Тарих және педагогика факультеті «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#41084
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ав

 
-Экспозиялар мен көрмелер құру;
 
-Экскурсиялық маршруттарды әзірлеу және ұйымдастыру;
 
-Тарихи-мәдени іс-шараларды өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және 
оны жүзеге асыру.
 
Музей ісінің негізгі жұмыс бағыттары: 
-
Мәдени және тарихи жәдігерлерді жинақтап, сақтау осы бағыттағы 
білімдерді тарату және насихаттау, өлкеміздегі мекендейтін халықтардың 
рухани және моральдық потенциялын дамытуға ықпал ету; 
-Ғылыми-зерттеу және жинақтау қызметтерін, ғылыми-сақтау, көрме-
экспозициялық, ғылыми-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру; 
-Тарихи және мәдени процестерді меңгеру мақсатында ғылыми іс-
сапарлар, экспедициялар ұйымдастырады, музей профиліне сәйкес заттарды 
және жеке коллекцияларды жинақтайды, түрлі архивттерде, кітапханалардағы 
тарихи-мәдени ескерткіштерді айқындайды және меңгереді.
 
-
Өзінің 
ғылыми-зерттеу 
базасындаш 
тақырыптық-экспозициялық 
жоспарларды өңдейді, экспедициялар бойынша ғылыми есептерді, ғылымиш 
картотекалар, каталогтарды құрастырады, жеке заттар мен коллекцияларға 
ғылыми сипаттама жасайды, ғылыми-көмекшші материалды өңдейдіш, 
мақалалар, әдістемелік ұсыныстар, шығарады. 
Қазіргі заманғы мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде 
әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. Мұражайлардың 
құрылымы, ұйымдастырылуы және қызметі негізінен сол қор жинағының 
бағыты мен мазмұнына сай қалыптасады. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі 
міндеті – коллекцияларды жүйелеу және зерттеу болып табылады. Оның 
нәтижесі мұражай қорындағы шығармалардың толық каталогында, ғылыми 
мақалаларда, мұражай жолсеріктерінде, буклеттерінде, арнайы ғылыми-
көпшілік кітаптарда көрініс табады.
Мұражайлар қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының тақырыптары 
аясында симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізуді жүйелі жолға 
қойған. Мұражайлар тәжірибесінде мемлекеттер арасында мәдениет ісіндегі 
тәжірибе алмасу аясында мәдени диалог ретінде мұражай қорындағы 
коллекциялар көрмесін ұйымдастыру ісі қалыптасқан.


39 
Қазіргі таңдағы мұражайлардың ағартушылық ісі экскурсиялар, 
экскурстар, лекциялар жүргізуден көрінеді. Мұражайлар ғимараты арнайы 
жабдықталған 
кешенді 
орындармен, 
ғылыми-көмекші 
бөлімдермен, 
экспозициялық залдармен, қор сақтау орындарымен, көрме залдарымен, 
реставрациялық шеберханалармен, ғылыми кітапханамен жабдықталады. 
Мұражай – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани 
мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, 
ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор.
Мұражай ісі - ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Осы 
уақытқа дейін Қазақстандағы мұражайлар көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп 
келді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-
тарихи, этнографиялық, өлкетану мұражайы болып бөлінді де, олар жалпы 
мұражайлардың 63%-ын құрады.
Қазір Қазақстанда тарихи, өлкетану бағытындағы мұражайлар басым. 
Оларға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Себебі, ондағы ғылыми 
жинақтау, ғылыми қор, экспозиция, көрме, үгіт-насихат бағыттары жұмыс 
істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда. 
Мұражайлар өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға 
бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, 
этнографиялық, нумизматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайлары (көркемөнер, 
мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б. мұражайлар), 
жаратылыстану мұражайлары (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, 
минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, 
автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді 
мұражайлар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, 
жұмыс істейтін кең профильді өлкетану мұражайлары), мемориалдық 
мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі 
адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражайлар). 
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған кезден бастап, басқа да 
ғылым салалары сияқты мұражайтану ғылымы да түбегейлі өзгерістерге енуде. 
Тарихи дәуірлердегі және қазiргi кезеңдегі мұражайтану ғылымын 
зерттеу, мұражай туралы танымдарды қалыптастыру бұл динамикалық көп 
мәндi әлеуметтiк мәдениет институты ретінде қызмет етеді.
Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау саласы бойынша білім алушы 
болашақ маманның тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау 
жөніндегі халықаралық және отандық заңнамалар туралы нақты білімі мен 
көзқарасы болуы тиіс.
Сондай-ақ мұражайлық тіркеу құжатымен жұмыс жасау, мұражайлық 
экспозиция және көрме жобалау ісімен, мұражай мекемелерін басқару және 
маркетингімен, мұражайлық коллекцияларды сақтау және қорғау ісімен, 
мұражайлық коммуникация және экскурсия қызметімен таныс болуы, отандық 
және шетелдік музеология ғылымының алдында тұрған негізгі мәселелерге 
байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.


40 
Жасыратыны жоқ, туған тарихымызды көрсетуде айтарлықтай 
кемшіліктер мұражай экспозицияларында баршылық. Өйткені қазіргі барлық 
тарихи және тарихи-өлкетану мұражайларының бәрі дерлік кешегі Кеңес 
дәуірінде тарихқа тар шеңберде, негізінен тек таптық тұрғыдан қарап келген 
кезеңде қалыптасты. 
Экспозициялардың барлығы тек осы тұрғыдан, осы талап діңгегінен ғана 
құрастырылды. Ұлы есімдерш, тарихи тұлғалардың еңбектері ескерусіз қалып, 
кемшіліктер мен қиыншылықтар бүркемеленді, кеңестік табыстар мен 
болмашы жетістіктер асыра мадақталды.
Осыдан келіп мұражай экспозицияларын бүгінгі талап, бүгінгі жаңа 
концепция тұрғысынан қайта жасақтау қажеттілігі туды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан, Қазақстанда аса күрделі, қарама-қайшылыққа 
толы мәдени үрдістер жүруде. Бұл республиканың мәдени-ағарту 
мекемелерінің жүйесіндегіш мұражайлардың жұмысынан айқын көрініс тапты. 
Қазақстан мұражайлары еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық тарихы мүдделерін 
насихаттауда.
Сонымен қатар, мұражай ісі үшін маңыздысы – Халықаралық 
мұражайлар кеңесінің ұлттық комитеті мекемесінің жұмыс істей бастауы 
болды. 1991-2012 жылдары Тәуелсiз Қазақстан мұражайларының қызметi атап 
айтарлықтай дамыды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелi кезең 
қиыншылықтары мұражайлардың материалдық техникалық және кадрлық 
әлеуетiн әлсiреткенiмен олардың мәдени үрдiстегi орнын төмендеткен жоқ. 
Қазіргі өскелең жастарды қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 
тағылымы, өмір жолдары негізінде тәрбиелеу – жастарға патриоттық тәрбие 
берудің бір саласы болып табылады. Қазақстанның мұражайларын дамыту мен 
қалыптастыру ісінде қазіргі заман талабына сай сын көтермейтін де мәселелер 
баршылық.
Мұражайлардың зерттеу барысында олардың қызметінде келесідей 
кемшіліктерді байқалады: 
- Мұражайлар iсiнiң нығаюында адам факторы мәселесін жолға қою 
шешімін таппаған мәселе, атап айтқанда мұражайлардың кадрлық әлеуеті, 
еңбек ақысы, білім жетілдіруш саласын дамыту мәселесі, жаңа ақпараттық 
технологиялармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де болса өз шешімін таппай 
келеді;
-Қазақстандық ашық аспан астындағы мұражайларға туристерді тарту ісі 
мүлдем жоқтың қасы деуге болады;
-мұражай қорларын өңдеу, мен электронды саяхатын жүзеге асыру 
-
мақсатында инновацияллық қадамдар жасалмаған.
Қазақстандық ашық аспан астындағы мұражайлардың қызметін жетілдіру 
мақсатында мынадай ұсыныстар: 
-ашық аспан астындағы мұражайлардың электронды аудиогидтерін, 
электронды саяхатты жүзеге асыра алатын электронды жолсеріктерін шығару 
керек; 


41 
-Қазақстандық ашық аспан астындағы мұражайлардың виртуалды 
мұражай ретінде электронды саяхатын жасап, ғаламторлықш сайтын жасау 
керек, электрондыш жолсеріктерін жасау керек, себебі виртуальды 
мұражайларға саяхатқа шығу 
-визуальды турист болуға болады. Бұл ХХІ ғасыр мұражайлары жолға 
қойып отырған инновациялықш қадам. Осындай іс-шараларды кешенді іске 
асырған жағдайда, қазақстандық ашық аспан астындағы мұражайлар, әлемдегі 
мұражайлар кеңістігі қатарына енетіні сөзсіз. 


42 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау