Соңы 2-бетте Мемлекет бас- шысының баста- масымен биылғы жыл Жастар жылы болып бел- гіленіп отыр. Бұл жастардың қоғам



жүктеу 2,24 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата12.01.2020
өлшемі2,24 Mb.
#26381
1   2   3   4   5   6   7   8

5

№11 (3136) 12 ақпан 2019

zangazet@mail.ru



СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Досжан ӘМІРОВ, Ақмола облыстық сотының төрағасы:

«СУДЬЯЛАРДЫ БАСЫ АРТЫҚ 

ШАРУАДАН БОСАТУ ҚАЖЕТ» 

...ЖЕКЕ  БАСҚАРМАЛАРҒА  ТОҚТАЛАР  БОЛСАҚ, 

ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕН ТҮСКЕН ҚҰЖАТТАРДЫҢ 

4-УІ НЕМЕСЕ 17,1 ПАЙЫЗЫ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНАН 

КЕЛГЕН  АРЫЗДАРДЫҢ  27-СІ  НЕМЕСЕ  18,2  ПАЙЫЗЫ, 

ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕН КЕЛГЕН ҚҰЖАТТАР-

ДЫҢ 8-І НЕМЕСЕ 7 ПАЙЫЗЫ ҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-

ДЕ. ӨКІНІШТІСІ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА МЕН ҚЫЛ-

МЫСТЫҚ  АТҚАРУ  ЖҮЙЕСІНЕН  КЕЛГЕН  ҚҰЖАТТАР 

ТҮГЕЛ, ЯҒНИ, 100 ПАЙЫЗ ОРЫС ТІЛІНДЕ БОЛДЫ. БҰЛ 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ 

ҚАТЫСТЫ ОРЫН АЛЫП ОТЫРҒАН ОЛҚЫЛЫҚТАР. АЛ 

СОТҚА ШАҒЫМДАНҒАН ЖЕКЕ АДАМДАР АРАСЫНДА 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІНДЕР ТІПТІ, КӨП. 

ОБЛЫС СОТТАРЫНДА 2018 ЖЫЛЫ ҚАРАЛҒАН 161653 

ІСТІҢ 6161-І НЕМЕСЕ 3,8 ПАЙЫЗЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ.



СОТ  САЛАСЫНДАҒЫ  РЕ­

ФОР  МАЛАР  ЕЛІМІЗ  ТӘУЕЛ­

СІЗ ДІГІН АЛҒАН КЕЗДЕН БАС­

ТАЛДЫ. СОДАН БЕРІ КӨПТЕГЕН 

Ш А Р УА Л А Р   АТ Қ А Р Ы Л Д Ы , 

ОНЫҢ  НӘТИЖЕСІ  ДЕ  ЖАМАН 

ЕМЕС.  ӘЛІ  ДЕ  ШЕШІМІН  КҮТ­

КЕН  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕР  АЗ 

ДЕЙ АЛМАЙМЫЗ. ҚАЗІРГІ СОТ 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН 

ЖҰМЫС ТАР МЕН ШЕШІЛМЕГЕН 

КЕЙБІР  ТҮЙТКІЛДІ  МӘСЕЛЕ­

ЛЕР ТУРА ЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫС­

ТЫҚ  СОТЫ НЫҢ  ТӨРАҒАСЫ 

ДОС  ЖАН ӘМІРОВ ӨЗ ОЙ­ПІКІРІ­

МЕН БӨЛІС КЕН ЕДІ.

– Елбасы өзінің өткен жылдың 5- 

қазандағы  Жолдауында  сот  жүйесін 

жетілдіруге қатысты бірқатар пікірлер 

айтқан еді. Оның ішінде сотты басы 

артық жұмыстардан босату жайы да 

бар.  Осы  бағытта  қандай  шаруалар 

атқарылып жатыр?

–  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев 2019 жылдың 21-қаңтарында 

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мен-

шік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, 

сот жүктемесін оңтайландыру және қыл-

мыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру 

мәселелері бойынша өзгерістер мен то-

лықтырулар енгізу туралы» заңына қол 

қойған  болатын.  Аталған  заңнаманың 

негізінде Мемлекет басшысы судьяға ар-

тылатын жүктемені азайтып, сапаға мән 

беруді тапсырған еді. Мұндай тапсырма 

жайдан-жай беріліп отырған жоқ. Бұған 

республика соттары қарайтын істер са-

нының соңғы 3 жылда 2 есе артуы түрткі 

болғаны белгілі. 

Сөзіміз дәлелді болу үшін әр жылдары 

сотта қаралған істерді салыстырғанымыз 

жөн болар. Айталық, 2016 жылы респуб-

лика бойынша соттарда 1,7 миллион іс қа-

ралса, 2017 жылы бұл сан 2,7 миллионға 

жеткен,  ал,  2018  жылы  4,5  миллион  іс 

қаралыпты. Осылайша төрелік алаңында 

таразыланатын істер саны жыл санап екі 

еселеп өсіп отырған.  

Ақмола облысындағы жағдай да осын-

дай.  Мәселен,  облыс  соттарына  2016 

жылы 83 609 іс пен материал түссе, 2017 

жылы 110 990, ал, 2018 жылы 169 836 іс 

пен материал түскен. Соңғы үш жылда 

біздің өңірімізде де іс пен материалдар-

дың саны 2 есеге артқан.

Статистикалық мәліметтер көрсеткен-

дей, 2018 жылы облыс соттарымен қа-

ралған істер санының өсуіне байланыс ты, 

әр судьяның айлық жүктемесі орта есеп-

пен 219-ға жеткен. Сонда судья күніне 10-

ға жуық іс пен материалды қарайды екен. 

Соған орай қазылар демалыс күндері де 

жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Бұлай 

жалғаса беруі мүмкін емес. Өйткені, қан-

ша жерден жұмысына жауапты, кәсібіне 

шексіз  берілген  болғанымен,  судьялар 

да отбасына көңіл бөліп, ізденуі, білімін 

жетілдіруі, демалуы, ортасымен, жақын-

дарымен  араласуы  керек.  Ал,  сапаға 

нұқсан келмеуі үшін қазір қазылар жеке 

басының қызығушылығын ысырып қой-

ып, жұмысын тыңғылықты жасауға ден 

қойған. «ҚР кейбір заңнамалық актілері-

не меншік құқығын қорғауды күшейту, 

төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру 

және  қылмыстық  заңнаманы  одан  әрі 

ізгілендіру мәселелері бойынша өзгері-

стер мен толықтырулар енгізу туралы» 

заңы осы түйткілдердің шешімін табуды 

көздейді.

Жоғарыда аталған заң ағымдағы жыл-

дың 3-ақпанында күшіне енгеннен кейін 

сот жүйесі бірқатар басы артық жұмыс-

тар дан босатылады. Ендігі уақытта күш-

теп  әкелу  және  елден  шығуға  тыйым 

салу санкциялары сотта қалады да, банк 

шоттарына  тыйым  салуды  санкциялау 

және банк құпиясын қарайтын ақпаратты 

талап ету прокуратураның өкілеттілігіне 

беріледі. Сондай-ақ, бұйрық арқылы іс 

жүргізудің 18 талабының 9-ы нотариатқа, 

оңайлатылған тәртіппен іс жүргізудің 12 

категориясының 10-ы бұйрықтық іс жүр-

гізуге беріледі. Яғни, бұның бәрі сотты 

басы артық жүктемелерден босатып, тіке-

Білген жөн



Айыппұлды Telegram-bot арқылы 

тексеруге болады

@EgovKzBot мессенджерін-

де тағы да 4 қызмет пен сервис 

іске қосылды.

Енді боттың көмегімен аза-

маттар: бірыңғай жинақтаушы 

зейнетақы қоры салымшысы 

қаражатының келіп түсуі мен 

қозғалысы туралы ақпаратты; 

бірыңғай жинақтаушы зей-

нетақы қоры салымшысының 

(алушының) зейнетақы жи-

нақтарының (инвестициялық 

кірісті ескере отырып) жай-күйі 

туралы ақпаратты; шетелге 

шығу шектелген борышкерлер 

тізілімі және шетелге шығуға 

тыйым салудың болуын тек-

серуге және тұлға әкімшілік 

құқық бұзушылық жасағаны 

туралы мәліметті де ала алады. 

Онлайн режимінде ақпарат 

алу меха низмі өте қарапайым 

және азаматтардың уақытын 

айтарлықтай үнемдейді.

–Азаматтарға өз гаджетінде 

Telegram мессенджерінде қыз-

меттер мен сервистерді пайда-

лану үшін «Мобильді азаматтар 

базасында» тіркелу қажет. Бұ-

дан әрі алдын ала анықталған 

командаларды жіберу арқылы 

қажетті қызметтер мен сервисті 

таңдау, қажетті деректерді 

енгізу және мобильді нөмірге 

жіберілген бір реттік парольді 

енгізу арқылы қызметтер мен 

сервисті алуды растау қажет, – 

дейді «Азаматтарға арналған 

үкімет» мемлекеттік корпора-

циясы Алматы қаласы фили-

алының PR-менеджері Жаңыл 

Әпетова.

Бүгінгі күні Telegram-бот 

арқылы қолжетімді қызмет-

тер мен сервистер саны 24-ке 

жетті.

«Азаматтарға арналған 

үкімет» мемлекеттік 

корпорациясы Алматы 

қаласы филиалының

 баспасөз қызметі

лей өз міндетімен айналысуға мүмкіндік 

жасамақ. 

– Сот саласы ғана емес, жалпы бар-

лық мемлекеттік қызмет салаларын 

электронды нұсқаға көшіруге қазір үл-

кен көңіл бөлінуде. Бұл қызмет жедел-

дігін арттырып, заң бұзушылықтарға 

жол  бермеуге  септігін  тигізеді.  Осы 

бағытта сот саласында қандай оң өз-

герістер  бар?  Сол  жайында  тарқата 

айтып кетсеңіз. 

– Елбасымыз «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарында  және  2018  жылдың  5-қа-

занындағы  Жолдауында:  «Біріншіден, 

сот жұмысының заманауи форматтарын 

және озық электронды сервистер енгізуді 

жалғастырған жөн», – деп сот жүйесін 

электронды  қызмет  көрсетуге  көшіру-

дің маңыздылығын атап өткен болатын. 

Жұмысты  оңтайландырып,  жеделдігін 

арттыратын және адам факторын азайтып, 

жемқорлық  сияқты  келеңсіздікке  жол 

бермейтін  электронды  қызметке  көшу 

мәселесіне  Жоғарғы  Соттың  төрағасы 

Жақып Асанов үлкен мән беріп, аймақтық 

соттардың алдына жеті негізгі міндетті 

жүктеген еді. Осы тапсырманы орындау 

мақсатында Ақмола облыстық соты да 

ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. 

Ақмола  облысы  соттарында  қазіргі 

таңда 85 сот отырысы залы бар, олардың 

барлығы 100 пайыз дыбыс, бейне тіркеу 

құрылғыларымен жабдықталған.  Соның 

негізінде облыс соттарына өткен жылы 

электронды түрде 34 338 талап арыз дар 

түссе, (барлық істің 95,1 пайызы),  2017 

жылы – 29413 немесе 88,1 па йыз болған 

еді. Әкімшілік істер бойынша – 14 522 

(99,1 пайыз) электронды талап арыз түсті.

Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы 

Жақып  Асанов  еліміздегі  сот  жүйесін 

одан  әрі  дамыту  бойынша  жеті  басым 

бағытты ұсынған болатын. Ақмола облы-

сы соттарында осы бағытта айтарлықтай 

жұмыстар атқарылып жатыр. Енді соған 

кеңірек  тоқтала  кетейін.  Ең  алдымен,  

«Судья  көмекшісі»  жобасы  бойынша 

Көкшетау қалалық сотында 853 іс, Көк-

шетау әкімшілік сотында 1028 іс көмекші 

бекітілген судьялармен қаралды. 

Қолға алынған тағы бір жоба – «Түн-

гі  сот»  жобасы.  2018  жылдың  27-шіл-

десінде  іске  қосылған  бұл  жоба  көлік 

жүргізушілерінің жолда жүру ережелерін 

ды жедел шешуге оң септігін тигізуде. Со-

нымен қатар, сақтандыру сыйақыларын 

төлеу мерзімдері 3 айдан 15 күнге дейін 

қысқартылып отыр.  

«Виртуалды Сот» жобасын іске асыру 

мақсатында  мобильді  бейнеконференц 

байланыс  арқылы  сот  отырыстары  өт-

кізілуде. Қазіргі таңда осындай тәсілмен 

186  іс  қаралған.  Сонымен  қатар,  2884 

материал бойынша қылмыстық-атқару-

шылық  мекемелерімен  және  174  мате-

риал  басқа  соттармен  бейнеконференц 

байланыс арқылы өткізілді. «Виртуалды 

сот» жобасын жүзеге асыру аясында, 13 

ауылдық округте бейнеконференц бай-

ланысына арналған бұрыштар ашылып, 

шалғай елді мекендерде тұратын сотқа 

қатысушы  тараптарға  ыңғайлы  болу 

мақсатында  мобильді  бейнеконференц 

байланысы орнатылып, 34 сот отырысы 

өткізілді. Бұл жоба аясында сотқа келген 

азаматтарға ғана емес, сотқа келуге ниет 

еткен шалғайда тұратын азаматтарға да 

қолайлы жағдай жасау, қаражаттары мен 

Сот  жүйесіндегі  тағы  бір  жағымды 

жаңалық – «Фронт офис» жобасы. 2018 

жылдың 24-қазанында Степногор қала-

сынан «Фронт офис» қанатқақты жобасы 

қолға алынды. Онда медиаторлар, адво-

каттар мен тараптарды істің материалда-

рымен таныстыруға арналған кабинеттер 

құрылған.  Облыс  бюджетінен  арнайы 

қаржы бөлініп, осындай «Фронт офис» 

Көкшетау қаласынан да ашылмақ. 

Өткен  жылы  облыс  бюджетінен  5 

миллион теңге қаржы бөлініп, цифрлық 

медиа ция порталы ашылған еді. Медиа-

цияны  насихаттау  үшін  3  бейнефильм 

түсірілді. Порталдың жұмысын судья-ме-

диатор бақылап, жүргізіп отырады. 2018 

жылдың 15-қазанынан 31- желтоқсанына 

дейін осы порталдың көмегімен 568 аза-

мат сотқа келмей-ақ арыздарын беруге 

мүмкіндік алды. 



– Сот саласындағы өзекті мәселе-

лердің бірі – мемлекеттік тілде іс жүр-

гізу десек, артық айтқандық болмас. 

Бүгінде  соттағы  мемлекеттік  тілде 

уақыттарын үнемдеу мақсатында ауыл-

дық  округтерде  электронды  бұрыштар 

ашу жұмыстары жүргізілуде. 

Қолға алып отырған тағы бір маңызды 

жоба – «Отбасылық сот» деп аталады. Ол 

2018 жылдың 19-қарашасында өз жұмы-

сын бастады. Көкшетау қалалық соты мен 

ювеналды сотта жоба шеңберінде жұмыс 

істейтін 6 судья бекітілді. Осы күнге дейін 

Көкшетау қалалық сотына 79 іс, ал юве-

налды сотқа 50 іс түсті.

«Соттағы  татуласу  іс-шаралары» 

жоба сы  бойынша  татуласу  рәсімімен 

бар лығы  1050  іс  қаралып,  оның  411-і 

немесе тараптардың 46,6 пайызы медиа-

тивтік келісімге келді. 6 судья осы жоба 

бойынша  мамандандырылып,  арнайы 

курстардан өткен 18 судья медиатор куәлі-

гін алды.

«Соттан тыс татуластыру шаралары» 

жобасы бойынша қазіргі күні облыста үш 

татуласу орталығы құрылып, жұмыс жа-

сауда. Осындай орталықтың біреуі Көк-

шетауда болса, қалғандары Атбасар және 

Бұланды аудандарында қызмет көрсетуде.  

Облыс аумағында қазіргі күні 37 медиа-

ция кабинеті бар. Оның 14-і әкімдіктердің 

ғимаратында болса, 22-і соттарда орна-

ласқан, оған қоса бір кабинет Қазақстан 



қаралатын істер көлемінің аздығы да  

жиі  айтылады.  Осы  бағытта  қандай 

шаруалар атқарып жатырсыздыр?

– Дамыған отыз елдің санатына қо-

сылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы 

ширек ғасырда биік белестерді бағынды-

рып, бірліктің арқасында бірегей жетістік-

терге  жетті.  Алдымен  ел  тұрмысына 

елеулі көңіл бөлген мемлекеттік сая сат 

ендігі  кезекте  елдің  рухын  жаңғырт-

паққа бағыт түзеді. Бұқараға жаққан бұл 

ізгі бас таманы Елбасының «Болашаққа 

бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық 

мақаласынан  айқын  түйсінуге  болады. 

Қазақстан Республикасының «Тіл тура-

лы» заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан 

Республикасының мемлекеттiк тiлi – қа-

зақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң 

бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастар-

дың  барлық  саласында  қолданылатын 

мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн 

жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi 

болып бекітілді.

Елбасы  Н.Назарбаев  «Қазақстан  – 

2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мем-

лекет тің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Жол дауында  «Мемлекет  өз  тарапынан 

мем лекеттік тілдің позициясын нығайту 

үшін көп жұмыс атқарып келеді. Біздің 

мін детіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік 

тілді білетін қазақстандықтардың санын 

80 пайызға дейін жеткізу. Ал, 2020 жылға 

қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы 

тиіс»  деп  нақты  атап  көрсеткен  бола-

тын. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясын 

кеңейту тек сотта ғана емес, қоғамның 

кез келген саласында өзекті тақырыпқа 

айнал ғанының айғағы.

Отандық  соттарда  істердің  басым 

бөлігі ресми тілде қаралатыны жасырын 

емес. Мұндай ахуалдың қалыптасуына 

соттарды кінәлау қате. Себебі, ел заңна-

маларына  сәйкес,  сотқа  арыз-шағым 

қай тілде түссе, іс сол тілде қаралады. 

Ал,  енді  статистикалық  мәліметтерге 

назар аударар болсақ, 2018 жылы облыс 

соттарына  мемлекеттік  мекемелерден 

барлығы – 4 731 талап арыз түскен болса, 

соның ішінде мемлекеттік тілде – 2 228 

немесе 47,1 пайызы болыпты. Ал, жеке 

басқармаларға  тоқталар  болсақ,  әділет 

департаментінен  түскен  құжаттардың 

4-уі немесе 17,1 пайызы, білім басқар-

масынан келген арыздардың 27-і немесе 

18,2 пайызы, ішкі істер департаментінен 

келген құжаттардың 8-і немесе 7 пайызы 

ғана мемлекеттік тілде. Өкініштісі, облыс-

тық прокуратура мен қылмыстық атқару 

жүйесінен келген құжаттар түгел, яғни, 

100 пайыз орыс тілінде болды. Бұл мем-

лекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілге 

қатысты орыналып отырған олқылықтар. 

Ал,  сотқа  шағымданған  жеке  адамдар 

арасында  мемлекеттік  тілді  қажет  ет-

пейтіндер тіп ті көп. Облыс соттарында 

2018  жылы  таразы ланған  161653  істің 

6161-і  немесе  3,8  пайызы  мемлекеттік 

тілде қаралыпты. Бұған әрине судьяларды 

біржақты кінәлау дұрыс болмайды. Заң 

бойынша судья талапкер арызды қай тілде 

берсе, сол тілде істі қарауға тиіс. Өкінішке 

орай, арызды орыс тілінде жазу дәстүрі 

әлі  күнге  мұрты  шағылмай  сақталып 

келеді. Біздің күш салуымызбен соңғы 

екі-үш жылда мемлекеттік тілде қарала-

тын істер саны 2 пайызға дейін көбейді. 

Бұл бағытта алдағы уақытта да мақсатты 

жұмыстар жүргізетін боламыз. 



– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

бұзып көлік құралдарын бүлдіруге әкеп 

соққан, материалдық залал келтірген заң 

бұзушылықтар жөніндегі істерді қарайды. 

Бүгінгі күнге дейін осы жоба бойынша 

106 материал қаралды. Аталмыш бастама 

азаматтардың жеке уақыттарын үнемдеп, 

жауапкершілік мәселесін дер кезінде және 

келтірілген шығындар бойынша сұрақтар-

халқы ассамблеясында жұмыс істеуде. Осы 

күнге дейін соттан тыс татуластыру шарасы 

шеңберінде 465 даулы істер қаралып, оның 

463-і немесе 99,6 пайызы екі тараптың 

татуласуымен аяқталды. Сонымен бірге, 

облыста 36 билер кеңесі құрылды. Билер 

кеңесі де ұсақ дау-дамайларды шешіп, та-

туластыру ісімен айналысады. 




жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау