Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша
жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім
қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі
керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және терендету мақсаттары
белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық
тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбексүйгіштік)
үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу
әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске
асатындығы ескерілуі тиіс, олар: осы сабақта оқушылардың білімін,
шеберлігі мен дағдысын тексерудің қажеттілігі, жаңа сабақты игеру, бекіту
және қайталау, үй тапсырмасы; оқытудың осы кезеңдерінің бірізділігі; әрбір
жұмыс кезеңіне қанша уақыт бөлінуі керек. Конспект де оқытудың ұйымдық
нысандары мен құралдарының, әдістері мен тәсілдерінің оңтайлы үйлесуін
басшылыққа алу керек. Сондықтан да әрбір әдістің және олардың
қосылыстардың әлсіз және күшті жақтары ескерілуі тиіс. Өйткені әрбір әдіс
бір міндетті жақсы іске асыра алғанымен екінші міндетті іске асыруға
жарамсыз болғандықтан да әдістердің өзара шебер үйлесуінің маңызы зор.
Мұғалім сыныптың ерекшелігін және өзінің жұмыс стилін ескере отырып,
тақырып мазмұнын іріктеп, міндеттерді жоспарластырғаннан соң барып
жұмыстың әдістері мен тәсілдерін тандайды. Бұл жағдайда оқушылардың
көңіл күйі (мысалы, мереке қарсаңы), жұмыс қабілеті (нешінші сабақ), тарих
кабинетінің мүмкіндігі де ескерілуі керек. Психолоттардың анықтағанындай,
оқушылардың көпшілігі ақпараттың негізгі көлемін сабақтың алғашқы
жартысында қабылдауға бейім екендігі естен шықпауы тиіс.
Мұғалім оқушыларға қойылатын сұрақтарды, жаңа материалдың
мазмұнын, қорытынды пікірлер мен тұжырымдарын, үйге берілетін
тапсырмаларды конспектіге түсіреді. Мұғалімнің сабақты әңгімелеу түрі,
оқыту әдістері де жазылуы мүмкін. Конспектіде картина, карта, безендірумен
жұмыс әдістері белгіленіп, сынып тақтасына сұлба, терминдерді жазуды
белгілеу сабақтың сенімді, барьшша көрнекі өтуіне нақтылы көмек болады.
Конспект сабақтың тақырыбы, мақсаты, қажетті құралдар тізімі, оқу
материалының мамұны және оны оқып-үйреудің әдістемесін қамтиды.
Тақырыпты оқып-үйренудің әдістемесін мына кесте бойынша құрастыруға
болады.
Сабақ
барысы
Мұғалім жұмысының мазмұны мен әдістері
Оқушы жұмысының мазмұны мен әдістері
Бірінші бағанада қысқа жоспар түрінде сабақ мазмұнының негізгі
мәселелері тізбектеледі; білім мен дағдыларды тексеру тақырыбы; жаңа
тақырыптың жоспары; бекіту сұрақтары; үй тапсырмасы. Барлық жұмыс
түріне оларды орындауға бөлінген уақыт көрсетіледі. Сұрақты дұрыс
қоймаудан оған бөлінген уақыт созылып кетуі мүмкін.
Сабақ жоспарында жаңа материалды түсіндіру тәртібі мазмұндалып,
басты және қосалқы материалдың көлемі анықталып, негізгі ұғымдар мен
жеке тұлғалар ерекшеленеді. Осы жерде оқулыққа қосымша тың материалды
қалай қолдану туралы ескертпелер де жасалады.
Күрделі жоспар ретінде мұғалім қайталауға арналған негізгі және
қосымша сұрақтарды енгізе алады. Тексеруге арналған сұраулар мен
тапсырмалардың тұсына: «жалпы әңгімелесу», «тақтаға жазу», «кеңейтілген
жауап», «қабілетті оқушыға қойылатын сұрақ» т.б. сөздер жазылады.
Сонымен бірге қолданылатын оқу құралдары, құжаттары мен берілетін
тапсырмалар тізіледі.
Сабақ жоспарын жасау барысында мұғалім оның оқушыларға
түсінікті, шынайы болуына назар аударуы керек. Сабақтың теориялық және
әдістемелік мазмұнын нақты сыныптың жағдайына қарай бейімдеп, сабақта
қандай ахуал қалыптасатынын, оқушылардың қызығушылығын қалай оятып,
сабақ барысында нәтижеге қалай қол жеткізуге болатындығы ойластырылуы
тиіс. Ауызша мағлұмат барынша аз қамтылып, оның орнына түрлі сызбалар
мен сұлбаларды қолданып жазылған жоспар нәтижелі болмақ. Сабақ
жоспары — оқыту процесінің бағдарламасы болғандықтан оқушылар
сабақтың әр кезеңінде не жасайтындығын, әр оқушының немен
айналысатындығын айқындаудың маңызы зор.
Жоспар мынадай кесте түрінде де түзілуі мүмкін:
Баяндалатын
материалдың
мазмұны
Оқушыларға берілетін тапсырмалар мен
сұрақтар, қолданылатын тәсілдер, құралдар
Оқушыларға
жұмысының тәсілдері
Күтілетін нәтиже
Жоспарластырылған сабақты пысықтап, карта, сұлба, безендіруді
қолдануға жаттығу да артық болмайды. Бастапқы кезде сабақты» уақыты мен
мазмұнын мелшерлеу қиын болатындықтан сабақта уақыт артылып қалған
жағдайға арнап қосымша сүраулар мен тапсырмалар дайындап алу қажет.
Екінші бағанаға бейнелі суретгеу, сюжетгі әңгімелеу, жинақтап
сипаттау түрінде жаңа оқу материалының мазмұны жазылады. Бұл жерде
мұғалімнің жұмыс тәсілдері, жаңа материалды игеру құралы, тұжырымдары
мен қорытындылары, танымдық тапсырмалар, дерек көзімен жұмыс әдістері
жазылады.
Үшінші бағанада жаңа тақырыптағы әрбір мәселе бойынша оқушының
танымдық әрекеті ашылуы тиіс. Онда оқушылардың білімін тексеру кезінде
қайтаруы тиіс жауаптары; жаңа материалды игеру шін берілген тапсырманың
нәтижесі; бекіту, қайталау сұрақтарына оқушылардың қайтаратын
жауаптары; кесте, сұлба, диаграмма құрастыруға берілген тапсырмалар
жазылуы тиіс. Бұл бағананың мазмұны мұғалімге сабақ үстінде
оқушылардың қате, толық емес жауаптарына түсінік жасауға мүмкіндік
береді.
Егер сабақ немесе оның бөлімі білімді есепке алу және жинақтауға
арналса, онда конспектіні мьша үлгіде жасауға болады:
Оқушыларға берілетін сұрақтар
мен тапсырмалар
Жауаптардың
үлгі мазмұны