7
№11 (3136) 12 ақпан 2019
zangazet@mail.ru
Алматы қаласы
Тел.: 8(727) 292-29-27,
292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92
E-mail:
zanreklama@mail.ru
Астана қаласы
Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.
Тел.: 8 (7172) 52-02-11
ЖАРНАМА
БӨЛІМІ:
ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН
ОРЫНДАР:
«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М. Горь кий
көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.
«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар к,., Естай
көшесі, 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04
«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл көшесі,
11. Тел.: 8 (7112)42-00-71
Қалиаскаров Нұрлан
Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішев
көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.
Тел.: 8 (7152) 46-02-57, уялы тел.:
8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.
Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-
танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов-
Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07,
ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.
«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин
көшесі, 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.:
87774348344 және Ақтау қаласы.
ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.:
87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru
Ершова Людмила ЖК, Шымкент к., Желтоқсан
көшесі, 20 б.
«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА),
директоры Кривилова Татьяна Ивановна.
Шымкент к., Г.Иляев көшесі, 47 (Шай-
мерденов к. бұрышы) RBK банктің жанында,
Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp: +7-
705- 705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@
gmaіl.com
«Юридическая фирма «Консультант»
ЖШС Орал к,., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.:
8 (7112) 50-88-05.
«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба
даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.
ИП «Сагидоллина Б.» 1 Теміржол вокза-
лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы.
ardawka_94 @maіl.ru, Тел: 87058762218.
«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған к,.,
ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282)
24-29-66, 87058147221
ЖК Гавриленко И.И., Қостанай к,.,пр. әл-
Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс:
8 (7142) 53-63-21.
«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызылорда
қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы
тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78.
ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкелді
көшесі, 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.:
87017268772, 87054422939.
ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-
зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй,
1-қабат. Тел.: (87152) 46-74-77.
«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым
Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО,
102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы
тел.: 8701 920 45 38.
ЖК «Марцефей», Өскемен қаласы, 60. Тел.:
8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.
ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі,
55, Алма сауда орталығы, 3-қабат, 419в-бөлім,
426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.:
87051857573, 87075952199, 87017392783
Emaіl:kaldybayeva@ maіl.ru.
ЖАРНАМА
ӘРТҮРЛІ
ТАРАТУ
КӨЗҚАРАС
4. «SILKWAYRETAIL» ЖШС, БСН 170940034971, «ORALTRADE2015»
ЖШС, БСН 151040001733, бірігу жолы арқылы «ТАЗА КӨК-СУ» ЖШС
ұйымына БСН 130240003196, қосылып өзінің қайта құрылатыны туралы
хабарлайды. Талаптар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ.,
Медеу ауданы, Бұзырбаев көшесі, №23-үй.
6. «Сайрам тазалық» ЖШС бірігу жолы арқылы өзіне «Тұрғын үй
Сайрам» ЖШС-ін қосып, өзінің қайта құрылатыны туралы хабарлайды.
Талаптар хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына
мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Түркістан
облысы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Шахабиддин
к., 148-үй, пошта индексі 160800.
3. «Ажар-Ганюшкино» ЖШС, БСН: 030140007322, өзінің
жабылуы жөнінде хабарлайды. Хабарлама «Заң газетіне» шыққан
күннен бастап 2 (екі) ай мерзім ішінде шағымдарыңыз қаралады.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы
ауылы, Ж.Нығметов көшесі, 4-а уй.
5. «БАЙЛЫҚ-КАПИТАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
БСН 071240002028, өзінің таратылатыны туралы хабарлайды.
Барлық талаптар хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай мерзім
ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, Батыс Қазақстан
облысы, Орал қаласы, Петровский к., 105-үй.
11. «KOKSHE – MARKET» ЖШС, (БСН 190140012033) өзінің
таратылатыны туралы хабарлайды. Талаптар хабарлама жарияланған
күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша
қабылданады: Қазақстан Республикасы, 020010, Ақмола облысы,
Көкшетау қ., Красный Яр а., Целинная к., 11-үй.
2. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша
банктік қарыз шарттарының талаптарына (қосылу шартының талаптарында)
Басқарманың 05.12.2018ж. Шешімімен (№53 хаттама) және 26.12.2018 ж. Шешімімен
(№58 хаттама) бекітілген келесі өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы
хабарлайды:
«5.1. Банктің төмендегі жағдайларда Қарыз алушы берешегінің сомасын мерзімінен
бұрын өндіртіп алуға (ішінара немесе толық көлемде) беруге құқығы бар:
5.1.1. егер Қарыз алушы сот ісіне тартылған болса, сонымен қатар Банктің атына
үшінші тұлғалардан (мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан, жеке және заңды
тұлғалардан) (1) Қарыз алушыны сот ісіне тарту; (2) Қарыз алушыға қатысты қылмыстық
іс немесе талап сомасы Қарыз сомасынан 10 және одан астам пайызын құрайтын
азаматтық іс қозғау сияқты ықтималды тәуекелдер туралы ақпараттан тұратын кез келген
сұраулар/хаттар/құжаттар түскен жағдайда;
5.1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, сонымен қатар
Банктің атына үшінші тұлғалардан (мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан,
жеке және заңды тұлғалардан) (1) Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;
(2) Қарыз алушы Банк және (немесе) өзге үшінші тұлғалар алдындағы өзінің кез келген
қаржылай міндеттемесін бұзуы туралы ықтималды тәуекелдер туралы ақпараттан
тұратын кез келген сұраулар/хаттар/құжаттар түскен жағдайда;
5.1.3. Қарыз алушы осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және (немесе)
тиісті түрде орындамаған жағдайда. Бұл ретте Қарыз алушының Қарыздың кезекті
бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу мерзімін бұзуына байланысты берешек
сомасын мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою осы тармақтың 4 тармақшасының
ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
5.1.4. Қарыз алушы Қарыздың кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу
үшін белгіленген мерзімді 40 (қырық) күнтізбелік күннен астам мерзімге бұзған жағдайда;
5.1.5. өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында
белгіленген жағдайларда.
14.2. Егер Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы ымыраға келе алмаған жағдайда,
дауларды шешу, Банк немесе оның филиалы орналасқан жері бойынша сотта жүзеге
асырылады.».
10. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос
лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жедел
медициналық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының негізгі қызметі мұқтаж ересектерге және балаларға тегін шұғыл және кезек
күттірмейтін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің заңдық мекенжайы: 150000, СҚО, Петропавл қаласы, Ульянов көшесі,
98. «Мемлекеттік мекеме басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның
кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес конкурс өткізіледі. Біліктілік талаптары: Жоғары
медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні
бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық
сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы
немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе
«Медицина» мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік
басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында
кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық
денсаулық сақтау», («Денсаулық сақтау менеджменті») магистратураның болуы және денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық
лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; Білу керек: Қазақстан Республикасының
Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық
сақтау мәселесі бойынша және осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді. Конкурсқа қатысу үшін бұқаралық ақпараттық құралдарда
конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы шыққан күннен бастап 15 күн ішінде келесі құжаттар:
1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш; 2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) Өмірбаян,
қысқаша формада; 4) 2 фотосурет; 5) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының
көшірмесі; 7) 86-У формадағы медициналық анықтама; мына мекенжайға тапсырылуы тиіс:
Петропавл қ., Театральная көш., 56 а, 22-кабинет. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне,
кәсіби дайындығы бойынша қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми
дәреже және атақ беру туралы құжаттың көшірмесі, ғылыми басылымдар, сонымен қатар
алдыңғы жұмыс орны басшысының ұсынымы және т.б.). Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019
жылғы 12 ақпан мен 2019 жылғы 26 ақпан аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, Петропавл
қ., Театральная көш., 56 а, 23-кабинет мекенжайына тапсырылады. Әңгімелесуге жіберілген
үміткерлер мына мекенжай бойынша: Петропавл қ., Театральная көш., 56 а, 24-кабинет 2019
жылғы 5 наурызда сағ 09:00-ден 18:30-ға дейін, Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау
басқармасында әңгімелесуден өтеді. Анықтама телефоны: 46-94-91, факс: 52-51-46, электронды
мекенжайы: zdrav_adm@sko.kz
8. Ақтоғай ауданының әкімдігі «Ақтоғай ауданы Басқамыс
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ін «Ақтоғай ауданы Разумов
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-іне қосу жолымен қайта
құру туралы хабарлайды. Талаптар хабарлама жарияланған күнінен
бастап осы мекенжай бойынша қабылданады: 140200, Павлодар
облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абая көш., 75, тел.:
8 (71841) 21576.
9. Ақтоғай ауданының әкімдігі «Ақтоғай ауданы Шолақсор
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ін «Ақтоғай ауданы
Жалаулы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-іне қосу жолымен
қайта құру туралы хабарлайды. Талаптар хабарлама жарияланған
күнінен бастап осы мекенжай бойынша қабылданады: 140200,
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абая көш., 75,
тел.: 8 (71841) 21576.
7. Ақтоғай ауданының әкімдігі «Ақтоғай ауданы Әуелбек
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ін «Ақтоғай ауданы Қараоба
ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-іне қосу жолымен қайта
құру туралы хабарлайды. Талаптар хабарлама жарияланған күннен
бастап осы мекенжай бойынша қабылданады: 140200, Павлодар
облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абая көш., 75, тел.: 8
(71841) 21576.
Кез келген мемлекет ең алдымен
балалардың ертеңіне алаңдап, жастар-
дың жағдайын көтеруге қам жасайды.
Себебі, жастар – болашағымыз, мем-
лекеттің кемел келешегінің кепілі.
Сондықтан, озық ойлы, терең білімді,
өз елін сүйетін, отаншыл ұрпақ қалып-
тастырудың тетігі сөз жүзінде емес, іс
жүзінде қолға алынып келеді.
Біздің елімізде жастарды тәрбие-
леудің, білім берудің, денсаулығын
нығайтудың барлық жолдары қарасты-
рылған. Бала құқығын қорғау мәселесі
де алдыңғы орында. Елді ілгерілетудің
негізі, жаңа бастамалардың қозғаушы
күші, белсенді іс-әрекеттің қайнар көзі
болып саналатын жастарға жан ашырлық
таныту керектігі Елбасы Нұрсұлтан На-
зарбаевтың әр жылғы Жолдауларынан
да шет қалмаған. Осы құжаттарда ба-
сымдық алған тапсырмаларға сәйкес
жастарды мамандандырудың, жұмыспен
қамтудың, құқығын қорғаудың тетіктері
нығая түскен. Жастары көп қоғамда
даму болатыны белгілі. Содан болар,
ел Президенті де «Беталысы күнде
өзгерген алмағайып дүниеде адамзат
үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін
темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол –
еңбек! Ел болашағының баянды бол-
мағы баста бұлықсыған білім мен қол-
да ойнаған еңбекке байланысты» деп
жастардың білімі мен белсенділігіне иек
артады. Сонымен қатар, өзіміз меже ет-
кендей өркениетті елдер сапынан табылу
үшін білімді жастардың, еңбек етуге ын-
талы жандардың көп болуы аса маңызды
екенін алға тартады.
Ертеңін ойлаған елдердің бәрі
игіліктің бәрін, қамқорлықтың үлкенін
жастарға жасайды. Оларда «Жастар –
өлмейтін капитал, болашаққа салынған
инвестиция» деген түсінік орныққан.
Әсіресе, жас буынның қабілетін ашып,
талантын оятуда жапон халқының
әдістері мен ынтасы ерекше. Табиғи
байлығы жоқ бұл елдегі табыстың кілті
жаңа инновациялық идеяларға негіздел-
ген. Жер Ананың қазынасы таусылатын,
байлығы азаятын кез туады. Ал, адам-
ның озық идеясы өміршең. Білімді жас-
тың күш-қуаты өлшеусіз. Әлем елдерін
мойындатып отырған Жапония барлық
жаңашылдықтың орталығы десек шын-
дықтан алыстай қоймаймыз.
Біздің елімізде де білім алсам, өссем,
еліме қызмет етсем деген жандарға қол-
дау жоғары. «Болашақ» бағ дарламасы
арқылы мықты мамандық иесі болып
келген өрендеріміз шетелдің озық білім
ордаларында тегін оқуға, әлемді та-
нуға мүмкіндік берген отанына шексіз
риза. Жаңаша ойлауға бейім жастардың
мемлекет дамуына бел шеше араласып,
өзі жетік білетін саланы өркендетуге
үлес қосып жатқанына куәміз. Басқа
салаларды айтпағанда, қазақстандық сот
қызметкерлерінің шетелде білімін жетіл-
діруіне жақсы жағдай жасалған. Одан
бөлек, судьялардың шетелдік әріптестер-
мен пікір алмасып, тәжірибесін шыңда-
уына да еш кедергі жоқ. Бұл да болса
отандық қазылардың заман үрдісінен
тыс қалмай, халықаралық талаптарға сай
ілгерілеуіне серпін беріп отыр.
Жалпы, сот жұмысына жаңа ара-
ласқан жастарға көрсетілетін қолдау аз
емес. Судья да, сот кеңсесінің маман-
дары да әріптестері көрсеткен ыстық
ықылас пен риясыз көмектің арқасында
салаға тез бейімделеді. Тұрақты өтіп
тұратын семинар, кеңестер мамандар-
дың ұжыммен бір мақсатта жұмыс
істеуіне, қателік жасамауына кепілдік
береді. Арнайы бөлінген тәлімгерлер
де жас судьялардан ақыл-кеңесін аяған
емес. Бұған қоса, бұрын тек шағын
ұжымда жетістік пен кемшілікті талқы-
лап, өзара пікір алмасатын судьяларға
әлеу меттік желі сыйлаған мүмкіндік
зор. Соның нәтижесінде әлеуметтік
желілерді өзара тәжірибе алмасатын,
жаңалық бөлісетін алаң ретінде пайда-
ланған судьялардың республиканың әр
түкпіріндегі әріптес терімен тілдесуіне
жол ашылып отыр.
Сот құрамын сапалы кадрлармен
қамтамасыз ету, жастардың арманын
шындыққа айналдыру тұрғысынан
жасалып жатқан ізденістер де көңілге
үміт ұялатады. «Өсем деген баланың
бетінен қақпа, белін бу» деген ұстаным-
ды басшылыққа ала отырып жүргізілген
жаңашылдықтарда есеп жоқ. Мәселен,
Ұлт жоспарында көрсетілген тапсыр-
маларға сай, судьяларға үміткерлерді
іріктегенде сот саласында бес жылдан
аса жұмыс істегендерге басымдықтың
берілуі сол оң өзгерістің нәтижесі.
Гүлбаршын ЖЕКСЕМБІНОВА,
Алматы облысы
Қаратал аудандық сотының
судьясы
Бүгінгідей ішкі нарық Қытай, Түркия,
Беларусь, Украина мен Ресейден келетін
киім-кешекке толып тұрған тұста әрбір са-
налы адамды, әсіресе, дизайнерлерді «неге
біз өз елімізде тігілген киімді кимейміз?»
деген сауал алаңдатуы тиіс. Тіпті бұл мәсе-
лені соңғы жылдары Елбасымыз ірі-ірі
жиындарда жиі көтеріп жүр. «Барлығын
шетелден алып келеді. Сәнгер мен сәнқой-
лар «шанел-манель» кию керек дейді, бірақ,
қарапайым халық ше... Біз өз киімдерімізді
өзіміз танытуымыз керек. Осы жерде отыр-
ғандардың бәрі сол киім дерді киюі қажет.
Сонда ғана отандық жеңіл өнеркәсіпті да-
мыта аламыз», – деген Прези дент министр-
лерге қазақстандық костюм дерді киюді бір
емес, бірнеше мәрте тап сыр ғаны есімізде.
Киімге де сұраныс қашанда сәнмен қатар
өрбіп отырады. Ал сән – өнердің ажырамас бір
бөлігі. Бейнелеу өнері мен сән өнерінің бірігуі
турасындағы идея өткен ғасырдың басынан
бастап кең таралды. Бүгінде ол дуэтке заманауи
технологиялар да қосылды. Сондықтан, соңғы
жылдары тоқыма бұйымдарын модельдеуде
және технологияның көптеген салаларында
көшбасшы позицияға ие Еуропа елдерінде тех-
никалық тоқыма бұйымдарына деген көзқарас
мүлдем басқа арнаға бет бұрды. Онсыз да біз-
ден әлдеқайда көш ілгері олар ендігіде тіпті аса
жоғары талғамды қанағаттандыру үшін инно-
вацияға ден қойған. Мәселен, бүгінде 3D-бас-
пасы деген тіркес ешкімді таңқалдырмайды.
Ал, егер интернетке шығатын әрі гироскопы
бар кроссовка немесе жарықдиодты көйлек,
субүркігіш-киім, сымдар немесе балауыз ми-
крокапсула жүргізілген мата десек ше? Бұл
ешқандай да қияли романның оқиғасы емес,
кәдімгі шын өмірде бар нәрселер. Түсініктірек
болу үшін, кейбіріне тоқталсақ,
2013 жылдың наурыз айында әлемдік сән
өнерінің көрнекті өкілі Дита фон Тиз кезекті
шаралардың біріне түгелдей дерлік 3D-прин-
терде басылған көйлек киіп келді. Бұл киімнің
авторлары белгілі сәнгерлер Майкл Шмидт
пен Фрэнсис Битонти болатын. Олар мұндай
көйлекті шығару үшін көп еңбектенді, атап
айтқанда, алдымен нейлоннан 17 бөлшек ба-
сып шығарып, оларды Swarovski-дің 13 мың
кристалымен әшекейледі. Содан соң оларды
қолмен біріктірді. Сән әлеміне үлкен жаңалық
әкелген бұл 3D-көйлекті ең алғаш Голланд
дизайнері Ирис ван Харпен haute couture деп
аталатын өз коллекциясымен бірге ұсынды. Ал,
бұл нағыз қол еңбегі, қымбат маталар, сапалы
тігістер мен өрнектер бірінші кезекте бағалана-
тын биік сән өнері ғой! Сондай-ақ, Австралия-
ның Arctic Hit компаниясы салқындатқыш гел
толтырылған арнайы жилет ойлап тапты. Күн
қатты ыстықта көшеге шығар алдында киімді
біраз тоңазытқышта ұстау керек. Жаурап қалам
деп қорықпаңыз, себебі денеге өтетін суық
мөлшері қатаң дозаланған.
Міне, Еуропа, жалпы дамыған елдердің сән
өнері, тігін, тоқыма өнері қайда бет алды?!.
Енді олар біртіндеп жасанды интелектпен жұ-
мыс жасайтын тігін құрылғылары, үш деңгейлі
боди-сканер мен 3D модельдеу жүйелеріне
көшпек.
Бізде де қазір қоғамда қай салада болмасын
дамуға барынша жол ашылған. Соның ішінде
осы жеңіл өнеркәсіп те бар. Атап айтқанда,
біріншіден, кәсіптік білім беруге ден қойылып
жатыр. Екіншіден, нарықтық экономикамен
алға басқан қоғамымызда әмбебап тігінші,
пішуші, сәнгер мамандықтары жоғары сұра-
нысқа ие. Ал, елімізде шағын кәсіпкерлікке
жол беріліп, отандық өнімдерді өндіру мәсе-
лесі күн тәртібіне қойылып отырған кезеңде
аталған кәсіптер бойынша білім беру соған
сай қарқынды жүргізілуі керек. Сондай-ақ,
бүгінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»
мақаласында, Жолдауларында да «Цифрлы Қа-
зақстан» құру міндеті алға қойылды. Ендеше,
жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындарына да
сандық жоспарлау технологиясының заманауи
үлгідегі автоматтандырылған жүйелерін ендіру
керек. Инвестициялар және даму министірлігі
өкілдерінің айтуынша, инновациялар еңбек
өнімділігін арттырып, өндіріс шығынын ай-
тарлықтай азайту сынды үлкен мүмкіндіктерге
жол ашады.
Бүгінде де, келешекте де отандық киімдер
нарықта өзінің лайықты орнын алып, шетелден
келетін тауарлармен бәсекеге төтеп беруі тиіс.
Соған орай біз де біртіндеп инновацияға ден
қойып, әлемдік сән үрдістері көшінен қалып
қоймауымыз керек.
Айсұлу ЖУСУПОВА,
Түркістан облысы, Түркістан
гуманитарлық-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ
ДАМЫТУҒА ЫНТАЛЫЛАР АЗ
«ӨСЕМ ДЕГЕН БАЛАНЫҢ БЕТІНЕН
ҚАҚПА, БЕЛІН БУ»