Бағалау өлшемшарттары мен талаптары
Талаптар
1. Кіріспе
a) Тиісті салада 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
b) Табысты және расталған жұмыс тәжірибесі;
c) Бірдей жолаушылар ағыны, көлемі, жұмысбастылығы бар әуежайлардағы
және/немесе ірі сауда орталықтарында жобалардың болуы;
d) Сатуға арналған тауар түрлілігі (брендті тізбектей отырып)
қосқанда жобаның көлемі мен күрделілігін ескере отырып жалпы көрсетуді қосқанда
жобаның қысқаша кіріспесін дайындау
2. Төлем қабілеттілігі
Әлеуетті кандидат төмендегі шешімдердің біреуінің негізінде қызықтыратын қаржылық
талаптарды ұсынуы керек:
Концессия шебері –бір тұжырымдамада қоғамдық тамақтану пункті мен бөлшек
сауданы қамтамасыз ете алатын жалғыз жеткізуші.
a) Концессия шебері: Белгіленген жалдау төлемі + жалпы айлық кірістен сыйақы;
b) Жеке концессия: Белгіленген жалдау төлемі + жалпы айлық кірістен сыйақы;
c) бизнесті лицензиат басқаруын сақтау құқығымен әуежай операторымен бірлескен
кәсіпкерлік (49%/51% қатысу үлесі).
Талаптар:
Тиісті лицензияның болуы;
Жұмыс тәжірибесі (халықаралық мойындау артықшылық болып табылады).
3. Бизнес-жоспар
Үміткерлер Концессия шебері үшін жылды сату болжамымен, сондай-ақ Жеке концессия
үшін 3 жылдық сату болжамымен және әуежайдан алынған жолаушылар ағыны
деректерінің негізінде Әуежай табысымен бизнес-жоспарды ұсынуы керек.
4. Дизайн/Эстетика
Үміткерлер3D эскиздің бастапқы* жобасын және келесіні
ескере отырып, толық дизайны
бар орналасқан жерінұсынуы керек:
a) Дизайн терминал түрімен біріктірілген болуы керек;
b) Функционалды жиһазды пайдалану;
c) Қойма элементтері жиһазға қосылған болуы керек;
d) Төсем/жарықтандыру;
e) қазақтың ұлттық бейнелемесінің болуы.
*Соңғы дизайн Бас мердігермен келісу барысында құрылыс аяқталғаннан кейін
бекітіледі.
5. Клиентпен жақсы қарым-қатынас жасау
a) фронт-кеңсе жұмыскерлері /сату бөлімінің қызметкерлері үшінэстетикалық
бірыңғай нысанды киім;
b) Үш тілде қызмет көрсететін персонал.
6. Сақтау
a) ҮміткерҚазақстан Республикасының заңнама талаптарына
сәйкес келуі керек;
b) Төлемнің ішкі жүйесіфискальды жүйемен, сондай-ақ әуежай жүйесімен біріктірілуі
керек.
Бағалау өлшемшарттары
Р/с
№
Өлшемшарттар
Үлес
салмағы
1
Бұрынғы жұмыстың тәжірибесі мен сапасы
5
2
Сатуға арналған тауардың түрлілігі
10
3
Клиент үшін бағаны белгілеу
10
4
Төлем қабілеттілігі
25
5
Бизнес жоспар (3/5 жылғы болжаммен)
20
6
Дизайн/Эстетика
15
7
Брэндтің танымалдылығы (саудамаркасы 5-еуден көпелде
ұсынылған)
15
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі
Үміткер немесе оның мүддесін білдіретін тұлға 2016 жылғы 30желтоқсанда сағат Астана
уақытымен 12:00-ге дейін ұсынысты Қоғам мекенжайына (Астана қаласы, Қабанбай батыр
даңғылы 119, жолаушылар терминал ғимараты, 2042 кабинет) жапсырылған хатқалтада
ұсынады.
Ұсыныстары бар хатқалталарды ашу күні, уақыты және орны.
Үміткерлердің ұсыныстары бар хатқалтаны ашу бойынша сараптама комиссиясының
отырысы 2016 жылғы 30 желтоқсанда сағат Астана уақытымен 14:30-да Астана қаласы,
әуежай, 14-ПББ, «Штаб» әкімшілікғимаратында өтеді.
Іріктеу қорытындысын шығару күні: 2016 жылғы 20 қаңтар
.
Жеңімпаз болып іріктеу жеңімпазын анықтау өлшемшарттары бойынша барынша көп
ұпай жинаған үміткерлер анықталады.
Жеңімпаздарды жариялау күні: 2016 жылғы 25қаңтар.
2017 жылғы 1 ақпаннан бастап Жеңімпаз Бас мердігермен келісе отырып жобаның соңғы
мазмұнын құруды бастауы керек.