күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі
сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи
оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады.
Сабақ мақсатын айқындау. Тәжірбиелі мұғалім оқу қурсымен алдын
ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе
бөлімдерді оқып-үйренудің келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім
әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты еабаққа дайыңдық кезеңінде нақты
мақсаттарға көңіл бөлгені орынды.
Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционаддық талдау
кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды,
ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.
Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және
дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.
Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша
болжау дегенді білдіреді.
Мақсатты
айқындауда
жалпы
адамзаттық
құндылықтарды
(азаматтардың тең құқықтылы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және
мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын
басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа
мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.
Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша
жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім
қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі
керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары
белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық
тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбек сүйгіштік)
үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу
әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске
асатындығы ескерілуі тиіс.
Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар
дамытылды (жоспар құра білуі, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің
қисындық бірізділігін игеруді және т.б.). Сонымен бірге дамытушылық
мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылары мен
шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық
кызығушылық) дамуын да жатқызуға болады.
«Ежелгі Рим» тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты –мәдени,
шаруашылық түрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты —
қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне
деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты — жекелеген бөлшектер
негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю.К.Бабанский былайша
жүйелейді:
1. Тақырыптың оқу мазмұнынан (тақырыптық жоспарластыру кезінде)
және сабақтан (әр сабаққа сабақ жоспарын жасау барысында) туындайтын
нақты мақсаттарды жоспарластыру керек.
2. Жоспарластыру кезіңде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және
дамыту мақсаттарын біртұтас бірлікте және өзара байланыста қарастыру
керек.
3. Мақсаттарды жоспарластырғанда сабақ тақырыбы оның негізгі
мазмұнын талдауына және пәнішілік, пәнаралық, курс аралық байланыстарға
сүйену керек.
4. Оқу материалын талдау барысында осы сабақтың жалпы тарихи
білім беру міндеттерін шешуге қосатын үлесі айқындалуы тиіс.
Сабақ жүргізудің тиімділігі мұғалімнің күткен нәтижені болжай алу,
оны сабақ үстінде іске асыру, оқушылармен кері байланыс орнату (оқыту мен
оқудың бірлігі) шеберлігіне тәуелді. Белгілі әдіскер Н. В. Кухарев сабақты
ұйымдастыру мен өткізудің төрт деңгейін бөліп қарастырады. Жоғары
деңгейцегі сабақта мұғалім оқушыларға түсетін ауыртпалықты ескере
отырып, сабақтағы оқу нәтижесін алдын-ала құрастырып, оған қол жеткізе
алады. Биік деңгейдегі сабақта мұғалім оқушыларды өзі ұсынған болжамға
сәйкес түрлі шығармашылық жұмыстарға тартады. Екі деңгейдегі сабақтарда
мұғалім қол жеткен нәтижелердің себеп салдарларын нақтылап, сабақта
тиімді жұмыс тәртібін ұйымдастыруға қабілетті деп танылады. Орта
деңгейдегі сабақта мұғалім тексеру кезінде оқушылардың білімдері мен
дағдыларын айқындауға шамасы келсе, төменгі деңгейдегі сабақта мұғалім
нәтижеге қол жеткізу жолдарына басын ауырпай, тек қана сабақ жоспарын
жазумен шектеледі. Соңғы екі деңгейде мұғалім тек оқушылардың білімі
туралы ақпарат жасап, сабақ үстінде олардың тәртібін сақтауға бар күш-
жігерін жұмсайды.
Конспект және сабақ жоспары
Дәстүрлі ұғымда сабақ конспектісі мұғалімнің оқытушылық қызметінің
бастапқы кезеңінде өте қажет болады. Мұғалім конспектіде арнайы және
әдістемелік әдебиеттерді оқығанда жасаған және құрылымдық функциялық,
талдау барысында белгілеген тұжырым, жасаған қорытындыларын қағазға
түсіреді. Конспект сабаққа дайындалу үшін қажет, өйткені ол оқу
материалын ұйымдастырып, оны мазмұндаудың қисындық бірізділігін
қамтамасыз ету және ұғымдар мен тұжырымдарды пысықтап, сабақтың
кезеңдерінің ара салмағын сақтауға көмектеседі. Сондықтан сабақ барысында
кеңейтілген жоспарды басшылыққа алған орынды.
Конспект — педагогикалық ойдың көрінісі, оның үлгісі, сценарийі,
конспектіде сабақтың барысы, оның барлық кезеңдеріндегі мұғалім мен
оқушының оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерінен бастап сабақтың
қорытындысын шьгғарғанға дейінгі әрекеттері көрініс табады.
Конспект жазуда мұғалім мына жағдайларды ескеруі тиіс, мақсатты
айқындауда жалпы адамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең
құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және мемлекеттік
стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз.
Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес
сабаққа арналуы мүмкін.