жауапкершілік жүктейді, ол тақырыпты ғылыми жағынан терең білуі, жақсы
сөйлеуі тиіс;
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше
маңызды. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің,
сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол
елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетгі. Өз халқының, елінің
тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін
сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы
Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін
бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының
білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде-
біреуі атқара алмайды.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты — оқушыларға оның жерін
ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп
өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар
жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңындағы: «...ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға,
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік
пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық
пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
республиканың қоғамдық-саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене
қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ
халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге
көмектесуі тиіс» - деген міндеттерді орындауға күш салады.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті — жастарды
адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік
мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше
сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен
ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи
деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын,
алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі
назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халыққа білім беру саласы алдында тұрған жалпы
міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет
ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: Олар:
— саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, күресіне,
сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-әрекетіне көбірек
орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге,
соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту;
— тарих ғылымынын соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен
оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылыми мәселелер
бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін
ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, көптүрлілігін нақты
дәлелдермен көрсету;
— Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер,
халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап
отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқиғаларды
мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
— Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру Қазақстан төл
мәдениетінің дамып өркендеуін, қазақстанды мекендеген басқа да
халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар арасындағы мәдени
байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, жетілдіруге тигізген ықпалын
көрсетуге баса көңіл бөлу;
— Кеңес өкіметі тұсыңда Қазақстанда қол жеткен табыстарды,
сондай-ақ кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді,
әсіресе қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен нәубеттерді, олардың
себеп-салдарын тарихи шындық тұрғысынаи ашып көрсету, XX ғасырдың
20-30 жылдарыңдағы идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін,
олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау;
— Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың
басқа курстарымсн, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық
негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып
отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру;
— діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін,
сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету
т.б. Мұнаң басқа да, әсірссе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі.
Олар арнаулы тарауда баяндалады.
Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған
мақсаттар мен міндеттер бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны
төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр.
Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі мектептің 5-9 сыныптарында
оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жеріндегі адамзат
тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек
оқушылар біршама жүйелі, аяқталған білім алады.
Курстын құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады.
Ол төмендегіше бөлінген: 5-сыныпта алғашқы адамдар пайда болған
кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір
қамтылады; 6-сыныпта — тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан
бастап б.з. V ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих
пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта — орта ғасырлардағы
Қазақстан тарихы (б.з. Ү-ХҮІІІ ғ.ғ.), 8-сыныпта — жаңа замандағы Қазақстан
тарихы (ХҮІІІ-ХХ ғасырдын 1914 жылына дейін), 9-сыныпта — қазіргі
заманғы Қазақстан тарихы (XX ғ. 1914-2000 жыл) оқытылады. Соңғы үш
сыныптан бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт курсын қатар оқыту және
басқа сабақтарда тарих пәнінің жүйелі курсын оқуға қажетгі біраз дайындық