3.2 Автоматтау және бейнемеханикаландыру құралдары
Олар жүйелердi диспетчерлiк бақылау және басқару, жергiлiктi электроавтоматика, гидроавтоматика, ақпаратты басқарушы (кеңес беретiн) құралдарға кiредi.
Диспетчерлiк бақылау және басқару құралдарына кiретiндер: ақпаратты қабылдайтын, өзгертетiн және хабарлайтын қондырғылар; ақпаратты өңдейтiн және сақтайтын қондырғылар; басқару командасын құратын және хабарлайтын қондырғылар.
Ақпаратты қабылдайтын құралдарға деңгейдi өлшейтiн және бақылайтын, қысымды, судың шығыны мен температурасын, топырақтың ылғалдылығы мен температурасын өлшейтiн әр түрлі приборлар (датчиктер) кiредi.
Мысалы, судың деңгейiн қалытқылы, электродты, акустикалық және басқа сұйық деңгейiн өлшейтiн және бақылайтын датчиктермен жүргізіледі.
Ашық каналдардағы және жабық резервуарлардағы сұйықтың деңгейлерiн өлшегенде ең көп тараған қалытқылы датчиктер. Бұндай датчиктердiң сезiмтал элементi - қалытқы, сұйық деңгейiнiң өзгеруiне байланысты ауысуы өлшейтiн приборлардың стрелкасына немесе бейнеөлшегiштерiне берiледi. Бейнеөлшегiштерде қалытқы деңгейiнiң ауысуы басқа электрлi сигнал түріне ауысады.
Электродты датчиктер деңгейдiң дикреттi (жазып алу) мәнін анықтау, екi позициялы реттеуде, деңгейдiң өзгеру жылдамдығын анықтау Үшін кеңiнен қолданылады. Олар, жұмыста қарапайым және сенiмдi. Судың деңгейiн электродқа дейiн көтергенде немесе одан төмен түсiргенде сигнал пайда болады, осыған байланысты судың деңгейi жазылып алынады.
Арынды құбырларда судың шығынын шығынөлшегiштермен өлшейдi (шығын датчиктерi): индукциялы, ультрадыбысты және басқалар.
Ақпаратты сигнал түріне ауыстырып және оларды байланыс желiсiнiң бiреуiмен диспетчерлiк пунктке (басқару пунктi) хабарлау, сонымен қатар құрастыру және Өндірістік нысанды басқаруға диспетчер команда (қосу, ажырату, орнын өзгерту) беру үшін бейнемеханика құралдары пайдаланылады (гректiң Fehe - қашықтық, механика - мастерлiк).
Жергiлiктi электроавтоматика құралдары автоматтандырылған нысаналарда болады. Оларға электрлендiрiлген қақпақ көтергiштерi, электроавтоматты реттегiштер, тапсырманы iстейтiн механизмдер, технологиялық параметрлердi бақылайтын датчиктер, басқару шкафы және автоматтау жәшіктерi, программа және өлшейтiн қондырғылар кiредi.
Жүйелердегi аралықтан басқарылатын жергiлiктi автоматиканың сипаты сонда, басқару пунктi мен объектi нысанасының бiр бiрiнен қашық орналаспауы. Олардың ара қашықтығы он шақты және жүз шақты метрдi құрайды. Әрбiр басқару командасы немесе басқару нысанасының жағдайы жайлы ақпарат беру бейнемеханика жүйесінен айырмашылығы дербес сым арқылы жiберiледi, бейнемеханика жүйесі әрбiр команда үшін жеке сым салуды болдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |