Гидроавтоматика құралдарын гидротехникалық ғимараттарда орналастырады. Оларға деңгей реттегiштерi (қысым), құлама деңгейi реттегiштерi, су жiберетiн босағалар және сифондар, шығын реттегiштерi, шығын стабилизаторлары кiредi.
Жүйелердi ақпаратты-басқарушы құралдарға (кеңесушi) ЭЕМ, ылғал өлшегiштер, буландырғыштар, телефондар, телетайптар және басқалар кiредi.
3.3 Су өлшейтiн бекеттер. Бақылайтын ұңғымалар
Су өлшейтiн бекеттер жабдықталған орны мен орындайтын мiндеттерiне байланысты бiрнеше түрге бөлінедi.
Бекеттердiң конструкциясы және олардың жабдықтары ағынның гидравликалық параметрлерiне оперативтi анықтауды қамтамасыз етуi керек: су деңгейi, шығын, су көлемi, жылдамдық және тағы сол сияқтылар. Су өлшейтiн бекеттiң санын, судың есебiн өлшеудi нормалы қамтамасыз етуiне байланысты орналастырылады (4 бөлімдi қара).
Бақылайтын ұңғымалар тiректi (режимдi) және шаруашылықтың iшiндегi болып бөлінедi. Олар, жер қыртысы суларының деңгейi мен минерализациясын бақылауға, топырақтың сортаңдылық дәрежесiн, тұздардың химиялық құрамын анықтауға арналған.
Тiректi (режимдi) ұңғымалар гидромелиоративтiк жақтауларда орналасады. Ұңғыма аймағында, сонымен қатар, топырақтың су-физикалық қасиетiн, тұздардың құрамын және тағы сол сияқтыларды анықтау мақсатында, Үлгiсiн алуға арналған шлангалар орналастырады.
Гидромелиоративтiк жақтаулар жер қыртысы суларының ағыны бағытымен орналасады. Бұл жағдайда, олар, ең төменгi және жоғарғы учаскелердi кесiп өтуi керек. Жақтаулардың ара қашықтығы 3 шақырымнан 5-6 шақырым, суармалы алқапте ұңғымалардың арасы 1-1,5 шқ, ал оның шет жағында 3 шқ. дейiн, құрғататын алқаптен 1,5 шқ орналасады. Каналдарға, коллекторларға және кәріздерге жақындаған сайын ұңғымаларды жиi орналастырады: суаратын алқапте магистрал каналына жақын жерде - судың ернеуiнен 10, 40, 130, 400, 1000 м ара қашықтықта, құрғататын алқапте 5, 30, 80 м ара қашықтықта. Кәрізi бар суаратын алқаптарде бiр режимдi ұңғыманың қызмет жасайтын ауданы, орташа, 250-500 га құрайды, жиi кәріздi тiзбегi бар ауыр топырақтарда ол 200-100 га дейiн азаяды, ал кәріз жоқ жағдайда 500-2000 га дейiн өседi.
Жақтауларды реперлермен бекiтедi. Ұңғымаларды нивелирлеу жылына бiр рет орындалады.
Шаруашылықтың iшiндегi (жергiлiктi) ұңғымалар шаруашылық ауданында бiркелкi орналасады: суаратын алқаптi бiр ұңғыма есебiнен 100-150 га, ал құрғататын алқапте - бiр ұңғыма 10-15 га.
Бақылау ұңғымаларының тереңдiгiн суармалы жерде жер қыртысы суларының ең жоғарғы тереңдiгiнен 0,5 м көп қабылданады, ал құрғатылатын жерде - 0,2-0,3 м. Ұңғымаларды диаметрлерi 50-100 мм обсадты құбырлармен (асбестоцементтi), пластмассалы, темiр, ағаш) бекiтедi, төменгi бөлігінде сүзгi орналастырады. Обсадты құбыр жер бетiнен 0,5-0,7 м артық. Құбырдың табанын герметикалық жабады, ал жоғарғы жағы алынып-салынатын қақпақпен жабдықталады. Ұңғымаларда жер қыртысы суларының деңгейiн деңгей өлшегiшпен өлшейдi. Топырақтың және жер қыртысы суларының үлгiсiн, тұздың мөлшерін және химиялық құрамын анықтау Үшін, жылына екi рет алады (көктемде және күзде).
Ұңғымаларды және тұз алаңдарын бақылаудың қорытындысы негiзiнде жер қыртысы суларының тереңдiгiнiң және минерализациясының картасы және жердiң мелиоративтiк жағдайының картасы жасалынады.
Жердiң мелиоративтiк жағдайын жақсартуға арналған iс-шараларды мелиоративтiк қызмет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |