алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын
баяндайтын әңгімелермен танысады.
Бағдарламаны құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихының жүйелі
курсын бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде
қиындық туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға
бөлінген уақытгың тең жартысын "Тарихқа кіріспе — тарихқа саяхат" деген
бөлімге арнауды ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш
мектепте алған тарихи білімдерін одан әрі жалғастыра отырып, тарих қандай
ғылым, менің әулетім, біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным,
картадағы тарих т.б. сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері —
топопимика, архитектуралық ескерткіштер.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.
Тарихи білімді қалыптастыру аса маңызды жақтары?
2.
Курстын құрылымы қандай болу керек?
3.
Семинарды дайындауға және өткізуге қандай әдістемелік талаптар
қойылады?
4.
Мектеп лекциясына қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптардың
ролі қандай?
Тақырып№3: Тарихты оқытуды ұйымдастыру формалары. Тарих
сабағы
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау
1. Мектепте тарихты оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
2. Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы
ретінде
3. Сабақтың түрлері
4. Сабақтың құрылымы
Тарих сабағына қойятын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи
мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа
сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім
көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені
таңдап ала білу; оқушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен
танымдық белсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны енгізудің құралдары
мен әдістерін дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің
педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына
сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы.
Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемілекеттік
стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады.
Осыңдай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас
тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың
негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға
ретінде қалыптасуы барысында терендеп, нақтылана түсетін деректер мен
үғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп
оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяңдалу
сипатын, оның құрлымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының
қандайлығына кез жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты
«сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен релін айқындауға мүмкіндік
береді. Мемлекеттік стаңдарт, окулық және бағдарламамен жете танысу
оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын
айқындауға кемектеседі.
Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады.
Оның мәні — сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі
мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру.
Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардыңдербес игеруіне
оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыптағы оқушылардың
танымдық мүмкіңдіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар
негізінде сабақ жоспарын түзеді.
Б.д.д.V-ІV ғасырларда эллиндік мәдениеттің гүлденуін тақырыбындағы
сабақ былайша жоспарлануы мүмкін.
1) Б.д.д. V-ІV ғасырларда Элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері
(Афина Акрополіне ойша саяхат); 2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ); 3)
Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ); 4) Олимпиадалық
ойындар (репортаж-сабақ); 5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ).
:
Оқытуды материадды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту
мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжірибесін талдауға дейінгі
барлық кезеңін қамтиды.
Сабаққа дайындалу функциялары (міндеттері, қызметтері). Сабаққа
дайыңдалудың әр кезеңінің атқаратьш өз функциялары бар.
1. Тексерушілік функция сабаққа дайындықтың мынадай негіздерін
қамтиды: 1) оқу материалының мазмұньш ой елегінен өткізу; 2)
тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық
мақсатты тұжырымдау; 3) сабақ типін анықтау; 4) сабақ құрылымын
белгілеу.
Бұл кезеңде қажетті іскерлікті қалай қалыптастыру, қандай сезімдерді
ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін таңдаған мұғалім оны іске асыруға
көмектесетін тәсілдерді таңдайды. Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық
мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады.
Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтың үйге берілген тапсырмасын
талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа
тақырыптың мазмұнына байланысты болуы шарт.
2. Құрастырушылық функция 1) нақты сыныптағы оқушы құрамының
ерекшеліктеріне талдау жасау; 2) оқушы әрекетінің басым сипатын
айқындау. Оқушының таным деңгейі еске түсіруші, өзгертуші және
шығармашылық-іздеушілік болып бөлінеді. Еске түсірушілік таным
деңгейіндегі окушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын
қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті
тыңдай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша