|
Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе
|
бет | 32/63 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 409,82 Kb. | | #44612 |
| МЖСТТСу шығыны 10 м3/с көп ашық каналдар мен ғимараттар. Бұнда ағын қалыптастыратын қондырғының негiзiнен екi түрі қолданылады - градусталған каналдар және градусталған гидротехникалық ғимараттар.
Градусталған канал «белгiленген жақтау» каналдың түзу сызықты учаскесi бетонмен, плитамен және басқа материалдармен қапталған (белгiленген) гидрометриялық көп iрлермен немесе өткелге арналған басқа құралдармен және каналдағы судың тереңдiгiн анықтауға арналған деңгей өлшегiшпен жабдықталған болып саналады. Учаскенiң ұзындығы тең немесе каналдың бес еселенген жоғарғы енiнен көп емес, бiрақ та 5 м кем емес және 50 м көп болмауы керек. Судың шығынын өлшеудегi жiберiлетiн қатесi + 5-6%. Бiрақ та жақтау лайланған (шөгiндiлермен) жағдайда, су қозғалысының тоспалы-үзiлiстi режимiнде қателiк 10%-ға дейiн өседi.
Градусталған гидротехникалық ғимарат ретiнде реттелмейтiн (қалқансыз және қақпақсыз) және реттелетiн (қалқанды және қақпақты) гидротехникалық ғимарат пайдаланылады. Соның iшiнде су өлшеу жағдайына жауап беретiн су шығынын стабилизаторлы және автоматты реттегiштер. Су шығынын өлшеудегi жiберiлетiн қателiгi + 5-10%.
Градусталған каналдар үшін, жеке градусталған өткiзушi және қабыстырушы ғимараттар және метрологиялық аттестациялау арқылы, нормативтi өлшеу дәлдiгiн қамтамасыз еткенде, шығынның су деңгейiне (деңгейлерiне) байланыстылығы тәуелдiлiгiн анықтайды (корреляциялық байланыс), реттеушi ғимараттар үшін - шығынның су деңгейлерiне және қақпақтың ашылуына байланыстылығы.
Жеке градустау гидрометриялық вертушкалардың, гидродинамикалық түтіктердiң немесе ультрадыбысты приборлардың көмегі арқылы “жылдамдық х аудан” әдiсiмен iске асырылады.
Каналдардың градусталған учаскесi мен ғимараттардың негiзгi жетiстiктерi: ағындағы қосымша гидравликалық кедергiлердiң болмауы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасының салыстырмалы алғанда төмендiгi, ал негiзгi кемшiлiктерi: оларды градустау және тексеру жұмыстары көп еңбек сiңiрудi керек қылады, су қозғалысының таспалы-үзiлiстi режимi жағдайында өлшеу дәлдiгi жоғары емес және су есебiнiң оперативтiлiгi жеткiлiксiз.
Градусталған реттеушi ғимараттардың су өлшегiштiк жағдайы келесiлер:
ғимараттың су жiберетiн бiр (көп дегенде екi) тесiгi болуы керек;
жоғарғы бьефтегi ағынның жылдамдығы 1 м/с көп болмауы керек;
қақпақ астынан өткендегi режим шығынның және су деңгейiнiң барлық өзгерiсiнде тұрақты (тек қана ерiктi немесе тек қана бастырылған) болуы керек;
қақапақтың астынан өту бастырылған ғимараттарда төменгi бьефтен су астында қалуы жоғарғы бьефтегi судың тереңдiгiнен 85% артық болмауы керек;
қақпақтың алдындағы судың тереңдiгi 1 м кем болмауы керек;
қақпақпен маневр жасау 0,2 метрден су жiберетiн тесiктiң енiнiң жартысына дейiн рұқсат етiледi.
Гидромелиоративтiк жүйелерде гидротехникалық ғимараттардың тек қана салыстырмалы алғанда азғантай пайызы ғана су өлшегiштiк жағдайына жауап бере алады.
Су өлшейтiн ғимараттар ретiнде шығын реттегiштер мен автореттегiштердi пайдаланғанда бұл ғимараттар үшін су шығыны коэффициентiнiң нақтылы мәнін бiлген пайдалы.
Тесiктiң ауданы “(” мен (h-ты тiкелей өлшеу арқылы жеңiл анықтауға болады.
Ғимаратты тарировка жасау үшін жоғарғы және төменгi бьефтерге рейкалар орнатады "арынды (h өте жылдам анықтау үшін мүмкіндiгiнше бiр деңгейде). Әр түрлi арында су шығынын табу үшін әкететiн каналда гидрометриялық жақтау жабдықталады. Әрбiр арында ғимараттағы тесiктiң ауданы да өлшенедi.
Тарировкалау кезiнде ( және (h өзгерте отырып, Q = f((, (h)тәуелдiлiгiн анықтайды, әдетте суды есептегенде пайдаланылатын бұл тәуелдiлiктiң кестесiн құрады. Шығын коэффициенттерiн формула (4.1) арқылы есептейдi және ( ( f((, (h) тәуелдiлiгiн тұрғызады.
Градусталған каналдар учаскелерi мен құбырлы реттегiш ғимараттарда ультрадыбысты шығынөлшегiштердi пайдалануға болады. Олардың жұмыс жасау принципi қозғалатын ортада ультрадыбысты сигналдың таралу жылдамдығының өзгеруiне негiзделген.
Қималары трапецеидальды және төртбүрышты магистральдi каналдарда су қозғалысының тынық бiрқалыпты және таспалы-үзiлiстi режимiнде, сонымен қатар iрi түйіндерде УШС (ультрадыбысты шығынөлшегiш бекеті) түріндегi ультрадыбысты шығынөлшегiш қондырғыларын пайдалану ұсынылады. УШС пайдалану жағдайы канал табанының енi 5-150 м ағынның жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, су тереңдiгi 0,5-6 м, су шығыны 5-1000 м3/с, олардың өзгеру еселiлiгi 25 көп , қалытқы тасындылардың (лайлылығы) концентрациясы 5 кг/м3 дейiн ағын аэрацияланбаған.
Ультрадыбысты шығын өлшейтiн қондырғылар электр энергиясын талап етедi және бағасы жоғары. Сондықтан олармен шығыны 25 м3/с көп каналдарды жабдықтайды. Шығыны 25 м3/с кiшi каналдарға қою экономикалық талдауды талап етедi.
Құбырының диаметрi 0,4-1,5 м деңгейлерiнiң гидравликалық құламасы 0,02-0,4 м және шығатын қимасы бастырылған режимде жұмыс жасайтын құбырлы реттегiш ғимараттарда ультрадыбысты ағынды қалыптастыратын бiрканалды шығынөлшегiштер орнатылады.
Ашық каналдардағы су деңгейiнiң өзгеруiн бақылау үшін деңгейқлшегiштер қолданылады. Олардың iшiнде ең көп таралғаны - су өлшейтiн рейка РГ-01, екi негiзгi бөліктен құрастырылып орындалған: түлғасы және шкаласы. Тұлға шкаламен кронштейндердi бекiтуге арналған және астау пiшiндi иiлген металл табиғи түрінде болады. Рейканың шкаласы арқылы су деңгейiнiң өзгеруiн бақылайды. Су деңгейiн тоқтаусыз жазу үшін арнайы приборлар арналған - су деңгейiн өздiгiмен жазатын ГР-38 және ГР-116 су деңгейiн өлшеу диапазоны 0-6 м.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|