кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді.
Ең күрделісі — шығармашылық ізденушілік деңгейде оқушы құжаттарды
талдап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы
жағдай ойластыра алады.
Оқушылардың талданған әрекет деңгейі мұғалімнің сабақтағы жұмыс
әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда, мұғалім дайындығы төмен
сыныпта түсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену
бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс,
3.Ұйымдастырушылық функция аддыңғы функциялармен тығыз
байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалім: сабақты қалай бастау керек;
оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды
қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге,
қандай тапсырма беруге болады деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап
қарастырады.
Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының
танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен
едәуір ерекшеленуі мүмкін.
Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойған оқу процесінің
міндеттерін іске асыруда оларға дербестік берілуі тиіс.
4. Ақпараттық немесе мазмұндаушылық функция сабақтың оқу
мазмұнына қатысты, ол оқу мазмұнын баяңдауда қандай тәсіл қолдануға
болады дегенді білдіреді. Оқу мазмұнын талдау жасай отырып, мұғалім оны
қандай көлемде, қандай түрде беруді айқындап, сабаққа қажетті оқу
құралдарын тандайды.
Мұғалім сабақ үстінде оқулық материалын жалаң баяндап қоймайды,
оқушыларға қиыңдық туғызатын сұрақтарды кеңінен түсіңдіріп, тақырыптың
басты мәселесінің мәнін ашады. Мұғалім бағдарламалық материалдан нені
алып тастауды, нені қысқа немесе жан-жақты мазмұндау керектігін
белгілейді. Оқулықтағы нақты фактілермен жаңа ұғымдардың мәнін ашып,
оқулық материалын көркем және бейнелі етіп мазмұндайды.
5. Бақылау-есепке алу функциясы білімді қалай тексеріп, бекітуді;
оқушылардың тақырып бойынша өз пікірін білдіруді; білімді қалай
бағалауды алдын ала ойластыруды қарастырады. Осыған байланысты
оқушылардың білімін бағалаудың мынадай өлшемдерін атауға болады: 1)
объективтілік (әділдік); 2) бағалаудың жан-жақтылығы; 3) баға қоюдағы
айқындық және жариялылық.
6. Түзетуші функция сабаққа қорытынды жасайды. Ол материал дұрыс
жинақталды ма, деректер маңызды ма; сабақтың дидактикалық мақсаты
дұрыс қойылды ма және оған қаншалықты қол жетті; сыныптың ерекшелігі
есқерілді ме; қолданған оқу әдістері, тәсілдері, түрлері талапқа сай келе ме;
тапсырмалар орынды және қызықты болды ма; білімді игеру деңгейін қалай
бағалауға болады деген сұрақтарды қамтиды.
Түзетушілік функцияны мұғалім жетістіктері мен кемшіліктерін
айқындап, әрбір сабақтан соң пайдаланады. Конспект немесе сабақ
жоспарына «Сабақтың теориялық бөлімін кеңейту», «артық деректерді алып
тастау» деген сияқты қысқа жазбалар түсіреді. Ол ескертпелер келер оқу
жылында ескерілуі тиіс.
Оқу материалына құрылымдық-функциялық талдау
Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды
П.В.Гора құрылымдық-функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау
дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой әлегінен өткізіп, оның
мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған
қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндірёді.
Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан
анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында
жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау
барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы
басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін
айқындауға бағытталады.
Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із
қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ьпсдал жасаған деректер. Олар
сабақ мазмұынының фатологиялық негізін құрап, тарихи даму процесіндегі
маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі
талдаудан негізгі қорытьшды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің
мазмұны мен байланыстарында оқушылардың дүниетанымдық идеялары мен
ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық мағлұматтар болуы
мүмкін. Теориялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып
келеді.
Басты
деректердің
арасында
маңызды
теориялық
мазмұн
арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және
еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйренуі оқушылардың сезімдік
толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және
шығармашылық қиялын дамытады.
Сабақта басты деректерден басқа қосалқы оқу материалдары —
қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық және басқа да
деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін,
қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы
Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К.
Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз
аттың үстінде қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды
тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва
бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгеңдігін, ал оның ұрпағы Жамбыл
облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсенттің Римдегі
Олимпиадалық ойындарда чемпион болғандығын екінің бірі біле бермейді.
Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
тәжірибелік және теориялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды
тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құбылысты «дайын күйінде»
ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысанның сыртқы белгілерін қабыддап,
үғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық
таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытындыға өту процесі онша