СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі
7
СҚҚ-ның көптеген жылдар
бойы жазушыларға, суретшілерге,
кинематографшыларға берген гранттары
өнер адамдарының жаңа буынына
көмектесіп, тыңдармандары мен
көрермендерін қуантуға мүмкіндік берді.
«осындай байқаулардың нәтижесінде
Қазақстан мәдениеті байыды. Меніңше,
бұл жұмыс аса зор мәнге ие болды», -
дейді өнертанушы Валерия Ибраева.
Бүгінде қайтыс болған танымал
жазушы және СҚҚ бұрынғы төрағасы
Герольд Бельгер, 1997 жылы қор жұмысы
туралы ойын келесідей жеткізді: «терең
экономикалық дағдарыс кезінде СҚҚ
бірегей бағдарламаларының елімізге
көрсеткен нақты көмегін, әлсіздерге арнап
тұмсығына бір тамшы су құйып алып
келген, қазақ аңызындағы қарлығашқа
теңер едім».
Өнер
1998 жылдан 2010 жылға дейін Сорос-
Қазақстан Қоры Алматы қаласының
Қазіргі заман өнер орталығына
институционалдық қолдау көрсетті.
Бұл - суретшілердің бір-бірімен ой бөлісе
алатын, шығармашылық тұрғыдан
өркендеуіне көмегін тигізетін кеңістікті
құруға мүмкіндік берді. орталық
директоры Валерия Ибраева ханымның
айтуынша, «бұл - кәсіби әртістердің
арасында жаңалықтардың, жаңа
идеялардың пайда болуына, байланыстың
кеңеюіне түрткі болды. орталықтың
миссиясы - Қазақстандағы көркем өнер
процестерін қолдау, сонымен қатар
Қазақстан өнерін жаһандық өнер үрдісіне
енгізу болып табылды». Қордың қолдауы
отандық суретшілерге батыл және
жаңашыл жұмыстарды жасауға, сонымен
қатар өз шығармаларын елде және шет
елде таныстыру мүмкіндігін берді. Ибраева
ханымның айтуынша, СҚҚ қолдауының
арқасында қазақстандық өнер кеңінен
дамып, өрлей бастады.
СҚҚ суретшілерді өз
шығармашылықтарында озық формалар
мен тәсілдерді қолдануға ынталандырды.
Мәселен, суретшілерге бейнеөнер
тақырыбында тренинг жүргізіп, одан кейін
аттас фестиваль өткізіп, еңбектерін қалың
көпшілікке ұсынуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Қор маңызды
тақырыптар аясында көрмелер
ұйымдастыруға атсалысты. Мысалы,
«1937: еске алу алаңы /Жоқтау» көрмесі
аясында суретшілер 1930 жылдардағы
сталиндік репрессиялар уақытында
Қазақстан халқының шеккен азабын ой
елегінен өткізуге тырысты.
оған қоса, әлеуметтік-арт
стиліндегі инновациялық жобалар да
Қор қолдауына ие болды. 2012 жылы
СҚҚ мүмкіндігі шектеулі адамдарға
қатысты жалған нанымдарды жоюға
бағытталған Mesqueunblog жобасын
қаржыландырды. Церебралды сал
ауруына шалдыққан жасөспірім
мӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕр
СҚҚ-ның көптеген жылдар
бойы жазушыларға,
суретшілерге,
кинематографшыларға
берген гранттары өнер
адамдарының жаңа
буынына көмектесіп,
тыңдармандары мен
көрермендерін қуантуға
мүмкіндік берді.
Соңғы екі онжылдықта Қазақстанның мәдениет және өнер
аясында Сорос-Қазақстан Қорының (СҚҚ) қолдауымен
өнер, әдебиет, муыка, кино, поэзия және халық мәдениеті
салаларында инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Қор
Қазақстанның мәдениет кеңістігін дамытуға айтарлықтай үлес
қосты.
8
Бахытжан Жұмановтың шынайы өміріне
негізделіп жасалған карикатурада,
мүмкіндігі шектеулі адамдардың
күнделікті өмірде кездесетін
қиындықтары әзіл түрінде көрсетілді.
Бастапқыда карикатура ғаламторда
жарияланып, кейіннен Қазақстанның
барлық қалаларында көрме ретінде
өтті.
«Адамдар өздерінің мүгедектігінің
артына тығылып, жасқанбаулары керек.
онымен өмір сүре білулері тиіс», - деп атап
кетті «Мүгедек әйелдердің «Шаңырақ»
қауымдастығы» Қоғамдық Қорының
төрағасы Ләззат Қалтаева. «Комикс
– мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы
ақпараттандырудың тамаша түрі. Бізбен
бірге күлуден жасқанбаңыз».
Қор қолдаған тағы бір жоба аясында
фотограф Илья Мартынов Қазақстанды
аралап, тарихи ғимараттарды суретке түсірді.
Кейіннен ол өзінің жасаған жұмыстарын
мұрағат кадрларымен салыстырып, соңғы 50
жылда болған архитектуралық өзгерістерді
суреттеп көрсетті.
«Өзімнің жұмыстарым арқылы
еліміздің архитектуралық мұрасында
болып жатқан өзгерістер жайында
адамдармен диалог орнатқым келді», -
дейді фотограф. Жұмыстар 2013 жылы
Алматы қаласында «Ақиқаттардың өзара
тұтасуы» атты көрмесінде ұсынылып,
қалың көпшілік арасында қызу пікірталас
тудырды.
Әдебиет
1996, 2000 және 2002 жылдары қазіргі
заман әдебиеті аясында берілген гранттар
Дидар Амантай, таласбек әсемқұлов,
Айгүл Кемелбаева, Илья одегов, николай
Веревочкин және ербол Жұмағұлов
сияқты дарынды жас жазушыларды
қолдауға бағытталған болатын. Қазақ
тілін және әдебиетін дамыту Қордың басты
бағыттарының бірі болып келді. 2002 жылы
өткен «Заманауи роман» әдеби байқауының
бес жеңімпазының үшеуі, атап айтқанда Д.
Амантай мен т. әсемқұлов мырзалар және
А. Кемелбаева ханым кітаптарын қазақ
тілінде шығарды. Бұл гранттар Дидар
Амантайдың «Постскриптум», «Гүлдер мен
кітаптар» романы, таласбек әсемқұловтың
музыка жайындағы лирикалық «талтүс»
мӘДеНиеТ жӘНе ӨНер
Қазақ тілін және әдебиетін
дамыту әрқашан Қордың
басты бағыттарының бірі
болды.
романы, Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара»
атты өмірбаяндық романы, жойылып
бара жатқан қаланың соңғы тұрғыны
жайындағы николай Веревочкиннің
«Зілдің тісі» (Зуб мамонта) атты есте
қаларлық ертегісі сынды қызықты әдеби
еңбектердің жарық көруіне мүмкіндік
берді.
СҚҚ пьеса жазу үшін драматургтарға
грант бөлу және Қазақстанның әртүрлі
аймақтарындағы театрларға қаржылай
көмек көрсету арқылы театр өнерін
қолдап отырды.
музыка
Қор Қазақстанның музыкалық мұрасын
сақтауға өз үлесін қосты. 2001 жылы СҚҚ
ұлттық музыканың төрт компакт-дискісі –
еске алу алаңы /Жоқтау» көрмесіне
қойылған жұмыстар, 2013 г. Фото: Nedelka
Project