І. Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында
қалыптасқан тәрбиелілігін тексерудің ең қолайлы жолы ауызша тексеру.
Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып, мұғалім
шәкіртінің тарихи білімінің шамасын, білім өресін, тарихи ойы мен тілінің
қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын, тарихи ұғымдар мен терминдерді,
негізгі даталарды меңгеру деңгейін, ойлау қызметінің қаншалықты
дамығанын т.б. анықтай алады. Оқушы жауап беріп тұрып, басқа қажетті
құралдарды: картаны, оқулықты, тақтаны, басқа да құралдарды қатар
пайдалана алады. Білімді, әрі жақсы сөйлейтін оқушының сындарлы жауабы
басқа оқушыларға пайдалы әсер етері сөзсіз. Сол сияқты білімі нашар оқушы
болса, төмен жауабы үшін өзі де білімі сол деңгейдегі басқа оқушылар да
қысылады. Бірақ оқушының ауызша жауабын барлық оқушы, әсіресе мұғалім
мұқият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда
тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау
қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі
талаптарды ескеру керек.
а) Оқушы сұрақтағы негізгі объектіге қатысты барлық білімді
білетін болса, білім толық деп есептелінеді; осы сұрақтағы білімнің
басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді;
ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін өзі
ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп есептелінеді.
Сондай-ақ білімнің саналылықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез
келген ситуацияда шапшаң пайдалана білуге де бірқатар талаптар
қойылады.
ә) Оқушылардың алған білімдері олардың тәрбиелілігіне әсер етті деп
есептелінеді, егер де оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің
ішкі сезіміндегі, сеніміндегі, жан-дүниесіндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи
оқиғалар мен үрдістерге өз тұрғысынан баға берсе, тарихи оқиғаның,
құбылыстың мазмұнына қарай ренжу, қуану т.б. сезімдерін байқатса.
б) Оқушы өзінің жауабында кездесетін тарихи оқиғаларды бұрын
болып өткен осындай 2-3 тарихи оқиғамен (7-8 с.) салыстырып,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп бере алса,
ал жоғары (9-11с.) сынып оқушылары ол ұқсас белгілер арасындағы
айырмашылықтардың
себептерін
түсіндіріп
бере
алса,
мұның
өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді.
ІІ. Оқыту нәтижесін анықтаудың басқа да жолдары бар. Соның бірі -
оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін
деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе,
мәселен, көтерілістің негізгі себебін, басталуын, негізгі оқиғаларын,
басшыларын, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын
міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы көтерілістің себептерін, оның
ішіндегі негізгі себептерін айырып көрсете алса, сылтауын, қорғаушы
күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне
нақты мысал келтірсе, халық алдындағы басқа қайраткерлік қызметін білсе,
көтеріліс оқиғаларын басынан аяқталуына дейін түгел біліп, картадан
көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, онда бұл
жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады. Мүмкін деңгейге шек
қойылмайды.
Сұрақтың жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының
тарихи білім дәрежесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан бірқатар
пәндерден сұраққа берілген жауаптың дәрежесін санмен белгілеп, оларды 3-4
-ке дейін апарады.
Мұны математика, химия, тіл сабақтарында тиімді пайдалануға болар.
Ал тарих пәнінен оқушылардың меңгерген білім дәрежесін берілген
сұрақты бірнеше шағын білім элементтеріне бөліп анықтауға да болады. Ол
үшін сұрақтың білім элементтерін айыра білуге жаттығу керек. Мәселен, 9-11
сыныптарда тарихтан оқушыға қойылатын негізгі сұрақтың білім элементтері
6-7 ден 11-12 дейін жетеді. Осы элементтерді нақты 10 деп алсақ, оқушы
соның 6-ына толық жауап берсе, 1-деңгей (оқығанын, түсінгенін қайта айтып
береді), 8-9-ына жауап берсе, 2-деңгей (өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді),
10 элементті түгел, толық айтса, 3-деңгей (сұрақ, жауабын өзінше пайымдап,
толық айтады, өз пікірін білдіреді, қорытындылар жасайды). Ал 4-деңгейге
жету үшін оқушы жауабы алғашқы үш деңгейлерге қойылған талаптарға
қоса, өмірден нақты мысалдар келтіре алуы, алған білімін кез келген
жағдайда шығармашылықпен пайдалана, қолдана алуы керек.
а) Оқушылар білімі алдымен жаңа материалды оқып, үйрену барысында
тексеріледі. Мұнда оқушылардың негізгі тірек фактілерді, ұғымдарды,
жасалған ғылыми қорытындылар мен тарихи фактілерге берілген бағаларды
қаншалықты
түсінгендігі
анықталады,
екінші
жағынан,
мұғалім
оқушылармен әңгімелесіп, қойған сұрақтарына жауап ала отырып, олардың
бұрын өтілген, бүгінгі материалға ұқсас мәселелерді қаншалықты есте
сақтағандығын да анықтайды. Әсіресе жеке қайраткерлердің есімдерін,
тарихи атауларды, ұғымдардың белгілері мен анықтамаларын, себептік-
салдарлық байланыстарды, негізгі тарихи даталарды қаншалықты
білетіндігін байқайды.
Өтілген оқу материалын оқушылардың қаншалықты меңгергенін
анықтаудың тағы бір тәсілі олардың өздеріне қорытынды жасату немесе
жасалған қорытындыларға баға бергізу, тарихи фактілерге, жеке
қайраткерлердің қызметіне өзінің көзқарасын, пікірін білдірту.
Жаңа материалды оқытып-үйрету барысында жүргізілген білім тексеру
әрбір жеке мәселені түсіндіріп болғаннан кейін ілеспелі немесс жаңа сабақты
түгел түсіндіріп болғаннан кейін пысықтау ретінде де ұйымдастырылады.
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтап басқа
формалары (түрлері)
Тарих пәнінен оқушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан
әрі дамыта түсу, тәрбиелілігін жақсарту мақсатында, сондай-ақ олардың
талап-тілегін қанағаттандырып, таным белсенділігін арттыра түсу үшін
тарихты оқытудың сабақтан басқа да түрлері қолданылады. Олар
дидактикада ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәлелденіп, мектеп тәжірибесінде
көптен пайдаланылуда. Бұлардың қатарына тарихты оқытудың мектептік