Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй


СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

9

қазақ музыка фольклоры, қазақтың аспапты 

музыкасы, жыры және әндері  жинақтарының 

шығуын қаржыландырды.

Сонымен қатар, Қор еліміздегі тұңғыш 

өткізілген виджеинг бойынша тренинг 

сынды  инновациялық жобаларды қолдау 

арқылы заманауи музыканың дамуына 

атсалысты. 

Кино 

Қор гранттарын әлеуметтік мәселелерді 

көтерген кино және телеқойылымдар 

иеленіп отырды. 1990 жылдары 

Қор қоғамның сол кездегі маңызды 

мәселелері мен этикалық дилеммаларын 

талқылайтын, сұрапыл тоқсаныншы 

жылдарда елімізде орын алған екпінді 

реформаларды көрермендерге түсіндіруге 

атсалысқан отандық «тағдырлар тоғысы» 

телевизиялық топтамасының жасап 

шығарылуына қолдау көрсетті. 1998 

жылы Қор бұрын жабық тақырып болып 

келген теміртау қаласындағы СПИД 

(ЖИтС) індеті және соған қатысты 

туындаған кемсітушілік туралы баяндайтын 

«Қазақстанды бейнекамерамен аралау» 

атты фильмін қаржыландырды. 

2013 жылы Сорос-Қазақстан Қоры жас 

және дарынды төрт кинематографшыға 

қазақ және орыс тілдерінде 

қысқаметражды фильм түсіру үшін грант 

бөлді. «Құрылысшылар» фильмінде 

үйсіздік және әлеуметтік әділетсіздік 

мәселелері көтерілсе, «5000 теңге» 

фильмінде жемқорлық мәселелері 

талқыланады. Өз кезегінде автор, 

жемқорлық мақсатында қолданған ақша 

өзін қалай «сезінеді» деген сұраққа жауап 

беру үшін анимацияны тиімді қолдана 

білді. «елес» фильмінде Арал теңізінің 

экологиялық күйзеліске ұшыраған 

аудандарында тұратын жасөспірімдердің 

мәселелері сипатталса, «Менің қолымды 

ұста» фильмі аққандылық (лейкоз) 

ауруына шалдыққан жасөспірім мен 

орта жас күйзелісіне түскен адам туралы 

баяндайды.

2001 жылы СҚҚ дәстүрлі музыка жинағын 

қаржыландырды: музыкалық фольклор, 

аспаптық музыка, музыкалық эпос, дәстүрлі 

музыка.


«тағдырлар тоғысы» сериалының кейіпкерлері. 1996-2000 

жж. Фото: VoxPopuli




10

Қазақ тілі сабағында. Құлагердегі мектеп. 

Фото: Ирина Богачева

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

11

мектепке дейінгі білім беру

Қор мектепке дейінгі білім берудің бала-

ларға және қауымдастыққа бейімделген 

әдістемесін дайындау бойынша жобаны 

қолдау арқылы осы салаға тұрақты және 

жағымды өзгерістер алып келді. осы жо-

баны іске асырған Step by Step Kazakhstan 

ұйымының директоры Дина Айджанованың 

айтуынша: «Бағдарламаның мақсаты - білім 

беру әдістемелерін өзгертіп, оған демо-

кратиялық қағидаларды енгізу болды». 

Дәлірек айтқанда, жоба сәбиді танымдық 

және физикалық тұрғысынан дамыту 

барысында балаларға бейімделген амал-

дарды қолдану керектігін насихаттаумен 

қатар, оқыту процесінде балаға қолайлы 

тәсілдерді қолдануды және де сабақтарға 

ата-аналардың қатысуын ынталандыруды 

мақсат тұтты. 1996-1998 жылдар арасында 

жоба шеңберінде мұғалімдерді оқыту және 

құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы 

Қазақстанның бірқатар қалаларында алты 

пилоттық мектептерінде мектепке дейінгі 

білім берудің модельдері жасалды. Жоба 

өте нәтижелі және жемісті болды. Қазіргі 

уақытта Step by Step Kazakhstan ұйымы 

Қазақстан бойынша 650 мектепке дейінгі 

және 38 бастауыш сыныптарынан тұратын 

үлкен желіні басқарады. Сонымен қатар, 

үйде оқыту және ата-аналарға балала-

рының ерте дамуымен айналысуға көмек 

беретін отбасылық ресурстық орталықтар-

дың бағдарламасын басқарады.

Step by Step Kazakhstan ұйымы 

мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік 

стандартын құрып, әр балаға бейімделген 

оқыту қағидаларын жылжытып, мұғалім-

дердің кәсіби өсуіне және инклюзивтік білім 

берудің дамуына елеулі үлес қосты. 1996 

жылдан бастап Step by Step Kazakhstan 

ұйымының қолдауымен 50 000-нан аса 

бала мектепке дейінгі және бастауыш 

сыныптарында білім алды, ал 2500 

мұғалім балалармен жұмыс істеу бойынша 

тренингтерден өтті. Дина Айджанованың 

айтуынша, бұл көптеген адамның өмірге 

деген көзқарасын өзгертті. «Мұғалімдер 

әр баланың құрметтеуді талап ететінін, 

сондай-ақ олардың ата-аналары да құрмет 

пен қызықтыруды қажет ететінін түсінді. 

Менталитеттің өзгеруі байқалады», - деп 

түйіндеді ол.



Білім беру стандарты 

Қордың Білім беру бойынша ұлттық стан-

дарттарын реформалау жобасы Үкіметтің 

12 жылдық білім беру жүйесіне ауысуына 

көмектесуге бағытталған. 2001 жылы 

Қр Білім және ғылым министірлігімен 

бірлесе жасалған жоба білім беру жүйесін 

реформалау процесіне айтарлықтай әсер 

етті, ал қазақстандық сарапшылардың 

ұсыныстары білім беру саласындағы 

үкіметтің стратегиясына енгізілді. Жоба 

аясында сарапшылар білім берудің ұлттық 

стандарттарын реформалау бойынша ха-

лықаралық тәжірибені зерттеп, нәтижесін-

де, Қазақстанда «ақылды экономиканың» 

дамуына септігін тигізіп, жоғары сапалы 

білім беруді қамтамасыз ете алатын қажетті 

реформалардың түрлерін қарастырды.

2003 жылы сарапшылар үкіметке рефор-

малардың жоспарын ұсынды, ал олардың 



БІЛІм БЕрУ 

Мектепке дейінгі білім беруді жақсарту, білім берудің 

ұлттық стандарты және 12 жылдық білім беру жүйесіне өту 

реформасында үкіметке қолдау көрсету, инклюзивтік білім 

беруді дамыту арқылы осал топтағы балалар үшін білім 

алу қолжетімділігін жақсарту, халықаралық шәкіртақылық 

бағдарламалар арқылы машықтарды арттыру бастамалары 

Сорос-Қазақстан Қорының білім беру саласының дамуына 

қосқан үлесі болып табылады.

Мұғалімдер әр баланың 

құрметтеуді талап ететінін, 

сондай-ақ олардың ата-

аналары да құрмет пен 

қызықтыруды қажет ететінін 

түсінді.



жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау