Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Аралас сусындарды дайындаудың



жүктеу 0,77 Mb.
бет113/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org

12.10.3.
Аралас сусындарды дайындаудың 
технологиясы
Аралас сусындарды дайындауда түрлі технологиялық тәсілдерді
пайдаланады. Беруге арналған ыдысында тікелей дайындалатын сусындар
бар. Ондай сусындарға қабатты коктейльдер жатады. Оларды дайындауда
ең маңызды сәт – компоненттерін іріктеу. Олар араласпауы керек, сондықтан
әртүрлі тығыздыққа ие болулары керек. Сонымен қатар, компоненттерінің
түсі әртүрлі болғаны жөн. Қабатты коктейльдерді оғаш коктейльдер деп
атайтыны кездейсоқ емес.
Алкогольді сусындардың салыстырмалы салмағы негізінде оның
құрамындағы қантпен анықталады: қант неғұрлым көп болса, сусын
соғұрлым тығыз. Егер алкогольді сусындарды құрамындағы қантқа
байланысты кемімелі ретпен орналастыратын болса, келесідей реттілік
шығады: шәрбаттар – кремдер – десертті ликерлер – күшті ликерлер –
пунштар – шараптар – десертті шараптар – тәтті тұнбалар – аперитивтер –
жартылай тәтті тұнбалар – ащы тұнбалар – арақ – коньяк – джин – виски.
Бұл коктейльдердің құрамына спиртті сусындардан бөлек, кілегей,
жұмыртқаның ағы немесе сарысы, түрлі жеміс шырыны, сүт кіреді.



Барлық компоненттер тең үлеспен алынады. Оларды алдын ала


салқындатып, рөмкеге көлбеу ұсталған пышақтың жүзімен құяды (жұмыртқа
сарысын рөмке қабырғасымен). Бұл коктейльдерге түтікшелерді беру қажет
емес. Өйткені оларды бір жұтыммен ішеді.
Коктейльдердің көбін арнайы аспап – шейкер не миксерде барлығын
немесе компонент бөліктерін араластырып дайындайды.
Бақылау сұрақтары 
1.
Адам тамақтануында тәтті тағамдардың маңызы қандай?
2.
Түрлі тағамдарға кілегей мен қаймақтарды қалай дайындайды?
3.
Дірілдекті заттектердің қасиеттері мен оларды тәтті тағамдарды
дайындауда қолданудың технологиясын сипаттап беріңіз.
4.
Дірілдекті тәтті тағамдарды дайындаудың сұрыпталымдары мен
технологиясы қандай?
5.
Балмұздақтан тағамдар әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы
қандай?
6.
Суфле әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
7.
Пудинг әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
8.
Алмалардан ыстық тәтті тағамдар әзірлеудің сұрыпталымдары мен
технологиясы қандай?
9.
Сусындар қандай топтар мен топшаларға жіктеледі?
10.
Шарап қосылған ыстық сусындарды дайындаудың сұрыпталымдары мен
технологиясы қандай?
11.
Наннан жасалған квасты дайындаудың сұрыпталымдары мен
технологиясы қандай?
12.
Салқын алкогольді аралас сусындар қалай жіктеледі?
13.
Салқын алкогольді аралас сусындар қандай компоненттерден тұрады?
14.
Салқын алкогольді аралас сусындардың дайындалу технологиясы қандай?





жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау