орынбасар,  

әлеуметтік 

педагог  

2.  Үйде 

оқытылатын 

оқушыларды 

кітаппен  қамтамасыз ету.  

Қыркүйек  әлеуметтік 

педагог, 

кітапхана 

қызметкерлері  

3.  Үйде оқытылатын оқушылардың тұрғын 

жай  актісін  жүргізу.  Ата-анасымен,  

отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау. 

Оқушының  көңіл-күйін,    отбасыдағы 

хал-ахуалын анықтау. 

Әр  тоқсан 

сайын 


әлеуметтік 

педагог, 

психолог, 

сынып 


жетекшілер 

4.  Үйде  оқытылатын  оқушылардың  сабақ 

кестесі  бойынша  мұғалімдердің  баруын 

бақылау, ата-анасымен байланыс жасау. 

Үнемі  

Оқу 


ісі 

жөніндегі 

орынбасар,  

әлеуметтік 

педагог  

5.  Үйде 

оқытылатын 

оқушылардың  

әлеуметтік  ортасымен  араласу  деңгейін 

және 


бос 

уақытта 


немен 

айналысатындығын анықтау, әлеуметтік 

педагогикалық сараптама жасау. 

Үнемі 


әлеуметтік 

педагог, 

педагог-

психолог, 

сынып 

жетекшілері 



6.  Сынып  жетекшілерімен  бірлесе  және 

әкімшілік  тарапынан  жаңа  жылдық 

сыйлықтар ұйымдастыру 

Желтоқсан  ОІЖ орынбасар,  

әлеуметтік 

педагог  

Сынып 

жетекшілер 



7.  Әлеуметтік-психологиялық 

қызметтер  

көрсету: ата-анасына кеңестер беру. 

Үнемі 


әлеуметтік 

педагог, 

психолог 

8.  Оқушының  оқу  үлгерімін  талқыға  алу, 

пән    мұғалімдерімен  бірлесе  әлеуметтік  

педагогикалық жұмыстар атқару. 

Үнемі 

ОІЖ орынбасар,  



әлеуметтік 

педагог 


Әлеуметтік  педагог       

қолы    


 

 

аты-жөні 



 


 

Оқушы туралы мәлімет 

 

1. 


Оқушының аты-жөні:_____________________________ 

2. 


Туған жылы, айы, күні:____________________________ 

3. 


Сыныбы:________________________________________ 

4. 


Әлеуметтік мәртебесі:_____________________________ 

5. 


Ауруының түрі:__________________________________ 

6. 


Әкесі туралы мәлімет (жұмыс орны):________________ 

7. 


Анасы туралы мәлімет (жұмыс орны):________________ 

8. 


Отбасындағы мүшелер саны:________________________ 

9. 


Отбасы жағдайы:__________________________________ 

10. 


Мекен-жайы, телефоны:_____________________________ 

 

Материалдық-тұрмыстық жағдайы мен отбасының 



моральдық-психологиялық ахуалын зерттеу 

АКТІСІ 

 

Павлодар қ. тұратын көше   үй  пәтер 

Біз,  төмендегі  комиссия  мүшелері 

1) 


(Аты-жөні) 

2) 


(Аты-жөні) 

3) 


(Аты-жөні) 

Осы    отбасының  материалдық-тұрмыстық  жағдайы    туралы    актіні 

құрдық: 

Отбасының 

құрамы, 

аты-жөндері, 

жұмыс, 

оқу 


орындары____________________________________________________ 

Отбасының табысы (жалақысы, жәрдемақысы) 

____________________________________________________________

____________________________________________________________ 

Тұратын 

үй 


жағдайы, 

материалдық-тұрмыстық 

жағдайы_____________________________________________________ 

Моральдық-психологиялық климаты: 

____________________________________________________________

____________________________________________________________ 

Оқушының денсаулығы: _____________________________________ 

Травма (себеп) жасайтын  факторы ______________________________ 

Тұжырым 

 

және 



ұсыныстар 

(қандай 


әлеуметтік 

көмек 


қажет?)______________________________________________________

____________________________________________________________ 

Қолдары 

 



 

Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарына арналған 



САУАЛНАМА 

Құрметті  ата-ана! 

Сізден, мына төмендегі сұрақтарға тлық жауап беруіңізді 

сұранамыз. Алдын-ала рахмет айтамыз. 

1. 

Оқушының аты-жөні:_______________________________ 



2. 

Туған күні, айы, жылы:_____________________________ 

3. 

Мектебі, сыныбы:__________________________________ 



4. 

Сынып жетекшісі:__________________________________ 

5. 

Ауруының түрі:___________________________________ 



6. 

Қай уақыттан бастап үйде оқиды?____________________ 

7. 

Оқулықпен  қамтамасыз  етілуі  (мектептен  алды  ма,  әлде 



өзі сатып алды ма?):_________________________________________ _ 

8. 


Сабақ 

кестесі 


(уақыты, 

пән 


атауы, 

мұғалімдері):_________________________________________________ 

9. 

Сабақ ұзақтығы (уақыт өлшемі):___________________ 



10. 

Оқыту бағдарламасы қанағаттандырады ма?___________ 

11. 

Оқушының оқу бағдарламасын қабылдауы:______ 



12. 

Осы мектепте оқыту барысында қандай өзгерістер бар?___ 

13. 

Оқушының  мінез-құлқы,  отбасымен  араласу  деңгейі 



қандай?_____________________________________________________ 

14. 


Оқушы бос уақытында немен айналысады?____________ 

15. 


Оқушының  ерекше  қабілеті  бар  ма(сурет  салу,  тоқыма 

тоқу, кесте тоқы т.б.)?_________________________________________ 

16. 

Сынып  ұжымы  мен  баланың  қарым-қатынасы  (келіп 



тұрады ма, туған күніне келеді ме?)_____________________________ 

17. 


Мектептен көмек көрсетіледі ме?_____________________ 

18. 


Ата-ананың аты-жөні:______________________________ 

19. 


Ата-ананың қызметі:_______________________________ 

20. 


Отбасыда неше бала бар, аты-жөндері, туған жылдары?:__ 

21. 


Отбасы  жағдайыңыз  (біреуінің  астын  сызыңыз):  өте 

жақсы, орта, төмен. 

22. 

Ата-ана тілегі:_____________________________________ 



 

Нақты  жобаны  орындауда,  оның  мазмұнын  орындауда  түрлі 

мамандар әрекетестікте болады. Жобаны орындауда қажетті жобалық 

құжаттандыру іске асады. 

Әлеуметтік  жобаның  инстументалдық  бөлімі  әдістемелік 

мәселелерді шешуге арналған. Нақты жобаны орындауда тәжірибелік 

іс  шаралар  іске  асады,  олар  арқылы  жобаның  басталуы,  аяқталуы, 

мазмұны, бағыттары, қосымша ресурстар кезеңдер бойынша өтеді. 




 

Жобалық  құжаттар  жобалау  процесін  басқару,  іске  асыру  үшін 

қажет.  Сондай  құжаттарға  әлеуметтік  паспорт  жатады.  Әлеуметтік 

паспорт  объектіні  паспортау  негізінде  жасалады.  Объектіні 



паспортау –ол үрдіс, жүйе, құбылыс жайында нақты мәліметтер алу, 

оларға сипаттама беру.  



Әлеуметтік  паспорт-  құжатта  жүйенің  сандық,  сапалық 

параметрлері,  объектінің  дамуын,  қызмет  атқаруын  көрсететіні 

беріледі, элементеріне саралау жасалған. 

Әлеуметтік паспорт құрылымында келесілер қарастырылады:  

1.  Параметірлердің    сипаттамасы,  жіктелуі,  дифференциациясы 

жүйенің қызмет атқару, дамуы. 

2.  Паспортың  формасын  жасау  (паспортағы  көрсеткіштер, 

олардың басқару жүйесі арқылы өзгеруі). 

3.Паспортың формасын толтыру.  

Әлеуметтік жобалауда «Ақпараттық массив» деген ұғым бар.  



«Ақпараттық  массив»  әлеуметтік  объектіге  кешенді  сипаттама 

беретін  ғылыми  негізделген  параметірлер,  факторлар  жүйесі. 

Әлеуметтік  зерттеу  материалдары,  басылымдардағы  материалдарды 

саралау,  статистикалық  мәліметтер  -  «Ақпараттық  массив»  көздері 

болып  саналады.  Әлеуметтік  жобалаудың  спецификалық  басқару 

қызметінің  негізгі  мақсаты  -  әлеуметтік  жобалау  проектісін  жасау. 

Әлеуметтік  жоба  коммуникат  ретінде  знактар  жүйесі,  үйлесіп, 

байланысып  орналасқан,  ғылыми  саналы  дәлелденген  сипаттқа  ие, 

қажет ететін болашақта әлеуметтік жүйе не үрдіс. Әлеуметтік жоба ол 

прескрептивтік  модель.  Жоба  болашақ  жүйенің  қажет  еткен 

көрнісі,адамдардың  әрекеті  арқылы  өтетін,  ол  қажетті  материалдық 

еңбек,  қаржы,  энергетикалық  т.б.  ресурстардың,  сонымен  бірге 

танымдық,  интелектуалдық,  эвристикалық    құндылықтардың  болуы 

арқылы іске асады.  



Жобаланатын объектінің жалпыланған параметірлер жүйесі. 

Барлық  ғылыми  түрде  жасалған  әлеуметтік  жобаларға  келесі 

белгілердің  болуы:  1)  міндетті  түрде  жобаланатын  объектілерде 

болуға  тиіс  сипаттамалар,    2)  әлеуметтік  тапсырысты  орындауға 

мүмкіндік  туғызатын  параметрлер,  3)  белгілі  бір  уақыт  мерзімінде 

орындалуға мүмкіндік беретін сипаттамалар. 

Әлеуметтік  жүйенің,  үрдістің,  құбұлыстың  болашақтағы  халы 

келесі  жағдайларға  сәйкес  болулары  қажет:  ол  ғылыми  негізде 

орындалып,  әлеуметтік  құндылықтарға,  тапсырысқа,  адамгершілік 

нормаларға  қарамақайшы  келмеуі,  қолдануда  нәтиже  беретіндей 

болуы керек. 



 

Әлеуметтік  жоба  келесідей  негізгі  бес  принциптерге  сәйкес 

болуы  керек:  бір  мағналы,  қажетті,  толық,  қарамақайшы  келмейтін, 

оптималды.  Жобадағы  ақпарат  қажетті  және  толық  болуы  міндетті. 

Жобалар  реалды,  реалды  емес,  яғни  орындалмайтын  болулары  да 

мүмкін. 


 

 Сұрақтар 

1) 

Баланың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне  әсер  ететін 



факторлар қандай? 

2) 


Әлеуметтік  педагогикалық  зерттеулер  қандай  сатылардан  

тұрады? 


3) 

Отбасына  әлеуметтік  кеңес  беруді  қалай  ұйымдастыру 

керек? 

4) 


Әлеуметтік  педагогтың  отбасымен  жұмысының    негізігі  

бағыттары қандай? 

5) 

Кеңес беру қандай кезеңдерге бөлінеді? 



6) 

Әлеуметтік  қызметкер  қандай  қабілеттіліктерге  ие  болуы 

тиіс? 

7) 


Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру болып не табылады? 

8) 


Отбасылық  кеңес  беру  процесін  қандай  фазаларға  бөлуге 

болады? 


9) 

Үйде  оқытылатын  оқушылармен  әлеуметтік  педагогикалық 

жұмыс жүргізу ерекшелігі неде? 

10)  Жобаланатын  объектінің  жалпыланған  параметрлер  жүйесі 

қандай? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 

Негізгі әдебиет: 

1. Ахметова  Г.К.,  Пфейфер  Н.Э.,  Бурдина  Е.И.  Азбука  для 

начинающего исследователя: Методическое пособие.-Павлодар, 2011. 

2. Бабанский 

Ю.К.  Проблемы  повышения  эффективности 

педагогических исследований.-М., 2012. 

3. Брызгалова 

С.И. 


Введение 

в 

научно-педагогическое 



исследование: учебное пособие- 2012. 

4. Введение  в  научное  исследование  по  педагогике  /  Под  ред. 

В.И.Журавлева.-М., 2011. 

5. Герасимов И.Г. Научное исследование. -М.:Политиздат, 1972. 



 

Қосымша әдебиет: 

6. Глас  Дж.,  Стенли  Дж.  Статистические  методы  в  педагогике  и 

психологии. /Пер. с англ. Под общ.ред. Ю.П.Адлера.-М., 1976. 

7. Загвязинский  В.И.  Методология  и  методика  дидактического 

исследования.-М., 1982. 

 

 



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау