6 Бензиндік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Қозғалтқыштың қоректену жүйесі отынды сақтау, тазарту жәнежеткізу, ауа тазарту және жеткізу, әр түрлі режимдердегі қозғалтқыш жұмысы үшін қажетті құрамдағы жанғыш қоспаны дайындау және пайдаланылған газдарды (жану өнімдері) атмосфераға шығару үшін арналған.
6.1 Карбюраторлы қозғалтқыш
Карбюраторлық қозғалтқыштың қоректену жүйесі отын және ауа жеткізу, жанғыш қоспа дайындау жүйелерін және жүйесін пайдаланылған газдарды шығару жүйесін қамтиды. Отын жеткізу аспаптарына отын алу түтігі 1 және отын деңгейі нұсқағышының бергіші бар отын шанашығы 2 (2.26 сур.), отын сорғысы 9, отын сүзгілері, отынқұбырлар (түтіктер және құбыршектер), сонымен қатар отынның бүркіп енгізілуі және ауамен араластырылуы және талап етілетін құрамдағы жанғыш қоспаның дайындалуы жүретін карбюратор 11 жатқызылады. Ауа жеткізу аспаптарына салқын және қыздырылған ауа жинағыштары бар ауа сүзгісі 15 және енгізу құбыр желісі 32 жатқызылады. Пайдаланылған газдарды шығаратын жүйе аспаптарына шығару коллекторы 24, қабылдағыш құбыр 25, бәсеңдеткіш 27 және резонатор 26 (қосымша бәсеңдеткіш) жатқызылады. Қоректену жүйесіне сонымен қатар қозғалтқыш уыттылығын төмендететін жүйелер – пайдаланылған газдарды қайта айналдыратын және бейтараптандыратын және отын буларын аулайтын жүйелер жатқызылады. Карбюраторлық қозғалтқыштың қоректену жүйесінің әрекет ету қағидаты келесідей. Эксцентриктен 10 қозғалтқыштың иінді білігі айналған кезде отын шанашығы 9 әрекетке келтіріледі, ол торлы сүзгісі бар отын құбыры 1 арқылы отын шанашығынан 2 отынды сорады және оны отын сүзгісі 7 арқылы карбюратордың отын камерасына 13 айдамалайды.
сур. Карбюраторлық қозғалтқыштың қоректену жүйесінің сұлбасы:
1 — торлы сүзгісі бар отын жинау түтігі; 2 — отын шанашығы; 3, 5, 6, 8 — отын құбыршектері; 4 — отынқұбыр; 7 — отын сүзгісі; 9 — отын сорғысы; 10 — отын сорғысы жетегінің эксцентригі; 11 — карбюратор; 12 — қалтқы; 13 — карбюратордың қалтқы камерасы; 14 — ауа сүзгісінің сүзу элементі; 15 — ауа сүзгісі; 16 және 20 — картердің желдету жүйесінің құбыршектері; 17 — диффузор; 18 — карбюратордың араластыру камерасы; 19 — дроссельді жапқыш;
21 — енгізу қысымтығыны; 22 — тұтандыру білтесі; 23 — шығару қысымтығыны; 24 — шығару коллекторы; 25 — бәсеңдеткіштің қабылдау құбыры; 26 — резонатор (қосымша бәсеңдеткіш); 27 — бәсеңдеткіш; 28 — отын үрпісі; 29 — бүріккіш; 30 — піспек; 31 — жану камерасы; 32 — енгізу құбыр желісі; 33 — қалтқы өсі; 34 — инелік қысымтығын;— — ауа; — картер газдары; — жанғыш қоспа; — пайдаланылған газдар.
Разрядталу әсерімен піспек 30 төмен қозғалған кезде (енгізу тактісі) бүріккіш 29 арқылы карбюратордың араластырғыш камераға 18 отын ағып кетеді, ал ауа сүзгісі 15 арқылы картердің желдету жүйесінен тазартылған ауа және картер газдары сорылады. Араластырғыш камерада орналасқан диффузор 17 арқылы жоғары жылдамдықпен өтіп, ауа ағыны картер газдарымен бірге отынды бүркіп енгізеді және онымен араласып, жанғыш қоспа түзеді. Карбюратордың дроссель артындағы кеңістігінде түзілген жанғыш қоспаға құбыршек 20 арқылы картердің желдету жүйесінен келіп түсетін картер газдарының қосымша мөлшері қосылып араластырылады, және ол енгізу құбыр желісі бойынша ашық енгізу қысымтығыны 21 арқылы қозғалтқыш цилиндрінің жану камерасына 13 келіп түседі. Жану камерасында жанғыш қоспа пайдаланылған газдар қалдықтарымен араласып, жұмыс қоспасын түзеді.
Піспек жоғары қозғалған кезде (қысу тактісі), екі қысымтығын да жабық болған кезде, жұмыс қоспасы қысылады және қысу тактісінің соңында ол тұтандыру білтесінен 22 шығатын ұшқынмен тұтандырылады және жанып кетеді. Осылайша піспекті күшпен төмен орын ауыстыруға мәжбүрлейді (жұмыстық жүріс). Піспек кейін жоғары қозғалған кезде (шығару тактісі) пайдаланылған газдар ашық шығару қысымтығыны 23 арқылы шығару коллекторына 24 итеріліп шығарылады, кейін қабылдау құбыры 25, резонатор 26 және бәсеңдеткіш 27 арқылы атмосфераға шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |