- Өз еркімен мектеп тарапынан басқа да білім беру, спорт,
денсаулық сақтау, мәдениет, құқық, тәртіп сақтау, әлеуметтік
қорғаныш, психологиялық қызмет көрсету ұйымдарымен, балалар мен
жастар қоғамдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті
басқару органдарымен бірлестікте жұмыс атқаруға;
- Өз кәсіби деңгейін жетілдіруге;
- Әлеуметтік тәрбиеге қатысты жергілікті бағдарламаларды
жоспарлауға, құруға және жүзеге асыруға, басшылық жасау үшін
қатысуға;
- Өз әрекетін жүзеге асыруда әдіс-тәсілдерді, құралдарды өз
еркімен таңдауға;
- Өз әрекетіне қатысты негізсіз араласулардан қорғануға;
- Мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлауға және
сайлануға;
- Өз міндетін атқаруда мектеп педагогтары мен оқушыларына
шектен шықпайтын нұсқаулар беруге;
- Кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі
қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары,
денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты
локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға
құқылы.
Баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы
Әлеуметтік педагог келесі жағдайларда баланың білім алу
құқығына араласа алады:
-
спорттық ситуацияларға қатысты түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыру, білім алу құқығына тиісті: мысалы, баланың
мемлекеттік стандартқа сәйкес құқығы бар екенін анықтау, соның
ішінде: тәрбиелеу, қызмет көрсету, яғни ол мектепте алады,
интернатта , ауруханада;
Арнайы білім беру – тәрбиелеу мекемелеріне ашық түрдегі
басқару органдарындағы білім беруге:
-
арнайы біртұтас білім беру ашық типтегі мектептер;
-
арнайы мамандандырылған ашық түрдегі училище;
-
басқа түрлердегі білім беру мекемелері, яғни, кәмелетке
толмаған және арнайы тәрбиелеу жағдайындағыларды.
Бұл типтегі мекемелерге, білім алып тәрбиеленуге 8 жастан 18
жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар кіреді.
Арнайы жабық түрдегі білім-тәрбие мекемелеріне:
-
арнайы біртұтас жабық түрдегі білім беретін мектептер;
-
арнайы мамандандырылған жабық типтегі училищелер;
-
арнайы (түзету) білім берудегі жабық типтегі мекемелер;
Кәмелетке толмаған балаларды арнайы білім-тәрбие
мекемелеріне өткізуге келесі құжаттар қажет:
-
медициналық анықтамалар денсаулық жағдайын арнайы
мамандардың негізіндегі тексерулер нәтижелері, СЭС анықтамасы –
тұрғылықты жерінен;
-
туу туралы куәлігі, жеке куәлік;
-
кәмелеттік жасқа толмағандар мен жұмыс комиссиясының
шешімі;
-
ашық түрдегі кәмелетке толмаған баланың мінездемесі;
-
қатысушының жеке жұмысы;
-
мектеп сыныбын бітіргендігі туралы анықтама;
-
табель, ағымдағы жыл;
-
орта білім туралы куәлігі;
-
тұрғылықты жерінен анықтама: отбасы туралы;
-
ата-анасының жұмыс орнынан анықтама, айлық мөлшері және
де отбасына басқа да кірістер туралы.
Сұрақтар
1) Әлеуметтік педагог қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
2) Мектептегі әлеуметтік педагогтің ахуалы қандай?
3) Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидаларды
атаңыз.
4) Әлеуметтік педагогтың мәртебесі, құқықтары, жауапкершілігі,
функциялары туралы айтыңыз.
5) Баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы
қандай?
ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Әлеуметтік педагогика теория, тәжірибесі және білім беру
сферасындағы «әдістеме» және технология ұғымдары. Әлеуметтік
педагогика.
Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім,
ғылым) – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге
айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін
білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін
зерттейтін бір саласы. Оқу және ғылыми педагогикалық әдебиеттерде
«технология», «әдіс» ұғымдары бір бірімен синоним ретінде кездеседі.
Әдіс (грек тілінен methodos – зерттеу жолы, теория, оқу) – бұл
қандай да бір міндеттерді шешуде жетістіктерге жету жолы.
Қолдану аясына байланысты әдістің келесі жеке топтары
бөлінеді: тәрбие әдісі, педагогикалық ақтау әдістері, педагогикалық
түзету әдістері және т.б. Әрбір топ бойынша мәселені шешу
жағдайына байланысты өз әдістері дайындалады.
Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту
процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың
жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана
тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың
әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту
әдістемелері бар.
1.
Әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің
әдістемесі
мен
технологиясы түсінігі
2.Әлеуметтік-педагогикалық
қызметтің
әдістемесі
мен
технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері
3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының
практикасы
4.Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа
ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі
Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең
алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, балалар дәрігері
болып шығу үшін анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді.
Мұндай сұрақтарға әдістеме мен технология жауап береді.
Алдымен «әдістеме» және «технология» ұғымдарының мәнін
түсініп алайық.
«Әдістеме» - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты
бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз
әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде
«әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде
қолданылады.
Атап
айтқанда, психологияда,
әлеуметтануда,
педагогикада және т.б.
«Әдістер» - бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік
тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен
әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.
Әлеуметтік-педагогикалық
технологияның
«классикалық»
технологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы
Е.И.Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді:
1. Концептуалдылық технология, яғни бұл, әлеуметтік
педагогикалық
қызметте
философиялық,
психологиялық,
дидактикалық және басқа да білім берудің ғылыми концепциялары
енген нақтылы технологияларға сүйену арқылы әлеуметтік
педагогикалық қызметті ұйымдастыруды көздейді.
2. Жүйелілік технологиясы, бұл, процестің логикасы, әлеуметтік
педагогикалық процестің барлық бөліктерінің өзара байланысы,
Достарыңызбен бөлісу: |