Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ



жүктеу 409,82 Kb.
бет2/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
МЖСТТ

МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Пайдалану қызметінің міндеттері, құрылымы және ұйымдастырылуы
Мелиоративтік құрылымдарды техникалық пайдалану процесінде шешілетін сауалдар олардың құрамына, жағдайына, дайындығына, атқаратын міндетіне, өзара байланысына, климаттық, геологиялық, гидрологиялық, топографиялық жағдайларына және басқа факторларға байланысты болады. Пайдалану қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: құрылымдар мен жабдықтардың дұрыс, қалыпты жұмыс жасауы; қажетті мөлшерде су қорын жинау және оны су пайдаланушыларға жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету масқатында гидротораптың техникалық құрылысын күнделікті оперативті басқару; құрылымдардың жағдайын және оларды күтімін жүйелі түрде көзбен шолып бақылау; техникалық пайдалану ережелеріне, нормативтерге, инструкцияларға, қағидаларға сәйкес баылау-өлшеуіш құралдардың көмегімен өлшеулер жүргізу; бақылаулар мен өлшеулердің алынған мәндерін уақытында өңдеп, талдау; пайдалану тәжірибесін жинақтап қорыту; құрылымдар мен жабдықтардың ақауларын, бұзылған, сынған жерлерін немесе апаттық жағдайларын мезгілінде айқындап отыру; құрылымдар мен жабдықтарды қалыпты техникалық жағдайға келтіруге арналған іс-шараларды құрастырып, оларды жүзеге асыру; сенімділігін арттыру және қосымша су ресурстары мөлшерін қалыптасыру мақсатында оларды жаңарту және реконструкциялау; арнайы бақылаулар, зерттеулер жүргізу немесе бақылау көлемін төмендету-төмендетпеу қажеттілігін анықтау; жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; пайдалану жөніндегі техникалық құжаттар жүргізу, жылдық есеп құрастыру, озық тәжірибелерді, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу; қоршаған ортаны, негізгі құрылымдарды қорғау және т.с.с.
Ірі каналдар мен су қоймаларының құрылысы жобасының құрамына міндетті түрде пайдалану қызметін ұйымдастыру бөлімі құралады, онда аталған қызметтің құрылымы (структурасы), сондай-ақ оның міндеттері, көлемі, жөндеу-пайдалану жұмыстарының технологиясы анықталады. Мұндай нысандар үшін арнайы техникалық пайдалану ережелері дайындалады.
Мелиоративтік құрылымдарды салғанда және оларды өткізгенде пайдалану қызметі (салынып жатқан гидротораптың басқармасы) құрылыс-монтаж жұмыстарына, құрылымдардың, жабдықтардың және бақылау-өлшеуіш аспаптарының қабылдануына сәйкес қойылып жатқан жабдықтардың сапасын бақылауға алады, сонымен қатар құрылысшылардың арнайы тобымен бірге құрылымдардың қалпын тексереді.
Сушаруашылық нысандардың пайдалану қызметінің структурасы жекелеген нақты жағдайда шешілетін мәселелерге сәйкес әртүрлі бола алады. Дегенмен, оған қарамастан, пайдалану қызметінің келесі структуралық топтарын бөліп алған жөн: гидромелиоративтік жүйенің басқарма құрамында, ірі магистралдық каналдарда, жекелеген мақсатты және кешенді гидротораптарда; кешенді энергетикалық гидротораптарда жұмыс жасайды.
Пайдалану қызметінің жұмысы әр деңгейде өзіне сәйкес ережелермен, инструкциялармен, қағидалармен және одан да басқа нормативтік құжаттармен белгіленеді.
Одан басқа гидротехникалық құрылымдарды пайдаланумен шұғылданатын тұлғалардың құқығы, міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайтын лауазымдық (должностные) инструкциялар да бар. Типтік қағидалар барлық басқармалар мен топтардың арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіріп отырады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау