Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


 Өндiрiстiк және тұрғын үйi. Өндiрiстiк зерттеулер зертханасы



жүктеу 409,82 Kb.
бет30/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
МЖСТТ

3.4 Өндiрiстiк және тұрғын үйi. Өндiрiстiк зерттеулер зертханасы
Еңбекшi коллективке керектi еңбек және тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін әрбiр гидромелиоративтiк жүйенiң жұмысшылардың штат санына сай қызметтiк, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және өндiрiске арналған ғимараттары болуы керек.
Жүйенiң пайдаланушы қызметшiлерiне арналған барлық үйлер арнайы ұйымдастырылған поселкiлерде (қалашықтарда) орналасады, сонымен қатар елдi пунктте орналасқан пайдалану учаскесiнiң үй-жайы жолдармен, электр жарығымен, газбен, телефон байланысымен және басқалармен қамтамасыз етiлген. Жүйенiң бас учаскесiнде және түйіндегi ғимараттарда кезекшi қызметкерлердi және маусымдық жұмысшыларды орналастыру үшін үй болуы керек.
Тұрғын үй қорын анықтағанда жүйедегi жұмысшылардың санының есебiн, әдетте, штат құрамының 80%-на тең қабылдайды. Жұмысшылардың қалған 20 %-ын - жергiлiктi тұрғындар және негiзгi жұмысшылардың жан-үялары деп үйғарады. Тұрғын Үйдiң пайдалы ауданын, штаттағы әр жұмысшының жан-үясына, қазiргi нормаға сай бiр адамға бөлінетiн жалпы ауданды есептеп, бөлек пәтер беру керегiн ескере отырып анықтайды.
Шаруашылық аралық жүйенiң пайдалану басқармасының үйiнiң ауданын, әр қызметкерлi, орташа 8 м2 қамтамаыз ететiндей жағдайда есептейдi. Одан басқа, басқарма үйiнде мәжілiс залы, диспетчерлер бөлмесi, байланыс торабы, зертхана, техникалық әдебиеттер кiтапханасы және басқа бөлмелер (мысалы, мұражай).
Қазiргi жүйелердiң тәжіребелерiне сүйенiп өндірістік үйдiң пайдалы ауданы 1 га мелиорацияланған ауданға 0,1-0,15 м2 құрайды. Өндiрiстiк үйлерге солармен бiрге, қоймалар, гараждар және басқалар жатады.
Пайдалану қалашықтарына мәдени-тұрмыстық үйлер тұрғызылады: дүкендер, клубтар, мектептер, медпункттер, моншалар. Қалашық су, жылу-газ- және электр жабдықтарымен қамтамасыз етiледi, телефондандырылады.
Пайдалану басқармасында өндірістік зерттеулер зертханасы жүйелердi жетiлдiру және оларды пайдалануды жақсарту үшін құрылады. Олар зерттеулердi шаруашылық аралық жүйелердiң бөлімдерiнде ғана емес, шаруашылықтың жасаған келiсiм-шарттары бойынша шаруашылықтың iшiндегi жүйелерде де жүргізедi.
Зертханада жер қыртысы және суаратын сулардың сапаларын талдау, топырақтың су-физикалық қасиеттерiн анықтау жұмыстарын жүргізедi, суару режимi мен технолоигясы, суаратын судың ысырабы, тағы басқалар бойынша далалық зерттеулердi орындайды; Өндірістік зерттеулердiң нәтижелерiн өңдейдi және ғылыми-техникалық есеп жасайды. Зертхана соңғы құрал-саймандар (жабдықтармен) және есептеу техникаларымен жабдықталады. Бiр зертхана 10-12 мың га мелиорацияланған жерге қызмет жасайды.
3.5 Қосымша кәсіпорны мен өндірістік база. Пайдалану жұмыстарына арналған машиналар. Тасымалдау құралдары
Жүйедегi нысаналарда негiзгi жөндеу жұмыстары мен техникалық қызметтi орындау үшін мелиоративтi-құрылыс машиналары мен тасымалдау құралдары пайдалану басқармасының өзiнiң қосымша кәсіпорны мен өндірістік базасы (материалды-техникалық) бар.
Қосымша кәсіпорынға жөндеу-механикалық шеберханалары, механикалық базалары, мұнай базасы, трансформаторлы подстанция, складтар, құрылыс аулалары, карьерлер жатады.
Жөндеу-механикалық шеберханасының өндірістік қуаттылығы машина паркiндегi барлық жөндеуге көп еңбек сiңiрудi керек қылушылықтың қосындысына және қуаттылықтың 10-30%-ға өсетiндiгiн ескере отырып бiр шартты жөндеуге көп еңбек сiңiрудi керек қылушылыққа (қазiргi жүйелерде шамамен 300 адам-са жүйелерде шамамен 300 адам-сағат) байланысты, сонымен қатар тек пайдалануға керектi артық бөлшектер мен жабдықтарды дайындауға мүмкіншiлiктiң болуы.
Гидромелиоративтiк жүйелер пайдалану жұмыстары үшін мелиоративтiк-құрылыс машиналары, тасымалдау құралдарымен жабдықталған болуы керек. Машиналардың саны мен құрамы жөндеу-пайдалану жұмыстарының көлемiне байланысты.
Жөндеу-пайдалану жұмыстары үшін машина паркiнiң құрамына кiретiндер: автомобильдер, тракторлар, экскаваторлар, скреперлер, грейдерлер, бульдозерлер, ұзынбазалы тегiстегiштер, катоктар, каналтазартқыштар, крандар, оратын машиналар, жерснаряд-машиналар, бетонараластырғаштар, ұңғыма бүрғылайтын машиналар және басқалар.
Жүк және жеңiл машиналардығ санын пайдаланушы қызметкерлердiң әдеттегiдей жұмыс жасауына керектi шамаға, жүйенiң күрделілiгi мен ауданына байланысты анықтайды.
Пайдалану басқармасында бiр жеңiл автомобиль, ГАЗ-53А түріндегi 1-4 автомобильдер, 3-14 мотоциклдер (бiрiншi цифры ауданы 5-15 мың га болатын өздігінен суарылатын жүйелер үшін, екiншiсi - ауданы 30-60 мың га суды машинамен көтерiп суаратын жүйелер үшін) болуы керек.
Гидромелиоративтiк жүйелерде, каналдар мен су қоймаларында материалдарды жеткiзу үшін және инспекторлық мақсатқа қажеттi су транспорты болуы керек (катерлер, баржылар, глиссерлер, моторлы қайықтар және басқалар).
Жүйелерге техникалық қызмет жасайтын механикаландырылған звенолар машинамен, көлiк тасымалдарымен және ережеге байланысты құрал-саймандармен жабдықталады. Мысалы, ауданы 3 мың га болатынсуармалы жүйеге қызмет жасайтын механикаландырылған звено бiр шөмішті пневмодөңгелектi экскаватор немесе каналтазартқыш, трактор, трактор тiркемесi - екi осьтi өзi аударатын (1-4), оратын машина (косилка), бортты автомобиль, далалық вагон, дәнекерлеу агрегаты.
Жөндеу-пайдалану жұмыстарын әдеттегiдей орындау үшін өндірістік базаның негiзгi қорының бағасы осы жұмыстардың жылдық көлемiнiң шамамен 60-70% құрауы керек (су шаруашылығы ұйымдарының жөндеу-салу жұмыстарының тәжіребесi бойынша).
3.6 Жолдар тiзбегi. Каналдар мен ғимараттардағы пайдалану жабдықтары
Жолдар тiзбегi iрi каналдар мен коллекторлардың жиегiмен жүруге арнайы (пайдалану) жолдардан арналған, сонымен қатар пайдалану басқармасы мен пайдалану учаскелерiн көп шiлiктiң пайдаланатын жолдарымен қосатын кiретiн жолдардан тұрады. Пайдалану жолдары тиiстi тәртіп бойынша болуы керек және ауа-райының жағдайына қарамастан барлық гидротехникалық ғимараттарға емiн-еркiн кiрудi, iрi каналдар мен үйiлген бөгеттердi жағалап жүрудi қамтамасыз етедi. Кiшкентай каналдар мен ғимараттарды қарау және жөндеу үшін енi 1-1,5 м болатын пайдалану соқпақтарын жасайды.
Кiретiн жолдардың топырақпен төселетiн енi 6,5 м, пайдаланатын жолдардiкi - 5 м. Кюветтер трапецеидальдi және үшбүрышты, тереңдiктерi тастақ және құмайт топырақтарда 0,3-0,4 м, сазды және шаң топырақтарда 0,5-0,6 м. Жолдың үйiндiсiнiң биiктiгi 0,5 м көбірек және құмшауыт топырақтарға жолдың кюветсiз көлденең қимасы ұсынылады.
Каналдар мен ғимараттардағы пайдалану жабдықтарына реперлер, маркiлер, жаға белгiлерi, каналдардағы бақылау жақтаулары, бақылау ұңғымалары және басқалар жатады.
Реперлердiң екi түрі орнатылады: геодезиялық және конструкциялық. Геодезиялық реперлер жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, гидрометриялық өлшеулер, жер қыртысы суларын бақылағанда, жұмыс көлемiн анықтағанда және басқа жағдайларда биiктiкке бекiтуге арналған. Конструкциялы реперлер жөндеу жұмыстарын ниверлирсiз жүргізу үшін каналдардың, бөгеттердiң, бөгеттердiң жобадағы белгілері мен өлшемдерін бекiту үшін қызмет етедi.
Жаға белгiлерi (шақырым столбтары, пикеттiк және реттiк белгiлерi) жүйеге техникалық қызмет жасағанда пайдалану қызметкерлерiнiң бағыт-бағдарын жеңiлдету үшін қойылады.
Топырақтан жасалған бөгеттің және бөгеттердiң денесiнен жер қыртысы суларының сүзілуiн, сонымен қатар бетоннан жасалған ғимараттардың табанынан және оларды айналып өтуiн бақылау үшін құбырдың төменгi бөлігінде сүзгiсi бар ұңғыма-пьезометрлер орналастырады. Ғимараттардағы пьезометрлiк жақтаулардың саны олардың конструктивтi ерекшелiктерiне байланысты, ал олардағы пьезометрлердiң саны сондағы немесе басқа көлденең қимасында депрессия қисығын алуды қамтамасыз етуiне байланысты. Әдетте, ғимараттарда орнатылатын пьезометриялық жақтаудың саны үштен кем емес.
3.7 Орман жолақтары
Суаратын каналдар мен су жинайтын-тастайтын тiзбектердi жағалай ағаштар жолағын отырғызады. Сондай-ақ, орман жолақтары пайдалану учаскелерiнiң, ауыспалы егiс танаптарының шекараларына, жолдарды жағалай, су тоғандарының айналасына отырғызылады. Жүйенiң бас учаскесiнде ағаштар бөлек алқаптар түрінде отырғызылады.
Мiндеттерiне байланысты орман жолақтары танаптарды қорғау үшін (құрғақшылыққа қарсы), каналдарды көлеңкелеу үшін (олардағы өсiмдiктердiң өсуiн азайту мақсатында), су реттеудi қорғау (су эрозиясынан қорғау үшін), мелиоративтi (канал жиегiндегi жолақтарда жер қыртысы суларының деңгейiн төмендету үшін) болып бөлінедi.
Каналдардың (әсiресе iрi) екi жағына орналастырылған орман жолақтары көбірек тиiмдi. Ағаштардың қатардағы саны, демек, жолақтардың енi де олардың мiндеттерiне және орналасу орнына байланысты: iрi каналдардың жиегiндегi шүңқырлардағы орман жолақтары 5-30 м құрайды, ал кейбiр жағдайларда 60-80 м (қатардың саны 4-6 және одан да көбірек), суармалы алқаптар мен жердi пайдалану шекараларында орман жолақтары 2-5 қатардан отырғызылады, жолдардың жиегiнде - 1-2-ден 4-6 қатарға дейiн.
Қатардың ара қашықтығы 1,2-2,5 м, орман жолағы мен канал жиегiнiң (шұқырдағы) немесе каналдарды механизмдермен тазалағанда үйiндiнiң үлтанының арасы 4-5 м.
Отырғызуға жемiс ағаштарын, тұт ағаштары, пирамидалы теректер пайдаланылады.
Пайдалану абсқармасының қарауындағы ағаштарды отырғызатын аудан жүйе ауданының 1,5-2% құрайды.
Жүйенiң бас учаскесiндегi өзен жайылымындағы отырғызылған шоқ ағаш ғимараттарды жөндеуге және тасқыннан қорғауға керектi ағаштармен қамтамасыз етедi.
Гидромелиоративтiк жүйелердегi пайдалану гидрометриясы және судың есебi
Гидромелиоративтiк жүйелердегi судың есебi, ең алдымен, суды пайдалануды және суды бөлудi техникалық сауатты ұйымдастыру үшін керек. Сонымен қатар, жүйелерде суды дәл және жүйелі түрде есептеу - бұл оны тиiмдi пайдаланудың басты жағдайларының бiрi.
Суды есептеу және оны жұмсауды бақылау үшін гидромелиоративтiк жүйелердегi барлық су алатын және су жiберетiн ғимараттар, стационарлы сорап бекеттері суды есептеу және өлшеуге арналған қазiргi техникалық құралдармен жабдықталады. Суды есептеудiң екi түрін ажыратады: технологиялық және коммерциялық..

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау