сыналады. Осы аталған және басқа да шаралар оқу орындарында бұл пәннің
оқытылу сапасын жақсартуға үлес қосып келеді.
Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге,
әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге әдебиет көптеп шығарылуда. Бұлардың
қатарына бес томдық Қазақстан тарихы акдемиялық басылымның, алты
томдық Қазақстан энциклопедиясының жарыққа шығуын, тоғыз томдық
"Қазақтар" жинағын, белгілі жеке қайраткер туралы шыққан көптеген
кітаптарды қосуға болады. 1990-2000 жылдар аралығында 5-11 сыныптарға
арналған осы пәннің жеті оқулығының әрқайсысы 3-5 реттен қайта басылды.
1998 жылы Мемлекеттік білім стандартының қабылдануына байланысты
барлық мектептік пәндерден, солардың арасында тарихтан да жаңа
бағдарламалардың жобалары жасалды. Осы бағдарламалар негізіңде тарих
пәнінен 5-9 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешені дайындалды 2001-2003 оқу жылдарында 5-6 сыныптар жаңа
бағдарламалар мен оқулықтарға көшті, енді екі-үш жылда 7-9 сыныптар да
көшеді. Әр сыныпқа арналған үш оқу-әдістемелік кешеннің біреуі сол
сыныптағы тарих курсы бойынша сабақтардың әдістемелік жоспарларына
арналған. Сөйтіп, Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге
де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді.
Қазақстан тарихын оқытудағы тағы бір басты міндет – пәнді оқытудың
қазіргі ғылыми-әдістемелік талаптарға сай кегін әдістемелік жүйесін жасау.
Мұндай әдістемелік жүйеде пәнді мектепте оқытудың басты басты
теориялық ғылыми-әдістемелік іргелі мәселелері қарастырылады. Біздің
пәніміз тұрғысынан алсақ ол пән Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың
теориясы мен әдістемесі деп аталады.
Мұндай әдістемелік құралдар тұжырымдармен қорытындыларды,
идеялар мен ұсыныстарды көшбасшы мұғалім басшылыққа алып, ойдағыдай
жүзеге асырғанда ғана жас ұрпаққа өткен тарихымызды нәтижелі оқытып
үйретеміз. Міне біздің көпшілік оқырмандарға, алдымен мектептің тарихшы
мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының болашақ тарихшы мұғалімдеріне
ұсынып отырған еңбегіміз осындай әдістемелік құрал.
Іс жүзінде аса қажеттігіне қарамастан бұл әдістемелік құралды мұнан
бұрын шығаруға болмайтын еді. Жаңа бағдарламалар мен жаңа буын
оқулықтары барлық мектепте пайдаланылып сынақтан өтпей, алғашқы
тәжірибелер зерттелмей жаңа оқулықтармен жұмыс істеудің әдістемесін жазу
мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан да біз тарихшы мұғалімдерге әдістемелік
ұсыныстарды жорнал мақалалары, кейінгі жылдары баспадан шығып жатқан
шағын әдістемелік құралдар сабақ жоспарлары арқылы көрсетіп отырдық.
Бұл еңбекті жазуда Кеңестік және Қазақстандық педагогика
ғылымындағы, әсіресе оның практика саласындағы, сондай-ақ білім
мазмұнын іріктеу ұстанымдары; Қазақстан тарихын оқытудың ұйымдастыру
формалары; оқытудың әдіс, тәсілдері: дүниежүзілік халық-ағарту
саласындағы өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; автордың ұзақ жылдар
бойы Республиканың түрлі аймақтарындағы мектептерде жүргізген зерттеу
жұмыстарының нәтижелері, көптеген алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің,
сондай-ақ автордың жеке өзінің мектепте сабақ беріп, жоғары оқу
орындарында лекциялар оқып, семинар сабақтарын жүргізу тәжірибелері де
осы еңбекке арқау болды.
Тың тақырып бойынша тұңғыш жазылып отырғандықтан бұл еңбектің
тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі
мәселелерімен қатар, Қазақстан тарихы мектеп курсының даму, қалыптасу
тарихы да қарастырылады.
Еңбек 18 тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұнына, көлеміне қарай ол
бірнеше параграфтарға бөлінген. Тараулардың тақырыптары осы курсты
оқыту теориясы мен әдістемесінің іргелі мәселелерін қамтиды Олар:
Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің пайда болуы, дамып
қалыптасуы; Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі ғылыми, қоғамдық-
педагогикалық пән; пәнді мектепте оқытудың әдіснамалық мәселелері; пәнді
оқытудың мақсаты мен міндеттері; мектептегі Қазақстан тарихы пәнінің
қазіргі құрылымы мен мазмұны; тарихи материалдардың тәрбиелік
мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары сияқтылар. Соңдай-ақ өтілген
материалдарды қайталау, пәнаралық байланыс тарихтан мемлекеттік
стаңдарт талаптары, сыныптан тыс жұмыс, өлкетану жұмысын жүргізу, тарих
кабинеті-тарих мұғалімі сияқты мәселелерге де жеке тараулар арналған.
Тараулардың атының көбі тарихты оқыту әдістемесінде бұрыннан таныс
екендігіне қарамастан, олардың ішкі құрылымы мен мазмұны мүлде өзгеше.
Оның үстіне бұл еңбекте әдістеменің бұрыннан белгілі тақырыптары
салыстырмалы түрде қысқаша баяндалады да, тікелей Қазақстан тарихы
пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты тақырыптар, мәселен: осы пәннін
оқыту теориясы мен әдістемесінің қалыптасуы, оны оқытудың мақсаты мен
міндеттері, пәнді оқытудың әдіснамалық мәселелері, білім мазмұнын
анықтау ұстанымдары, білім мазмұнынын ұлттық дерек көздері, тарихи
білімнің мемлекеттік білім стандарты және білімді тексеру, бағалау жолдары
т.б. толығырақ баяндалады.
Мемлекеттік білім стандартының ендірілуіне байланысты енді
оқытудың нәтижесіне, демек оны анықтауға бұрынғыдан да гөрі баса назар
аударылуы тиіс.
Оқыту нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене
түсетіндігін, оның жаңа компоненттермен толығатынын өмір көрсетіп отыр.
Кейінгі жылдары мерзімді баспасоз беттеріндс оқушылардың оқу пәнінен
алатын базалық білімінің мүмкін және міндетті деңгейлері, олардың
дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, сол талаптардың жүзеге асуын
анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланды. Тарих пәнінен
де осындай үлгілер дайындалды және олар осы курстың жаңа
бағдарламаларының құрамына ендірілді.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін,
тәрбиелілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен
дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру
қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс.