Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

12

білім беру жүйесіне қатысты тұжырымда-

малары 2004 жылы қабылданған мемле-

кеттік білім беру бағдарламасына енгізілді. 

Сонымен қатар, Қор ұлттық Пікірталас 

орталығының көмегімен критикалық ойлау 

қабілетінің дамуына үлес қосты. Аталмыш 

орталық 1998 жылы Бахытнұр отарбаева-

мен оқушылар мен студенттердің крити-

калық ойлау қабілетін қалыптастыру мақса-

тында құрылды. «Балалардың критикалық 

ойлау және көшбасшылық қабілеттерін 

қалыптастыру біздің басты мақсатымыз 

болды және біз, ол мақсатқа қол жеткізе 

білдік. Біздің бағдарламамыздың басты 

жетістіктерінің бірі - оның тұрақты болуы», 

- дейді ол. осы бастаманың арқасында 

мемлекет бойынша көптеген мектептерде 

әлі күнге дейін пікірталас клубтары жұмыс 

жасайды және жастарға критикалық ойлау 

қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

шәкіртақылық  

бағдарламалар 

1995 жылдан 2013 жылға дейін жүзе-

ге асырылған СҚҚ-ның халықаралық 

шәкіртақылық бағдарламалары Қазақстан-

да машықтар мен құзіреттер жүйесінің 

дамуына, мемлекеттің экономикалық және 

әлеуметтік саласына зор үлес қосқан аса 

білікті мамандар шоғырын қалыптастыруға 

көмектесті. Бағдарлама аясында Қа-

зақстанның 2000-ға жуық студенті амери-

каның және еуропаның жетекші универ-

ситеттерінде сапалы білім алу мүмкіндігіне 

қол жеткізді.  елге оралып, алған білімдерін 

мемлекет пайдасына қолданды. 

СҚҚ шетелде білім алу бойынша тегін 

қызметтер көрсетіп, кеңестер беретін білім 

беру орталығын қолдап келді. Кейіннен 

ұқсас қызметтер көрсеткен Білім-орталық 

Азия орталығын қолдады. Студенттерге 

гуманитарлық және әлеуметтік ғылым, 

соның ішінде экономика, құқық, журнали-

стика, қоршаған ортаны сақтау бойынша, 

әлеуметік жұмыс және мемлекеттік саясат 

салаларында гранттар берілді.  

«Біздің үлесіміз Қазақстанның 

гуманитарлық ғылымдар саласындағы 

сарапшылар тобын құрғанымызда», - деп 

атап өтті Білім-орталық Азия орталығының 

директоры Лейла едігенова.

«Қордың оқыту бағдарламаларын 

дамыту бойынша шәкіртақылық бағдарла-

малары оның қатысушыларына білім беру 

және ғылыми-зерттеу институттарын жақ-

сартуға нақты үлес қосуларына мүмкіндік 

берді», - дейді осы бағдарламаның қаты-

сушысы және бүгінде әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық Университетінің әлеуметтану 

ғылымының профессоры назым Шеденова.



инклюзивтік білім беру 

СҚҚ барлық бала сапалы білім алуға 

құқылы деген сенімге негізделе отырып, 

инклюзивтік білім беру идеясын алға 

жылжытуға көмектесті. Қор 2020 жылға 

дейін Қазақстан мектептерінің 70% инклю-

зивтілікпен қамтуға бағытталған үкіметтің 

жұмысына қолдау көрсетіп келеді. Қор 

сапалы білім беру қызметтеріне жиі қол 

жеткізе алмайтын, ал кейде жалпы орта 

білім беру жүйесінен мүлде шектетіліп 

тасталатын осал топтың балаларына білім 

беру қолжетімділігін жақсартатын жоба-

ларды қолдайды.

Сорос-Қазақстан Қоры 2009 жылы 

Экономикалық ынтымақтастық пен даму 

ұйымымен (ЭЫДо) жүргізілген зерттеуге 

қаржылай қолдау көрсетті. Зерттеу аясын-

да мемлекеттің ерекше қажеттіліктері бар 

және мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға 

қатысты білім беру саясаттары мен бағдар-

ламалары зерттелініп, барлық балалардың 

сапалы білімге қолжеткізе алуын қамтама-

сыз ету үшін қандай өзгертулер керектігі 

бойынша ұсыныстар жасалды. Зерттеудің 

нәтижесінде Қазақстанның заңдарында 

ерекше қажеттіліктері бар балалардың 

сапалы білім алуға құқығы бар екендігі 

бекітілгеніне қарамастан, тиісті қызметерді 

көрсетуді мүмкін етудің базасы жоқ екені 

анықталды. 2011 және 2014 жылдары 

Қор білім алуға мүмкіндігі жоқ және де 

инклюзивтік білім алудағы кедергілермен 

(білімдегі және машықтардағы кемшіліктер, 

икемсіз оқу жоспары, қажетті оқу мате-

риалдарының жоқтығы, білім ғимаратта-

рының қолжетімсіздігі) кездескен бала-

ларды анықтау үшін Қазақстан көлемінде 



БіЛім БерУ

«ZhasCamp» жастар неконференциясының қатысушылары 2014 ж.  

Фото: Қазақстан жастарының ақпарттық қызметі ұйымы (МИСК)

Студент қыз. Алматы. Фото: СҚҚ




СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

13

ахуалдық талдау жүргізу жұмыстарын 

қаржыландырды.

2011 және 2012 жылдары СҚҚ бүкіл 

республика бойынша аймақтық дәреже-

де білім беру саласында саясаттар мен 

қаулыларды енгізуге жауапты мемлекеттік 

қызметкерлерге арналған инклюзивтік 

білім берудің сәтті үлгілері жайлы оқы-

тып-үйрететін, «мектепті инклюзивтік ету 

үшін не істеу қажет және мұғалімдерді 

даярлау және қайта оқыту жүйесі қалай өз-

гертілуі тиіс» сынды практикалық сұрақтар-

ды шешуде кеңес беретін  семинарлар 

топтамасын ұйымдастырды. 

Қор 2012-2014 жылдар аралығын-

да Ақмола облысының бес мектебінде 

пилоттық негізде жүргізілген инклюзивтік 

жобаларды қолдады. Жоба аясында мек-

тептерін инклюзивтік мектепке айналдыру 

бойынша жоспарларды дайындау жұмысы 

мұғалімдердің өздеріне артылды. СҚҚ 

ауыл мектептерінде инклюзивтік білім беру 

бастамасын қолдау мақсатында грант-

тар бөлді. Сонымен қатар, мұғалімдерге 

инклюзивтік білім беру бойынша тре-

нингтердің өткізілуін қаржыландырды. 

Қор мүмкіндігі шектеулі балалардың 

сапалы білім алуға қолжетімділігін артты-

руға бағытталған бастамаларға қолдау 

көрсетеді. нақты айтсақ, СҚҚ аутизм 

бойынша орта-Азия Желісіне www.inclusion.

kz – мамандар мен ата-аналарға арналған 

инклюзивтік білім бойынша материалда-

рынан тұратын веб-сайтын жасауға грант 

бөлді. Қор ерекше қажеттіліктері бар ба-

лалардың инклюзивтік білім алу жолында 

біржақты көзқарасты төмендету міндетіне 

үлкен жауапкершілікпен қарайды.  осы 

ретте, осал топтардан шыққан балалар-

дың білім алуға басқалармен бірдей тең 

құықтары бар деген пікірді қалыптастыру 

мақсатында журналистерге арналған 

гранттық байқау ұйымдастырды. Барлық 

балалардың сапалы білім алу құқығына 

қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қа-

зақстан әлі де талай белестерді бағындыру 

керек. Дегенмен, біздің осы саладағы бел-

сенді жұмысымыз инклюзивтік білім беруді 

еліміздің күн тәртібінің жоғарғы сатылары-

на шығаруға мүмкіндік берді деп сенеміз.

Инвотакси. Қарағанды, 2014 ж. Фото: VoxPopuli



Барлық балалардың сапалы 

білім алуға тең құқығы бар 

деген қағиданы ұстанған 

СҚҚ инклюзивтік білім беру 

идеяларын жылжытуға 

көмектесті. 


жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау