Соңы 2-бетте Мемлекет бас- шысының баста- масымен биылғы жыл Жастар жылы болып бел- гіленіп отыр. Бұл жастардың қоғам



жүктеу 2,24 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата12.01.2020
өлшемі2,24 Mb.
#26381
1   2   3   4   5   6   7   8

2

№11 (3136) 12 ақпан 2019

zangazet@mail.ru



(Соңы. Басы 1-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

ЖАСТАРҒА ЕҢ АЛДЫМЕН КЕРЕГІ –

 

ЖҰМЫС, ОДАН КЕЙІН – БАСПАНА



ТҰҒЫР

Ақпараттық технологияның құлағында 

ойнайтын, бірнеше тіл білетін бүгінгі буын 

жастар саясатының осы заманға лайықты 

платформасын қалыптастыруды, өткен иде-

ологиядан қалған ұстанымдардан арылуды 

қажет ететіні ақиқат. 

Үміт пен күдік

Қазақстандағы 41 мен  29 жас аралығын-

дағы  жастардың  саны  3,9  миллион.  Бұл 

тұрғындардың 21,5 пайызына тең. Елімізде  

жастарға қатысты қабылданған шаралар аз 

емес. Бүгінде «Мемлекеттік жастар саясаты 

туралы»  заң бар. Сонымен қатар жастарға 

қатысты мәселелер 100-ден астам заңнама-

лық актілермен реттеледі екен. Осы құжат-

тардың негізінде «Болашақ», «Жасыл ел», 

«Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», 

«Жас отбасы», «Серпін –2050», «Жұмыспен 

қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол 

картасы  –  2020»  жобалары  жүзеге  асы-

рылуда. Бір ғана «Болашақ» бағдарламасы 

бойынша  әлемнің  жетекші  оқу  орында-

рында жүздеген жастар тегін білім алып 

келеді. Бұл біздің жастарға артылған үміт, 

сенім. Десе де, жастар прогресі индексінде 

еліміз 107 елдің арасында 63 орында болса,  

жастар дамуы жаһандық индексі бойынша 

183 елдің ішінде 61 орынды қанағат етіп 

отыр екенбіз. Мұның өзі елімізде жастарға 

қатысты мәселелердің өзекті тұрғанын көр-

сетсе керек.  

    


Кәсіпкерлікке 

қызығушылық 

неге төмен?

Өткен  жұмада  Парламент  Сенатында 

өткен жиында «Мемлекеттік жастар саяса-

ты туралы» заңын іске асыру және Жастар 

жылын өткізу аясында мемлекеттік орган-

дардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұй-

ымдардың алдында тұрған міндеттер ортаға 

салынған  еді.  Мәселен,  алқалы  жиынға 

арнайы қатысқан Сенат төрағасы Қасымжо-

март Тоқаев өз сөзінде жастардың мемлекет 

күш-қуатын еселейтін ең негізгі, мықты буын 

екенін атап көрсете келіп, ұлтымыздың өр-

кендеуі біздің өзімізден басқа ешкімге қажет 

болмайтындықтан, жастарды отансүйгіштік 

рухта тәрбиелеудің аса маңыз ды міндет екен-

дігін және оның жалаң ұраншылдық пен жоға-

ры мансапқа емес, ең алдымен, терең білімге 

негізделуі тиістігін атап көрсетті. Жастар 

үшін өзекті мәселе болып отырған жұмыспен 

қамту шарасына айрықша тоқталып, әлемдік 

тәжірибе бойынша мұның басты мүмкіндік-

тері шағын және орта бизнес саласына тәуелді 

екеніне назар аудартты. Соған қарамастан 

кәсіпкерлік саласына Қазақстан жастары-

ның қызығушылығы төмен. Осы орайда ол  

жастардың 51 пайызында бизнес пен айналысу 

туралы жоспар жоқ екені жайлы дерек кел-

тіріп «Бұл проблемаға басқа жағынан қараған 

дұрыс. Мүмкін, біз бизнеспен айналысу үшін 

тиісті жағдай жасамай отырған шығармыз?» – 

деп сауал тастады. 

Сонымен қатар Қасымжомарт Кемелұлы 

ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту 

–  маңызы  айрықша  міндет  екеніне  назар 

аудартты. Бұл ретте ол дүниежүзіне әйгілі IT 

компанияларда үлкен жетістіктерге жеткен 

отандастарымызға жағдай жасап, оларды 

экономикамызды  дамытуға  тартудың  қа-

жеттігі, жалпы дарынды жастарға жеткілікті 

деңгейде қолдау көрсетпей, «алдыңғы қа-

тарлы зияткер мемлекет» қатарына қосылу 

қиын екенін айтты. Жастарды Парламенттің 

және жергілікті өкілетті органдардың жұ-

мысына кеңінен тарту қажеттігін де ортаға 

салды.  Бұл  орайда  өздерінің  азаматтық 

көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын 

және оны табандылықпен қорғайтын жаңа 

буын өкілдеріне қолдау көрсетілу керектігін 

атап көрсетті. 

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу 

мәселесіне қатысты ойын ортаға салған кезде 

Тоқаев мырза жастар арасындағы қылмыс 

деңгейіне айрықша алаңдаушылық білдірді. 

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде жаса-

латын құқық бұзушылықтар мен қылмыс-

тардың 50 пайызға жуығын жастар жасайды 

екен.  Мектептерде  орын  алып  отырған 

зорлық-зомбылық жағдайлары – бұл барлық 

мемлекеттік  органдардың  жұмысындағы 

кемшілік. Сондықтан, осы түйткілдің шығу 

себептерін анықтап, мектептерді жайлаған 

қорқыныш пен үрейден түбегейлі құтылу 

үшін нақты шаралар қолдану қажет. 

Жол картасы

Жастар саясаты үшін жауапты уәкілетті 

орган – Қоғамдық келісім министрлігінің 

жетекшісі Дархан Қалетаевтың айтуынша, 

2000 жылдан бастап бала туу көрсеткіші 

артқандықтан алдағы бес жылда жастар-

дың  саны  көбейеді.  Жалпы  2030  жылға 

қарай тұрғындардың алпыс пайызы 16-62 

жас  аралығындағы  адамдар  болады.  Бұл 

еңбекке қабілетті жас мөлшері.  Сондықтан, 

олардың  сапалы  өміріне  жағдай  жасау, 

яғни, инфрақұрылымды дамыту, білім беру, 

денсаулық сақтау салаларының жұмысын 

жақсарту – кезек күттірмес міндет. Негізгі 

мақсат жастарды әлемеуметтен діріп, оларды 

қоғамдағы жасампаздық үрді сіне тартып, 

кіріктіру.

Бүгінгі таңда осы мақсатта арнайы Жас-

тардың жол картасы дайындалыпты. Бұл 

құжат – төрт бөлім, 800-ден астам тармақтан 

тұрады екен. Олар жастарға білім беру, жұ-

мысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз 

ету және отбасына қамқорлық  мәселелерін 

қамтиды. Министрдің сөзінен түйгеніміз, 

Жастар жылында біраз шара қолға алынбақ. 

Мұның бәрі жол картасының бірінші бағы-

ты  ретінде  жүзеге  асырылмақ.  Мәселен, 

жазғы лагер, Шымкентте еңбеккер жастар-

дың  форумы,  Қостанайда    халықаралық 

форум өткізіледі. Министр бұл ретте қоғам 

тарапынан форумға деген наразылықтың 

көптігін мойындады. Осындай жиындарға 

қатыс ты айтылатын  науқаншылдық, құр 

ақша  шашу,  той  тойлау  деген  пікірлер 

оған жақсы таныс секілді. Осыны ортаға 

сала келе Қалета ев мырза жиынға қатысу-

шыларды биыл өткізілетін форумдардың 

бұрынғылардан өзгеше болатынына сендір-

гісі келді. Оның айтуынша, бұл форумдар 

жастарды  ашық  пікірге  шақырып,  өзара 

тәжірибе алмасуға, олардың ынтасын артты-

рып, тұлғалық болмысын қалыптас тыруға, 

саяси-әлеуметтік  белсенділігін  көтеруге 

көмектеседі екен. Бұл басқосулар барынша 

еркін, креативті, іскерлік жағдайда ұйымдас-

тырылмақ. Дегенмен, жастар үшін де, қоғам 

үшін  де  мұндай  қыруар  қаржы  жұтатын 

қысқа мерзімді шаралардан гөрі, көпшілікті 

толғантқан әлеуметтік мәселелердің нақты 

шешімін тапқаны тиімді. Ал, осындай сын-

дарлы шешімді, қаржылық  қолдауды қажет 

ететін проблемалар аз емес. Ақиқатын айту 

керек, жастардың жол картасында оларға 

да орын беріліп отыр екен. Мәселен, оның 

екінші бағыты «Жас маман», «Жас кәсіпкер» 

бағдарламасын жасап, мамыр айынан бастап 

жүзеге  асыру,  үшінші  бағыты  бойынша 

жастар ұйымдарын гранттық қолдау, жастар-

дың үкіметтік емес ұйымдарының қаржылық 

тұрақтылығын  дамыту,  төртінші  бағыты 

– мемлекеттік органдардың жастар жылын 

өткізуге үлесін еселеуге бағытталған. Мини-

стрдің айтуынша, барлық құзырлы орындар 

бағдарламаларға жастар мәселелерін шешуді 

көздеген индикаторларды жасап, қосу керек. 

Жұмыссыздықпен 

күрес тоқтамайды

Жиында сөз алған Еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары 

Нұржан  Әлтаевтың  айтуына  қарағанда, 

жастардың жұмыспен қамтылуы әлі де өткір 

тұр. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мың 

жас шығады. Яғни, әр жылы осынша жұмыс 

орнын құру керек деген сөз. 

Ал, 2019–2025 жылдар аралығында ең-

бек нарығына қосымша 2 миллионға жуық 

жас  шығатыны  белгілі  болып  отыр.  Бұл 

бағытта 2017 жылдан бері арнайы бағдарла-

малар жүзеге асырылуда. Жастардың оларға 

тартылуы отыз пайызды қамтиды. Былтыр 

240 мың жас жұмыспен қамту орталығына 

келіп, 80 пайызы кәсіп иеленіп, 200 мыңы 

несие  алыпты.  Енді  биыл  «Жастар  –  ел 

тірегі» деген бағдарлама жасалып, оны жү-

зеге асыру үшін бюджеттен 91,4 млрд теңге 

қарастырылып отыр екен. Бұл бағдарлама 

бойынша  ең  қажет  салалар  үшін  жетіл-

дірілген оқу орындарында 200 мың маман 

дайындалмақ. Осы мақсатта 440 дана зама-

науи құрылғы алынып, 115 оқытушының 

біліктілігі арттырылыпты. Онлайн курстар 

арқылы ең қажетті мамандық бойынша 150 

мың жасты оқыту көзделуде. Жастар тәжіри-

бесі  жобасы  жалғасын  табатын  болады. 

Онда оқу бітірген жастар алты ай бойы мем-

лекет есебінен жалақы алып, маман ретінде 

өзін көрсету, болашағын айқындау мүмкін-

дігіне ие болады. Кәсіпкерліктің негіздеріне 

оқыту үшін гранттар саны былтырғы 200 

мыңнан 500 мыңға арттырылмақ. Тоқетерін 

айтқанда, жастардың жұмыссыздығын азай-

ту мақсатында атқарылған, алда межеленіп 

отырған жұмыс аз емес.

 

«Балалар кодексін» 



қабылдау маңызды

Әйтсе де, әлі де көптеген мәселелердің 

жүйелі  түрде  жасалған  жоспар  негізінде 

емес, стихиялы түрде шешілетінін көзіміз 

көріп отыр. Бұл жастарды  қоғамның әлеует-

ті күші, дамудың зор ресурсы ретінде емес, 

мәселе ретінде қараудың салдары. Мұны 

жиында келесі кезекте сөз алған «Қазақстан 

2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің 

төрағасы Мұхтар Манкеев қынжыла айтты. 

Оның  пікірінше,  бұл  құзырлы  орындар-

да нақты тетіктер жоқтығының салдары. 

Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінде 

жас отбасыларды қолжетімді баспанамен 

қамтамасыз  ету,  ауыл  жастарына  жағдай 

жасау, жұмыспен қамту жүйесіне қатысты 

жоспарлы шара қабылданбаған. Мемлекет-

тік  органдардың  бұл  тұрғыда  атқаратын 

жұмыстары жастардың аз ғана бөлігін қам-

тиды. Негізінде мәселені тиімді шешу үшін 

заң жүзінде олардың жергілікті, мемлекет-

тік және халықаралық саясатқа қатысуын 

қамтамасыз  ету  керек.  Одан  ары  қарай 

жастар саясатын тиімді жүзеге асырудың 

индикаторларын дайындаған дұрыс. Онда 

жастарды проблема емес, ресурс ретінде 

қарау керек.

Одан  кейін  сөз  алған  «Жасұлан» бір-

ыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы-

ның төрайымы Динара Сәдуақасова бүгінгі 

салауатты,  жан-жақты  дамыған  жастар 

тәр биелі  балалардан  шығатынына  назар 

аудартып, елімізде осы шараның дұрыс атқа-

рылуы үшін «Балалар кодексін» қабылдау 

қажеттігін ортаға салды. Оның айтуынша, 

қазіргі таңда мектептерде жеткіншектердің 

қоғамдық белсенділігін қалыптастырып, ке-

лешек өмірге баулитын мамандар мәртебесі 

анықталмаған. Сонымен қатар, жастармен 

жұмыс үшін бөлінетін қаржы көбіне бұл 

салаға қатысы жоқ ұйымдардың еншісіне 

тиіп жатады. Бұған мемлекеттік тапсырыс-

тарды  бөлудегі  жүйесіздік  ықпал  етуде. 

Алдағы  уақытта  осы  мәселеге  барынша 

сергек қарап, жастар тартылған үкіметтік 

емес ұйымдардың тиімді жұмыс жасауының  

әдістері игерілуі керек.

 

Тұрғын үйге 



жеңілдіктер жасалса

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас 

отан» жастар қанатының төрағасы Данияр 

Сүндетбаев та жастарға қатысты біраз проб-

леманы  ортаға  салды.  Оның  айтуынша,  

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда 

жиырматоғыз жасқа толмаған азаматтарға от-

басына тиесілі арнайы әлеуметтік көмек түр-

лері қарастырылмаған. Жас отбасыларға ар-

нап баспана салу қолға алынған «2020 жылға 

арналған өңірлерді дамыту» мемлекеттік 

бағдарламасы 2017 жылы тоқтап қалыпты. 

Ал, қазіргі қолданыстағы «Нұрлы жер», «7-

20-25» бағдарламаларының алғашқы жарна-

сы мен ай сайынғы төлемі жас отбасылардың 

барлық санаты үшін қолжетімді емес. 

Шетелдерде жас отбасыларға мемлекет 

тарапынан баспаналы болудың екі түрі бар. 

Біріншісі  субсидия  беру  болса,  екіншісі 

арнайы тұрғын үй бағдарламасы бойынша 

жас отбасыларға жеңілдіктер ұсынылады. 

Бізге де осындай шешім қабылдап, алғашқы 

жарнасыз ипотекалық жалға алу жүйесін 

енгізу қажет. Мұнда баспананың отыз пайыз 

көлеміндегі алғашқы жарнасын несие беруші 

банкке жас отбасының орнына жергілікті 

әкімшілік салып, бірден ай сайынғы төлемін 

жүзеге асырады. Бұдан соң ол үй жас отба-

сының меншігіне өтіп, қалған сома бес пай-

ыздық жылдық үстемақымен банкке қарыз 

ретінде рәсімделеді. 

Еңбек нарығын зерттеу 

жеткіліксіз

Сүндетбаев мырза жұмыспен қамтыл ған 

жастар арасындағы өзекті мәселелерге де 

тоқталды. Бұл ретте ол маман дайындау ісі 

мен еңбек нарығы арасындағы сәйкессіздік 

салдарынан жұмыссыз қалған дипломды ма-

мандардың көптігіне назар аудартты. Оның 

айтуынша, жұмыспен қамтылғандардың 74,6 

пайызы жалдамалы жұмыскерлер болса, 21,5 

пайызы өзін жұмыспен қамтығандар. Бұл 

мәлімет құлаққа жағымды естілгенімен, жұ-

мыспен қамтылғандар санын ауласында екі 

сиыры барлар да көбейтуде. Бөлшек саудамен 

айналысушылар да жұмыспен қамтылғандар 

деп есептеліп отыр. Шын мәнінде бұл білім 

алған жастардың мамандығы бойынша емес, 

өмір ағымымен күнін көріп жүргенін көрсе-

теді. Мұндай мамандандырылған жұмыссыз-

дық жас мамандардың құқығын әлі де болса 

заңмен қорғауды күшейтудің қажет екенін 

айғақтайды. 

Қолданыстағы заңға сәйкес жас маман 

дегеніміз – жиырма тоғыз жасқа толмаған, 

еңбек өтілі үш жылдан төмен, арнайы жоға-

ры білімі бар адам. Алайда ешбір жұмыс 

беруші тарапынан бұл санаттағы маманға 

жеңілдетілген баппен жұмысқа алу тетіктері 

қарастырылмаған. Мемлекетте жастарды 

жұмыспен қамту, әлеуметтендіруге бағыт-

талған жоба жоқ деуге болмайды. Дегенмен, 

қолданыстағы құжат жетілдіріліп, онда өз 

штатында  жүзден  астам  қызметкері  бар 

жұмыс берушілердің жас мамандарға арнап 

кемінде жиырма пайыздық квота белгілеуі 

талап етілуі, аудандарда шын мәнінде жұ-

мыс істейтін жастар биржаларын құру тетік-

тері жасалуы керек. Жастар кәсіпкер лігін 

дамыту үшін инфрақұрылымдық, қар жылық 

қолдау  мен  несиелендірудің  кепілден-

дірілген  жүйесі,  жеңілдетілген  салыққа 

қатыс ты  құқықтық  нормалар  жасалғаны 

жөн. Жас кәсіпкерлер үшін несиелер өсімін   

екі пайызға төмендету қажет. 

Жиыннан  түйгеніміз,  жас­

тарға керегі ең бастысы – жұ­

мыс,  одан  кейін  –  баспана. 

Тыңдар  құлақ  болса  мұның 

бәрі  жеріне  жеткізіле  ортаға 

салынды. Депутаттар өз тарап­

тарынан  көтерілген  мәселе­

лерді құптап, оларды заңнама­

лық тұрғыда қолдауға дайын 

екендіктерін білдірді. Құзыр­

лы  орын  басшылары  да  ләп­

пай дес ті. Олай болса, жастар 

жылы жастар үшін нәтижесіз 

болмас... 

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

Рейтинг


ҚазҰУ өз позициясын нығайтуда

рейтингі әр жарты жыл сайын 

жаһандық интернет-кеңістік-

те жоғары оқу орындарының 

қатысуын талдап бағуда. Ол 

университеттердің web-сайт-

тарын домен көлемі, студент-

тер мен оқытушыларға және 

басқа оқырман қатысушыларға 

пайдалы әрі қажетті ғылыми 

және білім беру ақпаратының 

болуы, сыртқы ресурстардағы 

сілтемелер саны, ғалымдар-

дың ғылыми жұмыстарының 

дәйексөзділігі, ғылыми жария-

ланымдардың саны сияқты т.б. 

индикаторлар бойынша баға-

лайды.


Бүгінде АҚШ және Ұлыбри-

тания университеттері рей-

тинг көшбасшысы болып отыр. 

Алғашқы жүздікте американ-

дық және ағылшындық жоғары 

оқу орындарынан басқа Қытай, 

Жапония, Дания, Швейцария, 

Оңтүстік Корея, Гонконг және 

басқа да елдердің жетекші 

жоғары оқу орындары да көр-

сетілген.

К.ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

2019 жылы қаңтарда өткі-

зілген «Webometrics» халықа-

ралық рейтинг агенттігінің зерт-

теу қорытындысы бойынша 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

әлемнің 28 мың жоғары оқу 

орындарының арасында 2503 

орынды иеленді. Бұл үлкен 

жетістік. Әрі мұның артында 

білім беру ордасында еңбек 

етіп жатқан ұжымның үлкен 

күш-жігері, ынтымағы тұр. 

ҚазҰУ рейтингте алға жыл-

жудың оң динамикасын көр-

сетіп, Қазақстан универси-

т е т т е р і   а р а с ы н д а   е к і н ш і 

орын ға тұрақтады. Мәселен, 

«Openness» («ашықтық») ин-

дикаторы 164 пунктке өсіп, 

«Рresence» («қатысу») және 

«Impact» («ықпал») сияқты 

көр сеткіштер бойынша универ-

ситет басқа ЖОО-дан озық 

шықты.

2004 жылы құрылған бедел-



ді «Webometrics» халықаралық 


жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау