Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй


телекоммуникациялық мұнара, Алматы.  Фото: Павел Михеев.  Ашық қоғАмғА қАрАй



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

22

телекоммуникациялық мұнара, Алматы. 

Фото: Павел Михеев. 

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

23

Конвергенттік журналистика 

1990 және 2000 жылдары Сорос-Қазақстан 

Қоры дәстүрлі хабар тарату форматынан 

онлайн форматына өту процесінің басын-

да тұрған басылымдарға, соның ішінде 

Navigator, Zonakz.net (орыс тілінде) және 

Qazaq.kz пен Arasha.kz (қазақ тілінде) 

сынды алғашқы тәуелсіз интернет БАҚ-қа 

қолдау көрсетті. Қор қолдауы аталмыш 

басылымдардың хабар таратуда онлайн 

форматқа көшуіне көмектесті. 

осы бағыттағы Қор жұмысының тағы 

бір әлеуетті жұмыстарының бірі  - жергілікті 

БАҚ-тың онлайнға көшуіне қолдау көрсету 

болып табылады. 2012 жылы Қор БАҚ-тар-

дың жергілікті жаңалықтарды тарату идея-

сына қолдау көрсетіп, сегіз қала бойынша 

10 жергілікті басылымға, атап айтқанда 

Қостанай қаласындағы «наша газетаға», 

Жезқазғандағы «Потробности», Ақтөбедегі 

рика тВ, Семейдегі «Спектрге», оралдағы 

«Уральская неделяға» және «Мой городқа» 

грант берді. Бұл аймақтық басылымдар 

жергілікті маңызы бар жаңалықтарды 

алғашқы болып хабарлайды, жергілікті 

билік өкілдеріне сұрақтар қойып, маңызды 

тақырыптарды ұлттық деңгейде көтереді. 

«Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен 

жасалған газетіміздің жаңа сайты оқырман-

дарымызға жедел, әрі кез келген уақытта 

аумақтың өмірі жайында ақпарат алуға 

мүмкіндік береді», - дейді «Подробности» 

газетінің бас редакторының орынбасары 

Юлия Высоцкая.

Қор аймақтық БАҚ-тың Android және 

IOS-ке арналған қосымшаларына көшуіне 

мүмкіндік беретін гранттар бөлді. 2012 

жылы Қордың қолдауымен «Мой город» 

басылымы аймақтық БАҚ-тардың алғашқы-

сы болып ұялы телефонға арналған сандық 

қосымшаны шығарды.  Қазіргі таңда бұл 

қосымшаға күніне 6000-нан аса адам кіреді. 

«Мой город» басылымының онлайн трафигі 

бұқаралық ақпарат құралдар нарығындағы 

бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан көп-

теген жергілікті жаңалықтар агенттіктерінің 

онлайн трафигінен әлдеқайда жоғары. 

«Бізге әлемді қара-ала түсте емес, шынайы 

қабылдаған маңызды. осы орайда, сайты-

мызға және сандық қосымшамызға кіретін 

адамдар қатарының күнен-күге артуы, 

ұстанымымыздың дұрыстығын дәлелдесе 

керек», - дейді Жанат нұғманова, басылым-

ның бас редакторы.



Тәжірибемен алмасу 

Қор пікір білдіру еркіндігін нығайту және 

кәсіби журналистік стандарттарды наси-

хаттау саласында жұмыс істейтін кәсіби 

ұйымдарды құруға көмек көрсетіп келді. 

Қор қолдауының арқасында сөз бостан-

дығын қорғаудың халықаралық «әділ Сөз» 

қоры, «Құқықтық бұқаралық ақпарат құрал-

дарының орталығы», «MediaNet халықара-

лық журналистика орталығы» ұйымдары 

қарқынды, табысты және тұрақты ұй-

ымдарға айналды. он жылдан астам уақыт 

бойы «әділ Сөз» ұйымы баспасөз бостан-

дығы құқықтарын бұзу фактілеріне монито-

ринг жасап, журналистерге жасалған ша-

буылдарға назар аударып, заңды кеңестер 

беріп, сотта журналистердің құқықтарын 

қорғап, құқықтары мен міндеттерін үйретіп, 

ұлттық деңгейде БАҚ-ты реттеу саласында 

реформаларды алға жылжытады. «әділ 

Сөз» қорының президенті тамара Калеева-

ның айтуынша, Сорос-Қазақстан Қорының 

20 жылдық жұмысын «білім беру, прогресс 

және қолдау» сөздерімен сипаттауға 

болады.  

БАқ

Қордың ерікті, жауапты және кәсіби БАҚ-ты дамытуы 

бойынша жұмысы дәстүрлі форматтан онлайн хабар таратуға 

көшу, техникалық сараптама мен кәсіпқойлықты арттыру 

және азаматтық қоғамның заңнама процестеріне әсер ету 

талпыныстарын қолдау қағидаларына негізделген. «Тәуелсіз 

БАҚ қоғамның дамуы мен өрлеуінің кепілі болып табылады», - 

деп санайды «Құқықтық медиа-орталығы» ҚҚ-ның директоры 

Диана Окремова.

Аймақтық басылымдар 

жергілікті маңызы бар 

жаңалықтарды алғашқы 

болып хабарлайды, 

жергілікті билік өкілдеріне 

сұрақтар қойып, маңызды 

тақырыптарды ұлттық 

деңгейде көтереді.



24

Қор, сонымен қатар, кәсіби және 

әлеуметтік-жауапты журналистиканы 

қалыптастыру жолында жұмыс істеп келе 

жатқан тәуелсіз Қазақстан Баспасөз клубы 

ұйымына қолдау көрсетіп келеді. Қор БАҚ 

үрдістері мен мәселелері талқыланатын 

пікірталас алаңдарын қолдайды. олардың 

қатарында Қазақстан Баспасөз клубымен 

ұйымдастырылатын Медиа Құрылтай, 

MediaNet ұйымымен өткізілетін орта-Азия 

Интернет форумы бар. Біз халықаралық 

тәжірибемен алмасу үшін аталмыш шара-

ларға шетелден келетін БАҚ саласындағы 

сарапшылардың шығындарын көтерсек, ха-

лықаралық конференцияларға қатысқысы 

келетін отандық журналистерге жол жүру 

гранттарын ұсынамыз.



Біліктілікті арттыру

Қор үшін журналистердің біліктілігін 

арттыру маңызды міндеттердің бірі болып 

саналады. осы мақсатта қор түрлі жо-

балар мен кәсіби жүйелерді қолдап, сол 

арқылы оларға көптеген журналистің қа-

тысуына мүмкіндік жасады. 2005 жылдан 

бастап СҚҚ-ның қолдауымен MediaNet 

журналистика мектебі кәсіби мамандар-

дың жаңа буынын тәрбиелеуге ықпал 

ету мақсатында 600-ден аса журналисті 

оқытып шығарды. «Қор гранттарының 

арқасында халықты шынайы ақпаратпен 

қамтамасыз ететін кәсіби және тәуелсіз 

журналистердің бірнеше буыны қалып-

тасты», - деді әділ Джалилов, MediaNet 

ұйымының негізін қалаушылардың бірі.

2010 жылы СҚҚ «Ашық Қоғам» 

жүйесінің өзге қорлары мен бағдар-

ламаларымен серіктестікте, аймақтық 

журналистік зерттеу мектебінің база-

сында журналистерге қаржы мәселесін 

жақсырақ жарықтандыруға көмектесу 

үшін мемлекеттік қаржы тақырыбында 

курс өткізді.  

2014 жылы «Ашық Қоғам» Қорының 

еуразия және медиа бағдарламаларының 

қолдауымен СҚҚ Қазақстан Баспасөз 

клубымен бірлестікте жаңа «iMedia 

мектебі» жобасын іске қосты. «Меніңше, 

Сорос-Қазақстан Қоры БАҚ нарығын да-

мытуда тек қана маңызды жүйелік жоба-

ларды жүзеге асырады», - деді Қазақстан 

баспасөз клубының президенті әсел 

Қарақұлова. «iMedia мектебі - Қазақстан-

дағы мультимедиялық журналис- 

тика сапасын жақсартып, тәуелсіз БАҚ 

жобаларының сапасының өсуіне атсалы-

сады».

2010-2012 жылдары Қордың қол-



дауымен азаматтық журналистиканың 

дамуы және қатысушылардың веб-сайт-

тар мен блогтарды іске қосуда қажет 

болатын машықтармен қамту үшін алты 

облыстық орталықта мультимедиялық 

форматта қазақ тілінде мақала жазатын 

200 журналистке арнап трениг өткізілді. 

«Сорос-Қазақстан Қорымен бірге, біз, 

сөз бостандығының дамуына елеулі 

үлес қостық», - дейді қазақ тіліндегі 

БАҚ-тың дамуымен айналысатын «Мін-

бер» қоғамдық бірлестігінің президенті 

есенгүл Кәп.

Сондай-ақ, Қор еркін медиа 

кеңістіктің құрылуына және оның сақта-

луына бағытталған  реформаларды 

ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін 

зерттеулерге қолдау көрсетеді. Мысал 

ретінде, БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс- 

тың әсерін зерттеумен айналысатын 

«Құқықтық медиа-орталық» Үеұ-ын 

айтса болады. орталықтың электрондық 

дерекқоры мемлекет қаржыландыратын 

ұлттық және жергілікті басылымдардағы 

материалдардың қамтылу ауқымын 

көрсетеді. нәтижесінде қоғамның ақпа-



БАҚ

Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан 

Мұхамеджановтың блогерлермен кездесуі, 

Жаңаөзен, 2011 ж. Фото: VoxPopuli

ратқа қолжетімділігі жақсарды, ал қоғам 

арасында БАҚ тиімділігі туралы пікірта-

лас қыза түсті. «Сорос-Қазақстан Қоры 

өзге донорлар қолдауға, қоғам көтеруге, 

талқылауға  жүрексінген тақырыптарды 

қолдайды. осының нәтижесінде азамат-

тық қоғамның белсенділігі артып, күрделі 

тақырыптарды талқылай бастайды, өз 

құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға 

ниеті пайда болады», - деп тұжырымда-

ды Құқықтық медиа-орталығының 

директоры Диана окремова.



Қор үшін журналистердің 

біліктілігін арттыру маңызды 

міндеттердің бірі болып 

саналады. Осы мақсатта 

қор түрлі жобалар мен 

кәсіби жүйелерді қолдап, 

сол арқылы оларға көптеген 

журналистің қатысуына 

мүмкіндік жасады.


жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау