Тарих және педагогика факультеті «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы


Мұражай қорларын есепке алу, сақтау және реставрациялау



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#41084
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
ав

Мұражай қорларын есепке алу, сақтау және реставрациялау 
Қорық-мұражай мұражай қорларын толық есепке алу, сақтау және 
реставрациялау мақсатында: 
- Мұражай байлықтарын шөз қорларында және оның филиалының 
қорларында есептеу, сақтау және реставрациялаудыңш ішкі тәртібін 
анықтайтын Нұсқауды өңдейді; 
- «ҚР мұражай қоры туралы» Заңымен және "ҚР мұражайларында 
сақтаулы мұражай байлықтарын есепке алу және сақтау"ш Нұсқауына сәйкес 
мұражай қорларын Мемлекеттік есепке алуды жұргізеді;
- Экспозициялар мен сақтау орындарындағы мұражай байлықтарын 
сақталуын, ескерткіштерді бүліну мен аурудан қорғауды, бүлдіру және ұрлау 
мұмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Сақтаудың қажетті жағдайы болмаған жағдайда, мұражай 
байлықтарының кейбір категорияларына мұражай-қорықтың дирекциясы 
қажетті акт құрастырып, қажетті шара қолдану үшін ҚР мәдениет, ақпаратш 
және қоғамдық келісім министрлігіне жібереді. 
- Қор сақтау орны ретінде шатырды, үй астын қолдануға тыйым 
салынады. 
- Мұражай байлықтарын реставрациялауға реставрациялық
орталықтар мен шеберханалармен келісім жасайды. 
1.2. Ашық аспан астындағы мұражайлардағы мәдени мұра 
объектілерін музейлендіру әдістері 
Ашық аспан астындағы мұражайлардың ерекшелігі-оларда мұражай 
мәніндегі заттар ғана емес, сондай-ақ мәдени мұраның жылжымайтын 
объектілері, сондай-ақ материалдық емес объектілер мен тарихи-мәдени 
ландшафттар да сақталады. Мұражайлық маңызы бар заттарды сақтауға 
қатысты коллекциялық музейлердегідей әдістеме қолданылады. Ерекшелік - 
бұл заттар бастапқы мақсаты бойыншаш пайдаланылатын экомузия. 
Мұражайлық маңызы бар объектілерге қатысты жинақтау термині, 
жоғарыда айтылғандай, жылжымайтын және материалдық емес объектілерге 
қатысты мұражайландыру термині қолданылады. Тарихи-мәдени мұра 
объектілерін мұражайландыру әдістемесі қалыптасуш сатысында. Мұражай 
жинағына енгізілген зат «музей заты», мұражайландырылған объект - «музей 
объектісі» болады. Бұл ұғымдар тең дәрежеде жұмыс істейді [36, 6-б.]. 
«Яссы-Күлтөбе» қалашығыш ашық аспан астындағыш музейге айналады. 


17 
Қазіргі таңда қалашық аумағында археологиялық қазбалар жүргізілуде. 
Ағымдағы жылдың 17 қарашасынанш бастап Яссы қаласының орталық 
бөлігінің төбесі жабылып, көрермен назарына ұсынылатын боладыш. Қазба 
жұмыстарыныңш мақсатыш қаланыңш тарихи маңыздылығы мен әр ғасырдың 
дәйектерін деңгейлеп, кешенді түрде туристер назарынаш ұсына білу
.
«Цитадель» қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының 
қызықты орындарыныңш біріне айналатан болады. 2020 жылы Шымкентш 
ТМД елдерінің мәдени астанасы жылнамасына енген. Бүгінгі таңда аталған 
нысанда археологиялық қазбаш жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Нәтиже де 
жоқ емес. 
Жерастыш қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапты. 
Көлемі 4 гектарды алып жатқан үйіндінің астында не барын ғалымдыр дөп 
басып айта алмайдыш. Дегенменш, табылған кейбір заттар 4 ғасырға тиесілі. 
Соңғысы XIX ғасырдағы үйлердің белгілері және мал сүйегі мен қыш 
құмыралардың сынығынан салынған екі көше құрайды. 
Алғаш ескі қалашықтағы қазба жұмыстары 2003шш жылы «Мәдени 
мұра» бағдарламасы аясында басталған. Соңғы үш жылда жұмыс қарқынды 
жүргізіліп жатыр. Мынау орын бұрынғы үйлердің белгісі. Әр бөлмеде астық 
сақтайтын ыдыстар бар екені көрініп тұрш. 19 ғасырдағы тұрмыс тіршілігі 
байқалады. 
Аумақ тарихи мәдени орын болғандықтан 50 метрге дейін құрылыс 
салуға болмайдыш. Бүгінде қалашықтың маңындағы сауда нысандары 
бұзылып, аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, ескі қалашық 
ашық аспан астындағы мұражай болады».
Ашық аспан астындағы мұражай мекеменің ішінде емес, ашық 
территорияда орналасқан экспозициялар мен негізгі обьектілерді көрсетуге 
негізделген, мұражай топтары. Ашық аспан астындағы мұражай жылжымайтын 
тарихи және мәдени ескерткіштердің табылау орнымен немесе басқа арнайы 
территориядан ауыстыруға байланысты негізделіп құрылады.
Тарихи-мәдени және табиғи объектілерді музей объектісіне айналдыру 
процесі музей объектілерінш көрсету ретінде әрі қарай пайдалану, 
экспозициялық, 
музейлік 
интерпритациялау, 
консервациялау 
мен 
реставрациялау, зерттеу кезеңдерін белгілейдіш.
«М» - термині үлкен мағынада музейлік маңызы бар кез келген объектіге 
қатысты болғанмен көпшілікте (көбіне) жылжымайтын (тұрақты), материалдық 
емес объектілергеш байланысты жиі қолданылады, оларды «М» нәтижесінде 
ансамбльдік музейлер пайда болдыш. «М» терминін алғаш рет Ф.И. Шмит 
қолданып, музей – қорықтардың белсенді пайда болуы мен дамуы кезеңінде, 
XV ғасырдың ІІ жартысында кеңестік музейтанулық әдебиеттерде кең түрде 
қолданыла бастады.
Музей қорықтары 

мәдени және табиғи мұралардың жылжымайтын 
(тұрақты) объектілері мен аумақтарды музеефикациялау негізінде құрылған, 
ашық аспан астындағы музейлер тобы. 


18 
Музей
-
усадьбалар-архитектуралық (сәулет), ландшафтық және 
шаруашылық кешендер усадьбасын музеефикациялау негізінде құрылған 
ансамбльдік музейлер тобы.
Қазіргі музей
-
усадьбалар көпшілігіғ көрнекті тарих, ғылым, мәдениет 
қайреткерініңғ өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық музейлер 
болып табылады. 
ХХ ғ. ашық аспан астындағы мұражайлар әлем елдерінде кеңінен 
танымал бола бастады. Санының күн санап өсуінің себебі археологиялық 
ескерткіштерді тарихи және табиғиш қалыптасқан ортасынан ажыратпай 
олармен бірлікте мәдени-тарихи мұраны сақтап, кешенді түрде көпшілік 
назарына ұсынуында болды.
Ашық аспан астындағы мұражайлар «негізгі объектілері мен 
экспозициясы ғимаратта емес, ашық жерде орналасқандықтан» олар нақты 
шекарасы болмауымен де ерекшеленеді. Қазақстан территориясында қазіргі 
уақытта 35 мыңға жуық жылжымайтын тарих, археология және монументальды 
өнер мен архитектура ескерткіштері орналасқан [1].
Әрине аталмыш ескерткіштердің барлығы дерлік ғылыми өңдеудің 
деңгейлерін басынан өткерді деген сөз емес, алайда, біздің пайымдауымызша, 
материальдық мәдениет пен сәулет өнері үлгілерінің көптігі мен алуан түрлілігі 
оларды ашық аспан астындағы мұражайларға біріктіріп, көпшілік назарына 
ұсынуға сұранып отырған секілді.
Осы қажеттілікті өтеудің бірінші қадамы ретінде 1998 ж. Қазақстан 
Республикасының президентінің бұйрығымен «Ұлы Жібек жолының тарихи 
орталықтарын қайта өркендету, сақтау, түркі халықтарының мәдени мұрасын 
сабақтастықта дамыту, туризм инфрақұрылымын құру» атты қабылданған 
мемлекеттік бағдарлама 2008 ж. Қазақстан Республикасы президенті 
нұсқауымен қайта қолға алыныпш, ол бойынша жұмыстар жасалына бастады 
[2].
Қазақстан территориясынан Ұлы жібек жолының негізгі тармақтарының 
бірінің өткендігі белгілі және қазіргі уақытта да Ұлы жібек жолының 
ортаазиялық-қытай бөлігі ЮНЕСКО-ның әлемдік «Мәдени мұра» тізіміне 
шекаралық аймақ ретіндеш кірістіруге жұмыстар жалғасуда. Аталмыш 
бағдарламаны ортағасырлық қалаларды ашық аспан астындағы мұражайға 
айналдырудыңш бастапқы кезеңі деп қарастырылып, бірнеше мақсат-міндеттер 
бойынша жұмыстар атқаруды қолға алды.
Атап айтқанда:
- Ұлы Жібек жолы бойындағы археология, архитектура және қала салу 
ісінің ескерткіштерін зерттеу және Ұлы жібек жолының мәдени-тарихи 
мұралары жайлы мәліметтер базасын құру;
- Тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру мен 
мұражайландыру;
- Туризм объектілері қатарына енген Ұлы жібек жолы бойындағы 
ортағасырлық қалалар мен елдімекендерді консервациялау, мұражайландыру 
және абаттандыру;


19 
- Ұлы жібек жолы бойындағы тарихи орталықтардың дәстүрлі құрылыс 
нысандарын қайта жаңғырту.
- Қалаларда шынайы төлтума архитектуралық кеңістіктік және 
этномәдени ортаның қайта өркендеуіне жағдай жасау;
- Ұлы жібек жолы бойындағы қалалардың дәстүрлі құрылыс нысандары 
негізінде туризм инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда, сауда және 
сервистік қызмет көрсету орталықтарын салу, діни және «туристік кешендер 
тұрғызу, дәстүрлі қолөнер шеберханаларын салу [3].
Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының барлығы дерлік 
ғылыми өңдеудің бірінші, екінші, және үшінші кезеңдерін басынан өткерді 
және олардың ашық аспан астындағы мұражайға айналу мүмкіндігі бар. Осы 
ортағасырлық қалалар мен археологиялық ескерткіштердің ашық аспан асты 
мұражайына айналу әлеуеті жоғары, атап айтқанда, біріншіден, ортағасырлық 
қалалардың отырықшылық, суармалы егіншілік және қала мәдениеті орталығы 
болғанынан хабар беретін егін шаруашылығында пайдаланатын құрал-
жабдықтардың табылуы, ирригациялық канал іздерінің анықталуы; екіншіден, 
ортағасырлық Қазақстан қалаларында тұрғызылған фортификациялық жүйелер 
ондағы инженерия ғылымының жоғары дәрежеде дамығандығынан хабар 
береді.
Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары үш бөлікке бөлінген: 
цитадель, шахристан, рабад және олардың әрқайсысын қорған қабырғалар 
қоршаған; үшіншіден, ортағасырлық қала тұрғындары тек егіншілікпен ғана 
емес, сонымен қатар қала көшелеріндегі қуыстарда мал өсіріп, қала сыртында 
да қоражайлары болған әрі қалалар территориясынан мал сүйектері табылған; 
төртіншіден, Қазақстанның ортағасыр археологиясында – діни археология 
деген бағыт қалыптаса бастады.
Сауран, Сығанақ, Отырар қалаларында мешіт, медресе және сағана 
орындары, Түркістан қаласында сопылардың жер асты діни орындар - ғарлар, 
Әулие Құмшық-ата, «Қылует» жер асты мешіті, Ахмет Ясауи мавзолейі. 
Архитектуралық ескерткіштердің бұл түрінің кең етек жайғандығы діннің 
қоғамда жоғары дәрежеге ие болғандығынан ғана хабар бермейді, сонымен 
қатар ислам дінімен бірлесе жүретін ғылым мен білімнің дамығандығынан да 
хабардар етеді.
Аталмыш археологиялық объектілер көне заманнан қазірге дейін қасиетті 
және зиярат ету орындары болып саналады; бесіншіден, дәстүрлі қолөнердің 
жоғары дәрежеде дамығандығынан хабар беретін керамикалық заттар мен 
дәстүрлі қолөнер бұйымдарының көптеп табылуы; алтыншыдан, ортағасырлық 
нумизматика жайлы жаңа мәліметтердің алынуы жоғары деңгейде дамыған 
сауда қатынастарынан хабардар береді.
Ашық аспан астындағы мұражайлардың басқа типтегі мұражайлардан 
өзгешелігі де жоғарыда аталған мағлұматтар аясында түзіледі және бұл 
ерекшеліктерді қалыптасқан ортасында көзбен көріп, қолмен ұстауға болады. 
Кез келген мұражайды балалар орнықты білім алатын, жастар мәліметтер 
жинай алатын, суретші үшін шабыт көзі бола алатын орталық, адам жанын 


20 
сауықтыру үшін демалыс орны және ересек адамның білімінің тереңдей түсуіне 
барлық мүмкіндіктерді жасайтын ғылыми зерттеу орталық деп қарастырсақ, 
онда тарихи маңыздылығы жоғары археологиялық объектілер мен 
ортағасырлық қалалар аталмыш критерийлердің барлығына сәйкес келіп 
тұрғандығын байқаймыз.
Ашық аспан асты мұражайларның педагогикалық әлеуеті жайлы 
философ, педагог және психолог Джон Дьюи «Көрнекілік құрал қолданған кез 
келген сабақ түпнұсқа заттар және табиғатпен жанасуды алмастыра алмайды» 
[4] десе, танымал швейцария психологы Жан Пиаженің материалдық мәдениет 
үлгілерінің бір ерекшелігі көзбен көріп, қолмен ұстап көруге мүмкіндік беретін 
археологиялық ескерткіштердің бұл ерекшелігін пайдалануға кеңес беретін 
«Кез келген зат жайлы түсінік бала ол затты қолмен ұстап жеке жұмыс 
жасағаннан кейін қалыптасады» [5] деген пікірін толықтырған Иоганн Генрих 
Песталоцци «Оқыту үдерісінде баланың ақылы, жүрегі және қолы да бірге 
жұмыс жасау керек» [6] деген ойды айтады.
Жоғарыда келтірілген пікірлерге сүйеніп, адамның ойлау мен қабылдау 
қабілеттері «мен естимін – тез ұмытамын, мен көргенімді – еске аламын, мен 
қолмен жасағанды ұғынамын, мәнін ашуға тырысамын» деген жүйеге 
негізделгендігін аңғарамыз.
Адамның есте сақтау қабілетінеш негізделген аталмыш жүйені нақты 
сандық көрсеткіштермен толықтырар болсақ, адам естіген мағлұматының 10 %-
ын ғана есте сақтайды, өйткені адамда мағлұмат алған зат немесе құбылыс 
жайлы жалпы көрініс қалыптасқаныменш, оны өз көзіменшш көрмеді. Алайда, 
адам көргенінің 50%-ын ғана есте сақтайдыш. Яғни, адамда зат немесе құбылыс 
жайлы толық мағлұмат қалыптаспайды, сондықтан бір-бірімен байланыссыз 
заттар мен құбылыстар жайлы мағлұмат алған адам, оны келешекте дамытып, 
қажет мезгілде қолдана алмайдыш деген мағына береді.
Ал, бұл жүйеде білім берудің ең тиімді жолы үшінші екендігішш анық, 
яғни ашық аспан астындағы мұражайларға ұйымдастырылған туристік 
маршруттар оқушы немесе жасөспірім санасында 90%-ы есте сақталады [7]. 
Өйткені тиімді әрі белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін, жоспарлы 
түрде ортағасырлық қалаларға ұйымдастырылған туристік маршруттар оқушы 
немесе жасөспірім санасына ықпалш етіп, өзінш сол әлемге тап болғандай 
сезінуге көмектеседі, туристік маршруттанш алған әсерлер көп уақытқа дейін 
ұмытылмайды әрі үлкейген сайын заттар мен құбылыстардыңш жаңа мәні мен 
мазмұнын ашуға септігін тигізеді.
Есте сақтау қабілетінің аталмышш ерекшеліктерін ескерген танымал 
итальян педагогы Мария Монтессоридің тәжірибе негізінде жасаған 
қорытындысын, яғни «оқыту мен тәрбиенің негізі-сенсорлық тәрбие» деген 
тұжырымын басшылыққа ала отырып, ашық аспан асты мұражайларын құруда 
«уақытты кері қайтару мүмкіндігі» концепциясына негізделіп жасалуы керек 
екендігін тілге тиек еткіміз келеді.
«Уақытты кері қайтару» концепциясына сүйенген ашық аспан асты 
мұражайлардың білім берудегі маңыздылығы жайлы неміс қайраткері 


21 
Г.Кершенштайнер: «Мұражайға келуші қолда бар «қосалқы педагогикалық 
құралдар» арқылы барлық технологиялық және шығармашылық үдерісті 
көрнекі-бейнелі түрде көруіне мұражай жағдай жасау керек» [8] деген ой 
тұжырымдаса, ХХ ғ. басындағы белгілі мұражай қайраткері М.В. Новорусский 
мұражайды күшті оқу-ағарту құралыш деп қарастырып, өздігінен мағлұмат 
бермейтін жансыз заттармен жұмыс жасайтын мұражайдың басқа 
педагогикалық мекемелер арасында өзіндік орны бар екендігінш алға тартады 
[9].
Әрине, мұражайлардың жас ұрпаққа білім берудегі алатын орын мен ролі 
жайлы жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, барлық мәселелер талқыланған. 
Сондықтан мұражай педагогикасын мұражайдың «білім беру» қызметімен 
сәйкестендіретін ойтұжырымдар көп айтылған және айтылуда. 
Сондықтан «мұражай педагогикасы» мен мұражайдың «білім беру» 
қызметі арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктердің шекарасын 
айқындаудың уақыты жеткен тәрізді: біріншіден, мұражай педагогикасында 
«оқу-ағарту», «білім беру» және «педагогика» терминдерінің бір мезетте 
қолданылуы аталмыш ғылымды бір жағынан мұражайтану, екінші жағынан 
педагогикаға қатысы бар ғылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұражай педагогикасы белгілі бір мақсат пен міндеттерді 
орындауға бағыт алған, өзінің орнықты түсініктері мен категориялары 
белгіленген әрі онда жетекші орын «мұражайға» берілетін ғылым саласы, 
екіншіден, мұражай педагогикасында «мұражайдың білім беру қызметі - 
мұражайға келушілермен жұмыс жасаудың бір бағыты» деп қарастырылады. 
үшіншіден, мұражай педагогикасы «білім беруден» бөлек дамытушылық, 
тәрбие беру қызметтерін де іске асырады.
Мұражай педагогикасында жетекші орын мұражайға берілетіндігін 
баяндадық. Ғылыми мақсат-міндеттермен қатар, педагогикалық мекеме ретінде 
қарастырылатын мұражай «мұражай - өнер мен мәдениет ескерткіштерін 
сақтау, ғылыми зерттеу, сұрыптау жұмыстарын жүзеге асыратын, сонымен 
қатар жеке тұлғаның мәдени құндылықтарды зерттеу мен игеру жолында 
туындаған білім алу мен шығармашылық қызығушылықты қанағаттандыруға 
бағытталған мекеме» [10]. 
Ресейдің мұражай энциклопедиясында «қалыптасқан ортасынан алынып, 
қоғам тарихи құндылығын мойындаған тарихи және мәдени объектілерді 
сұрыптау, сақтау және көрсетуге қоғамдық мұқтаждық туындаған алуан түрлі 
қызмет атқаратын институт» [11] екендігін баса айтады.
Мұражайға берілген екі анықтама да оның оқу-ағарту, білім және 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде, отандық және әлемдік мәдениет 
құндылықтарын 
сақтау 
мен 
қайта 
жаңғыртуда, 
тарихи 
жадының 
қалыптасуында қоғамның рухани өмірінде алар орны ерекше екендігіне назар 
аударады. Сол секілді мұражайдың бір түрі ретінде қарастырылатын ашық 
аспан асты мұражайлардың да рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы 
әлеуеті жоғары.


22 
Археологиялық ескерткіштердің көптеп табылуы мен ортағасырлық 
қалалардағы қазба жұмыстары, мұражай педагогикасында аталмыш 
ескерткіштердің ұтымды әрі тиімді пайдаланылуына тікелей жол ашылады 
деген сөз емес. Мұражай педагогикасы рухани қазына мен тарихымыздың тірі 
тағылымдарын әртүрлі әлеуметтік топтардың игілігіне жарату үшін ғылыми 
негізі бар әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер 
жиынтығын жүзеге асыру қажет.
Бұл әрекеттер жиынтығында мұражайлардың атқаратын қызметіне 
байланысты екі түрлі пікір БҚМУ Хабаршысы №1-2016ж. 333 қалыптасқан. 
Біріншілері: мұражайлардың ғылыми-құжаттық, сақтау, зерттеу және оқу-
ағартушылық қызметтері бар десе, екіншілері: құжаттау, білім беру мен 
тәрбиелеу және бос уақытты тиімді ұйымдастыруш секілді қызметтерге айқын 
басымдылық береді.
Ашық аспан асты мұражайлардың қызметін екі бағыттың ұстанымына 
сәйкестендіріп, мұражай педагогикасына негіздепш, тұжырымдасақ, мынадай 
қызметтерді көрсетуге болады:
- ғылыми-құжаттау – археологиялық ескерткіш орнын анықтайды, есепке 
алады, сипаттайды: 
- зерттеу – археологиялық ескерткіш жайлы жазба деректерден 
мәліметтер жинақтайды және оның атқарған қызметіне байланысты ой қорыту 
көмектеседі: 
- сақтау-қайта қалпына келтіру – археологиялық жәдігердің қорғау, 
сақтау және консервациялау, реставрациялау шараларынш жүзеге асырады: 
- мұражайдың білім беру қызметі – мәліметтерді көзбен көріп, қабылдау 
мен игеру мүмкіндігі, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, тарих 
және мәдениет ескерткіштеріне тануға дегенш қызығушылықтың артуына 
жағдай жасайды, яғни, бұл қызмет мұражай педагогикасымен тікелей 
байланысты; 
- тәрбиелік қызметі – жеке тұлғағаш тиесілі қасиеттер, көзқарастар, 
пікірлер қалыптастыруға бағытталған әрекеттер жиынтығы, мұражайға келуші 
тек білім ғана алып қоймай, әлеуметтік тәжірибеніңш басқа элементтерін 
бойына сіңіреді, интериоризация (адам психикасының ішкі құрылымы 
әлеуметтік әрекеттердің элементерін сіңіріп, құрылымын өзгертуі) және 
экстериоризация (психиканың ішкі құрылымының сыртқы іс-әрекетке айналуы) 
[12,13]. 
Мұражайдың тәрбиелік қызметінің ақыл-ой, адамгершілік еңбек, 
эстетикалық және экологиялық тәрбие және ұлттық тарихи қалыптасуындағы 
орнын ерекше атау керек. 
- дамытушылық – ойлаудың жандануы, интеллектуальды сезімдердің, 
есте сақтаудың дамуығ, сөздік қорының баюына алып келеді;
- ағартушылық қызметі – шеберлік пен дағдылардың қалыптасуы мен 
алынған мәліметтерді дұрыс қабылдаудың қалыптасуынағ негіз болады;


23 
Егер ашық аспан асты мұражайлардың алғашқы үшеуі мұражай 
қызметінің тарихи аспектісін қамтыса, кейінгі үшеуі мұражай педагогикасығ 
аясында қарастырылады.
Мұражай педагогикасы ұғымын алғаш қолданғандар қатарына 
А.Рейхвейнт (өз шығармаларында мұражай, мектеп және мұғалім арасындағы 
байланысты кеңінен талқылаған), Я.К.Фризенғ (мұражай педагогикасының 
мазмұны мұражай дидактикасы мен мұражай құралдарына сүйенетін оқу-
ағартушылық қызмет негізінде шығармашылық тәрбиенің дәстүрлерін жүзеге 
асырады деген пікірді ұстанған), Г.Фройдентальды (мұражайдың білім беру 
қызметі ғылыми зерттеудің нысанына айналдыруғ туралы пікірлер айтқан) 
атауға болады [14].
Орыс ғалымдарыныңғ арасында алғашқылардың бірі болып мұражай 
педагогикасына анықтама берген Ю.Юхневич болды [15]. Ол мұражай 
педагогикасы мұражайтану, педагогика және педагогикалық ғпсихология 
секілді ғылым салалары негізінде қалыптасқан мұражайдың білім беру 
қызметін іске асыру түрлері, әдіс-тәсілдері менғ қағидаларын, мұражай 
коммуникациясының білім беру аспектісін зерттеумен айналысадығ деген 
анықтама береді.
Б.А.Столяров болса, мұражай педагогикасы пәнаралық білім беру бір 
саласы ретінде мұражай ортасы жағдайында шығармашылық тәжірибемен 
бөлісуге бағытталып, арнайы қолданбалы іс-әрекет негізінде қалыптасып, 
педагогика, психология, өнертану және мұражайтану ғылымдары негізінде 
пайда болған ғылым саласы деген анықтама береді [14].
Мұражай педагогикасының пән ретінде қалыптасуына қандай анықтама 
берсе де ғалымдардың барлығы дерлік тарихи және мәдени құндылықтармен 
қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер 
ететін БҚМУ Хабаршысы №1-2016ж. 334 тәсілдері мен заңдылықтарын жоққа 
шығармайды.
Мұражай педагогикасының зерттеуш объектісі мен пәні мұражай 
педагогикасы педагогика, психология, мұражайтанушш, өнертану (мәдениеттің 
бір саласы ретінде), тарихи өлкетану секілді ғылым салаларының негізінде 
қалыптасты және мұражай педагогикасы мұражай коммуникациясы түрлерін 
зерттеп, мағлұматты берудеш мұражай құралдарын пайдаланса, мағлұмат 
қабылдауды педагогикалық тұрғыдан жүзеге асыратын ғылым саласы 
екендігіне анық сенімдімізш.
Өйткені, мұражай педагогикасыныңш пәнін мұражайдың педагогикалық 
әсер ету мазмұныш, әдіс-тәсілдері және түрлерімен байланысты мәселелер, 
аталмыш педагогикалық әсердің халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әсер ету 
мүмкіндігі, мұражайдың білім беру мекемесі ретінде атқаратын қызметті 
құрайдыш [14].
Мұражай оқу-ағартушылық, тәрбие беру қызметін атқарғандықтан, 
толыққанды педагогикалық жүйе бола алады. Мұражайлық – педагогикалық 
үдеріс мұражай құралдары арқылы шығармашылық белсенді кемелденгенш 


24 
тұлға қалыптастыруға бағытталған педагог пен білім алушы арасындағы 
қарым-қатынасты жүйелі әрі нақты ұйымдастыруға негізделгенш [9, 47-55 бб.]. 
Мұражай-педагогикалық үдерісті бір-біріменш байланысты тізбек түрінде 
қарастыруға болады: педагог→мұражай экспонаты (бұл жерде археологиялық 
жәдігер) →мұражайға келуші. Педагог-мұражайға шкелушіге тұлғалық даму 
субъектісі ретінде қарап, ашық аспан астындағы мұражайларданш алған 
мағлұматты игеру, талдау және белгілі бір жүйеге келтіруге көмектеседіш. 
Осылай ол археологиялық ескерткіш жайлы түсінік қалыптастыруға жол 
ашады. Мұражайға келуші – мұражай-педагогикалық үдерістің субъектісі деп 
қарастырылып, мұражай экспонатын көзбен көргеннен кейін ойлау мен 
қабылдау қабілеті қалыптасадыш. Мұражай педагогы, мұражай экспонаты және 
мұражайға келуші бір жүйеге бірігіп, мұражай ортасын түзедіш.
Мұражай ортасы келесі құрамдас бөліктерден тұрады: - ашық аспан асты 
мұражайға айналған археологиялық ескерткіштердің барлық типтері, яғни 
археологиялық кешен – археологиялық ескерткіштер жиынтығы (ортағасырлық 
қалалар мен олардың территориясында табылған объектілер); археологиялық 
ескерткіштер 
(ортағасырлық 
қалалар); 
археологиялық 
объектілер 
(ортағасырлық қала территориясынан табылған құрылыс нысандары);
- археологиялық ескерткіш типтерінің 
соңғы түрі, яғни табылған археологиялық заттардан мұражай 
экспозициясын құру. шАшық аспан асты мұражайлар ортасының білім беру 
әлеуетіне мынадай сипаттама беруге болады:
- мәліметтің сапасыныңғ жоғары болуы – ашық аспан асты мұражай 
экспонаттарын көруге мүмкіндік бар. Олардың сыртқы келбеті әр түрлі: көлемі, 
аумағы, түсі, эстетикалық көрсеткіштеріш де алуан түрлі, түпнұсқа 
экспонаттарш бірегейлігімен де ерекшеленеді; мұражай ортасы тарихи, 
мемориальдық, эстетикалық, рухани және материальдық құндылықтар 
санатына жататын әсерлі де құнды дүниелерге бай, олар адамның сезімдік 
сферасына әсер етіп, ақиқат пен шыңдыққа құнды көзқарастың қалыптасуына 
жағдай 
жасайды; 
адамның 
шығармашылық 
қиялын 
шарықтататын 
архитектуралық, діни кешендердің (мешіт-медреселер) көп мәнділігін оларда 
бейнеленген бедерлі рәміздердің көптігінен білуге болады - адамның 
шығармашылық қабілетін дамытуға ондағығ адам қолымен жасалған 
материальдық құндылықтар (керамикалық бұйымдар, тұрмыстық заттар) 
Осылай мұражай-педагогикалық үдерістіңғ құрамдас бөліктері бір-
бірімен байланысыпш, мәдени құндылықтардыш бойына сіңірген кемелденген 
адамның қалыптасуына жағдай жасайды.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген ортағасырлық қала – ашық 
аспан астындағы мұражайға айнала алады және мысал ретінде кең масштабты 
зерттеулер жүргізілген Отырар қаласын алар болсақ, біріншіден, әрбір музейге 
келуші үшін мұражай экспозициясын тұрғындардың әлеуметтік жағдайынан 
хабар беретін тұрғын жайлармен танысудан бастайды, магистральды және орам 
ішілік көшелер мен қуыстарда тұрғын кейпіндегі сол заманғы киім үлгісіндеш 
киіндірілген манекентұрғындар, одан кейін орамдар және орамдарға біріккен 


25 
тұрғын үйлерш, тұрғын үйлердің ішкі жабдықталуымен танысуға мүмкіндік 
беретін бөлмелер интерьерінде сыпа, таснауа алаңқайы, тандыр, мұржаш, 
қойма ұралары, тұрғындар пайдаланған шаруашылық заттар: дәнүккіштер, 
керамикалық бұйымдар, ұн сақтайтын жәшіктер; екіншіден, қала 
тұрғындарыныңш шаруашылығынан хабар беретін орам ішілік қуыстардағы 
қора-жайлар мен қала сыртындағы егістіктері, керамикалық шеберханалар, 
металл және сүйек ұқсату, тері илеу өнері, керамикалық бұйымдарын, мата 
өндірісі өнімдерін сыйлық ретінде алуға мүмкіндік жасалса; үшіншіден, 
мұражайға келушілер сонымен қатар қазба жұмыстарының барысымен де 
танысуға мүмкіндік алады; төртіншіден, мұражайға келушілер ортағасырлық 
қала орталығында орналасқан діни орындар мешіт, шығыс моншасы, 
ирригациялық каналдар мен суармалы жүйелермен танысуға мүмкіндік алады.
Ашық 
аспан 
астындағы 
мұражайлардың 
әлеуетін 
мұражай 
педагогикасында пайдалануш үшін мына мәселелер ескерілуі қажет екендігі 
анықталды: методикалық ұйымдастыру мұражай ортасында іске асатын білім 
беру бағдарламаларының адамдардыңғ жас ерекшеліктері мен жалпы 
мәдениеттілік деңгейіне сәйкестігі, мұражай педагогының педагогикалық-
психологиялық және тек мұражайға тәнғ арнайы білімдерді игергендігі; 
сарындық – экскурсия мен сабақ барысында шығармашылық әрекеттің үлгілері 
сынды мұражай экспозициясының позитивті қабылдануына эмоциялық 
жайлылықтың орын алуы, шығармашылық қызығушылық, танымдық және 
шығармашылық белсенділіктің артуына себепші болу;
Мазмұндық – педагогикалық дағдыланған экскурсия мазмұнын жасау 
мұражай педагогына мұражай экспонаты мен мәдени-тарихи ара қашықтықты 
еңсеруге мүмкіндік береді; үдерістік – мұражайда білім беру үдерісінің 
регламентін қатаң сақтамау ойлау, эмоция, сезімдердің шарықтауына, ойдан 
шығарылған жағдайлар жасау – адамға өзін сол ортада жүргендегідей 
сезімдерді басынан кешіруге мүмкіндік береді.
Аталмыш концепцияға негізделген ашық аспан астындағы мұражайлар 
(қазіргі қорық-мұражайлар) Қазақстан Республикасы президенті атап 
көрсеткендей, «әрбір қорық-мұражайға жеке сипат беріп, статусын мен 
туристік маршрут бағытын анықтау қажеттілігі тууда» [3]. Алайда бұл 
мұражайлар өлкетанулық мұражайлар экспозициясы секілді бір сарынға 
негізделмей, мұражайдағы әрбір объект Қазақ тарихының әр кезеңін көрсетуге 
бағытталуы тиіс.
Ашық аспан астындағы мұражайлардағы экспонаттар қимылсыз, 
қозғалыссыз тұрмай, сол дәуірдің сарыны есетін, мұражайға келушілер нәр 
алатын, рухани қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін ортаға айналуы тиіс деген 
қорытындыға келеміз.


26 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау