Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру
министрлігі Республикалық білім
орталығы
«Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен 4, 5, 7- сынып үшін
басқышты, 9 – сынып бітірушілері үшін қорытынды
емтихан материалдары
Ташкент – 2017
АЛҒЫ СӨЗ
2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің
бастауыш басқышы 4-сыныбын бiтiрушi оқушылар басқышты бақылау
емтиханын диктант түрiнде тапсырады.
Оқушылар жазған мәтiннiң мазмұны олардың төрт жыл бойы меңгерген
бiлiм, дағды және бiлiктерiн өз iшiне қамтып, оқушылардың сауаттылғын
арттырумен бiрге, бiлiм деңгейiн асыруға, логикалық ойын, ауызша және
жазбаша тiл мәдениетiн жетiлдiруi қажет.
Бұл мақсатта 4-сыныптың оқушыларына жалпы көлемi 85-95 сөзден
аспаған диктанттың үлгiлерi дайындалады да методбiрлестiкте талқыланып,
дирекция тарапынан бекiтiледi.
Мұғалiм диктантты жоғарыдағы пункт бойынша тексеруi қажет. Мұнда
оқушыдан төмендегi шарттарға сүйенуi талап етiледi.
Сыныптан-сыныпқа көшіру диктанттарын өткізу үшін дайындалған
диктант үлгілері салынған конверттердің бірі оқушы тарапынан таңдап
алынады
және
сол
тақырып
тақтаға
жазып
қойылады.
Диктант
материалдарын бағалауда төмендегілерге көңіл бөлінуі қажет. Диктантты
жазуда емле ережелеріне, буынға бөлу ережелеріне сүйенгендігі, сөз,
сөзжасам және фразеологиялық терминдерді дұрыс қолданғандығына көңіл
бөлінеді.
Диктантты бағалауда оқушылардың БДБ-рі 5 балмен бағаланады.
Жазба жұмыс төмендегі БДБ элементтері негізінде тексеріледі.
1. Емлелік қателерге жол қойылмағандығы:
2. Сөз және сөйлемдер, фразеологиялық түсініктер орынды қолданылған
болса:
3. Буынға дұрыс бөлуі:
4. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылғандығы:
5. Көркем жазуының талап дәрежесінде екендігі:
Диктант төмендегі бағалау жүйесі бойынша тексеріледі:
1. Диктант қатесіз жазылған болса, тыныс белгілерін дұрыс пайдаланған
болса, емлелік, 1 тыныс белгісі қатесі болса — 5 балл:
2. Диктантта 2 емле, 2 тыныс белгісі немесе 1 емлелік, 3 тыныс белгісі,
сондай-ақ 4 тыныс белгісі қатесі болса – 4 балл:
3. Диктантта 4 емле және 4 тыныс белгісі қатесі болса немесе 3 емле, 5
тыныс белгісі немесе 7 тыныс белгісі қатесі болса – 3 балл:
4. Диктантта 7 емле, 7 тыныс белгісі қатесі болса, яки 6 емле, 8 тыныс
белгісі немесе 5 емле, 9 тыныс белгісі, 8 емле, 6 тыныс белгісі қатесі болса —
2 балл:
5. Егер қателердің саны жоғарыдағы екі балда көрсетілген қателерден
көп болса — 2 балл.
Төменде диктант мәтіндерінен үлгілер ұсынылып отыр
АҚҚУ
Көктемде
Жайық
өңіріне
аққулар
қос-қостан
ұшып
келеді.
Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының
үніндей сыңғырлаған аққулар дауысын тыңдадым. Тобымен орман ішіне
қонды.
Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып
тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кеше кешкісін қармақ құрып
кеткенбіз. Келсем, жағада бір аққу қанатымен су сабалап, ұша алмай жүр.
Қармақ аяғына кіріп кетіпті.
Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім.
Аққу су сабалап, сыңсыды. Аяғынан ұстадым да, қармақты босаттым. Рахмет
айтқандай бір саңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, бұны
тосып жүрген тобына барып қосылды. (95 сөз)
(Б.Түрлиев.)
АЯЗДА
Тиін онша қонақжай аң емес. Әрқайсысы жеке-жеке, өз ұяларында өз
беттерінше өмір сүреді. Бір-бірінің үйіне барып, араласу былай тұрсын, егер
бір тиін байқамай бөтен біреуінің ұясына кіріп кетті ме, бәлеге қалғаны. Оны
ұядан түйгіштеп қуып шығады.
Күннің жылы кезінде тиіннің мінезі ылғи осылай.
Ал суық түскен мезгілде тиіннің мінезі күрт өзгереді. Олар қысқы аязда
жеке тұрып, суыққа төзе алмайтындарын сезеді. Сондықтан олар топ-топ
болып топтасып алады. Бұл кезде тиіндерден асқан тату-тәтті топты табу
қиын. Қақаған суық түндерде бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда жатады. Бір-біріне
тығылысып жатып алады да, шөп-шаламмен ұяның аузын бітеп тастайды.
(92 сөз). (А.Синявский.)
ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ӨРЛЕЙДІ
Дүниеде кәсіп пен мамандықтар көп. Өмірде әрбір мамандықтың өзіндік
орны мен маңызы бар. Науайшылар халық дастарқанын дәмді әрі тойымды
нандармен қамтамасыз етсе, дәрігерлер ауруларды емдейді. Жүргізушілер
адамдардың алысын жақын қылса, диқандар ел дастарқанына тәтті қауын-
қарбыздарды, астық өнімдерін, жемістер мен көкөністерді тарту етеді.
Тігіншілер
жарасымды
киім-кешектер
тігетін
болса,
ал
сәулетші
құрылысшылар ел көркіне көрік қосатын сәулетті де биік ғимараттар
құрады...
Ата-бабаларымыз «Өнерлі –өрге жүзер», «Өнерлінің өрісі кең», «Жігітке
қырық өнер де аз» деген сияқты мақалдарды қайта-қайта айтып отырған.
Байлықтан бір сәтте айрылу мүмкін, бірақ білім мен өнерді ешкім де тартып
ала алмайды.
(91 сөз) (Әдеп оқулығынан)
5 – СЫНЫП
ӘДЕБИЕТ
5 – сыныпта басқышты бақылау әдебиет пәнінен ауызша түрде
өткізіледі. Бақылау Мемлекеттік білім беру стандарты талаптары негізінде
дайындалады.
Ауызша емтихан үшін дайындалған сұрақтар оқушылар оқып үйренген
туындылар, жаттап алған шығармалары бойынша екі бөлімнен құралған.
Оқушы өзі таңдап алған билет бойынша жауап береді.
Мемлекеттік білім беру стандартында 5 – сынып оқушылары игеруі
қажет болған білім, дағды мен біліктерде бағдарламада белгіленген 25
жазушы мен ақынның өмірбаяны, туысқан халықтар әдебиетті өкілдерінің
шығармалары, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілері және алғашқы
теориялық мәліметтер жайлы білімге ие болу, мәтінді мәнерлеп оқу, мәтін
мазмұнын өз сөздерімен баяндай алу, шығарма кейіпкерлеріне еркін пікір
білдіру дағдысын қалыптастыру, көркем шығармада бейнеленген негізгі
оқиғаны, хикая, әңгіме туралы алғашқы түсініктерді білу, бағдарламада
ұсынылған 6-7 өлеңді жаттап алу білігіне ие болу белгіленген.
Ауызша емтихан үшін дайындалған сұрақтар оқушылар оқып үйренген
туындылар, жаттап алған шығармалары бойынша екі бөлімнен құралады.
Оқушы өзі таңдап алған билет бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға жауап
береді.
Ауызша емтиханды бағалау үшін төмендегі БДБ элементтерінен
пайдаланылады:
1) сұраққа дұрыс жауап беруі;
2) пікірлерін мысалдармен дәлелдей алуы;
3) ауызша тіл мәдениеті;
4) шығарма және оның кейіпкерлеріне өз беттерінше пікір білдіруі;
5) мәнерлеп оқу дағдыларын иелеген болуы.
Ауызша емтихан төмендегідей бағаланады.
1. Билетте берілген сұрақтарға толық және тиянақты жауап берсе,
теориялық білімді әрекетке ендіре алса, әдеби тіл өлшемдеріне сүйеніп, өз
пікірін еркін баяндаса, шығарма немесе оның кейіпкерлері жөніндегі
пікірлерін шығармадан үзінділер келтіре дәлелдей алса —5 балл;
2. Билеттегі сұрақтарға толық жауап берсе, бірақ теориялық білімді
әрекетке ендіруде біраз қиналса, әдеби тіл өлшемдеріне сүйеніп, өз пікірін
еркін баяндауда қиналса —4 балл;
3. Билет сұрақтарына жарым-жартылай жауап берсе, бірақ теориялық
білімді әрекетке ендіруде қиналса, шығарма немесе оның кейіпкерлері
туралы пікірлерін шығармадан үзінділер келтіре дәлелдей алуда қиналса,
әдеби тіл өлшемдеріне сүйенбестен, өз пікірін еркін баяндауда қиналса —3
балл;
4. Билет сұрақтарына жарым-жартылай жауап беріп, бірақ теориялық
білімді әрекетке ендіре алмастан қосымша сұрақтарға жауап бермесе,
шығарма немесе оның кейіпкерлері жөніндегі пікірлерін шығармадан
үзінділер келтіре дәлелдемесе, әдеби тіл өлшемдеріне сүйенбесе, өз пікірін
баяндауда қиналса —2 балл;
5. Билет сұрақтарына мүлде жауап бермесе, қосымша сұрақтарға да
жарым-жартылай жауап бере алса, өз пікірін баяндауда қиналса —1 балл;
6. Билет сұрақтарына мүлде жауап бермесе, қосымша сұрақтарға да
жауап бере алмаса, өз пікірін баяндауда қиналса —0 балл қойлады.
1- билет
1. Ауыз әдебиеті туралы не білесің?
2. «Бесік жыры» өлеңдерінен жатқа айтып бер.
2-билет
1. Тұсау кесер жыры ауыз адебиетінің қай түріне жатады?
2. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерден айтып бер.
3-билет
1. Ертегі дегеніміз не және ертегілердің қандай түрін білесің?
2. «Алтын сақа» ертегісінің басты кейіпкерлері кімдер?
4-билет
1. «Тұрмыс-салт жырлары» ның түрлерін атап бер.
2. Асан Сабитұлы тарихта болған ба?
5- билет
1. Әбділдә Тәжібаевтың қандай шығармаларын білесің?
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
6-билет
1. Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білім» кітабы қашан жазылған?
2. «Қабуснама» шығармасының авторы кім?
7- билет
1. Махамбет Өтемісұлы кім болған?
2. «Бақша ағаштары» әңгімесін кім жазған және мазмұнын айтып бер.
8- билет
1. «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айтып бер.
2. Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан кім?
9- билет
1. «Өзен» өлеңін жатқа айтып бер.
2. Абай
Құнанбаев
қай
жылдары
өмір
сүрген
және
қандай
шығармаларын білесің? Бір өлеңін жатқа айтып бер.
10- билет
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай ғасырда өмір сүрген?
2. Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа»мысал өлеңінің мазмұнын
айтып бер.
11-билет
1. Кейіптеу дегеніміз не?
2. Мағжан Жұмабаев кім болған және оның “Сағындым” өлеңінің
мазмұнын білесің бе?
12 - билет
1. Сәкен Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесің?
2. Ілияс Жансүгіровтың «Күй» поэмасы саған қалайша әсер етті?
13- билет
1. Бейімбет Майлин «Қанды кек» әңгімесінің басты кейіпкерлері кімдер
және әңгіменің мазмұнын айтып бер.
2. Портрет дегеніміз не?
14-билет
1. Мұхтар Әуезовтың қандайшығар маларын білесің?
2. Сәбит Мұқанов қандай шығармалар жазған?
15-билет
1. Мұқағали Мақатаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?
2. Абдулла Ариповтың «Қазақтар» өлеңінің соңғы екі шумағын жатқа
айтып бер.
16-билет
1. Оқулықтағы С. Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» шығармасы қайсы
романнан үзінді келтірген?
2. Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінен үш шумағын жатқа айтып
бер.
17-билет
1. Айбектің өмірі мен шығармашылығын айт.
2. Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасының мазмұнын білесің бе?
18 - билет
1. Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңінің мазмұнын айтып бер.
2. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығын айтып бер.
19 - билет
1. «Қар күреген бала» повесін кім жазған және ол туралы не білесің?
2. Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңінен үш шумағын жатқа айтып
бер.
20 - билет
1. «Беташардың» мәнін қалай түсінесің?
2. Иса Байзақов туралы қандай мәліметке иесің?
21- билет
1. «Бала Шоқан» әңгімесін кім жазған?
2. Қ. Аманжоловтың «Дауыл» өлеңінен екі шумағын жатқа айтып бер.
22-билет
1. Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесің?
2. «Тұсау кесер» жырынан үзінді айтып бер.
23 – билет
1. Шыңғыс Айтматов кім болған?
2. Абдулла Ариповтың қандай шығармаларын білесің?
24-билет
1. Ғафур Ғұламның өмірі мен шығармаларын айтып бер.
2. «Наурыз» жайлы не білесің?
25-билет
1. Айбектің «Қыр елінде» повесінен алынған үзіндінің мазмұнын айтып
бер.
2. Оқу, өнер, білім туралы мақал- мәтелдерден айтып бер.
7 – СЫНЫП
Қазақ тілі
Қазақ тілі білімінің алдына қойылған әлеуметтік тапсырыс оқушыны
еркін пікірлей алатын, ана тілі білімінің алдына әлеуметтік тұрғыдан толық
қалыптасқан, тәуелсіз пікірлей алатын, сөйлеу және пікірлеу мәдениеті
дамыған, сауатты адамды қалыптастыру мақсаты қойылады.
Қазақ тілі білімі нәтижесінде оқушылар меңгерген білім, дағды және
біліктер үш параметрлі стандарт көрсеткіштер негізінде тексеріледі және
анықталады
оқу техникасы;
басқалар пікірін және мәтін мазмұнын анықтау;
пікірін жазбаша түрде баяндау;
7- сыныпта қазақ тілінен башқышты бақылау емтиханы диктант түрінде
өткізіледі. Диктант оқушылардың сауаттылығын тексеру және асыру,
білімдерін пысықтау мақсаттарына қызмет етеді.
Оқушылар жазатын диктант мәтінінің мазмұны олардың жыл бойы
меңгерген білім, дағды мен біліктерін толық қамтып, оқушылардың
сауаттылығын арттырумен бірге білім деңгейін асыруға, логикалық ойын,
ауызша және жазбаша тіл мәдениетін жетілдіруі қажет.
Осы мақсатта 7- сыныптар үшін 120-150 сөзден аспаған диктанттың
үлгілері дайындалады да методбірлестікте талқыланады және бекітіледі.
Сыныптан сыныпқа көшіру диктанттарын өткізу үшін дайындалған
диктант үлгілері салынған конверттердің бірі оқушы тарапынан таңдап
алынады
және
сол
тақырып
тақтаға
жазып
қойылады.
Диктант
материалдарын бағалауда төмендегілерге көңіл бөлінуі қажет.
Диктантты жазуда емле ережелеріне, буынға бөлу ережелеріне
сүйенгендігі, сөз, сөзжасам және фразеологиялық терминдерді дұрыс
қолданғандығына көңіл бөлінеді.
Диктант мәтні 3 вариантта дайындалады. Әр бір вариант 3 конвертке
салынады. Бір оқушы 3 конверттен біреуін таңдап алады. Конвертке
салынған мәтін тақырыбы тақтаға жазып қойылады. Мұғалім тарапынан
диктант мәтні бір рет оқып беріледі. Мәтіндегі күрделі сөздер тақтаға жазып
қойылады. Диктант мәтні мұғалім тарапынан оқып тұрып (диктовка
тәсілінде) жаздырып барылады.
Сондай-ақ, мұғалім диктантты компьютер құралымен де өткізсе
мақсатқа сай болады. Мұнда да мұғалім мәтінді диктовкамен жаздырып
барады. Диктант мәтні жазып болынғаннан соң слайд арқылы компьютер
жадына енгізілген диктант мәтні көрсетіледі. Оқушылар өз қателерін
белгілеп алады. Мұғалім оқушылар тарапынан жазылған диктантты жиып
алады да тексереді.
Диктант төмендегі бағалау жүйесі бойынша тексеріледі:
«5» балл: а) мүлде қатесіз жазылған, б) дөрекі ( қопал) болмаған 1
емлелік немесе 1 тыныс белгісі қатесі болған диктантқа қойылады.
«4»балл: 2 емле және 2 тыныс белгісі болған диктантқа қойылады.
Қателер саны өзеруі мүмкін, бірақ олардың жалпы саны 4-ден, емлелік қате
болса 2-ден аспауы керек.
«3»балл: 4 емле және 4 тыныс белгісі қатесі болған диктантқа
қойылады. Қателер мөлшері 3 емле, 5 тыныс белгісі және басқа көріністе де
болуы мүмкін. Бірақ емлелік қателер 4-ден аспауы шарт.
«2» балл: 7-ге дейін емлелік және 7 тыныс белгісі қатесі болған
диктантқа қойылады. Қателер мөлшері 15-тен артса, «1» балл қойылады.
Ескерту: 1. Диктанттағы қателер саны түрлі көріністе болуына қарамай,
бағалауда емлелік қателер мөлшері негізгі шегара саналады.
2. Егер диктанттағы түзетулер саны бесеуден артық болса, баға бір
балға төмендейді.
3. Егер диктантта үш және одан артық түзетулер болса, «5» балл
қойылады.
Диктант жазу үшін 1 астрономиялық сағат (60 минут) беріледі.
Диктант мәтіндерінен үлгілер
ТӘКЕЖАН АУЛЫ
Күзектің суық сұрғылт жүдеу бір күні Тәкежан отырған ауылдың
үстінде тұр. Кішкене көлдің шетін ала отырған жалғыз ауыл – осы Тәкежан
аулы. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне – бірі сығылысып жақын
қонған. Үй арасында шиден ықтырма жасалыпты. Түнгі малдың жатысына,
өздерінің қонысын бейімдеп отырған шаруақор ауыл танылады.
Тәкежанның өз үйі –көл жақ шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. Өзге
жеті-сегіз лашық - малшылар үйі. Ауыл сырты тозған, сары жұрт болса да,
бай ауыл қарашаның қатты суық қара желіне жонын тосып, күзекті тақырлап
жеп бітіргенше көшпей, тырысып отыр. Тәкежанның қалың жылқысы мен
қойы, түйесі де ауыл маңында жоқ. Алыс қырқа, ұзын қалың шұбарларда,
өрісте жүр. Маңының оты тозған шаруа аулы қазір жақын тұсқа бірде –бір
қара –құра қалдырмай, алысқа айдап салған. Ойда жоқ қонақ келсе, «Мал
алыста, өрісте еді», - деп өлі ет асып беруге сылтауы әзір. Тіпті ауыл
маңында үрген ит жоқ. Олар да сорпа - сүйек тимеген соң, жүдеу күздің
күнінде тышқан аулап, қаңғып кеткен... (147 сөз) (М.Әуезов.)
БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Кавказды аралаған кезімде, үш күн ашық аспан астында түнегенім бар.
Көгілдір аспан жиегіндегі өркеш-өркеш жоталар қаз тізілген түйелердің
өркешін елестетеді. Нағыз алып өркештерді көргендей болдым. Сол кезде
тағы да бала кезім ойға оралды. Онда мен бесте не алты жаста шығармын.
Әжеммен бірге жатушы едім. Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан
десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше, әжем айналып-толғанып арқамнан қағып
жатқаны. Орнымнан сездірмей тұрдым да, әжемнің төсегінен алыстай бердім.
Ондағы ойым – қораның екінші бетіндегі әкем жатқан үйге бару еді. Екі
үйдің ортасында мойындарын көкке созып, маңғаз түйелер жатыр.
Түйелердің арасымен жүріп келе жатып, мен мамық жүнді ақ ботаның
қасына тоқтадым. Осы жерде отырып, жұлдызды аспанға телміре қарадым.
Ай мені еркелете күлгендей болды. Ал қаз тізілген түйелердің өркеші тау
жоталарындай көрінді. Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып кетіппін.
Ертеңіне үйдегілер мені екі ботаның арасынан, ұйықтап жатқан жерімде
тауып алды.
(135 сөз) (Б.Момышұлы.)
СПОРТШЫ БЕЙБІТ
Бейбіт сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі еді. Мұнысы әсіресе
дене
шынықтыру
сабағында
айқын
аңғарылатын.
Сапқа
тұрғанда
оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын. Бойының
аласалығынан ба, жоқ, әлде сыныпта өзі аттас тағы бір оқушының
болғандығынан ба, балалар оны «кішкентай Бейбіт» деп атайтын. Ал сол
кішкентай Бейбіт жүгіргенде құстай ұшып, жарыстың алдын бермейтін.
Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына
турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында
ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің
бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана
түсті.
Бастауыш мектепті бітірген жылдың жазында спортқа әуес бір топ
ауыл балалары бокс үйірмесіне қатысатын болды. Олардан кішкентай Бейбіт
те қалмады. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп
қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады, бокс өнеріне
деген ынта –ықыласы арта түсті. Қазір біз жетінші сыныпта оқимыз.
(141 сөз)
(«Жалын».)
9-СЫНЫП
Оқушының ана тілі білімі процесінде иелеген дағды мен біліктер
жазылған мәтінде суреттеледі. 9-сыныпта негізгі көрсеткіш пікірді логикалық
жүйелікте ана тілінің кең мүмкіндіктерінен пайдаланған түрде анық және
дұрыс баяндай алу білігі, пікір баяндалып жатқан сала бойынша оқушы
білімінің кеңдігі және тереңдігі, құраған мәтінінің емлелік, стильдік
сауаттылық дәрежесімен белгіленеді. Сондықтан 9-сынып бітірушілері ана
тілі пәнінен қорытынды аттестацияда шығармашылық мазмұндама жазады.
Шығармашылық мазмұндама жазбаша жұмыстың күрделі түрінің
бірі. Бастап беру жолымен жазылатын шығармашылық мазмұндаманы
жазуда берілген әңгімені оқушылар өз алдына шығармашылықпен
жалғастырып оны толық әңгіме қалпына келтіреді.
Жазбаша мазмұндау кезінде әңгіменің мазмұны ашумен бірге,
орфографиялық жағынан сауатты жазылуы, тыныс белгілерінің де дұрыс
қойылуы қосымша талап етіледі.
Оқушылар
мазмұндаманың
төмендегі
түрлерінен
пайдаланып
шығармашылық мазмұндама жазады.
мәтінге көркем бейне құралдарынан енгізу арқылы мазмұндама жазу;
бастап берілген мәтінді өз пікір-бақылаулар негізінде жалғастыру;
грамматикалық тапсырмалы шығармашылық мазмұндама.
Шығармашылық
мазмұндаманы
жазу
барысында
оқушылар
төмендегілерге көңіл бөлулері қажет:
мәтіннің мән-мазмұнын терең түсініп алуы, не жайлы жазу керектігін
білуі;
мәтін тақырыбына тиісті мәліметтерді еске сақтап қалуы;
мәтін жоспарын (жай жоспар) түзуі;
жоспар негізінде негізгі пікірлерді ашық, кезегімен баяндалуына
назар аударуы;
мазмұндама білдірілген оқиғаларды терең талқылаған түрде
баяндауы;
тақырыпқа сай өзінің еркін пікір-ойларын жазуға көңіл бөлу;
сөйлемдері құрастыруда жүйелілікке, емле сауаттылығына көңіл
бөлуі;
шығармашылық мазмұндаманың қаралама нұсқасы дайын болған соң,
оны қайта оқып шығу;
дайын болған жазба жұмысты аққа көшіру.
Мазмұндама мәтіндері 3 вариантта дайындалады. Әрбір вариантта
біреуден мәтін болып, шығармашылық мазмұндама жазудың бір түрі
негізіндегі тапсырма беріледі.
Оқушылар арасынан біреуі шығып, 3-варианттың (конверттен) біреуін
таңдап алады. Таңдап алынған конверттегі мәтін тақырыбы тақтаға
жазылады. Шығармашылық мазмұндама үшін берілген тапсырма да тақтаға
жазып қойылады. Мұғалім тарапынан шығармашылық мазмұндама мәтіні бір
(қажет болса екі) рет оқып беріледі. Оқушылар тыңдаған мәтіндері бойынша
берілген тапсырмалар негізінде шығармашылық мазмұндама жазады.
Шығармашылық мазмұндама кемінде 3,5 бет болуы керек.
Шығармашылық мазмұндама үшін 2 астрономиялық сағат
беріледі.
Шығармашылық мазмұндама мәтіндері мұғалім тарапынан дайындалып,
мектептің әдістемелік бірлестігінде талқыланады да материалдарды мектеп
басшысы бекітеді.
Жалпы орта білім беретін мектептердің ІХ-сыныптарында оқушылар-
дың білім дайындығы дәрежесін бағалаудың рейтинг тізімі бойынша
шығармашылық
мазмұндама
төмендегі
БДБ
элементтері
негізінде
тексеріледі.
Шығармашылық
мазмұндама
мәтін
екі
баға,
мазмұны
және
сауаттылығына (5 \5) қойылады.
Т\р
Білім, дағды, біліктер
Мазмұны Сауатты
-лығы
1.
Жоспар тақырыпқа сай түзілген, мәтін мазмұны дұрыс
баяндалған болса, сөз байлығы, сөйлем құрауы және
стильдік әдеби тіл талаптарына сай болып, мазмұн және
өрнектеуде бір, екі қатеге жол қойылса, сауаттылықта
қопал (дөрекі) болмаған бір емлелік немесе екі тыныс
белгісі қатесі болса, стилистикалық қатесі болмаса.
5 балл
5 балл
2.
Мәтін жоспар негізінде жазылып, сөз таңдауда және
өрнек құрылысы әртүрлі болса, мазмұны мен өрнекте
кемшілік болып, сауаттылықта 2 емлелік, 2 тыныс
белгісі және екеуге шейін стилистикалық қате болса
4 балл
4 балл
3.
Тақырып толық қамтылмаған, мазмұнын баяндауда сөз
байлығы, сөйлем құрауда олқылығы сезiлiп тұрса, үш
стилистикалық, үш емлелiк, тыныс белгi қатесi болса -
3 балл қойылады.
3 балл
3 балл
4.
Тақырып мазмұны көп бұзылған болса, жұмыс жоспар
негізінде жазылмаған болса, пікірлерін баяндауда және
құрастыруда кемшіліктер болса, пікірлер бір-бірімен
байланысса, сөз байлығы саяз болып, мазмұны мен
өрнектеуде
5-6-ға
дейін
кемшілігі
болса,
сауаттылығында 7-ге дейін емле, 7-ге дейін тыныс
белгісі, 7-ге дейін стилистикалық қателер болса
2 балл
2 балл
5.
Тақырып мазмұны мазмұнсыз, пiкiрлер байланысы
болмаса төрт және одан артық стилистикалық, бесеу
және одан артық емле, тыныс белгi қатесi болса – 1
балл қойылады.
1 балл
1 балл
Шығармашылық мазмұндама үшін мәтін үлгілері
КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің.
Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып
танылғандары болады. Айта берсең, ол сенің жақын адамың, тіпті, туысың
тәрізді болып тұрады. Оны көрмесең де білетін,танымасың да танитын
сияқтанасың. Айта берсең, ол сенің жақын адамың, тіпті, туысың тәрізді
болып тұрады. Алыстағы ағайыныңның анда-санда жазар сәлем хатын
сағына күтетіндей, жақсы көрер жазушының жаңа шығармасын аңсай
тосасың. Оның не жазып жатқаны жөнінде газет бетінен екі-үш жол ғана
хабар оқысаң, көңіліңе оның өзі де едәуір медеу болып қалады. Ал енді ол
кітап дүкенге келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. Баспахана
бояуының иісі аңқыған ол кітаптың сыртын үйіңе жеткенше әлденеше рет
сипап та қоярсың, тезірек отырып оқуға асығасың. Ал оны оқи отырып,
жаның рақаттанады, жүрегің оттай алаулайды. Өкпеңді толтыра терең-терең
тыныс алып, аса бір ләззатты ыстық күй кешесің. Сен ол кезде жазушының
кім екенін ұмытасың. Сенің көз алдыңда сол кітапты оқиға ғана, соның
кейіпкерлері ғана тұрады. Жақсы кейіпкерлер жаныңа қанат бітіріп, сені
жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке талпынтады. Сүйген
асыңның бойға қан боп тарап, тіршілігіңе қуат берері тәрізді, сүйікті кітап
кейіпкерлері де өмір бойы сенің жадыңда жүреді, жүрегіңе лүпіл, жаныңа
жылу береді. Оқушы ретінде менің де жан-тәніммен жақсы көрер,
өзгелерден өзгеше бағалар кітаптарым бар. Мен оларды көзімнің
қарашығындай қадірлеп, қайта- қайта оқимын.
«Адамзат тарихында ең ұлы жаңалық не?» деген сұрауға халық бекерден
–бекер кітап шығару ісін көрсетпеген. Айтса айтқандай –ақ, сан мыңдаған
жаңалықтардың ішіндегі ең ұлы өнертабыс кітаптың ойлап табылуы болған.
Ең әуелгі кездерде әр түрлі жапырақтарға, мал терілеріне жазылып шығарған
кітаптардың қазіргі жайын көріңдер. Жұқа қағазға әр түрлі көлемде сан алуан
кітаптар миллион- миллиярд нұсқада жарыққа шығуда дүнеде қаншама тіл
болса дерлік сол тілдердің бәрінде кітаптар басылуда (кейбір ұсақ
тайпаларды айтпағанда) . Кітаптардың көлемдері де әр түрлі: кеуірттің
көлеміндей, тіпті одан да кішкентай, үлкендерінің бойы екі –үш метр
келетіндей кітаптар бар. Тіпті алтын суымен жазылған кітаптар да кездеседі.
Елімізде: «Кітап -білім бұлағы, білім өмір шырағы» деген мақал босқа
айтылмаған. Тіпті Құран, хадистерде де: «Желбесіктен жербесікке шейін
кітап оқы» деген ғибратты сөздер бар. Соның үшін кітаппен дос болайық,
кітапты абайлап ұстайық!
Тапсырма:
1. Мәтіннің мазмұнын оқытушымен бірге айқындап, толықтырыңдар.
2. Мәтінге жоспар құрастырыңдар да мазмұнын жазыңдар.
БАТЫР МЕН ЖЕЗТЫРНАҚ
Ерте, ерте, ертеде қалың елге жау шауыпты. Жаудан кек алмақ болып,
жас жігіт жорыққа аттаныпты. Жігіт алғашқыда талай-талай қырлардан
өтіпті. Көлбей аққан өзендерді артқа тастапты. Таулы, тасты жерлерді де
қиялай шауып басыпты.
Жаудың жеріне жетіп, оларды жермен-жексен етіпті. Жігіт батыр
атаныпты. Мерейі тасып, еліне қайтыпты. Қайтар жолда қалың қамысы өскен
нулы жерге ат басын тіреп, азын-аулақ демалыпты.
Сол кезде аспаннан түсті ме, қалың қамыс арасынан шықты ма, бір сұлу
қыз батырды көріп, жақындай түсіпті. Батыр дала төсіндегі қызғалдақ
гүлдердің бір шоғын жинап, сұлу қызға ұсыныпты.
Сұлу қыз инабатты қылығымен батырдың ұсынған гүлдерін қолына
алады. Бірақ саусақтарын көрсетпейді. Жеңі ұзын көйлегінен саусақтарын
шығармаған күйі батырға жақындай түседі.
Батыр балалық шағында атасы мен әжесінен көптеген әңгімелерді есітіп,
құлағына құйып өскен болатын. Жезтырнақтар лезде сұлу қызға, бірде ақ
сақалды қарияға немесе арлан қасқырға айнала алатындығы есіне түседі.
Саусағын көрсетпегені – оның жезтырнақ, мыстан кемпір екендігінің дәлелі
деп ұғынады жас батыр.
Батыр артқа сәл ғана шегініп, сұлу қызға айбарлы тілмен үн қатады:
–Сен сұлу қыз кейпіндегі жезтырнақсың. Көзіме көрінбе. Сен нағыз аяр
мыстансың. Жоғал, – дейді.
– Батыр, қатты кетпе. Мен саған ыстық су, тәтті тамағыңды әзірлеп
берейін, – деп сұлу қыз сызыла тіл қатады.
Батыр иілмейді. Тұлпарына қарғып мініп, бәлелі, жалалы жерден тез
арада аттанып, еліне қарай бет алады. Күн жүреді. Түн жүреді. Батыр бір
кезде қалың, ну орманға кезігеді. Орманның ішіне кіре бергенде қарсы
алдынан ақ сақалды, еңсегей бойлы қария жолығады.
Үлкенге ізет көрсету салтымен, батыр тұлпардан түсіп:
– Ассалаумағалейкүм, ата, – деп сәлем береді.
– Уағалейкүмассалам, – деп қария жауап қатады.
Батырмен сәлемдескенде қария саусағын көрсетпейді. Ұзын жеңді
көйлегінің ішіне жасырған саусақтарын батырдың көзінен таса ұстайды.
Батырдың көңіліне күдік кіреді. Қарияның жезтырнақ екенін жүрегі сезеді.
Сөйтеді де:
– Сен және де маған жолықтың ба? Жауды жеңіп, ата-анаммен аман-
есен қауышуды ниет етіп ем. Жолымды кес-кестеме, жауыз жезтырнақ, – деп
батыр тұлпарына бір-ақ қарғып мінеді. Елін бетке алады. Өзенді, көлді,
таулы, тасты жерлерден желіп өтіп кетеді.
Елдің шетіне аяқ бастым-ау деген кезде батырдың қарсы алдынан дәу
арлан қасқыр шыға келеді. Батырға ұмтылады. Тұлпардың үстінен құлатпақ
болады. Батыр жанындағы үлкен шоқпарын жуан жұдырығына қысып алады.
Мықтап ұстаған бойы қасқырдың қақ маңдайына соғады.
Қатты соққыдан қасқыр шалажансар күйге түседі. Сәлден соң,
мерттіккен қасқыр ақ сақалды қарияға, одан соң сұлу қызға, кейін жезтырнақ
мыстан кемпірге айналып, сеспей қатады.
Батыр тұлпарына мініп, еліне таң ата жетеді. Қарсы алдынан ата-анасы,
туған-туыстары, бауырлары шығып, ел-жұрты батырмен қуана қауышады.
Жауды, жезтырнақты жеңіп келген батырдың ерлігіне қалың халқы дән риза
болды.
(Халық ертегісі)
Тапсырма:
1. Өз түсінгендеріңді мұғалімнің жәрдемімен толықтырыңдар.
2. Мәтінге жоспар құрастырыңдар да, мазмұндама жазыңдар.
СЫРЛЫ БОЯУЛАР ӘЛЕМІ
Күрең күздің керемет көрінісін көркемдеуге сөз жеткісіз. Кірбің шалған
көңілдерге күй болып еніп, тамаша табиғатымен жанымызды жадырататын
күз мезгілі шынында да алтынға меңзес. Жаздың көгорай шалғынды
күндерімен ілесе жеткен қоңыр күз күллі әлемді шуаққа шомылдырып,
сырлы бояулар мен сезімді серік еткен суретшідей шартарапты сұлулыққа
бөледі.
Мұнарланған аспанда қалықтап ұшқан құстардың қиқуы көңілге ой
салмай қоймас, сірә. Олар да алтын мезгілдің мінсіз сұлулығына мейірлене,
әуелете ән салып, қимастықпен қош айтысып бара жатқандай. Әскердей сап
түзеп көкте қалықтап ұшқан құстарға қараған сәтте жүрегіңнің түбінен
бірдеңе үзіліп түскендей болады. Қимас бір дүниеңді жоғалтып алғандай
сезінесің өзіңді. Шындығында да солай. Қимас дүниең - алтын уақытыңды,
қайта оралмас жастық шағыңды жоғалтқандай боласың. Бір жылды артта
қалдырып, тағы бір жасқа есейгеніңді сезінесің. Жастық шақтың жалыны
осынау күздің көңілді шақтарында қалып кеткендей. Ол күндердің көмескі
елесі көңілдің көкжиегінде ғана оқтын-оқтын көрініс береді. Сол шақтар
сағымға айналған жылдардың қөлеңкесімен көлегейленген.
Мезгілдің ерекше бір сәні – жанға жайлы жаңбыры. Сіркіреп жауып өте
шыққын жаз жаңбыры сол сәтте жер бетіне сіңіп кетеді емес пе? Ал күзгі
жаңбыр жаздың аптапты күндерінде шөліркеген Жер-Ананы шомылдырып,
шаң-тозаңның сілікпесін шығарады. Семіп қатқан жердің жүрегін
жұмсартып, нәр топырақты балқытады. Күз жаңбырының иісі бейне бір
рақатқа бөлегендей. Жауыннан соңғы таза ауада демалған сәтте тіршіліктің
барлық күйбеңін ұмытып, серги түсесің. Тек жаңбырдан соңғы атар таңның
шапағатын ғана сезінесің.
Әсем Ташкентімде – алтын күз. Сымбатты астанамыздың сұлулығы
жан біткенді сүйсіндіреді. Қаланың сәніне сән қосқан ағаштар да ханзада
іспетті иықтарына алтын түсті шекпенін жамылған. Айбат шегіп ысқырып,
гуілдеген жел текке жүрмей, олай-бұлай өткенде ағаштардың жапырағын
сау-сау етіп төге береді. Таңертең ұйқыдан оянып, терезеден табиғатты
тамашаласаңыз, шетсіз-шексіз әсемдік әлемін көресіз. Жер бетін өрнекті
жапырақтар жауып, күн нұрымен шағылысып, жарқырайды. Құдды, тірі жан
сұлулықты қолымен жаратып кеткендей. Көшеге шығып, табиғат аясында
серуендеген сәтте :«Осы бір көрініс түсім бе әлде өнім бе?» деп,
таңырқайсыз. Жерге несібе боп шашылған жапырақтарды аяқпен басуға
жаның қимайды. Сонда да шытыр-шытыр етіп сыр айтқан жапырақтар саған
ғашық адам сынды: «Жаным құрбан өзіңе» дегендей, аяғыңа кілем болып
төселе береді.
(«Нұрлы жол» газетінен)
Тапсырма:
1. Ұстаздың сұрау- жауабы арқылы мәтіннің мазмұнын
толықтырыңдар.
2. Мәтінге жоспар құрастырыңдар да мазмұндама жазыңдар.
Ескерту: Жоғарыдағы тақырыптар үлгі ретінде ұсынылды.
Мұғалімдер өздерінің қалауы бойынша басқа тақырыптарды да тауып
пайдаланулары мүмкін.
Республикалық білім орталығы бас әдіскері Г. Е. Айтбаева
Достарыңызбен бөлісу: |