жобалауды болжамында. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды
жетілдірудің технологиялары.
Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау:
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы; рухани өмір
саласындағы
басқару.
Әлеуметтік-басқару
циклының
негізгі
кезеңдері. Әлеуметтік менеджмент және жобалау. Әлеуметтік
жобалаудағы координациялық шешімдер. Әлеуметтік-басқару іс-
әрекетінің ғылыми қамтылуы. Басшылық шешімдер қабылдау
тәжірибесінде әлеуметтік-жобалық зерттеу нәтижелерін қолдану.
Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы.
Сұрақтар:
1) Әлеуметтік болжау технологиясы туралы айтыңыз.
2) П.К. Анохиннің әлеуметтік болжау туралы айтқан пікіріне өз
ойыңызды қосыңыз?
3) Әлеуметтік болжау дегеніміз не? Болжау деңгейінің құрылымы
қандай?
4) Болжам жасаудың қандай әдіс процедуралары бар? Әлеуметтік
болжауда қолданылатын талаптар?
5) «Жобалау», «әлеуметтік жобалау» ұғымдарын толықтай
ашыңыз.
6) Әлеуметтік жобалау қалай жіктеледі?
7) Модельдеу дегеніміз не? Моделді қолдану деңгейлері қандай?
ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Алғашқы топ психологиясы теориялары (М. Лацарус пен
Х.Штейнталь, В.Вундтың, Г.Тард, С.Сигеле мен Г.Лебон еңбектері, У.
Макдауголлдың «Әлеуметтік қылық инстинктері» теориясы). Үлкен
және кіші топтарды зерттеу. Қазіргі топ психологиясын
когнитивистік және гуманистік тұрғыдан зерттеу.
Қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер республикамыздың білім
беру жүйесіне де оң ықпал етіп, бұл салада да көптеген реформалар
жүргізілуде. Қоғамдағы өзгерістер мен әлеуметтік жаңа жағдай,
әлемдік мәдени білім беру кеңістігіне шығу, ғылым мен білім беру
жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары - осынша барша
жағдайлар мамандарды даярлаудың мақсатын, міндеттері мен
мазмұнын қайта қарау қажеттілігін тудырады. Әлеуметтік педагогика
мен психологияның негізгі қарастыратыны – индивид, жеке тұлғаны
зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жеке даралық
механизмдері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса,
әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы
тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, бірне-бірі қалай әсер
етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын
1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологі В.Макдугалдың
«Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықса,
Америкада социолог Э. Росстың «Әлеуметтік психология» деген
еңбегі де жарық көрді. Дегенмен, 1897 жылы Дж. Болдуиннің
«Әлеуметтік психологиядан зерттеулер» атты еңбегінде де осы
мәселені қарастырады.
Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда
көптеген қиындықтарға кез болды. Егер ХХ ғасырдың бас кезінде
зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге
көңіл бөлсе, ал ғасырдың ортасында шағын топтар, адамдардың
әлеуметтік бағдары, топтарға әсре ету тәсілдері мен әртүрлі
тұлғааралық қатынастарға көңіл бөліне бастады.
Американ психологі Д.Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік
психология – адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай
әсре етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым».
Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің айтуынша, әлеуметтік
психолгияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде
пайда болған.
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІ ғ.ғ.) Гоббс, Локк,
Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап өту қажет.
ХІХ ғасырдың орта тұсында қоғамдық процестерге қатысты
көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезде тіл
білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің
дамуына байланысты, әртүрлі елдер арасындағы экономикалық
қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді орын алды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік - психологиялық теориялар
арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар
психологиясы, көпшілік психологиясы, әлеуметтік мінез-құлықтың
инстинктер теориясы.
ХІХ
ғасырдың
басында
әлеуметтік
психологияның
эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Европада В.
Мид, АҚШ ғалымы Ф. Олпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны
эксперименттік психологияға айналдыру қажет деген ұсыныстар
берді.
Ғылымның негізін қалаушылар адамның қоғамдық мәнін
көрсетіп берді. «Инивид дегеніміз, - деп жазды, - К. Маркс қоғамдық
тіршілік иесі. Адамның әлеуметтік мәні оның материалдық және
рухани өмірінен көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол
табиғатан құлы болудан оның әміршісі болу дәрежесіне жете алмас
еді. Тек қоғамдық қызмет қана адамдарды тіршілік құралымен
қамтамасыз етті, олардың әлеуметтік орта еңбектегі өзара қарым –
қатынас психиканың да болуының шешуші факторына айналды.
Өмірдің және адамдардың өзара қарым – қатынасы, тарихи
жағдайлар адамдарды ұлт, мемлекет , тап және басқада
қауымдықтарға бірігуге әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша
емес, объективті заңдардың әсері нәтижесінде құрылды. Әрбір
қауымдықтың белгілі бір психологиялық ерекшелігі бар. Ең алдымен
әр түрлі таптар психологиясын өзіне ғана тән белгісі болатынын
көрсетеді. Адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи
белгілері бір системасында олардың алатын орнына қарай , өндіріс
құрал жабдықтарына олардың қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық
жолмен ұйымдастырудағы олардың роліне қарай , ал олай болса
қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және
ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын атайды. Таптар
дегеніміз адамдардың мынадай топтары: қоғамдық шаруашылықтың
белгілі бір укладына олардың алатын орындарында айырмалық
облуының арқасында олардың бір тобы. еіншісінің еңбегін өзіне
иемденуі мүмкін».
Таптық психология құрылыстарына ерекше назар аударылу
себебі, кез – келген антагонистік формация бір біріне қарама – қарсы
таптарға бөлінеді, ал олардың арасындағы күрес тарихи дамудың
қозғаушы күші болып табылады.
Шағын және бастапқы топтар. Бір шама тұрақты құрамы жағынан
көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ
мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады.
Оның топтың барлық мүшесінің күш жігері жеуге жұмылдырылған
ортақ мақсаты болады. Күші топқа кіретіндер бірін – бірі жақсы біледі
және топтың алдында тұрға мінетті орындау кезінде өзара қоян–
қолтық қатынаста болады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз
болмайды және 30 – 40 адамнан аспайды. Отбасы өндірістік топ
самолет не космос кораблімен экипажы сынып класы сияқты
бірлестіктерді кіші топ деп есептеуге болады. Адам бір мезгілде
бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы мектептегі барлық
іске қатысады, ол ауладағы фудбол командасының капитаны да болып
табылады. Кіші топтағылардың өзара қарым–қатынасына шек
қойылмайды. Әркім топтағы кез–келген адаммен өз қалауы бойынша
және қажетінше қатынас жасайды. Ал, іс жүзінде бтоп мүшелері
топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін тұтады. Біреулер өзара жиі
қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |