Технологиялар



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет5/31
Дата24.12.2019
өлшемі0,97 Mb.
#24799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 

кешенділігі  секілді  жүйенің  барлық  көрсеткіштерін  игеру  арқылы 

көрініс табады. 

3.  Үнемділік  технологиясы,  яғни  бұл  технологияны  пайдалану 

жұмыс уақытының резервтерін жасау есебінен әлеуметтік педагогтың 

қызметін оптимальдандыруға мүмкіндік туғызады. 

4.  Салыстырмалы  түрдегі  алгоритмделу  технологиясы.  Негізінде 

әлеуметтік  педагогикалық  технологияда  қызметтің  жалпы  процесін 

бөліп қарастыру шектелген. 

5.  Іс-әрекеттің  коррекциялануы  технологиясы,  бұл  әлеуметтік 

педагогикалық процесті іске асыруда үнемі тұрақты кері байланыстың 

орын алу мүмкіндігінің болуымен айқындалады. 

6. Әлеуметтік педагогикалық технологияның қайта жаңғыртылуы 

тікелей  алгоритмделу  дәрежесіне  байланысты  болады,  яғни 

технологияның 

қаншалықты 

дәрежеде 

қайта 


жаңғыртылуы 

мүмкіндігімен,  сонымен  қатар,  басқа  да  ғылым  салаларындағы 

әрекеттердің әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкіндігі арқылы 

сипатталады. 

    Әлеуметтік  педагогикалық  технологияның  екі  негізгі  формасы 

ғылымда ұсынылады: 

Біріншіден,  әлеуметтік  педагогикалық  қызметтің  нақтылы 

операциялары мен процедураларын қамтитын бағдарламалар түрінде; 

Екіншіден, осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған қызметтің 

өзі түрінде. 

Әлеуметтік  педагогикалық  технологиялар  бірнеше  деңгейде 

көрінеді. Олар: 

1.  Индивидуалдық  немесе  авторлық  деңгей.  Мұнда  әлеуметтік 

педагогикалық  қызмет  әлеуметтік  педагогикалық  міндеттерді  шешу 

бойынша  бірізді,  нақтылы  әрекеттерді  өзіндік  ерекшелікпен  іске 

асырумен байланысты айқындалады. 

2.  Топтық  немесе  профильдік  деңгей.  Мұнда  әлеуметтік 

педагогикалық  міндеттерді  іске  асыру  нақтылы  әлеуметтік 

институттар 

саласында 

аталмыш 

институттар 

типіне 

тән 


технологияларды таңдау арқылы атқарылады. 

3. Басқарушылық немесе территориялық деңгей. Мұнда нақтылы 

бір  әлеуметтік  педагогикалық  міндет  нақтылы  бір  территория 

шеңберінде  әлеуметтік  институттар  қызметі  мен  байланысын 

қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. 

   Жоғарыда  аталған  технологиялар  әрекетінің  деңгейлеріне 

сәйкес  жалпы,  жеке  және  арнайы  әлеуметтік  педагогикалық 

технологияларды бөліп көрсетуге болады. 




 

Жалпы  әлеуметтік  педагогикалық  технологиялар  маманның 

баламен  өзара  ықпал  ету  заңдылықтарын  және  осы  әрекеттің 

компоненттерін  сақтауды  жүзеге  асырады.  Жалпы  әлеуметтік 

педагогикалық 

технологиялар 

жүйесі 

өзінің 


құрамында 

диагностикалауды, 

профилактикалауды, 

адаптациялау, 

реабилитациялауды, 

коррекциялауды, 

әлеуметтік 

терапияны, 

әлеуметтік  экспертизаны,  прогностикалауды,  делдалдықты,  кеңес 

берушілікті және т.б. қамтиды. 

Жеке  әлеуметтік  педагогикалық  технологиялар  өзінің  негізіне 

әлеуметтік  қолдауға  мұқтаж  болған  нақтылы  адамдар  категориясы 

мен  әлеуметтік  сатыға  көмек  көрсету  бойынша  технологиялық 

процедураларды ендіреді. 

Арнайы 

әлеуметтік 



педагогикалық 

технологиялар 

мамандандырылған  мекемелер  мен  орталықтардағы  әлеуметтік 

процестерді оптималдандыруға арналады. 

Әлеуметтік  педагогикалық  қызмет  барысында  қолданылатын 

кейбір  жекелеген  технологиялар  мен  технологиялық  процестерді 

практикада  пайдалануда  әлеуметтік  педагог  көптеген  шаралардың 

кешенін 


қолдана 

алады. 


Мүндай 

шаралардың 

кешені 

технологияландырылу  деп  айтылады.  Әлеуметтік  педагогикалық 



әрекетті технологияландыру процесі мынадай бірнеше кезеңдерде іске 

асырылады: 

1. Теориялық кезең – мақсатты технологиялық әрекеттің нысанын 

негіздеу,  құрамдас  компоненттерге  бөліп  қарастыру  және  олардың 

арасындағы өзара байланысты көрсету. 

2. Әдістемелік кезең – бұл кезең іс-әрекеттің әдіс - тәсілдері мен 

құралдарын  таңдаумен,  ақпараттарды  жинақтау,  оған  талдау 

жасаумен,  жеке  практикалық  қызметті  жобалау  мен  алынған 

нәтижелердің  мазмұндық  интерпретациялауға  мүмкіндік  беретін 

диагностикалау жүйелерін іріктеумен, нәтижелерді трансформациялау 

принциптерін таңдаумен жұмыс жасаумен байланысты айқындалады. 

3.  Процедуралық  кезең  –  бұл  кезеңде  нақтылы  әлеуметтік  - 

педагогикалық әрекет жүзеге асырылады. 

«Құрал»  -  анағұрлым  кең  мағыналы  түсінік.  Құрал  -  әлеуметтік 

педагогтың 

алдына 


қойған 

мақсатына 

жетуде 

қолданатын 



материалдық,  эмоционалдық  және  интелектуалдық  шарттарының 

жиынтығы болып табылады. 

Көз  жеткізу  -  бұл  баланың  ішкі  адамгершілік  туралы  білімдері 

мен іс-әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы. 




 

Сұхбат  -  бұл  көз  жеткізудің  сұрақ-жауап  әдісі.  Әлеуметтік 

педагогтың  шеберлігі  ол  қандай  сұрақтарды  таңдап  алуы  керек 

екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады. 

Жаттығу әдісі тәрбиелі дағдыны әдетке айналдыру үшін көптеген 

жаттығулар  орындауға  тура  келеді.  Осы  тұста  ұлы  ғұлама  әл-

Фараби  баланы  іс-әрекетке  баулып,  тәрбиелегенде  оның  жас 

ерекшелігімен  қатар  дара  ерекшелігін  және  қызығушылығын  да 

ескеруге  кеңес  береді.  Бұл  жөнінде  ол:  «Әрбір  балаға  өзінің 

ерекшелігіне қарай бір жұмыс белгіленуі тиіс. Өйткенi, 

-  біріншіден,  әрбір  адам  кез  келген  жұмысқа  және  кез  келген 

кәсіпке жарамды бола бермейді. Және басқа адам емес, кейде тек сол 

адам,  басқа  бірер  жұмысқа  емес,  тек  сол  жұмысқа  жарамдырақ 

болады; 


-  екіншіден, бір  жұмыспен  немесе  кәсіппен  шұғылданатын  әрбір 

адам  бұл  жұмысты  неғұрлым  жетік,  білгір  және  шебер  атқарып,  бұл 

жұмыстың  білгірі  болып  шығады,  өйткені  ол  өзін  осы  жұмысқа 

жастайынан үйретеді; 

-  үшіншіден,  көп  жұмыстарды  бір  мезгілде  орындап  шығу  көп 

уақыт  алады.  Сондықтан  баланы  жұмыспен  баулуда  әртүрлі 

жұмыстарды  қатар  орындауды  талап  етпей,  бір  жұмысты  тиянақты 

орындап  бітіруді  талап  еткен  абзал»,  -  деп  балаларды  еңбекке 

тәрбиелеудің тиімді шарттарын көрсетеді. 

Осылайша, ғұлама баланың жас және дара ерекшеліктерін ескеру 

арқылы  жаттығу  тапсырмаларын  іріктеу,  таңдау  жасауда  ескеру 

маңыздылығын айтады. 

Көз  жеткізу  әдісі  мен  жаттығу  әдістері  бір-бірімен  тығыз 

байланысты. 



Тұжырым: 

1. 


Педагогикалық 

процесс 


қашанда 

оқытушылардың 

басшылығымен  ұйымдастырылып,  оқушылардың  өзара  iс-әрекеттерi 

негiзiнде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  әлеуметтік  педагогикалық 

қызмет те педагогикалық процестен тыс болуы мүмкін емес. 

2.  Тұтас  әлеуметтік-педагогикалық  процесс  әлеуметтік  педагог 

әрекетiн  ұйымдастыруда  педагог  пен  ата-аналардың  және  т.б. 

қатысуымен мақсатқа жетуін қамтиды. 

3.  Әлеуметтік-педагогикалық  процесс  екi  жақты  сипатқа  ие 

болады 


4.  Әлеуметтік-педагогикалық  процестiң  мақсаты  мен  мiндеттерi 

қашанда  қоғам  мақсатын  және  мiндетiн  қоғамдық  тапсырыс  ретiнде 

жүзеге асыру арқылы анықталады. 

 



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау