2
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
АСПАН
АСТЫНДАҒЫ
МҰРАЖАЙЛАРЫ
КОЛЛЕКЦИЯЛАРДЫ
САҚТАУ
ЖӘНЕ
НАСИХАТТАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қ.А. Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының
объектісі ретінде және оның өңірлік туризмді дамытудағы рөлі
XIV-XV ғғ. Тамерланның бұйрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем
ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың
ортағасыр сәулетінің киелі мекені, барлық қалалық орталық Хазірет
Сұлтанының тарихи-мәдени ордасыш. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен басқа
шығыс моншаны, кесене Тимурш Рабидің немересі - Сұлтан Бегім тұрған және
басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған жерді де қамтиды.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
- Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңына
тұрғызылған архитектуралық ғимаратш. Қ.А. Яссауи дүние салғаннан кейін
халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылғын кішкене мазарға жерленеді.
Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389,
1391, 1394 және 1395 жылдардғы қантөгісш ұрыстарда Әмір Темір Алтын
Орданың өктемдігін жойып, астанасы - Сарай - Беркені өртеп жібереді. Міне,
осы жеңістің құрметіне Қ.А. Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор
кесенені орнатуды ұйғарады.
Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат – мүддені ғана көздеген еді деу
қиын. Бұл оның беделін көтеруге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы
үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа
ханның қызы – Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан.
Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқандта «Ділкүш»
(«Гүл атқан жүрек») бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға
аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді-мекеніне таяу маңдағы Ахангеран
қойнауында біраз аялдайды.
Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының
қалыңдығы - 3 м. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері – ассиметриялы
болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынанан тұрады. Ол
порталы оңтүстік шығысқа, ал бір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен
солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орта залға бас
порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы
кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі - 18,3 метрлік
күмбезбен көмкерілген.
Бұл бөлмеден өткен соңғ оюмен өрнектелген ағашш есік арқылы Қ.А.
Яссауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін
кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге
бөлмелерге қарай қосғ қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты
сегіз дараш блокқа бөледі. Әр блокқа архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты
да әр қилығ бөлмелер барш.
27
Оңтүстік батыс блокта мешін орналасқан. Ал оңтүстік-шығыс блокта
халимхана бар. Халимханада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшікер ғмен
дәруіштерге тегін үлестірілген тағам -халим әзірленетін болғанғ.
Солтүстік-шығыс блокта құлдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен
Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстікш шығыс жақтарының орта
тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар –
Кіші Ақсарай мен кітапхана бар.
Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы - өтпелі де, екеуі-тұйық. Архитектура мен
Қ.А.Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт-медреселік
қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша
біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады [29, 37-б.].
Мешіттің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5х2,5
метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп
тұр.
Оның беті мозаикамен және өсімдікш суретімен әшекейленген. Михраб-
жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозайкамен көркемделген,
тікбұрышты сәндік белдеумен қоршалғанш, оған ақ әріптермен құран сөздері
жазылған. әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге
шалынады. Кесененің оңтүстік батыс жағында діншілдердің қырық күндік
ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуге арналған жерасты
мінажатханалары Қ.А.Яссауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта
жаңғыртылған. ХVІ ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған.
Бұлар: батыс беткейдегі дәретш алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың
солтүстік шығысындағы «балхи» тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты
зираттары.
ХVІ ғасырдан бастап, кесененің жекелеген бөлмелерінде әйгілі
адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қ.А. Яссауиш кесенесінде және оның
төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі
Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар
жерленген. 1864 жылы Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын
алған кезде полк. Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қ.А. Яссауи
кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып
кетті. 1871-1872 жылдары А.Кун 7 дана фотосуретті «Түркістан»ш альбомын
құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының Қ.А.Яссауи кесенесіне бұруға белгілі
дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындарыш Қожа Ахмет
Яссауи кесенесіне көңіл бөле бастады.
1884 жылы патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. ХІХ
ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қ.А. Яссауи кесенесін эпиграфикалық
зерттеуге ден қоя бастады. 1907 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуге
мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды.
1910 жылы Түркістанға жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен
кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар
жинаған 12 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларыныңш бір бөлігіне
азды-көпті жөндеу жүргізілді. Қ.А. Яссауи кесенесінш исламның
28
Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға
ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады.
1978 жылы қыркүйекте Қ.А. Яссауи республика мұражайыш ашылды. 1989
жылы 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық
мұражайы» ашылды. Қ.А. Яссауи кесенесі шЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына
енгізілді. Қазақстан Үкіметі түркиялық фирмалармен бірлесе отырып, Қ.А.
Яссауи кесенесін толық қалпына келтіру жұмысын аяқтады (2000) [29, 52-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |