Сандықтың қолданылатын орны және байырғы жасалу әдістері
Сандық әр-түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған үй жиһазы мүлік. Киім кешек әр-түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық әбдіре және жағдан сандықтарын пайдаланған сөйтіп қазақ халқының сандық жасау әдісі үш түрге бөлінген
а. Үлкен сандықтардың ұзындығы 90-100см. Биіктігі мен ені 45-50см. Жұқа қарағай тақтайдан жасалынады. Сырты терімен қапталып ою-өрнек салу арқылы безендендірілген әл-ауқаты жақсы адамдар сандық сыртын жез,күміс,алтын түсті асыл тастармен өрнектер салғызған
б. Жағдан сандығы азық түлік киім-кешек салатын тұтастай теріден істеліп сыртын қаңылтырмен шегендеген сандықтың көне түрі Қазақстанның оңтүстік өңірінде XVIII-XIX ғасырда кең таралған. Негізінде әбдіре сандық сияқты үлкен емес 60-70см. Биіктігі мен ені 30-35см.
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.
Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
|