Тақырып 33. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы



жүктеу 24,95 Kb.
бет1/6
Дата12.05.2023
өлшемі24,95 Kb.
#42534
  1   2   3   4   5   6
f6090f4b6204240


Тақырып 33. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы
Әлемнің постиндустриалды дәуірге енуі, жаһандану, ХХІ ғ. бас кезіндегі технологиялық, әлеуметтік және мәдени қайта құрулар қоғамның тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасын өзгертті. Мұраны сақтауға қамқорлық жасайтын басты әлеуметтік-мәдени институттардың бірі мұражайлар болып табылады.
Мұражай тарихи-ғылыми мұраларды, дерек ретінде ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай ісі тарихы. Мәдени және табиғи заттарды коллекциялау дәстүрі ежелгі грек мәдениетінің өзінде-ақ пайда болған еді. Антикалық храмдар мен мұражайларды (грек. museion сөзінен – музалар храмы) коллекциялардың негізгі бөлігін құдайларға алғыс ретінде берілген жеке сыйлықтар мен соғыс олжалары құрады. Өзге мемлекеттердің тұрмыс, мәдени заттары мұражайға келушілерде басқа өркениеттерге деген қызығушылығын туындатты.
Көптеген антикалық дәстүрлердің жаңғыруы болған Қайта өрлеу дәуірінде мұражай ісінің дәстүрі де қалпына келтірілді. Мұражайлар зайырлық және діни билеушілердің жеке коллекцияларының негізінде пайда бола бастады.
Алдымен олар артефактілер (мәдениет заттары) мен табиғи заттарды жинақтаумен ғана айналысты. Біртіндеп мұражай коллекциялары ғылыми зерттеу және оқу процесінің нысанына айналды.
Мұражайлар типологиясы. Әлеуметтік функциясына қарай мұражайлардың: академиялық (ғылыми-зерттеушілік), оқу (университеттік) және ағартушылық үш тобы ажыратылады.
Коллекциялардың тақырыбы мен құрамына қарай мұражайлар мынадай топтарға бөлінеді:

  • Жойылып кеткен табиғи нысандарды қосқанда (мысалы, палеонтологиялық мұражайларда) табиғаттың бүкіл саналуандылығын көрсететін, коллекциялар сақтайтын және жәдігерлерді көрсететін жаратылыстану-ғылыми мұражайлары екі үлкен – биологиялық және геологиялық топқа бөлінеді.

  • Көркемсурет мұражайларында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің кескіндеме, мүсін және басқа түрлерінің коллекцияларын жинақтап көрсетеді. Бұл үлгідегі мұражайларға заманауи және өзекті өнердің көркемсурет галереялары, ірі көркемсурет мұражайлары (Эрмитаж, Лувр және т.б.) қосылады, бұлар, әдетте, көркемсурет және тарихи мұражайлар үлгісін біріктіреді.

  • Этнографиялық мұражайларда этникалық қауымдастықтардың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениет пен тұрмыс заттары (тұрмыстық, халықтың кәсіптік пен қолөнер бұйымдары, этникалық киім, музыкалық халық аспаптары және т.б.) жинақталған.

  • Тарихи мұражайларда тарихи заттар ел назарына ұсынылады. Тарихи мұражайлардың ішінен археологиялық мұражайлар, сондай-ақ әскери тарихи мұражайлар ажыратылады.

  • Аса көрнекті тарихи оқиғаларды немесе тарих, ғылым, мәдениет қайраткерлеріне арналған есте қалдыру мемориалдық мұражайлар бар. Бұл мұражайларда айтулы оқиға немесе ұлы адамдар өмір сүрген уақыттың шығармашылық жағдайын, қоғамдық-тарихи, мәдени-көркемдік жағдаятын көрсететін материалдар мен құжаттар ұсынылады.

  • Салалық мұражайларда белгілі бір саланың (медицина, көлік, байланыс, машина жасау және т.б.) дамуы туралы әңгімелейтін жәдігерлер жинақталған.

  • Өлкетану (кешенді) мұражайлары – жекелеген қалаларды немесе облыстарда құрылады және осы қала немесе облыс халқының тұрмысы мен тарихын, мәдениетін, табиғатын зерттеу мүмкіндігін береді.


жүктеу 24,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау