Тарих және педагогика факультеті «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#41084
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ав

Екiншi кезең
- тарих және мәдениет ескерткiштерiмен тiкелей танысу
бiрiншi кезекте мектеп төңiрегiнде орналасқандарынан бастау. 
Үшiншi кезең
- ескерткiштердi, соның iшiнде әлi де мемлекет қорғауына 
өтпеген ескерткiштердi қамқорлыққа алу әрi жаңа ескерткiштердi анықтау үшiн 
оқушылардың iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру. «Кешегiнi ұмытқан -керi 
кеткеннiң белгiсi», - дейдi халық даналығы. Жазба тарихы кемдеу өлкедегi 
ерлiк, елдiк, азаматтық болмыстың жұлдызы сәттерi көне қорған күмбездер мен 
тасқа қашалған бейнелерде сақталып қалған.
Жоғарыда аталған ескерткiштердiң құндылығы да осыған саяды. 
«Тарихи-мәдени 
ескерткiштердi 
қорғау» 
заңының 
баптарында 
республикамыздың кез-келген азаматының осынау киелiiстен шет қала 
алмайтындығы анық жазылған. 
Мемлекеттiң қорғауына алынған мұралардың сақталуы, құрылыс-
шаруашылық жер өңдеуш жұмыстары кезiнде бүлiнiп кетпеуiне жiтi қарауымыз 
керек. Жаңа экономикалық қатынастар барысында меншiк иесi болып 
табылатын ұжымдар мен ұйымдар жеке азаматтар өзiне бөлiнген жер төлемi 
немесе құрылыс нысанының тарихи маңызы болуы мүмкiн екенiн естен 
шығармауы тиiс. Бұл жөнiнде құрақ мұражай барлық аудандардағы жауапты 
мекемелерге мемлекеттiк қорғауға алынған нысандардың тiзiмiн дайындап 
бергенiн ескертемiз. 
Бiр айта кететiн жайт - осынауш тарихи ескерткiштердiң тiзiмiн әлi де 
жетiлдiру қажет. Кейiнгi жылдарда жүргiзiлген зерттеу жұмыстары көптеген 
қорғандардың бұдан көптеген жылдар бұрын қазылып тоналғанын дәлелдеп 
отыр. Яғни тарихи мұраларға пендешiлiкпен көз алартатындар қай дәуiрде де аз 
болмаған. 
Мiне, жоғарыда тарихи мұраларды қайта тiзiмдеу керек деп 
отырғанымыздың осындай себептерi бар. Тарихи тағылым дамудың ықпалды 
қуаттарының бiрi екенi даусыз. Әлемдiк өркениетке өлшеусiз үлес қосқан 
өлкемiздiң тарихи мұраларынш бүгiнгi ұрпақтың рухын оятар, келер ұрпақтың 
игiлiгiне айналар биiкке көтеру, осыларды ғасырлар тылсымынан тiл қатар мәнi 
да мағынасы да терең ақпараттар ағынына қосу - мiндетi бәрiмiзге ортақ парыз. 
«Ұлы Жiбек жолының» бел ортасында жатқан зерде мен парыз болашақта 
дамуға тиiстi туризм жүйелерiнiң айтулы тұрағына айналар едi. Рухани маңызы 
мен экономикалық тиiмдiлiгiш жөнiндеш Орта Азиядағы тарихи, мәдени 
кешенедердiң бiрiне айналар едi, жаңа қырынан көрiнер едi.
Бұгiнгi күн өткен дәуiрдiң соңғы күнi, тарихи зерденiң жалғасы. Уақыт 
өткен сайын парыз жүгi де ауырлай бермек. Жанашырларын күтiп тұрған 
кешегi тарихымыздың тiрi куәлары аманат кесiн iздеуде, өйткенi олардың берер 
ұлағаты мен айтар сырлары әлi де сарқылған жоқ.Тарихи-мәдени мұра 
объектiлерi Қазақстан халықтарының рухани және мәдени дәстүрлерiн түлету 
және дамыту мақсатында пайдаланылады. 


35 
Қазіргі заманғы мәдени кластерлерді дамыту. Мәдени ортаның бәсекеге 
қабілеттілігі бірінші кезекте кластерлік құрылымдар арқылы қамтамасыз 
етіледі. Мәдени кластер – шығармашылық, білім мен ғылым, экономика және 
бизнес арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті өнім 
жасайтын экономиканың шығармашылық секторы. Кластерлік тәсіл – бұл ең 
алдымен жекелеген өңірдің немесе саланың, сол сияқты тұтас мемлекеттің 
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа басқарушылық 
технология. 
Мәдени кластер экономикалық, корпоративтік, көркемдік, имидждік және 
технологиялық әсерді қамтамасыз етедіш. Саланы дамытудың стратегиялық 
міндеттері мәдени кластерлерді қалыптастырудың екі: шығармашылық және 
мәдени-туристік бағытын айқындайды.
Елдің мұражай кластерін және «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасына ұқсас тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша «Мәңгілік ел» 
бағдарламасын іске асыру ғылыми-зерттеу жұмысының әлеуетті базасына 
айналуы мүмкін. Осы жобаны іске асыру ұрпақтардың рухани сабақтастығы 
мен өзіндік сәйкестенуін қамтамасыз етеді. 
Бұл бағытта басты назарғ беделдіш шетелдік сарапшыларды, ғылыми-
зерттеу институттары менғ консалтингтік ұйымдарды тарта отырып, 
материалдық және материалдық емес мұраны одан әрі қорғауға және танымал 
етуге аударылады.
Тарихи-мәдени мұраны қорғаудың, консервациялаудың, реставрациялау 
мен реконструкциялаудың әлемдік үздік практикаларын кеңінен қолдану 
өнертану мен мұражайтануды, тарихи, археологиялық, этнографиялық 
ғылымдарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Халықтық білім мен шеберлікті, амалдар мен тілді, жанұялық және 
рәсімдік-мерекелік өмірдің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын беретін 
қоғамдастықтарды қолдау Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын 
сақтауға мүмкіндік береді. 
Материалдық емес мәдениш мұраның ұлттық тізілімін қалыптастыру, 
жүйелендіру және үнемі жаңартып тұруш, Қазақстанның бүкіл өңірлерінде 
оның элементтеріне түгендеу жүргізу және материалдық емес мәдени мұра 
элементтерін ЮНЕСКО-ның тізіміне жаппай ілгерілету қажет. 
ЮНЕСКО, ИКОМОС (Ескерткіштер мен көрнекі орындарды сақтау 
жөніндегі халықаралық кеңес), ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетінің халықаралық 
ұйымы), ИСЕСКО (Білім, ғылым жәнеғ мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам 
ұйымы) және тағы басқалар сияқты шетелдік жетекші ұйымдармен 
ынтымақтастық еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау және қалпына келтіру 
бойынша кешенді міндеттерді іске асыруға, отандық өнердің барлық 
бағыттарын дамытуға және оны мемлекетімізденштыс жерлерде белсенді түрде 
танымал етуге мүмкіндік береді. 
Көпжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ел мүдделеріне сай 
неғұрлым маңызды шарттарға, конвенциялар мен келісімдерге қосылу 


36 
саласында халықаралық құқықтық базаны кеңейтудің стратегиялық маңызы 
бар. 
Қазақстанның ЮНЕСКО-ның «Мәдени өзін-өзі таныту нысандарын 
қорғау және көтермелеу туралы» конвенциясына қосылуы мәдениеттердің 
өзара еркін іс-қимыл жасасуы, жақындасуы үшін, мәдениетаралық диалог 
саясатын ұлттық, сол сияқты халықаралық деңгейде де ілгерілетуге жағдай 
жасауға ықпал ететін болады. 
Нәтижесінде, Қазақстан әлемдік мәдениет пен өнерді, тарихи ғылымды, 
археология мен өнертануды дамытуш орталықтарының біріне, кәсіптік 
шеберлікті арттыру мен шығармашылық өсудің жетекші халықаралық 
мектебіне айналуы мүмкін. 
Атап айтқанда, Астанада мәдениет саласындағы жаңа халықаралық ұйым 
– «Silk Road» мәдени даму жөніндегіғ Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу 
мүмкіндігі пысықталатын болады. 
Қазіргі күндері бұл саладағы шешілмеген көкейкесті мәселелері: 
1. 
Қазіргі күндері ең күрделі мәселе экономикалық негізде 
архитектуралық ескерткіштерді қолдану мен сақтау мәселесі, оларды тиімді 
қолдану (экскурсиялар, зерттеушжәне өндіріс шеберханалары). 
2. Архитектуралық ескерткіштердіш қорғау және насихаттау мәселесін 
бұқаралық ақпарат ш құралдары арқылы кең тарату. Бұл салада
насихатты күшейту. 
3. Кезекті реставрациялық жұмыстардан гөрі дер кезінде консервацияға 
өту. 
4. Архитектуралықшескерткіштерді сақтаудағы басты нәрсе білікті 
кадрлар реставраторлар дайындау, олардың кәсіби деңгейін көтеру. 
5. Архитектура ескерткіштерін шкөне және жаңа кезеңнің мәдениет 
тарихы ретінде көрнекті оқу құралы болуғ үшін жекеш ғимараттар емес, тұтас 
ансамбль, көше аудан ретінде сақтау. 
Біздің республика территориясындаш тарихи-мәдени мұралардың мол 
екендігі белгілі. Көбісі ЮНЕСКО-ның қамқорлығында. Республика тарихи-
мәдени ескерткіштерғ жинағын шығаруда көптеген жұмыстар атқарылуда. 
Міне, осыларды зерттеп, ашылмағандарын тауып тұрғындар арасында 
насихаттауда мамандар, зерттеушілер және мұражайтанушылар алдында әлі 
көптеген жұмыстар тұр:
- мұражай туризмінің ғылыми тілін, арнайы терминология мен ұғымдық 
аппаратты құру және дамыту; 
- туризмге қызығушылықғ тудыратын ҚР ұлттық және өңірлік 
мұражайларының, тарихи және мәдени ескерткіштерінің қызметін жетілдіру;
- мұражай туризмінің заманауи мәселелерін шешу; 
- экскурсиялық бағдарламалардыш әзірлеу және туристік-экскурсиялық 
қызметті дамыту жолы ретінде мұражай жолсілтегішін құру; 
- мұражай туризмін халықаралық туристік қызметке интеграциялау. 


37 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау