43
өту.
6. Қорық-мұражайларды сақтаудағы басты нәрсе білікті кадрлар
реставраторлар дайындау, олардың кәсіби деңгейін көтеру.
7. Біздің тарихи естелігімізді сақтаушы мұражай-қорық қызметкерлерінің
еңбек ақысын арттырып, әлеуметтік беделін көтеру.
8. Архитектура ескерткіштерін көне жәнеш жаңа кезеңнің мәдениет
тарихы ретівде көрнекті оқу құралы болу үшін
жеке ғимараттар емес, тұтас
ансамбль, көше аудан ретінде сақтау.
9. Ең соңында мұражай-қорықтарды анықтап, есепке алып, құжаттау
үшін «Мұра» бағдарламасын өндеуді аяқтау кажет.
Біздің елде ашық аспан астындағы мұражайлар құру жеткілікті, табысты
тұрғыдан іске асырылуда. Оған мысал ретінде Сарайшық қаласын, ежелгі көне
Ақыр-Тасты тамғалы шатқалының петроглифтерін айтуға болады.
Ашық аспан астындағы мұражай өз қорларын сақтау, зерттеу және сол
аймаққа адамзат қызметінің материалдық және рухани куәлерін көпшілікке
таратудан бөлек оларды анықтап, тарихи, экономикалық
және әлеуметтік
жағдайда санасына сіңіру мақсатына пайдаланылады.
Бұндай мұражайлардың қызмет белсенділігін арттыру, «ашық аспан
астындағы мұражай» түсінігінің өзін кеңейтуге әкеп соқты. Ендігі жерде бұл
бұрынғы сарай, мешіт немесе басқа да бір ғимарат емес, адамзат тіршілігінің ізі
қалған белгілі территория, табиғи ландшафт (қорықтар).
Мұражайлардың бұндай түрлері сол аймақтың географиялық, тарихи,
әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекшеліктерінен сипат беретін адам
мен табиғат ортасының бірлескен іс-әрекетін көрсетуге айрықша көңіл бөледі.
Ашық аспан астындағы мұражайлардың өткізген барлық шараларының
мақсаты аймақтың жергілікті табиғи және адам ресурстарын қоддануын
көтермелеу, сонымен қатар оныңш өркендеуіне үлес қосады.
Қоғамдық сананы дамытуға, ықпал ету мақсатында тұрғындарды тікелей
табиғи және мәдени ортамен байланысқа тарту тарихи тамырын анықтау
жолдары арқылы ашық аспан астындағы
мұражайлар бағдарламаларын
пайдалану қызғылықты.
Қазіргі кезде мұражайлардың ғылыми күш-қуаты жаңғыруда, баспа
жұмысы жолға қойылуда, практикалықш мұражайтанудың академиялық
ғылымдармен тығыз қызметтестік іздестірілуде.
Қазақстан Республикасы әртүрлі типтегі бүгінгі таңда тұрғындар
арасыңда тарихи-өлкетану білімді насихаттау мен сананы оятуда айрықша істер
атқарып отырған сала.
Рынокқа өту кезінде мәдениетке түскен ауыртпалық ауыл түгіл
қалалардагы түгелге жуық жабылып, тарап біткен клубтар, мәдениет үйлері,
кітапханалар секілді мұражайларға да ауырлык түсті.
Бірақ, басқа мәдениет ошақтарына қарағанда,
мұражайлар өз отын
сөндірмей, өз әлдерінше ағарту, ғылыми, зерттеу функцияларын жалғастыра
берді. Көз алдарында құрып бара жатқан тарихтыш, ескерткіштерді өлке
тарихын қорғап, насихаттауда көптеген жұмыстар аткарды. Тіпті ілгері
44
басушылық та болды.
Ұлтты ұлт ететін тіл мен тарих екендігін жақсы мәдени мұраларын
насихаттауда ерекше жұмыстар атқарды. Олардың ішінде облыс, республика
көлеміндегі
шаралардан бастап, ірілі-ұсақты барлықш айтулы даталар сырт
қалған жоқ.
Міне осылардың бел ортасында мұражайлар жүрді. Әсіресе, өткен
мәдениетті қолдау жылы облыс мұражайлары бұл іске белсене араласып,
тұрғындар, әсіресе, жастар арасында тарихи-өлкетанулық мұраны насихаттауда
бастамашылық танытып, экспонаттары, экспозициялары көрмелері, лекция-
сабақтарыш арқылы тарихи-өлкетану білімді тұрғындар бойына сіңіріп, кең
тараттыш.
Біздің республика территориясында тарихи-мәдени мұралардың мол
екендігі белгілі. Көбісі ЮНЕСКО-ның қамқорлығында.
Республика тарихи-
мәдени ескерткіштер жинағынш шығаруда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Міне осыларды зерттеп, ашылмағандарын тауып тұрғындар арасында
насихаттауда мамандар, зерттеушілер және мұражайтанушылар алдында әлі
көптеген жұмыстар тұр.
Ашық аспан астындағы мұражайларды құру және сақтау өмір сапасын
арттырып, тән саулығын түзетуге маңызды роль атқарады, табиғатты аялап,
білім және мәдени қызмет белсенділігін арттырады,
әлеуметтік байланыстар
және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтады, бұдан бөлек тарихи сананы
қалыптастыру мен дәстүрлі сақтауға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: