3
№11 (3136) 12 ақпан 2019
zangazet@mail.ru
Сауалнаманы әзірлеген Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»
(Соңы. Басы 1-бетт
е)
Ойталқы
БӘРЕКЕЛДІ!
Сонда демографиялық ахуал да жақсарады.
Әйел баласының күтіміне қарайды, күнкөріс
үшін баласын тастап жұмысқа кетпейді.
Мемлекет баладан, анадан аяғанды қоюы
қажет, егер мемлекет болып тұрғымыз келсе.
ҚР Констуциясының 1-бабында «Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Яғни, бала мен анаға
көмек көрсету мемлекеттің міндеті. Егер одан бас тартатын болсақ,
бізге биліктің не керегі бар?!
Сайын БОРБАСОВ,
саяси ғылымдар докторы, профессор:
Қоғамда баламен үйде отырған анаға ең соңғы сападағы адам ретінде қа-
райды, жұмысқа қашан шығасың, неге шықпайсың деп. Бұл Кеңес үкіметінен
қалған сарқыншақ. Ол кезде барлық әйелді тәрбиеден ажыратып, жұмысқа
қуды. Онда тегін әжелер мен аталар болды. Қазір тегін ата мен әже ин-
ституты жоқ. Сол себепті де, бізде бұзақы, қараусыз қалып, өліп жатқан
балалар бар. Мұның барлығы жауаптылықтың жоқтығынан. Бала тәрбиесі
өте күрделі әрі қоғам алдында жауапты жұмыс. Сондықтан, мемлекет оған
ең болмаса төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы бөлсе, қоғамның да оған
деген көзқарасы өзгереді. Ананың да баласын тәрбиелеуге деген құлшынысы
артады. Жұмысқа шығуға емес. Демек, бір баланы тәрбиелеп жатыр деген сөз мемлекеттің болашақ
азаматтарын тәрбиелеп жатыр. Отансүйгіш, еңбекқор, жақсы азаматтарды көбейткіміз келсе, онда
біз ана мен баланың дұрыс қамтамасыз етілуіне мемлекет, қоғам болып көңіл аударғанымыз жөн.
Алмас ЖҰМАҒАЛИ, заң ғылымдарының кандидаты:
ҚОҒАМ
БАЛА КҮТІМІНЕ БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨЛЕМІ КӨҢІЛ КӨНШІТЕ МЕ?
(Соңы. Басы 1-бетте)
«Біз осы арқылы науқастардың хирургиялық
килігуден кейін де толыққанды әрі алаңсыз өмір ке-
шуіне жол ашатын қарыштап дамыған технологиялық
жетістік ұсына алғанымызға өте қуаныштымыз», –
деді дәрігер толқынысын жасыра алмай.
Ең кереметі, аталған жиынға әзірге осы отаны
бастан өткерген жалғыз адам И.Тұрсыновтың өзі
қатысты. Ол өткен жылдың желтоқсан айында ғана
күрделі отаны бастан өткерген, бүгінде қалыпты
өмір салтына оралып, күнделікті тіршілік кешіп қана
қоймай, тіпті суда жүзуге де мүмкіндік алған. Ал,
мұндай жағдай осыған дейін бұл құрылғының бала-
масы болып келген басқа модельдерде мүлдем мүмкін
болмаса керек.
Баспасөз конференциясында медицина ғылымда-
рының докторы, Еуропа кардиологтары қоғамының
мүшесі, «Жүрек және өкпе трансплантациясы» жур-
налының бас редакторы Мэндип Мехра скайп арқылы
сөз сөйледі.
– Ең бірінші кезекте министр Елжан Біртанов
мырза мен Пя дәрігерді, Нетук профессорды, Майкл
дәрігерді құттықтағым келеді. Бүгін сіздердің ортала-
рыңызда бола алмағаным, әрине, өкінішті. Бұл шын
мәнінде ерекше айтуға тұрарлық жетістік. Сіздерге
осы тұста соңғы жылдары әлемде жүрек ақауы бар
науқастарға механикалық көмек көрсету қалай да-
мығанын атап өткім келеді. Бұл жолдағы ең алғашқы
қадам 1964 жылы АҚШ-та жасалды. Біз 60 жылдары
Айға ұшамыз дедік, сосын адамдардың өмірін ұзар-
татын жасанды жүрек сорғысы болады деп ойладық.
Алайда, олай бола қойған жоқ. Біз оған жете алмадық.
Тек кейінірек қана сол жақ жүрек қарыншасына демеу
болатын құрылғы ойлап табылды. Сол үшін Мали
және Нетук дәрігерлер мен оның командасы әлем
бойынша трансплантация жасаудың көшбасшылары
атанды. Бірақ, ол құрылғыны толықтай денеге ор-
нату мүмкін емес еді, яғни, оны ауық-ауық сырттан
қуаттандырып отыру қажет болды. Және ол оңай
болған жоқ. Сондықтан, осынау инновация мен жаңа
технологияны білгенде қатты қуандық. Себебі, бұл –
жүректің сол жақ қарыншасын толықтай ауыс тыруға
мүмкіндік алған тұңғыш қадам. Біз бұған қалыпты
жағдай ретінде қарай алмаймыз. Бұл әлемдік меди-
цинаға енген үлкен жаңалық, адам өмірін ұзартатын
теңдессіз құрылғы. Рақмет сіздерге! – деді Мэндип
Мэхра.
Ал, еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ел-
жан Біртанов болса, Ұлттық кардиохирургия орта-
лығының 2009 жылы бой көтергенін, бірақ соған
қарамастан он жылдың ішінде әлемдегі ең үздік
кардиоорталыққа айналғанын зор мақтанышпен
атап өтті. «Сондай-ақ, әлемдегі ғылыми және саяси
серіктестерімізбен бірге бұл орталық Қазақстан жұрт-
шылығы үшін керемет үздік нәтижелер көрсетуде»
деді министр.
Айта кету керек, құрылғанына он шақты жылдың
жүзі болған орталық Орта Азия бойынша жүрек пен
өкпе трансплантациясын және ТМД-да алғашқы
болып жүректің сол жақ қарыншасына арналған
қосалқы құрылғыны енгізген болатын. Өткен 2018
жылы орталықта жасанды қан айналымы құрылғы-
сын импланттаудың 42 отасы, 8 жүрек ауыстыру
отасы, жалпы 9000 ота жасалған.
Мәриям ӘБСАТТАР,
«Заң газеті»
ӘЛЕМДІК МЕДИЦИНАДАҒЫ
ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ
Соңғы уақытта саяхатшылармен әртүрлі эк-
зотикалық елдерге жасалатын травел-қауымда-
стықтар немесе саяхатшылар клубы деп аталатын
түрлі авторлық саяхаттар көбейіп кетті. Бұл нұсқа
қазір белсенді түрде дамып келе жатыр және қа-
уымдастықтар мен компаниялар өздерімен алыс
шетелге саяхатқа шақыруда.
Аталмыш саяхаттың жалғыз басымдығы –
жаппай емес, жеке саяхат жасау. Сол себепті,
бір қарағанда қауіпсіз көрінетін саяхатқа келісер
алдында барлық жағын таразылауды, сосын ба-
рып авантюраларға толы, өзіне белгісіздікті және
тұрақсыздықты жасыратын күмәнді саяхатқа
келісуге шешім қабылдауды ұсынамыз. Мұндай
ұсынысқа келісер алдында есіңізде сақтауға тиіс
ең маңызды нәрсе – бұндай бизнестің заңсыздығы.
Дәл солай. Оны қалай атасаңыз да, ол бизнес.
Гид сізге қызмет көрсетеді, ал сіз баратын елде,
әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азияда авторлық турлар
заңсыз болып саналады.
Сонымен қатар, сізді күтіп тұрған екінші басты
қауіп – интернет алаяқтар. Ұмытылмас авторлық
турларды ұсынатындар сүйкімді және тартымды
бойжеткен немесе келбеті келісті жас жігіт бей-
несінде сізге ертегі әлеміне саяхаттың керемет
бағдарламасын ұсынып, қалың қалтаңызды қағып
кетуге дайын тұрған алаяқтар болып шығуы мүм-
кін.
Алдымен көзге түсетіні – саяхаттың сондай
түрінің қолжетімділігі, өзге елде бірнеше рет
болған адаммен саяхаттайтыныңыз. Ең күшті
нұсқа секілді. Бірақ, ондай саяхат өзімен бірге
қауіптерді және зияндарды жасыруы ғажап емес.
Мысалы, авторлық турлар – бұл соқыр тәуекелге
салыну деген сөз, нақты және пысықталған марш-
руттар жоқ, ұсынып отырған тарап құқықсыз
шеңберде жұмыс істейді, бөтен елде төтенше
жағдайлар туындаған жағдайда сізге растайтын
құжаттар мен фискалды чектерді ұсынбайды, одан
ешкім сақтандырылмағаны мәлім.
Егер сіздің қонақүйдегі брондарыңыз аяқасты
алынып тасталса және ұшақ немесе басқа көліктің
билеті күшін жойса, бұндай жағдайда саяхатшы-
ның мәселелері авторлық тур тарапынан қалай
шешіледі? Ал, егер сақтандыру жағдайы туында-
са, сізге медициналық шығындарды кім төлейді
немесе өтейді? Әрине, мұндай ауыр жүк тек сіздің
мойныңызға артылады.
Тағы бір ыңғайсыз нәрсе – осындай турлардың
авторлары әрқашан саяхаттың ең арзанын іздейді,
сол себепті, ұшу күндері үнемі ауысып тұруы мүм-
кін, ол сондай ыңғайсыз екеніне келісетін шығар-
сыз. Демек, кейбір қандастарымыз турға авиа ұшу
құнын қоспайды, оны баға динамикасымен түсін-
діреді. Сондықтан, сіздің тур алдында ұсынылған
төмен бағадан анағұрлым қымбат болып шығуы
әбден мүмкін. Сол себепті алаяқтарға жем болып,
босқа алданып қалып жүрмеңіз.
Егер қандай да бір себептермен сіз жоспар-
ланған саяхатқа ұшудан айнып қалсаңыз, ақшаны
сіздің орныңызға біреуді тапқанға дейін немесе
өзіңіз біреуді тапқанша қайтармайды. Егер орны-
ңызға біреуді таппасаңыз, ақшаңыз күйіп кетті дей
беріңіз. Шынымен солай болады, өйткені, мұндай
«мерзімі өтейін деп тұрған» турларға аяқ астынан
келісетін адам өте аз, тек түңілген адамдар ғана
тә уекелге баруы мүмкін, оның өзінде ондай
адамдарды тез арада таба қою өте қиын.
Тағы бір маңыздысы, осыған ұқсас жеке тур
авторлары белгілі өмірлік тәжірибелеріне ғана
сене алады, саяхат жасайтын елдегі ахуал күн-
де өзгеретінін ескермейді. Авторлар көптеген
ерекше жағдайлар туралы бейхабар, сол себепті,
турларды ұсынып отырған елдерде көп уақыттан
бері болған-болмағанын ескерген жөн. Ол да қауіп
төндіреді.
Айтпақшы, қазір авторлық турларға шақы-
ратын, insta-турлар жасайтын блогерлер пайда
болды. Барлық авторлық турда адамдар тек өз
тәжірибесіне сүйенетінін, ешқандай тексерілген
туристік фирмалар мен компаниялардың кәсі-
билігіне тең келмейтінін қайталап айтқымыз
келеді.
Осыған ұқсас турларда құнға не кіріп, не
кірмейтініне назар аударған жөн. Жиі көрсетіл-
ген баға ештеңені жаппайды. Қандай қосымша
шығындар бар екенін қарап, басқа компания-
лармен бағаны салыстыру керек. Қауымдастық
саяхаттарының тарихына, пікірлерге, жауаптарға,
ұйымдастырушылармен байланыс қаншалықты
орнатылғанына ерекше назар аударған абзал.
Бірақ, егер турпакетті тексерілген және на-
рықта ұсынылған туроператорлардан сатып
алсаңыз, жоғарыда аталған мәселелер сізді маза-
ламайтын болады. Әсіресе, Қазақстан аумағында
туристік жолдама алатын компания «Туристік
Қамқор» корпоративтік қорының мүшесі екенін
мұқият тексеріп алғаныңыз жөн. «Туристік
Қамқорға» мүше емес турфирмалар өз қызметін
заңсыз жүзеге асыратынын ұмытпаңыз, олар
белгілі мәселелер туындаған жағдайда шетелдегі
демалыс уақытында сіздің қауіпсіздігіңізге кепіл
бола алмайды. Ондай жағдайда барлық тәуекелдер
сіздің өзіңізге жүктеледі.
Турдың аталған түрінің тұрақсыздығының
айқын дәлелі, өткен жылы Астана тұрғыны «ин-
стаграм» арқылы Жапонияға осыған ұқсас автор-
лық тур қызметтерін пайдаланды. Дегенмен, күн-
шығыс еліне туроператордың өзі емес, осы елге
алғаш рет барған үшінші тұлға – жас қыз серік
болды. Жапонияға келісімен тиісінше барлық та-
раптарда сан алуан проблема туындай бастайды,
трансферден бастап төленбеген қонақүйге дейін.
Ең бастысы, сіз турагенттен туркодты талап
етіңіз. Өйткені, туркод – сіздің шетелдегі қауіпсіз
демалысыңыздың кепілі.
Енді туркодтың не екеніне тоқталайық. Туркод
11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу
еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде
автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін
бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туын-
даған кезде турист Қормен байланысқа шығады,
өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы
24 сағат ішінде жедел көмек күтеді.
Шығу туризмі саласында Қазақстан азамат-
тарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы
– «Турис тік Қамқор» корпоративтік қоры (КҚ) ше-
телге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630
мың туркод берді және олардың барлығы шетелде
алаңсыз демалып, аман-есен елге оралғанын айта
кету керек.
«Туристік Қамқор»
корпоративтік қорының
баспасөз қызметі
– Қазіргі таңда базамызда 40
млн-нан астам несиелік келісім-
шарт бар. Ақпарат жеткізуші 300-
ден астам ұйымға қызмет көр-
сетіледі. 2018 жылы еліміздегі
бөлшек несие қоржыны 6 трлн
теңгеден асып, рекордтық көрсет-
кіш тіркелді. Несиелік қоржын-
дағы берешек жиынтық қарыздың
көлемі 23 трлн теңгеден асты.
Оның 6 трлн теңгесі бөлшек не-
сие болса, 17,2 трлн теңгесі заңды
тұлғалардың несиесі. Қазір белгілі
бір деңгейде нарықта белсенділік
байқалуда. Оған ең алдымен ой-
ыншылардың белсенділігі ықпал
етуде. Банктер халықты өте бел-
сенді түрде несиелеуде. Екін-
ші, нарықтағы ойыншылар саны
ұлғайып келеді. 2018 жылдың ба-
сында Несиелік бюродан несиелік
есеп пен несие тарихына қатысты
ақпарат алушы ұйымдардың саны
200-ге жуық болса, жыл соңында
270-ке жетті, – дейді Әсем Нұрға-
лиева.
2018 жылдың басында бөл-
шек несие бойынша қоржын 5
трлн теңгені құрады. Оның ал-
дындағы 2 жылда бұл 3,5 трлн
теңге көлемінде тұрақтаған еді.
Бөлшек нарықтағы жоғары өсім
кепілсіз тұтыну несиесінде бай-
қалып отыр. 2018 жылы 1,9 трлн
сомаға 6,6 миллионға жуық тұты-
нушылық қарыз беріліп, орта-
ша чек 305 мыңнан 286 мыңға
дейін төмендеген. Орташа чек
ипотекадан басқа барлық сег-
ментте төмендеп, ипотекалық
несие 7,4 млн-нан 7,9 млн-ға дейін
өскен. Ал, сектордың өзі бөлшек
қоржынның жалпы көлемінің 25
пайызын құрайды. 2018 жылы
600 млрд теңге болатын 75 мың
осындай несие берілген.
Автонесиелер нарығы 106,6-
дан 175,8 млрд-қа дейін өскен. Егер
қазақстандықтар 2017 жылы 32,4
мың автонесие алса, 2018 жылы
бұл көрсеткіш 53,9 мыңға дейін
жеткен. Несиелік карталар нарығы
ең шағын, бірақ өте белсенді, тез
өсіп келе жатқан сала. Бұл сектор-
АЛАҢСЫЗ ДЕМАЛАМЫН ДЕП
АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ
Авторлық
турлар де-
геніміз не?
Олардың ерек-
шелігі неде, па-
кет турлардан
ерекшелігі қай-
сы? Осы сияқ
ты жанжақты
жарнамаланған
қызықты
ұсыныстарға
сенуге бола ма,
құйтырқылық
пен қауіпті қай
жерден күту
керек? Жеке
«лакшери» тур-
ларды таңдай
отырып, неден
сақтану қажет?
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
НЕСИЕЛІК ЖҮКТЕМЕСІ ӨСУДЕ
Қаржылық сауаттылық индексі (есепке алынатын ДНЕ)
2018 жылдың желтоқсанында 4,17 пайыз болды, бұл 2017
жылғы көрсеткіштен 3,6 пайызға жоғары. Қаржылық сауат-
тылық индексі Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғын-
дарына берілген дербес несиелік есеп үлесін көрсетеді. 2018
жылы Бірінші несиелік бюро 400 мыңдай дербес несиелік
есеп берген, бұл 2017 жылға қарағанда 20 пайызға жоғары.
Оны «Бірінші несиелік бюро» ЖШСнің атқарушы директоры
Әсем Нұрғалиева Алматыдағы баспасөз мәслихатында ха-
барлады.
дағы қоржын сомасы 68,9 млрд
теңгеге тең болса, оның берілімі
93,2 млрд теңгеге өскен. Жалпы
алғанда, Қазақстанда қолданыста
658 600 несиелік карта бар, ал
орташа несиелік шектеу – 100 мың-
ның айналасында.
Бөлшектік несиелік қоржын
сапасы жақсарып келеді. Қазір
уақыты өтіп кеткен бөлшектік
қарыз үлесі 14,1 пайызды құрай-
ды. Бұл 2018 жылдың басын-
дағы көрсеткішке қарағанда 1,6
пайызға төмен. Бизнес-несиелер
сегментінде мерзімі өтіп кеткен
несиелер үлесі 18 пайызға тең.
Несиелік белсенділік аясында
қазақстандықтардың несиелік
денсаулық индексі бір жылда 69
пайыздан 66 пайызға төмендеген.
Бұған қарап қарыз алушылардың
осынша пайызы өз несиелеріне
орай табысты қызмет етеді деп
айтуға толық сенім бар.
Бірінші несиелік бюро атқа-
рушы директорының сөзіне қа-
рағанда, несие берудегі орташа
чектердің жалпы төмендеуі несие-
лік жүктеменің өсуімен тікелей
байланысты. Егер 2018 жылдың
басында бұл көрсеткіш 1,56 болса,
2019 жылдың басында 1,74 не-
сие болды. Жүйеде барлығы 11,6
млн белсенді несиелік контракт
және ашық несиелі 6,6 млн қарыз
алушылар бар. Сонымен бірге,
жаңа қарыз алушыларға беріл-
ген несиелер үлесінің қысқаруы
да осы фактіні растайды. Егер
бұрынырақта жүйеде несиелердің
7-ге жуық пайызы несиелік та-
рихы болмаған қарыз алушыларға
беріліп келсе, қазір бұл көрсеткіш
5,5 пайызға қысқарып отыр.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»