6
№11 (3136) 12 ақпан 2019
zangazet@mail.ru
ТЕМІРҚАЗЫҚ
Бүгін Астана қалалық сотында судья-
лардың Қазақстан Республикасы Пар-
ламенті Мәжілісінің депутаттары Қанат
Мусинмен, Светлана Бычковамен және Ба-
лайым Кесебаевамен кездесуі өтті. Кездесу
барысында меншік құқығын қорғауды кү-
шейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайлан-
дыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі
ізгілендіру туралы заңдарға түзету енгізу
мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, азаматтық, қылмыстық
және әкімшілік заңнама саласында құқық
қолдану мәселелері сөз болды.
Астана қалалық сотының төрағасы
Тілектес Бәрпібаев құттықтау сөзінде
судьялардың заң шығару органының
өкілдерімен, нақтырақ айтқанда, Заңнама
және сот-құқық реформасы комитетінің
мүшелерімен кездесуінің маңыздылығын
атап өтті.
Депутаттар заң шығармашылығы қыз-
метінің мәселелері бойынша пікірле-
рімен бөлісіп, осы рәсімге ұсыныстар
бе ру арқылы белсене қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, сот жүктемесін оңтайландыру
және қылмыстық заңнаманы одан әрі
ізгілендіру, азаматтық, қылмыстық және
әкімшілік заңнама саласында құқық қол-
ҚАЗЫЛАР ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Кездесу
КӨЗҚАРАС
ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДЫ
ТЕЖЕЙТІН ЖАЙТТАР БАР
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есеп-
теуіш технологиялар институтының
(АЕТИ) бас директоры, ҚР ҰҒА акаде-
мигі М.Н.Калимолдаевтың тікелей бас-
шылығымен институт ұжымы теориялық
және қолданбалы зерттеулердің қол жет-
кізген деңгейін сақтау, инновациялық эко-
номиканы жандандыруға жаңа серпіліс
беру, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі
мен коммерцияландыруды іске асыру,
ғылымға жастарды тарту сияқты жалпы
республика алдында тұрған күрделі мін-
деттерді жүзеге асыруда. Соның ішінде,
жас ғалымдардың шығармашылық өсуіне
айрықша көңіл бөлінеді. Бұл Елбасының
үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп
жариялап, өнертапқыштардың өрісін
кеңейтіп, ғылымға терең бойлағандарға
қолдау көрсету туралы бастамасын орын-
дау болып табылады.
2018-2020 жылдарға арналған ғылы-
ми және ғылыми-техникалық жобалар
бойынша гранттық қаржыландыруға
арналған соңғы конкурс нәтижелері
бойынша Ақпараттық және есептеуіш
технологиялар институты өтінім берген
56 жобаның 31-і қаржыландыруға лайық
деп танылды. Сол сияқты, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың 33 жобасы, Мате-
матика және математикалық модельдеу
институтының 27 жобасы, Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ-дың 16 жобасы қаржылан-
дыруға мақұлданды.
Ал, осы конкурс нәтижесіне тоқтал-
сақ, АЕТИ-дің 31 жобасына 3 жылға 1,3
млрд теңге бөлінген. Бұл ауыз толтырып
айтатындай үлкен сома емес. Бір айға
шаққанда, шамамен 38 млн теңге. Жо-
бада жұмыс істейтін 190 адамға бөлсек,
200 мың теңгедей ғана шығады. Бұл со-
Елбасымыздың «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға
дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» соңғы онжыл-
дықта еліміздегі сот жүйесіне елеулі өзгерістер әкелді. Ұзақ мерзімдік құжат
ауқымды тапсырмалар мен мақсатты межелерді қамтыды. Елдегі құқықтық
жүйенің жаһанданған жаңа сапасын қалыптастырды.
Бұл мәселеде ең алдымен елдегі сот саласының оңтайландырылып, демократия
лық, құқықтық, зайырлы мемлекеттің талаптарына сай қызмет ете бастауын үлкен
жетістікке балар едік. Ең басты құжат – Конституцияны негізге ала отырып, осы
құқықтықсаяси тұжырымдама негізінде азаматтық, әкімшілік, қылмыстық іс жүргі
зу, қылмыстықатқарушылық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, экологиялық
және тағы басқа да аса өзекті заңдар жетілдірілді, өзіндік жаңа бағытын айқындады.
Ел азаматтарының өмір қауіпсіздігі мен алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ету, олардың
азаматтық құқықтарын қорғау алдыңғы орынға шықты.
Тұжырымдаманың ең тиімді бір тұсы мемлекеттегі кез келген азаматтың
құқықтықсаяси білімін көтеруге ықпал етуі болды. Қазақстандағы құқықтық жүйе
толығымен халықаралық стандарттарға сай, гуманизациялану процесінен өтті. Одан
өзге де құқықтықсаяси институттар жетілдірілді. Құқықтық білім алу, құқықтық са
ясат пен насихат, сот жүйесін дамыту, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету
секілді кең ауқымды жұмыстар жүргізілді және әлі де жалғасын табуда. Қарапайым
халықтың зияткерлік, мәдени, құқықтық сауаты артты. Бұның бәрі осы құқықтық
тұжырымдаманың негізінде соңғы он жылдықтарда атқарылған жұмыстар. «Мемле
кеттiң құқық қорғау қызметi одан әрi дамытуды және жетiлдiрудi қажет етедi. Осыған
байланысты бұл қызметтегi басты басымдық мыналар болуға тиiс: қылмысқа қарсы
күрес, заңдылықты және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, азаматтардың
құқықтары мен бостандығын қорғау, мемлекеттiң кез келген құқықбұзушылыққа
жауап әрекетiнiң бұлтартпаушылығын қамтамасыз ету, қылмыстарды жылдам әрi
толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа
тарту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен
өзара iсқимылдар жасасу», – делінген тұжырымдамада.
Осыған сәйкес, мемлекет тиісті орындарға тапсырма беріп, оң нәтижелерін
көре бастады. Елдегі индустриалдыинновациялық стратегияның аясында қаржы,
салық, кеден, экономикалықәлеуметтік салаларға қатысты да құқықтық сауаттылық
жұмыс тары жүргізілді. Сот төрелігінің әділеттілігі мен ашықтығы қарапайым
азаматтардың сотқа сенімін арттыра бастады. Кез келген сот төрелігіне монито
рингтер жасалып, олардың шешімдерінің бірізділігі мен әділеттілігін саралайтын
мониторинг орталықтары жұмыс істеуде. Бұл өз кезегінде сот корпусының беделін
жақсартып, мәртебесін көтеруге үлес қосып келеді.
Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың былтыр жарияланған «Сот төрелігінің
жеті түйіні» бағдарламасы да бұл салаға елеулі серпін әкелді. «Сот кабинеттері»
электрондық сервистерінің іске қосылуы да судьялар қызметін біршама ілгерілетті.
Ендігі жерде қарапайым халық сервиске онлайн тіркелу арқылы сотқа арыз жолдау
ға, баж салықтарын төлеуге, сот актілерімен танысуға мүмкіндік алды. Құқықтық
тұжырымдама аясында жүзеге асып жатқан мұндай игілікті жұмыстар жетерлік. Ал
дағы уақытта да өз жалғасын табатын бастамалар судьялар корпусының мәртебесін
көтеріп, қызметін жақсарта беретіні анық. Сот беделін арттырып, оның тәуелсіздігін
нығайтып, құқықтық дауларды тез және сапалы шешуді қамтамасыз ететін мұндай
бағдарламалардың өміршеңдігін уақыт көрсетуде. Халықаралық нормаларды отан
дық тәжірибемен ұштастырудың мүмкіндігі де осы құжаттың арқасында елеулі
тұрғыда ілгеріледі. Құқықтық тұжырымдама алдағы уақытта да еліміздің құқықтық
жүйесінің дамып, сапасының жоғарылауына зор үлесін қоса беретіні күмәнсіз.
Э.АСУБАЕВА,
Панфилов аудандық сотының судьясы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
шағымдар және сот әдебі жөнін-
дегі комиссиялардың төрағала ры,
БАҚ-пен байланыс жұмы сын
үйлестіруші судья мен соттар
әкім шісінің басшысы, сондай-ақ,
ау дандық және оған теңестіріл-
ген соттар төрағалары баяндама
жасады.
Кеңесті ашқан Е.Даулиев «Қа-
зақстан Республикасының кей-
бір заңнамалық актілеріне мен-
шік құқығын қорғауды күшейту,
төрелік, сот жүктемесін оңтайлан-
дыру және қылмыстық заңнаманы
одан әрі ізгілендіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықты-
рулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының заңы қабыл-
данып, қолданысқа енгізілгенін,
аталған новеллалардың сот жұмы-
сын оңтайландыруға және күрделі
істерге баса көңіл бөлуге мүмкін-
дік беретінін атап өтті. Сондай-ақ,
ол істерді қарау сапасын одан әрі
арттыру, жергілікті соттардың
жұмысындағы кемшіліктердің ал-
дын алып, себептеріне талдау жа-
сау, заңдылықтардағы жаңашыл-
дықтарды барынша қолдануды
қамтамасыз етуді тапсырды.
Одан әрі Маңғыстау облыстық
соты қылмыстық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы Ержан
Қарабаев есепті мерзімде қаралған
қылмыстық істердің статистикасы
туралы баяндады. 2018 жылдың
12 айында жергілікті соттарда
барлығы 1921 тұлғаға қатысты
1874 қылмыстық іс қаралған, 1584
адамға қатысты үкім шығарылған.
2017 жылы 16 адам ақталса, 2018
жылы 23 адамға қатысты ақтау
үкімі шыққан. Жалпы, облыс
бойынша қылмыстық істер саны
алдыңғы жылға қарағанда 188-ге
көбейген. Сондай-ақ, қылмыстық
сот алқасының төрағасы алаяқтық
(2018 ж. – 90, 2017 ж. – 68), есірт-
кі, психотроптық заттармен, сол
тектестермен, прекурсорлармен
өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс
істеу (2018 ж. – 241, 2017 ж. –
141), билік өкiлiн қорлау (2018 ж.
– 70, 2017 ж. – 38), мұнайдың және
мұнай өнiмдерiнің шығарылу заң-
дылығын растайтын құжат тарсыз
оларды тасымалдау, иемдену, өт-
кiзу, сақтау, сондай-ақ, мұнайды
қайта өңдеу (2018 ж. – 39, 2017 ж.
– 22) секілді қылмыстық іс санат-
тарының артқанын атап өтті. Алқа
төрағасы аудандарда қылмыс-
тық істердің арту себебіне талдау
жасау, медиацияның тиімділігін
түсіндіру мен қолдану жұмыста-
рына басымдық беру керектігіне
айрықша тоқталды.
Ал, азаматтық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы Нұрсапа
Примашев есепті мерзімде азамат-
тық және әкімшілік істердің едәуір
өскенін алға тартты. Яғни, 2017
жылы 23 134 азаматтық іс қаралса,
2018 жылы 12 айда барлығы 36
434 іс қаралып, аяқталған. Есепті
кезеңде барлығы 17 243 әкімшілік
іс қаралған.
Облыс бойынша 178 қылмыс-
тық іс, 1 308 азаматтық іс медиа-
ция рәсімімен аяқталған.
Кеңес барысында «Сот тө-
ре лігінің 7 түйіні» бойынша
«Коммуникациялық стратегия»
жұмыстары туралы БАҚ-пен
байланысты үйлестіруші, судья
Айжан Молбаева баяндама жа-
сап, ақпараттық жұмыстардың
маңызы мен жаңа талаптар ту-
ралы түсіндірді. Сот жүйесі мен
судьялардың имиджін көтеру,
халық пен сот арасында байланыс
орнату, халыққа құқықтық білім
беріп, заңнамалармен таныстыру
мақсатында сот қызметкерлері
БАҚ-пен тығыз байланыс ор-
натқан. 2018 жылдың 12 айында
Маңғыстау облыстық соттары
2504 ақпарат пен мақалаларды
түрлі БАҚ-тарда, веб-сайттар-
да жариялаған. Сондай-ақ, әр
апта сайын «Маңғыстау» теле-
арнасынан берілетін «Татуласты-
ру. Сотқа дейін, сотта», «Менің
құқығым» тақырыбында өтетін ті-
келей эфир арқылы судьялар түрлі
тақырыпта сұхбаттар беріп келеді.
Облыс соттарының жұмысы, қа-
ралған істері туралы ақпараттар
ҚР Жоғарғы Сотының, Маңғы с-
тау облыстық сотының веб-сайт-
тарына орналастырылуда.
Кеңес соңында Е.Даулиев
өңір лік соттарда іске қосылған пи-
лоттық жобаларды жүзеге асыру
нәтижесі, орын алған кемшіліктер
мен келеңсіздіктерді жою бойын-
ша нақты талаптар қойды.
Маңғыстау облыстық
сотының баспасөз қызметі
Ғылым төңірегінде
болып жатқан соңғы
конкурстар респуб
ликамызда жоғары
дең-
гейдегі ғылыми
ұжымдар мен оған
ұйытқы
болып отырған
кенен ғалымда
рдың бар
екенін көрсетті.
Осы тұрғыда, ж
обаларға
жас ғалымдардың
көптеп тартылып
жатқа-
ны қуантарлық ж
ағдай.
маға жабдықтар құны, салық, зейнетақы
қорына төлемдер, конференцияларға,
басылымдарға арналған шығындар кіреді.
АЕТИ-дің қаржыландыруы мақұл-
данған барлық ғылыми-зерттеу жоба-
лары «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасы және Киберқауіпсіздік
тұжырымдамасы («Қазақстанның ки-
берқалқаны») аясында жүргізіледі. Сон-
дай-ақ, АЕТИ республикадағы ІТ бо-
йынша жалғыз бейінді институт екенін де
ескерген жөн.
Біздің институт ақпаратты шифр-
лаудың алғаш рет отандық алгортимін
құрды, онсыз еліміздің шынайы элек-
трондық-цифрлық егемендігі мүмкін емес
(лицензия мен сертификат алынған) еді.
Инновациялық зерттеулер нәтижесінде
«Робототехникалық жүйелер және ма-
шиналық көру» жобасының шеңберінде
ғылыми мақсаттарға арналған мобильдік
платформа, кедергілерді айналып өтуге
арналған мобильді роботтар, әскери және
арнаулы азаматтық қызметтер көрсетуге
арналған машиналы көретін шынжыр
табанды мобильді платформа, «Бүркіт»
шапшаң жоғары маневрлік жойғыш мо-
делі, видеокамерасы бар гексокоптер мен
квадрокоптер, барлаушы робот, FarmBot
(робот-бағбан) сияқты робототехникалық
кешендер жасалды. Робототехникалық
жүйелердің үлгілері әскери жаттығулар
мен көрмелерде сынақтан өтті.
ХХІ ғасыр ғылымының ерекшелігі –
оның қолданбалылықта өмірге, өндіріске
нақты ену мүмкіндігімен сипатталаты-
ны белгілі. Осы орайда, АЕТИ ғылыми
ұжымы теориялық жұмысын қолданба-
лылыққа бағыттауда нәтижеге жетуді
көздейді. Жасыратыны жоқ, осы желі
тізбегінде көбіне-көп кластерлік кешен-
нің жоқтығынан ғылым дамуын тежей тін
жағдайлар аз емес. АЕТИ ғалымдары
жа саған ақпаратты шифрлаудың отандық
алгоритмін технологиялық қоғамымызда
көптеген салаға енгізуге болар еді. Сон-
дай-ақ, түрлі мақсаттардағы мобильдік
роботтарымыз да, робототехникалық түр-
лі кешендеріміз де, есептеу технологияла-
рын оңтайландыратын құрылғыларымыз
да нарықта сұранысқа ие, мемлекеттік
мәні бар құндылықтар. Осы орайда, құ-
зырлы жоғары органдар Елбасымыз
үнемі еске салып отыратын кластерлік
кешендер құрып, оның құрамында ғылым
мен өндіріс, ғылым мен қоғам, ғылым мен
технология және басқа өзара әрекеттестік-
тегі кешенді жүйе құруға ынта танытса
дейміз. Сонда ғылымның дамуы елімізде
нәтижемен сипатталатын биіктен көрі-
нері даусыз болар еді. Әрине, нарықтық
жағдайда негізгі шешуші күш ғылым
өнімдерінің сұраныстық сипаты екенін
түсінеміз. Дей тұрғанмен де, осы орайда
мемлекеттік жүйе де керек сияқты.
Бүгінгі таңда еліміздің технологиялық
дамуында алдыңғы қатарға шығарылып
отырған «Цифрлы Қазақстан» мемлекет-
тік бағдарламасы республикадағы барлық
ғылыми-техникалық зерттеу ұйымдары-
ның жұмысын жаңа рельске қоюды талап
етеді. АЕТИ ғалымдар ұжымы мемлекет-
тің электрондық технологиялық саясаты-
ның жүзеге асуына үлес қосуды көздейді.
Ө.МАМЫРБАЕВ,
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық
және есептеуіш технологиялар
институты бас директорының
ғылым жөніндегі орынбасары
МЕЖЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІ
ЖАҢА САПАҒА
КӨТЕРГЕН ҚҰЖАТ
КЕҢЕС
ӨҢІРДЕ АҚТАУ ҮКІМДЕРІ КӨБЕЙГЕН
Шарада сот төрелігін сапалы
атқару, заңдылықты сақтау, соттар
жұмысын жетілдіру мәселелері
бойынша алқа төрағалары, арыз-
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ӨТКЕН КЕҢЕЙ-
ТІЛГЕН КЕҢЕСТЕ 2018 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН СОТТАРДЫҢ
ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. БАСҚОСУҒА МАҢҒЫСТАУ
ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЕРЖАН ДАУЛИЕВ
БАСТАҒАН СУДЬЯЛАР КОРПУСЫ МЕН СОТ ҚЫЗМЕТКЕР-
ЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
дану мәселелері туралы заңдарды нақты
іске асыру жөнінде пікір алмасылды.
Судьялар өздері тарапынан «Ұлт
жоспары» бағдарламасы мен Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот
төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске
асыру бойынша сот жүйесінде атқарылып
жатқан іс-шаралар туралы айтты.
Депутаттар кездесуде талқыланған
мәселелерді қорытындылай келіп, судья-
лар қауымына заңның үстемдігін қамта-
масыз ету жолында жаңа жетістіктерге
жетулеріне тілектестігін білдірді.
Астана қалалық сотының
баспасөз қызметі