8
№11 (3136) 12 ақпан 2019
zangazet@mail.ru
Редакторлар кеңесінің
төрағасы – президент
Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
050012, Алматы қаласы,
Х.Досмұхамедұлы көшесi
(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.
Қабылдау бөлмесi:
292-43-43; 292-79-61 (факс);
Астана қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсе
факс: 8 (7172) 52-02-11
E-mail: zanreklamaastana@mail.ru
«Заң газеті» аптасына 2 рет –
сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.
Жеке таралым 5455 дана
Апталық таралым 10910 дана
Тапсырыс №21 Индекс 65921
Газет Қазақстан Республикасы бойынша
таралады
Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан
оқи аласыздар.
Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн
редакция жауап бермейдi.
Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi
жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-
лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм
iшiнде қа былданады.
Газеттi есепке қою туралы
№16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-
да Қазақстан Респуб лика сының Ақпарат және коммуникация министрлiгi
берген.
Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация»
ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы,
Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС
баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8
(727) 51-78-31
Меншiк иесi:
«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»
ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI
Бас редактор
Айнұр СЕМБАЕВА
Бас редактордың
орынбасары
Сәкен ҚАЛДЫБАЕВ
Нөмiрдiң кезекшi редакторы
Ерлік КЕБЕКБАЙ
Астана
Айша Құрманғали
8 707 851 91 13.
Алматы
Нұрбол Әлдібай
8 701 357 66 84.
Айтақын Бұлғақов
8 705 111 37 21
Атырау
Құралай Қуатова
8 701 678 9077.
Ақмола
Қалкөз Жүсiп
8 701 300 14 74.
Түркістан Шадияр
Мекен бай ұлы
8 775 733 56 65.
МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:
ҚАНЖАР. ДОЛЛАР.
ҚОЛ САҒАТ
ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА
Жол апаты
– Ей, жігіттер! Мына өмір бізге бір
рет беріледі. Сондықтан күліп-ойнап
қалайық. Өмірді үріп төгіп, шайқап ішіп
сүргенге не жетсін! – деп жылтыр бас,
толық бет сары жігіт орнынан тұрып рөм-
кесін көтерді, – Бүгін Исекеңнің туған күні.
Бұл кісінің әкесін бүкіл ел біледі! Қандай
тентектің өзі де «Раха», дегенді естісе
жым болады. Сондай азаматтың ұлы мына
Исекең ата жолын қуып, оның есіміне
кір келтіріп көрген емес. Бір сөзі далада
қалмайды. Мен тентекпін, настоящий ху-
лиганмын! Бұл кісінің алдында пешкамын!
Шындығына келсем, талай мәрте сотталып
кететін кезім болды. Осы азамат мені
құтқарды! Сізге басымды иемін, Исеке!
Біздің осындай қызметте талтаңдап жүр-
геніміз сіздің арқаңыз! Жақсылығыңызды
ұмытпаймыз! Өсе беріңіз, еңбегіңіздің
жемісін көріңіз! Министрге дейін жетіңіз!
Көлеңкеңіз бізге түсе берсін! Мына жігіт-
тер де осы тілектің ішінде деп есептеймін.
Солай емес пе, азаматтар?
Үстел басында отырған екі жігіт ду
етіп қостады. Жалтыр бас сөзін жалғады:
– Қасымызда Исекең барда біз еш-
теңеден мұқтаждық көрмейміз. Қане,
соғыстырып жіберейік! Денсаулығыңыз
мықты болсын, Исеке! Жігіттер, шарапты
түбіне дейін алып қойыңдар!
Тойханадағы үстелдің төргі жағында
отырған семіз жігіт орнынан тұрды да:
– Рақмет, сендерге азаматтар! Бәрің де
мені құрметтеп жатсыңдар! Жаңа соңғы
сөйлеген Балтабек жақсы айтты! Мен аман
болсам, сендерді ешкімге жем етпеймін!
Біраз іштік-жедік! Енді жүрейік! – деді.
Бәрі қатар тұрып рөмкелерін соғыс-
тырып, ішіндегісін көмейлеріне құя сал-
ған соң, орындарынан қозғалды. Біреуі
кетіп бара жатып тойхана меңгерушісін
шақыр ды. Қасына жетіп келген оған:
– Үстелдегі желінбеген қызыл балық
пен қара икраны және екі коньякты біздің
көлікке салып жіберіңдер! Ұқтың ба?
Сосын «Мұнда біз отырғанда басқа адам-
ды кіргізбе!» – деп ескерткенім қайда?
«Ақша, ақша», – деп өліп бара жатыр-
сың ба? Қажет болса аяғыңды аспаннан
келтіремін! Сенің сырың маған мәлім!
Шет жақта тамақ ішіп отырған кімдер?
Неге үндемейсің? Жарайды, бұл жолы
кешірейін, келесі жолы қайталанса маған
ренжіме! – деді саусағын шошайтып.
Меңгеруші үндеместен оның тапсырма-
сын орындауға жүгіре жөнелді.
Исекең бастаған үш жігіт ақ «Ге-
лендваген» көлігіне отырып жүйтки
жөнелді. Сол сәт олардың артынан тағы
бір қара джип ілесті. Тақтайдай тегіс
жолда жүйрік «Гелендваген» ондаған
шақырымды артқа тастады. Құстай ұшып
келеді. Алдынан жайдақ тіркемеге жал-
пақ құбырларды тиеген ауыр жүк көлігі
кездесті. Жүргізуші айналып өтпек
ниетпен газды басқан. Қарсы бағыт бос
емес екен. «Гелендваген» жүргізушісі
рөлін бұрып қалып еді, қатты екпінімен
алдындағы көліктің артынан барып
соқты. Ауыр соққыдан оның үстіндегі
бірнеше темір құбыр домалап, тіркеменің
алдыңғы жағына барып тіреліп, кері
серпілгенде екеуі шетелдік көліктің тө-
бесіне түсіп, оны тегістеп тастады. Бәрі
көзді ашып-жұмғанша өтті. Ішіндегілер
шығып үлгермеді. Артта келе жатқан қара
джип тоқтап, ішінен түскен жігіт апат
орын алған жерге жетті. «Гелендвагенге»
жақындап келіп ішіне үңілді де: «Итке ит
өлімі», – деп қалтасынан әлденені шыға-
рып, өлгендердің үстіне тастай салды.
Сөйтті де: «Мен дұрыс жолмен келемін!
Құдай кешірсін бұларды», деп күбірлеп,
бетін сипады. Апат орын алған жерге
адамдар жинала бастаған соң көп кідір-
мей көлігіне бұрылды.
Екеуара әңгіме
Сол күні орын алған апат, көлік ішінде
бірнеше адаммен облыстағы ірі кәсіп-
орынның басшысының қаза болғаны
жайлы хабар қала ішіне тез тарады. Оған
апатқа куә болғандардың ұялы телефонға
түсіріп: «Көліктен шығарғанда бәрінен
арақ иісі мүңкіп тұрды. Соған қарамастан,
көр де тұр, ертең бәріне құбыр тиеген
көліктің жүргізушісін кінәлайды», – деп
жазып қойғаны да себеп шығар. Кештеу
болса да апатты жергілікті теледидардан
да көрсетті. Әрине, әлеуметтік желіде
жазғандардың айтқаны шындықтың
ауылынан алыс емес еді. Көліктегілердің
ішіп алып рөлге отырғанын экспертиза
сараптамасы дәлелдеді. Бірақ, бұл жөнін-
де ресми түрде айтылмады. Мұның бәрі
Абдоллаға жақсы мәлім.
– Қазір тергеу, тексеру жұмыстары
жүріп жатыр. Исекеңнің қазасы біз үшін
үлкен қайғы! Оны жерлеуден бастап,
барлық кәделеріне көмектесеміз. Ол биз-
неске кеткенге дейін бізде біраз жыл жол
полициясын басқарды. Сондықтан, жат
емес, – деді мұны шақырып алған қалалық
полиция бөлімінің басшысы, – Қасындағы
жүргізушісі тәжірибелі адам еді. Амал
қанша, ажал айтып келмейді ғой. Бұл
жолдың бойында болған апаттың алды да,
соңы да емес. Жол ережесін бұзып отырған
марқұмдардың өзі. Сені шақырып отырған
себебім, маған Исекеңнің әкесі, қалаға
сыйлы азамат Рахыш аға келіп кетті. Үлкен
кісі жол апатының кездейсоқ болғанына
сенбей отыр. Әдейі ұйымдастырылған дей-
ді. Оның осылай ойлауына себеп болған
баласының қасынан табылған, қатты
қағазға салынған мына сурет.
Абдолла бастығы ұсынған суретті
қолына алып көз жүгіртті. Қатты қағазға
көк сиямен қанжар, доллар және қол
сағаттың суреті салыныпты.
– Бұдан күдік тудыратындай ештеңе
байқамадым, – деді ол әрлі-берлі аударыс-
тырып, – Еріккен біреудің істеп жүргені
шығар. Ақыл-есі дұрыс адам мұндайға
бармайды.
– Бұл сурет Исекеңнің үстінде жатып-
ты. Жігіттер оны әкесіне берген. Енді оны
экспертизаға тапсырғаннан да еш нәтиже
шықпайды. Әрі Рахыш аға текке күдікте-
нетіндер қатарынан емес. Сіз де салада
ұзақ жыл жұмыс жасаған тәжірибелі
мамансыз, бізге көмегіңіз қажет болып
тұр. Әбеке, осы іспен айналысуды өзіңізге
тапсырамын, – деді нығарлап.
Ұлпан
– Жаңа ғана теледидардан Рахыштың
баласының жол апатына ұшырап, қаза
тапқанын көрсетті. Ол кісі кезінде рэкет
болып талайды қан қақсатты ғой. Енді со-
ның зауалын тартып жатқан шығар, – деді
әйелі шәй құйылған кесені еріне ұсынып.
– Қай-қайдағыны айтпашы, Ұлпан!
Біреудің басына түскен қайғыға бұлай де-
уге болмайды. Біздің де балаларымыз бар.
– Біздің жағдайымызды олармен
салыс тырма, ондай жолға түсіп, ел үсті-
нен күн көріп жүрген жоқ.
– Салыстырып жатқан жоқпын, бәйбі-
ше. Сен де үлкейген сайын не айтып, не
қойғаныңды білмей қаласың-ау деймін.
– Ол да мүмкін, – Ұлпан жымиды, –
Кезінде саған қастандық жасағаны есіме
түссе, қаным қайнайды. Көлікпен қақты
ғой, оңбаған!
– Е, ол Одақ тарап, қылмыс дегеннің
гүрілдеп тұрған уақыты ғой. Сол үшін
түрмеге отырып келді. Кейін баласы аз
уақыт облыста полиция қызметкері болып
жұмыс жасаған соң, ол кісінің заң қызмет-
керлеріне деген көзқарасы өзгерді.
– Абдолла! Сенің осы жұрттың бәрін
өзіңдей көретінің-ай! Рахыштың баласы
адал еңбек етсе саған ұқсап мынадай ескі
үйде отырар еді. Оның зәулім сарайы
барын естідім. Әкесіне, інісіне нән ше-
телдік көлік әперді ғой. Соның бәріне
ақшаны қайдан тауып жатыр? Анау, інісі
де өткен айда біреуді қағып еді, қорқы-
тып-үркітіп кешірім бергізді.
– Осының бәрін қайдан білесің? – деді
күйеуі күліп.
– Сен айтпағаныңмен «Қап түбінде біз
жатпас, ел ішінде сөз жатпас» демей ме?
Кезінде Рахыш арақ ішіп алып көлікке
отырып, жол апатын жасағанда қасында сол
баласы болыпты. Енді өзі де жол апатынан
өлді. Жазықсыз жандардың обалы жібер-
сін бе? Жақсылық жасасаң да, жамандық
жасасаң да бумеранг сияқты өзіңе оралады
деген осы! Батыр есімді жігіттің көлігіне
соғылғаны есіңде ме? Апаттан Батыр екі
баласымен қаза тапты. Әйелі Рәш кішкене
ұлымен жесір қалды. Кейін ол ауыр қазаны
көтере алмай ақылынан алжасып, ақыл-есі
кем жандар ауруханасына түсті. Ал, бала-
сын балалар үйіне тапсырғанын естідім.
Бұл қарт сонда жол апатына Батырды кінәлі
етіп шығарып құтылып кетті ғой.
– Ол бір қиын кездер еді. Рахыштың
кінәлі екенін дәлелдеп тұрсақ та, жоғары
жақтан істі жаптырып тастаған болатын.
Қазіргідей бәрін ашық жариялайтын әлеу-
меттік желі де жоқ, – Абдолла орнынан
тұрды, – Жарайды, мен жұмыс жаққа
барып қайтайын.
– Білмеймін, сол кісі маған ұнамайды,
жүзі сұсты жаман адам, – деді әйелі үстел
үстін реттеп жатып.
Беймәлім сурет.
– Ай, Абдолла! – деді Рахыш төрдегі
үстел басына жайғасқан соң, – Полиция
басшысы айтпаса келмеуің де мүмкін еді.
Себебі, маған түсінікті! Жас шағымда
талайларға тісім батты. Өткен іс өтті.
Бетіме баспасаң да, мені жақтыра қоймай-
тыныңды білемін! Бірақ, «Адал полиция
деген кім?», – десе мен ойланбастан сені
көрсетер едім. Зейнетке шықсаң да қыл-
мыспен күресіп, детектив болып жүрсің!
Осы қызмет үшін туған жансың! Қазіргі
полицейлер сенің тырнағыңа тұрмайды.
– Орынсыз мақтаған ұнамайды, – деді
Абдолла.
– Мен өмірдің ащысын да, тұщысын
да татқан адаммын! Талай жылымды түр-
менің темір торлы қабырғасында өткіздім.
Біреуді мақтасам ол оған лайық болғаны.
Ал, енді сөзді көп созбай, іске көшейік.
Сен суретті көрдің ғой, не айтасың?
– Жол апаты әдейі ұйымдастырылған
дегенге сене алар емеспін!
– Шырағым, Абдолла! Олай деме!
Әлгі суретті көрген соң қасыма жақсы
механикті ертіп алып, зақымданған
көлікті қарап шықтым. Оның айтуынша
көлік тежегішін әдейі істен шығарған.
Автокөліктің үстіне құлаған құбыр оны
істей алмайтыны анық. Балам сол тежегіш
ұстамағанынан қаза болған. Бизнеспен
айналысқаннан кейін жауларым, бәсеке-
лестерім, көре алмайтындар көп кезде-
сетіні өзіңе мәлім. Мұны кім ұйымдас-
тырғаны маған жұмбақ. Бірақ, мен бәрін
бұлай қалдырмаймын! Ақырына дейін
жетемін! Табамын ол қанішерді, көзіне
көк шыбын үймелетемін, – осылай деген
Рахыш жейдесінің түймесін ағытты. Бөл-
меде отырған екі жігіттің бірі ұшып тұрып
су ұсынды. Қарт оны бір ұрттап, қасына
қойып қарсы алдында отырған адамға
сынағандай көз тастады.
– Бұл жағдай кездейсоқ болған, – деді
детектив үнсіздікті бірінші болып бұзып.
– Тыңда, Абдолла! Мені ақымаққа
санама, – қарт енді қабағын шытты, –
Қанжар, доллар, қол сағаттың суреті
бекер салынып отырған жоқ. Артында бір
қаскүнем тұр. Бәрін біліп отырсың, неге
жалған сөйлейсің?
– Жарайды ендеше, – деді детектив, –
Қанжар – кезінде рэкетир болдың, доллар
– арам жолмен байыдың, қол сағат – енді
қолыңмен істегеніңді мойныңмен көте-
ретін сағатың жетті деп тұрғаны шығар.
– Турасын айтпасаң, сен Абдолла бо-
ласың ба? – қарт кеңкілдей күлді, – Басқа
біреудің бұлай сөйлеуге дәті бармас еді...
– «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»,
– деген ғой халқымыз! Шындық шымбай-
ыңызға батса да мен өз ойымды айттым.
– Сен дарынсың, Абдолла! Оны мой-
ындаймын! – деді Рахыш, – Мен де тап
солай ойлағанмын. Енді осымен айналыс!
Еңбегіңді жемеймін! Жиған-тергенім ба-
ламнан артық емес. Бірақ анау қаскүнемді
тікелей менің қолыма бересің!
– Мен мұны қылмыскерді табу, тура
жолға түсіру үшін істеймін. Себебі оны
дер кезінде тоқтатпасақ, арты қайғылы
жағдайларға соқтырары анық. Қолыма
бер деп талап қоюға, «самосуд» ұйымдас-
тыруға сіздің ешқандай құқыңыз жоқ. Ол
үшін жауап бересіз! Біз «қанға қан, жанға
жан», – дейтіндей орта ғасырда өмір сүріп
отырған жоқпыз және «ұрылар түсінігін»
де мойындамаймыз. Зайырлы елміз, бәрі
заң аясында шешіледі.
– Жарайды, жарайды, дауласпайық.
Қалай болған күнде де ұлымды өлтірген
жауыз жазасын алуы тиіс, – деп, Рахыш
шаршағандай орнынан көтерілді, – ха-
барласып тұр! Келгеніңе рақмет, мен дем-
алайын.
Бағанадан бері үндемей отырған екі
жігіттің бірі мұның қасына келіп, конверт
ұсынды:
– Мә, мынада төлемақың бар!
Куәгерлер
«Мен сурет жайлы пікірімді айтып
едім, Рахыш қостап шыға келді. Жобалап
айтсам да шынымен үстінен дөп түстім
бе? Қарт та солай ойлайтын сияқты. Ол
рэкетирлікті қойғаннан бері де ондаған
жыл өтті. Әлде өлген баласы біреулермен
жауықты ма? Көліктің тежегішін істен
шығарғандар оны биік жолдан аударылып
өледі деп ойлаған. Ал, ол болса алдын-
дағы жүк машинасына соғылды. Аман
қалғандарында не болатын еді? Жоқ, олай
болуы мүмкін емес. Арттарынан аңдып
келе жатты ғой. Бәрібір өлтіреді. Осындай
тұжырым жасасақ, жол апаты шынымен
де әдейі ұйымдастырылған болып шыға-
ды? Рахыш: «Мына суретті соны білсін
деп тастағаны анық. Егер жәй апат болса
«Құдайдың жазған тағдыры ғой, рөлде
ішіп не жындары бар екен» деп қоя салар
едім. Қазір баламның түбіне кім жеткенін
білмей басым дал болды. Менің орнымда
болсаң сен де сөйтер едің. Кім болса да
үлкейгенде жүйкеме салмақ түсіріп, азап
шеккенімді қалап отыр. Ит-ай, бүйткенше
өзімді өлтіре салса қайтеді», – деп еді-ау.
Бұл: «Мүмкін қылмыскерлердің ісі бо-
лар. Бұрын өзіңіз де солардың қатарында
жүрдіңіз. Бөлініп кеткенді олар аямайтын
сияқты», – дегенде қарт оны бірден жоққа
шығарды. «Братва мұндайға бармайды.
Олар әуелі ескертеді».
Қалың ой жетегінде жүріп полиция
бөлімшесіне қалай жетіп қалғанын бай-
қамады. Полиция бастығы өз бөлмесінде
екен. Іште бір лейтенант шенді жас жігіт
отырды.
– Бұл қылмысты ашу бөлімінен, лей-
тенант Василий Шойга! Ал, мына кісі
Абдолла деген ардагеріміз! Ұзақ жыл
ішкі істер саласында істеп зейнеткерлікке
шықты. Қазір жеке детектив болып бізге
көмектесіп жүр.
Екеуі қол алысып амандасқаннан кей-
ін Василий бастығына көз тастады. Ол
айта бер дегендей басын изеді. Жас жігіт
алдындағы папкасынан әлдебір қағазды
суырып оған ұсынды:
– Мынау куәгерлердің айтуымен жа-
салған жол-көлік апатының сызбасы.
Оқиға орын алғанда «Гелендваген» көлі-
гінің артында ақ түсті «Опел-Вектра» келе
жатқан. Одан кейін көк түсті «Фолькс-
ваген», сосын қара Джип және ақ «Жи-
гули». Бәрінің маркасы, жүргізушілердің
аты-жөні осында түгелімен жазылған...
– Барлық куәгерлерден жауап алдыңыз
ба? – деді Абдолла оның сөзін бөліп.
– Жоқ, – деді лейтенант, – Біз барғанда
«Джип» пен «Жигули» болмай шықты.
Бірақ, олар сол жерде күтуге міндетті
емес қой.
Абдолла полиция бастығы ұсынған
қағаздарды оқып шыққан соң лейтенантқа
бұрылып:
– Жол апатына ұшырағандарды ең
соңғы рет кім көрген? Қаза тапқандар қай
мейрамханадан ішіп шыққан? Әлде өл-
гендердің біреуінің үйінде болды ма? Сол
жерде кімдер және қандай көліктер тұр-
ды? Байқағандар, көргендер бар ма? «Ге-
лендваген» қозғалғанда қайсысы артынан
ілесті? Осыны анықтап, апат болған жер-
дегі көліктермен салыстырыңыз! Қағазды
кім тастағанын анықтауымыз қажет! Егер
күдік тудырар бір нәрсе байқасаңыз,
дереу маған хабарласыңыз! Енді жаңағы
куәгерлердің біреуін шақыртыңыз, сөйле-
сейін деп едім.
Лейтенант шығып кеткен соң біраздан
кейін егделеу кісі кірді. Бұл сол жерде
болғандардың бірі екен. Мандытып еш-
теңе айтпады. Одан кейін құбыр тасыған
көліктің жүргізушісі шақыртылды. Ол да
күдік тудырар ешкімді көрмеген болып
шықты.
– «Білем» деген көп сөз, «білмеймін»,
– деген бір сөз. Осылай ойлап отырсыз
ғой, – деді Абдолла оған тесіле қарап, –
Бірақ, олардың өліміне сізді кінәлі етіп
шығаруға болады. Жайдақ тіркемемен
тасығанда үстіндегі құбырды дұрыстап
бекітсеңіз мұндай жағдай орын алмас еді.
– Сіз не айтып отырсыз? Жаңа тасып
жүрген жоқпын ғой! – деді жүргізуші
ашу шақырып – Нән машина қатты келіп
арттан соққанда олар қалай сырғымайды.
Мен оған емес, ол маған соғылды.
Қанат ҒҰМАРОВ,
Қазақстан Журналистер одағының
мүшесі.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
(Жалғасы бар)
(детектив)