5)
Әлеуметтік
қолдану
сферасына
қарай
жіктелуінің
айырмашылығы неде?
6)
Әлеуметтік
жобалауда
қолданылатын
инновациялық
әдістерді атаңыздар
7)
А.И. Пригожиннің инновациялық жіктеу сипаттамасы
бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Технология – адамдардың басқаруы мен технологиялық
құралдарды пайдалану арқылы өнім алу процесі десек, «Әлеуметтік
технология» мақсат көздеген практикалық әрекеттте белгілі объектіні
өзгерту, транформациялау үшін қолданылатын құралдар жүйесі,
жиынтығы.
Технологияларды қолдану арқылы жобалауда нәтижеге жетуге
болатыны туралы кепілдік болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік –
технологиялық ұстаным басқаруда администаривтік-командалық
қарсы келеді деген пікір бар.
Әлеуметтік технология - негізіне тексерілген, дәлелденген
әлеуметтік білімдер алынады. Әлеуметтік технологиялардың міндеті-
нақты үрдістің даму жолын бағалап, бақылау, оған сипаттама беру,
нәтижені бағалау құралын анықтау, даму кезеңдерін ойластыру
бойынша әлеуметтік моделін, версиясын құру.
«Әлеуметтік технология» екі мағынасы бар. Біріншіден,
әлеуметтік технология - әлеуметтік объектіге нәтижеге жетуді мақсат
көздеген ықпал ету үрдісі. Екіншіден, әлеуметтік технология -
әлеуметтік объектілерге мақсат көздеген ықпал етуді зерттейтін
спецификалық теория, нәтижелі ықпал ету әдіс тәсілдерін қарастырып
белгілейді
Әлеуметтік объекті болып әлеуеттік қатынастар, әлеуметтік
әрекеттесу, әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік мекеме
болуы мүмкін.
Үрдісті технологизациялау ұғымына түсінік. Кез келген
әлеуметтік технологияларды еңгізу мақсатты түрде нәтижеге жетуді
көздейді, бұл процесс технологизациялау арқылы жүзеге асады.
Технологизациялаудың ережесі:
1) процессті қалыптастыру;
2)мақсатты белгілеу;
3)әлеуметтік процессті оптимизациялау;
4) әлеуметтік процесстің тұрақты лығын қамтамасыз ету;
5) өзін өзі реттеу механизімін жасау;
6) жағымды қажетті жағдай тудыру.
Сонымен, әлеуметтік технология - ол әлеуметтік ықпал ету
мақсаттында әрекеттесуді орнату үшін қажетті әдіс, әдістемелерді
қарастыру, ұсыну.
Сұрақтар:
1)Технология ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.
2) Әлеуметтік технология дегенді қалай түсінесіз?
3) Технологизациялау ұғымына түсінік беріңіз. Оның ережелері
қандай?
4) Өзін өзі реттеу механизімін жасауды қалай түсінесіз?
5) Әлеуметтік процессті оптимизациялауды қалай түсінесіз?
6) Жағымды қажетті жағдай тудыруды қалай түсінесіз?
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу
әдiстерiнiң көбеюi мен ұдайы жетiлiп отыруы. Айта кетерлiктей, бұл
бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бiр кезеңдерде педагогика
үстiрт философия-лық-әлеуметтiк бақылау, пайымдаулар бойынша
ғана зерттелiп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек
шығармашылық қызметiнiң нәтижесiнде ғана туындап келдi. Ал ХIII
ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық
iзденулердi практикалық тәрбиеiстерiмен байланыста жүргiзген
ғалымдардың белсендi үлесi болды. Бұл тәрбиелiк ой менiстi
бiрiктiрiп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың iшiнде бүгiнге дейiн
танымал Я.А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К.Д.
Ушинский, Л. Толстой, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий
сынды педагог-ғалымдар болды.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық
не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің,
операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие
әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі
болып табылады.
Бақылау әдісі
Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар
мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-
әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:
оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде
жеке әңгіме, жүргізу;
оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі
жөнінде есеп жасаулары.
Байқап көру мен қателер әдісі
Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет
дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен
жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.
Жобалар әдісі
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп
отырылатын
практикалық
тапсырмаларды,
яғни
жобаларды
жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту
жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-
жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.
Рейтинг әдісі
Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын
анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау
әдісі ретінде қолданылады.
Басқару әдісі
Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер
етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы.
Білім берудегі әдістеме
Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің
нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау.
Әдістемелік жұмыс
Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің
үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі
оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде
ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және
педагогтердің
күнделікті
тәжірибесімен
шектес
орындалады
Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық
зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Әдістемелік жұмыс мақсаты
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен
жолдарын игеру;
педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына
қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының
деңгейін көтеру;
педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және
озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау.
Ғылым әдіснамасы
Достарыңызбен бөлісу: |